Жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында қалааралық автобустардың түнгі уақытта жүруіне тыйым салу керек пе?

   1 417


Жанат ШАЛҚАРБАЕВ, Алматы облысы ІІД Жол полициясы басқармасының аға маманы, полиция майоры:

– Жолаушылардың қауіпсіздігін қалааралық автобустардың түнде жүруіне тыйым салу арқылы қамтамасыз ету – дұрыс шешім емес. Әсіресе жазғы мезгілде жолаушылар үшін жолда кешкі салқынмен немесе түнде жүру тиімді. Олар түнде жүру арқылы, біріншіден, күннің ыстығынан қашса, екіншіден, уақыт үнемдейді. Сондықтан жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басқа шараларын қарастырған жөн. Мәселен, жүргізушілер жолда ұйықтап кетпес үшін міндетті түрде қасына автобусты кезектесіп айдайтын артық жүргізушінің болуын қадағалаған жөн. Сондай-ақ тиісті орындар жүргізушілердің денсаулық жағдайын да үнемі бақылауда ұстап отырса, жолаушылар өміріне қауіп төнбес еді. Елімізде екі қаланың ортасында Жол полициясының бекеттері де көп орналасқан. Олар да жолаушылар автобусының жүргізушілерін тоқтатып, ұдайы тексеріп отырса, оқыс жағдайлардың алдын алуға көмек болар еді. Өз басым жолаушылар автобусының түнде жүруіне тыйым салудан гөрі тиісті орындардың бақылауын күшейткен жөн дер едім.




Амангелді МОМЫШЕВ, Мәжіліс депутаты:

– Жол-көлік оқиғаларының көп тіркелуіне жолдарымыздың талапқа сай болмай отырғанының да әсері бар. Жолаушылар автобусының түнде жүруіне тыйым салудан бұрын, қалааралық жолдарымызды талапқа сай жөндеуден өткізуіміз қажет. Себебі біздің жолдарымыздың жағдайы сын көтермейді. Қазіргі таңда көліктердің күндіз де, түнде де жүруіне өте қолайлы етіп жолдарды жабдықтаудың сан түрлі әдістері бар. Біз де сол озық тәжірибелерімізді өз қолданысымызға енгізуіміз керек. Сондай-ақ жол-көлік оқиғасының алдын алу – Жол полициясы қызметкерлерінің міндеті. Олар күн-түн демей жолда тұрып, жүргізушілердің қызметін тексеруі керек. Жол полициясы жүргізушілердің талапқа сай болуын ұдайы қадағалап отырса, жолаушылар автобусының қауіпсіздігіне ешкім күмән келтірмес еді. Жалпы, қалааралық автобустардың түнде жүргені жолаушыларға пайдалы. Сондықтан жолаушылар автобусының түнде жүруіне тыйым салудың қажеті жоқ.




Ғабиден ЖАЙЛИН, заңгер:

– Егер статистика бойынша түнде жүретін қалааралық автобустардың жол-көлік оқиғасын арттырып отырғаны байқалса, онда жолаушылар автобусының түнде жүруіне тыйым салу қажет. Негізі, жол-көлік оқиғасы қауіпсіздік ережесін сақтамаудан туындайды. Сондықтан қауіпсіздік шараларын арттыруға да күш салған жөн. Мәселен, жүргізушілер көліктерін белгіленген жылдамдықтан арттырмаса, жүргізуші шаршаған кезде оны алмастырып отыратын тағы бір артық жүргізушісі болса, жүргізуші жолға шығар алдында тиісті орындар тарапынан тексеруден өтіп отырса, мұндай жағдай туындамас еді. Осы орайда тиісті орындар тарапынан қадағалау күшейсе, бәрі орнына келер еді деп ойлаймын.

Автор: Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Мақалаға қатысты пікірлер:

Қайыржан (24.08.2010 16:08)
-Германияның күресінге лақтырып тастаған, мерзімі өткен автобусын Қазақстанға алып келеді де, 50-60 адамды жүгімен қоса салып алып 1000-шақырымға айдайды келіп. Оның техникалық ақауына ешкім мән бермейді . Жүргізушілердің көбісі жастар, техникадан хабары жоқ, оларға рейске барып ақша тапса болды. Жол ережесін білмейді , білседе сақтамайды. Жүргізшілерге таң қаламын, күндізді айтпағанда түнге қарай тұман, жаңбырлы күңдерде де қара көзілдірік киіп алады ғой . Ол не сонда сән бе, әлде мақтаныш па, әйтпесе көзі көрмейді ме. Мен алыс -жақын жерде жолда көп жүретін адаммын, машина айдағаныма 25-жыл болды. Осының бәрін көріп жүремін. Бізде қалааралық автобус жаңа болу керек, жүргізушіні қатты қадағалау керек. 50-ден астам жолаушының тағдыры соның қолында ғой. Осыны ескерсе түнде жүрудің ешқандай қауіпі жоқ.

Пікірдің қосылуы

24 тамыз 2010, 11:27
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15