Сақталу мерзімі өткен азық-түліктерді сатқан сауда орындарына қандай шара қолдануды ұсынар едіңіз?
0 357
Есберген АЛАУХАНОВ, заң ғылымының докторы, профессор:
– Сақталу мерзімі өтіп кеткен азық-түліктерді сатуға шығарған сауда орындарына ең жоғарғы әкімшілік жаза қолдануды, яғни мүлкін тәркілеп, ең көп айыппұл салуды ұсынар едім. Егер сауда орны тарапынан әкімшілік жазаларға мән берілмейтіндей жағдай болса, сауда орнының қызметін тоқтатып, қылмыстық жазаға да тарту қажет. Және бұдан былай сауда орнының иесіне мұндай қызметпен айналысуға үзілді-кесілді тыйым салу керек. Біздің Ата Заңымыз бойынша ең қымбат нәрсе – адам денсаулығы және өмірі. Сондықтан азаматтарымыздың денсаулығы бұзылмас үшін барлық шараны жасағанымыз жөн. Осы орайда азық-түлік өнімдері күнделікті өмірде адамның тұтынуына қажетті нәрсе болғаннан кейін, оның сапасына, сақталу мерзіміне аса мән берген жөн.

Светлана ЖАЛМАҒАМБЕТОВА, Сенат депутаты:
– Мұндай тағамдар адамдардың денсаулығына үлкен қауіп-қатер төндіреді. Сақталу мерзімі өтіп кеткен азық-түлікті сатылымға шығару адам өміріне қастандық жасаумен тең. Сондықтан санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мерзімі өтіп кеткен тағамдардың сөрелерде тұрмауын қатаң бақылап отырғаны жөн. Айта кетер жайт, еліміздегі сауда орындары тиісті мекемелер тарапынан қатаң бақылау болмағаннан кейін еркінсіп кеткен. Мәселен, кейбір дүкендер бірінші қатарға әдейі мерзімі өтіп кеткен тауарларды орналастырып қояды. Ал соңғы келген жаңа тауарларды артқы қатарға қояды. Яғни ескі азық-түліктің тұтынушының қолына тезірек түсіп, өтіп кеткенін қалайды. Ондай азық-түліктердің адам денсаулығына қауіп төндіретінін мүлдем ескермейді. Тіпті егер кейін алған тауарыңның ескілігін айтып, шағымданып барсаң, «өзіңіз таңдап алдыңыз ғой» деп бет бақтырмайды. Сондықтан ескі тауарды сатуға шығаратын сауда орындарына қатаң көзқараспен қарайтын кез жетті.

Артық СЕЙІТҚАЛИЕВА, «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау ұйымының төрайымы:
– Сақтау мерзімі өтіп кеткен азық-түлікті сатылымға шығару арқылы азаматтарымыздың өміріне қауіп төндірген сауда орнының иесі міндетті түрде жазалануы тиіс. Егер азаматтардың қандай сауда орнынан сатып алынған азық-түліктен уланғаны анықталған жағдайда сауда орны міндетті түрде айыппұл төлеп, уланған азаматтың денсаулығын қалпына келтіруі тиіс. Сондай-ақ ең жоғарғы айыппұл көлемінде әкімшілік жазаға тартылып, бұдан былай бұл қызметпен айналысуға тыйым салынса дұрыс болар еді. Айта кетер жайт, көп жағдайда тұтынушыларымыз да қай сауда орнының тағамынан уланғанын біле алмай жатады. Осы орайда олар сатып алып жатқан азық-түлігінің сыртындағы мәліметтермен мұқият танысып, шығарылу және сақталу мерзіміне үлкен мән берсе деймін.
Автор: Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: