Оқулық жазуға шетелдік ғалымдар мен сарапшыларды тарту қаншалықты негізді?

   1 383



Төлеген ОСПАНОВ, қазақ тіліндегі төл оқулықтардың және жаңа буын оқулықтарының авторы:

– Еліміздегі оқулық жазу ісіне шетелдік ғалымдар мен сарапшыларды араластыруды қолдамаймын. Өзімізде де қаншама тәжірибелі ғылым докторлары мен академиктер бар. Неге соларды пайдаланбасқа?! Өз басым еліміздегі басылып шығатын оқулық авторының да, сарапшысының да өзімізден болғанын дұрыс санаймын. Себебі оқулық білім көзі ғана емес, тәрбие құралы. Оған өте үлкен жауапкершілік қажет. Ал біз қалайша ұлттық тәрбие құралын өзгенің қолына сеніп тапсыра аламыз?! Біз ең алдымен, тәуелсіз ел бола тұра оқулығымызды әркімге жаздыртуға намыстануымыз керек. Сарапшыны шетелден шақыртатындай өз елімізде сауатты, әділетті сарапшы табылмағаны ма?! Жалпы, шетелден ғалым мен сарапшы алдыртқанда оқулықтың сапасы түзеліп кете қояды деп ойламаймын. Қазір оқулыққа жөн-жосықсыз сын айтылып кетті. Біз мектепте оқып жүргенде де оқулықтарда қателіктер кездесіп, жиі-жиі қайта басылып шығып жататын және әр басылған сайын «өңделіп, жетілген нұсқасы» деп жазылатын. Қаншама жылдық тәжірибесі бар Кеңес Одағы кезінде солай болатын, ал кітап жазу ісімен енді бастап айналысып жатқан еліміздегі тиісті орындарды сын садағына іліктіре беру орынсыз секілді. Бүгінде осындай жөнсіз сынаудың әсерінен кітап жазу ісіне өзгелер араласайын деп отыр.





Мұрат ЖҰРЫНОВ, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик:

– Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мырзаның оқулық жазу ісіне шетелден ғалымдар мен сарапшылар шақырту туралы ұсынысынан хабардармын. Айта кетер жайт: бұл – оқулық жазу ісін түбірімен шетелдіктердің қолына беріп қою деген сөз емес. Шетелдік ғалымдар оқулықтарды біздің ғалымдарымызбен бірлесе отырып жазып шығады. Сондай-ақ ЖОО-да оқытылуы тиіс, алайда біздің елімізде әлі дұрыс жетіле қоймаған кейбір ғылымдарды бірлесе жазу тапсырылуда. Яғни оқулық жазуға бізде жетіспейтін мамандарды ғана тарту көзделуде.





Ғарифолла ЕСІМ, Сенат депутаты:

– Бұл мүлдем дұрыс емес. Кеңес Одағы кезінде онсыз да 70 жыл бойына өзгенің жазған оқулығын оқып келдік. Ал енді Тәуелсіздікке қол жеткізген тұста тағы да өзгеге иек арту жөн емес. Бүгінгі күні оқулық жаза алатындай мамандар өзімізде де жеткілікті. Оқулық жазу ісінде өзгемен тәжірибе алмасуға болады, ал оларды белсене араластырудың мүлдем қажеті жоқ. Әр елдің өзіндік дүниетанымы, болмысы болады. Ал оны өзге елдің ғалымы қайдан білсін?! Тіпті өзге елдің ғалымының жазған кітабын оқып отырған баламыз ұлттық ерекшеліктерінен айырылып қалмай ма?! Өзге елдің ғалымы біздің жазған кітаптарымызға сарапшы да бола алмайды. Бір кездері малды өсіргеннен гөрі, етті сырттан сатып алған тиімді деп, мал бағатын адамымыздан айырылып қалып едік, енді оқулық жазуды шетелдік ғалымдарға сеніп тапсырып, өзіміздің ғалымдарымыздан айырылып қалмаймыз ба деп қорқамын.

Автор: Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Мақалаға қатысты пікірлер:

проф.Совет-Хан Габбасов (02.09.2010 12:16)
Оқулықты Шетелден шақырып жаздырудың астарында, Білім уәзірлігінің өз орнында емес, жалданбалы малайдың ойын айтып, ісін жүргізбекші жандар екені аңғарылады. Бұл адамдар өз халқының өркенниеті не екенін мүлдем түсінбейтіні байқалады. Оқулық жазуға пысықайлар мен желөкпелерге жол бермей нағыз ғалымдарды тартып жағдай тудыру керек. Ұрпақ тәрбиесінен асқан қандай маңызды шаруа бар, айтыңыздар шы ?

Пікірдің қосылуы

1 қыркүйек 2010, 10:56
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

7 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15