
Бейсенбек ЗИЯБЕКОВ, экономика ғылымының докторы, профессор:
– Бұл – қазіргі уақытта елдегі үлкен проблемалардың бірі. Отандық банктердің отандық бизнесті несиелеуге деген құлқы қазірде өте төмен. Мұның себебі қаржы дағдарысына байланысты екені айтпаса да түсінікті. Бүгінде дағдарыс банк пен несие алушылар арасында сенімсіздік тудырып, көптеген тұтынушылар несиеден «қағылып» отырған жайы бар. Борышкерлердің көбейіп кетуінен тәуекелшілдікке баруға тайқып, ,несие беруден мүлдем бас тартып отырған банктер де бар. Менің ойымша, келешекте де мәселе бұлай жалғаса беретін болса, онда біздің шағын және орта бизнес турасында істелініп жатқан реформаларымыз нәтижелі болмайды. Сондықтан елдегі несие саясатына Үкімет өзі тікелей араласуы керек. Банктер мемлекеттік маңызы бар жобаларды несиелендіруі тиіс. Ол үшін Үкімет банктерге мынадай міндеттемелер жүктеуі керек. Біріншіден, банктер пайыздық төлемдерін төмендетуі қажет. Екіншіден, екінші деңгейлі банктердің де несие тәуекелі төмендетіліп, қайтпай қалған несиелерді қайтаруға тек қана банктер емес, жергілікті органдар да атсалысқаны жөн. Міне, «елде осындай белсенділік болғанда ғана несие саясаты жөнге келеді» деп ойлаймын.

Ғалым БАЙНАЗАРОВ, қаржыгер:
– Бұл – көптен бері айтылып жүрген мәселе. Отандық бизнес үшін қазіргі күні нағыз өзекті проблема осы болып отыр. Меніңше, бұған Үкіметтің араласқаны дұрыс. Өйткені Үкімет басында отырғандар мәселенің қалай шешілуі керектігін жақсы біледі. Оларға мамандар тарапынан ұсыныстар айтылған. Рас, елде отандық бизнесті несиелендіру турасында кемшіндіктер бар. Мұның астарын біз қаржы дағдарысынан іздейміз. Статистикалық деректерге жүгінсек, бүгінде елдегі қайтарылмаған несиелердің көрсеткіші 30 пайызға дейін жеткен. Тіпті одан да көп болуы мүмкін. Осыған байланысты біршама заңдар, реформалар легін түздік. Несие беру саясатын қатаңдаттық. Банктерге қаржылай көмек те берілді. Әйтсе де елдегі несие саясатының кем-кетіктері толыққанды түгенделген жоқ. Ендігі кезекте бұған Үкімет өзі кіріскені абзал. Үкімет тарапынан осыған орай арнайы міндеттемелер жүктеліп, қатаң бақылау қойылуы тиіс.

Атамұрат ШӘМЕНОВ, экономист-ғалым:
– Меніңше, отандық бизнес пен банктің арасында тығыз байланыс орнату үшін алдымен жергілікті әкімшіліктің әлеуетін көтеру керек. Егер әрбір жергілікті билік банк пен өндірістің арасындағы байланысты бақылауға алып қадағалап отыратын болса, бұл шаруа сәл де болса жеңілдер еді. Біздің кәсіпкерлеріміздің әлсіздігі, банктен алған қарыздарын уақытында қайтара алмауы банк пен кәсіпкер арасында сенімсіздік орнатты. Сондықтан бұл жерде бар мәселені тек Үкіметке сілтей бермей, жергілікті билікке де жауапкершілік жүктеу қажет. Әсіресе ауылды несиелендіру турасында мен осы әдісті қолданып көруді ұсынамын. Қысқасы, елдегі банк саласы отандық бизнесті несиелендіруге бел шеше кіріссін десек, біз, алдымен, банк пен өндіріс болмаса кәсіпорын арасында сенім орнатуымыз керек. «Бұған тек қана Үкімет емес, жергілікті билік те атсалысқаны жөн» деп ойлаймын.
Автор: Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: