Индустриялық-инновациялық жобаларды өндіріске бағыттау үшін арнайы мамандандырылған менеджерлер тобы қажет пе?
0 375

Оразәлі СӘБДЕН, экономика ғылымының докторы, профессор:
– Бүгінде дамыған мемлекеттердің басым бөлігі инновациялық жаңалықтарды ұтымды пайдаланғаннан, ілім мен білімді сауатты жүйелей алғандықтан, өздерінің жылдық табысының 77 пайызын нақ осы инновация саласынан көреді. Ал қалған 23 пайыз жылдық табысты өркениетті елдер шикізат көзінен табады. Қазақстанда бұл жағдай керісінше қалыптасқан. Біз өзіміздің жылдық табысымызды, негізінен, шикізат көзінен көріп отырмыз. Осыған қатысты айтарым – Қазақ еліне бұл «пирамиданы» теріс аударатын кез әлдеқашан жетті. Біз тек шикізат саласынан ғана пайда көріп отырмауымыз керек. Бұған қатысты Астанада кешелі бері Индустриялық-инновациялық жобаларды дамытуға қатысты үлкен саммит өтуде. Өз басым бұл саммиттің ұстанып отырған бағыттарын құптаймын. Қазір нақ осы саланы дамытуға қатысты қуатты технология да, арнайы мамандандырылған менеджерлер де, өзекті жаңалықтар да қажет. Мәселен, «қазір біздің елімізде 100-ден аса өндірістік мекеме бар» дейтін болсақ, солардың бесеуінің ғана өндірістік жаңалықтарды қолдап-қуаттауға қауқары бар. Міне, осыдан-ақ бұл ретте шаруаның қыруар екенін аңғаруға болады емес пе?

Тоқтамыс МЕҢДЕБАЕВ, техника ғылымының докторы, профессор:
– Әрине, арнайы мамандандырылған менеджерлер қажет шығар. Бірақ, меніңше, инновация саласының жолында тұрған кедергілер бір мұнымен шешіле қоймайды. Жалпы, шикізат бұғауын бұзып, технологиялық өңдеу саласына бет бұру үшін біз әлі көп жұмыс істеуіміз керек. Біз бір қарағанда инновациялық жаңалықтарға даңғыл жол ашып қойған тәріздіміз. Бірақ жоғары технологияны өз елімізде қолдануда индустриялық-инновациялық жобалардың жұмысы әлі де шабан. Өйткені Қазақстанда осы салада «бармақ басты, көз қыстыға» жол берушіліктің бары жасырын емес. Бүгінде баз бір инновациялық жобалардың келешегі нәтижелі болатынына, ол жобаның тегеуріні мен қуаттылығына зерттеу жасамастан, қаржыландырып тастайтын жағдайларды да көріп жүрміз. Меніңше, бұл орайда алдымен осындай салғырттықтан арылып алған жөн. Өз басым бұған қатысты елдегі әрбір инновациялық жоба түбегейлі тексеріліп, бақылаудан өтіп тұрса деймін.

Жұмаділ БАЙҒҰНШЕКОВ, Қазақ-Британ техникалық университетінің ғылыми істер жөніндегі проректоры:
– Жалпы, біздің ғалымдарымыз ғылым жолында ізденуден, ашқан жаңалығының жобасын жарқыратып көрсете білуден кенде емес. Арамызда білікті, ізденімпаз, ғылымға шын жанашырлықпен қарайтын азаматтар баршылық. Олардың қайсыбірінің ашқан жаңалықтарына азуын айға білеген батыстың өзі тамсанып қарайтын кездер де болған. Амал не, сол ғылымға адал ғалымдарымыздың еңбегі еленбей де жатады. Әрине, менеджерлер тобы ғылым дегеннің не екенін түсінетін пайымы бар білікті азаматтардан құралса, мен бұл ұсынысты өте орынды ұсыныс дер едім. Кезінде мұндай лауазымдағы адамдар жинақталған жекелеген орталықтар болды. Кейіннен қаржы жағы қолбайлау болып, ғалымдардың берген пайыздық төлеміне көңілдері толмай, ол орталықтар жабылып қалды. Біз осыған орай Қазақ-Британ техникалық университетінен «Инновациялық менеджерлер» мамандығын дайындайтын арнайы факультеттер ашу керектігін айтып та жүрміз. Қазіргі жағдайда мұндай мамандар бізге қажет.
Автор: Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: