Еліміз бойынша тек қана мемлекеттік тілдегі баспасөз өнімдерін сататын дүңгіршектер желісін құру керек пе?
0 353
Ғаббас Қабышұлы, жазушы:
– Бұл мәселе бұрындары бір көтерілді де, артынан ізі суып кетті. Сірә, қазақ баспасөзін халыққа жеткізуді ешкім мойнына алғысы келмейтін сияқты. Таяуда ғана Көкшетауда болып қайттым. Қаладағы газет сататын дүңгіршектерден қазақ басылымдарын таппадым. Мұндай жағдайлар еліміздің барлық қала, аудандарында жиі кездеседі. Демек, жергілікті басшылар қазақтілді газет-журналдардың кеңінен таралуына мүдделілік таныта алмай отыр. Бізде кез келген салаға қатысты мынадай бір проблема бар: Президенттің нұсқауы болмаса, министрлер мен облыс әкімдері қимылдамайды, бұлардан бір пәрмен болмағасын, аудан мен қала әкімі, қала берді, ауыл басшысы ештеңе орындамайды. Демек, бұл мәселенің де жауабын жоғары жақтан іздеу керек. Қазақ баспасөзінің проблемаларын шешу үшін біртұтас жүйе қалыптастырып, арнайы заңдар қабылдау қажет. Қалай айтсақ та, биліктің шешімі болмай, қазақ басылымдарының таралу ауқымын кеңейту мүмкін емес.

Есей Жеңісұлы, «Ұлан» газетінің бас редакторы:
– Қазір кез келген салаға байланысты, әртүрлі тақырыпқа арналған қазақ басылымдары баршылық. Бірақ бұл өнімдердің барлығы да әрбір жерде шашырап, өз оқырманына толыққанды жетпей жүр. Газет дүңгіршектерінде қазақ басылымдары өзің сұрамасаң, қалтарыста елеусіз жата береді. Тәуелсіз ел бола тұра, өзімізде тек қана қазақ тілінде шығатын баспасөз өнімдерін сатып, таратумен айналысатын бірде-бір ресми мекеме жоқ. Осындай жайттарға қарап, бізде қазақтілді ақпараттың мүддесі қорғалмай жатыр деуге негіз бар. Баспасөзді таратудың біртұтас жүйесі болмағандықтан, оқырман мен басылымның арасы алшақтай бермек. Ал қазақтар көп тұратын үлкен қалалар мен басқа да елді мекендерде тек қана мемлекеттік тілдегі баспасөз өнімдерін сататын дүңгіршектер міндетті түрде болуға тиіс. Мысалы, Астанада тек мемлекеттік тілдегі басылымдарды сатумен айналысатын «Алты алаш» деп аталатын жеке компанияның екі дүңгіршегі бар. Сұраныс болмаса, ол жұмыс істемес еді ғой. Жеке адамдардың істегенін мемлекет жүзеге асыра алмай ма?! Сонымен қатар газет-журнал тарату ісін біртіндеп бүгінгі заманға сай етіп автоматтандыру қажет.

Айдос САРЫМ, саясаттанушы:
– Біздің елімізде баспасөз тарату мәселесі алдымен монополияға келіп тіреледі. Себебі бізде шығатын баспасөз өнімдерін сатып, оларды таратумен айналысатын кейбір үлкен мекемелер көп жағдайда баға саясатын диктаторлық жолмен жүргізеді. Газет-журнал сатумен айналысатын мұндай монополистер үшін тек қана қазақтілді баспасөз өнімдерін сату тиімсіз. Осы орайда қазақ баспасөзіне қырын қарап отырған монополистердің қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту керек. Ол үшін, ең бастысы, аталған мәселе төңірегіндегі заңнамалық тетіктерді жетілдіру қажет. Ал мемлекеттік тілдегі баспасөздің мүддесі қорғалу үшін монополист кәсіпорындарға балама ретінде мемлекеттік бір құрылым жасақталғаны дұрыс. Алайда мемлекеттің өзі біздің басылымдар үшін дүңгіршектер ашып жатса, ол қазақтілді ақпараттың бәсекеге қабілетсіздігін көрсетіп қалады. Қазақ баспасөзі нарыққа бейім болса ғана кез келген бәсекеге төтеп бере алады.
Автор: Алмат ИСӘДІЛ
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: