Әлемдегі астық бағасының өсуі теңгеге қалай әсер етеді?

   0 519


Бейсенбек ЗИЯБЕКОВ, экономика ғылымының докторы, профессор:

– Әлбетте, әлемдегі астық бағасының үнемі өсу үстінде болуы теңгенің нығаюына әкеліп соғуы керек. Бидайды экспорттау бойынша мейлінше көп келісімшарт жасалса, соғұрлым бізге сырттан шетел валютасы келеді. Яғни қор биржасы айналымында доллар көбейеді. Оны өз кезегінде Ұлттық банк сатып ала бастайды. Ал ол ұлттық валютаның нығаюына ықпал етеді.

Мұндай жағдайды бірер жыл бұрын біз әлемдік нарықтағы мұнай бағасының үдемелі өсу кезінде де байқаған едік. Ол жайт теңгенің нығайып, құнды бола түсуіне әсер еткен. Әрине, ол – ұлттық экономикамыз үшін жағымды нәрсе.




Серік МАҚЫШ, экономика ғылымының докторы, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Экономика және бизнес институтының директоры:

– Сыртқы нарықтағы баға өсімі ішке де әсер етеді. Өйткені біз ашық экономика жағдайындағы нарықтық мемлекетпіз. Мұндай жағдайда инфляция күшейіп, теңге құнсыздана түседі. Әрине, экспорттан шетел валютасы елге ағылады. Оны Ұлттық банк сатып алғанымен, оның бағасын төмендетпейді. Негізі, доллар көбейгенде оның құнын түсіру керек. Ал біз олай істей алмаймыз. Өйткені қаржылық қорымыздың басым бөлігі доллардан тұрады. Сондықтан оны құнсыздандыруға мүдделі емеспіз. Керісінше, біз, айналымға долларды көптеп шығарып, оны сата бастаймыз. Осының бәрі айналып келгенде, ұлттық валютаның құнсыздануына әкеліп, ол экономикамызға белгілі бір деңгейде кері әсер етеді.




Құнанбай ТОБАТАЕВ, қаржыгер-маман:

– Әлемдегі бидай бағасының өсімі теңге бағамына әсер етуі, меніңше, екіталай. Одан ұлттық валюта нығайып та кетпейді әрі құнсыздана да қоймайды. Өйткені басқа да қаржы нарығына әсер етуші факторлар барын бұл арада естен шығармаған жөн. Мәселен, әлемдік нарықта мұнай мен темір-терсектің бағасы әзірге тұрақты. Олар өсу немесе кему үстінде емес.

Сондай-ақ Ұлттық банктің қазіргі басты мақсаты – баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Оның ішінде азық-түліктің де. Осы жағынан алғанда, бидай бағасының өсуі теңгеге әсер етпейді деп ойлаймын.

Автор: Кәмшат САТИЕВА

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

17 тамыз 2010, 11:19
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15