Айықтырғыштарды Денсаулық сақтау министрлігіне беру мекеме жұмысының тиімділігін арттыра ала ма?

   0 372



Сәуле ДИҚАНБАЕВА, Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының бас директоры:

–Арттырады деп ойлаймын. Себебі ішімдікке құмарлық аурудың бір түріне жатады. Мұндай адамдарды міндетті түрде емдеу қажет. Әрине, емдеуді қажет етпейтін адамдар да бар. Бұл жерде менің бір сұрақ қойғым келіп отыр, ішімдік ішкен адамдарды кім анықтайды? Жедел жәрдем қызметі мұндай жұмысқа әлі дайын емес, яғни олардың әрекеті ішіп алғандарды «аулауға» негізделмеген. Екіншіден, ішіп алған адамдарды көлікке отырғызу, оларды мастығынан айықтыру, айықтырғыштарға жеткізу жұмыстарымен физикалық жағынан мықты адамдар айналысуы қажет. Ал біздегі медицина қызметкерлерінің дені –нәзік жандылар. Міне, қазір осы сұрақ ашық жатыр деп айтуға болады. Ал, жалпы, медициналық айықтырғыштарды Денсаулық сақтау министрлігіне берген өте дұрыс болды деп есептеймін.



Белгібай ШАХМЕТОВ, медицина ғылымының докторы, нарколог:

– Жалпы, ішімдікке құмар адамдар уланғандар деп саналады. Алкогольдің у екенін өзіңіз де білесіз. Дәрігерлер де мас адамдарға уланған, яғни медициналық көмекті қажет ететін азаматтар деп қарайды. Сондықтан да Ішкі істер министрлігіне қарасты болған медициналық айықтырғыштарды Денсаулық сақтау министрлігіне беру – өте дұрыс шешім. Екіншіден, мас адамның кейде денсаулығына қауіп төніп тұруы мүмкін. Мұндай жағдайда оған міндетті түрде медицина қызметкерлерінің көмегі керек. Ал бұрын айықтырғыштарда оларға дәрігерлік көмек қажетті деңгейде жасалмайтын еді. Қазақта «жығылғанға –жұдырық» деген сөз бар. Егер біз құлаған адамға, керісінше, көмек беретін болсақ, онымыз үлкен адамгершілік іс болады. Ал мұндай істі, ақыл-кеңес беру ісін медицина қызметкерлері атқара алады ғой деп ойлаймын. Сондай-ақ тағы бір кемшілік, медицина мамандары жетіспей жатыр. Әсіресе ауылдық жерге жастардың барғысы келмейді. Осы мәселені де назарға алсақ дұрыс болар еді.



Айгүл ШӨПШЕКБАЕВА, Алматы қаласы ІІД кәмелетке толмағандар бөлімінің бастығы:

–Ішімдікке салынып кеткен адамдарды психологтар, медицина қызметкерлері ауру деп санайды. Сол үшін айықтырғыштарды Денсаулық сақтау министрлігіне берген оң іс болды. Бұл мекеме жұмысының тиімділігін міндетті түрде алға жылжытады. Неге? Себебі ондай адамдарды, бірінші, психологтар, екінші, дәрігерлер емдеуге алуы қажет. Егер ешқандай қылмыс жасамаса, заңды бұзбаса, мұндай адамдар не үшін тергеу немесе басқа орындарда отыруы керек? Керек болса, олармен психиатрлар да жұмыс істеуі қажет. Себебі ішімдікке салынып кеткен адамда психоз да, «белая горячка» да байқалады. Далада жатқан адамдарды тек қана дәрігерлер емдеп, адам қатарына қосуы қажет. Ал полицейлер оларды ұстағаннан кейін үш күн қамап, қайта далаға жібереді. Олар тағы да маскүнемдікке салынады.

Автор: Нұрмұхаммед Мамырбеков

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

27 тамыз 2010, 11:26
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15