Ресейдің Қазақстанға экспорттайтын мұнайына экспорт бажын енгізуі еліміздің мұнай нарығына әсер ете ме?

   0 394


Тоқтамыс МЕНДЕБАЕВ, техника ғылымының докторы:

– Ресей мұнайы көбіне Павлодардағы мұнай өңдеу зауытына жіберіледі. Өйткені Павлодар зауытының технологиясы сол Ресейдің мұнайын өңдеуге арналған. Олар бізге жіберетін мұнайына экспорт бажын енгізсе, онда, әрине, мұнай бағасы жоғарылайды. Тиісінше, мұнай өнімдері де қымбаттайды деген сөз.

Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты көп жылдан бері тоқтап тұр. Шымкенттегі зауыттың қуаты ішкі нарықтың қажетін өтей алмайды. Сондықтан экспорт салығын енгізсе, соның салдарынан мұнай қымбаттаса, ішкі нарықта мұнай өнімдеріне тапшылық пайда болады. Баға өседі. Содан кейін тізбектеліп әрмен қарай кете береді: басқа тауарлардың бағасы көтеріледі, қуат көздері, су, қызмет көрсету қымбаттайды.


Уәлихан ТӨЛЕШОВ, саясаттанушы:

– Бізде бәрі бір-бірімен байланысты ғой. Олар бізге мұнай экспорттаса, біз КТК (Каспий құбыр желісі консорциумы) арқылы мұнай жібереміз. Жалпы, Ресей мұнайына экспорт бажы бар. Соның арқасында көршіміз өзінің мұнай қорына көп қаржы жинап отыр. Егер олар бізге жіберетін мұнайға да экспорт бажын енгізсе, біз де жауап ретінде сондай әрекетке баруымыз қажет. Ондай жағдайда ішкі нарықта жанармай бағасы көтерілетіні анық. Сондықтан Үкімет дер кезінде тиісті шараларды қолға алуы керек. Осы бағытта жұмыс басталды да. Биылдан бастап еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарын жетілдіру қолға алынды. Бұл алдымен Атырау зауытына қатысты. Біздің міндетіміз – өз мүддемізді ұмытпау. Қанша айтқанмен, Ресей үшін бөтен елміз. Бізге қарағанда үлкен, ірі болғандықтан, оның тарапынан қысым да қуатты болмақ. Сондықтан олардың әр қадамының алдын алып, тиісті шараларды дер кезінде қолға алуымыз керек. Интеграция мәселесінде біз өзімізге пайда келтіретін тұсқа барумыз қажет. Бұл арада ДСҰ-ға кіру жағын шапшаңдатқан дұрыс шығар. Өйткені ең алдымен өз тұтынушыларымыздың қамын ойлауға тиіспіз ғой.



Сайполла САПАНОВ, саясаттанушы:

– Негізінен, Ресейдің қазіргі энергетикалық саясаты дербес саясат бола алмайды. Ресей, Қазақстан және Беларусь Кеден одағына мүше болғаннан кейін ол елдің жеке-дара шешім қабылдауы мүмкін емес. Өйткені Ресей бұрынғыдай ақылдаспай, өз бетінше шешім қабылдап, пайда табуды көздесе, онда Кеден одағына қауіп төнеді. Мұндай қадамға осыдан төрт-бес жыл бұрын баруы мүмкін еді. Қазір Кеден одағы, ЕурАзЭҚ шеңберінде Ресеймен тығыз интеграциялық байланыс орнаған кезде белгілі топтардың айтқанына көніп, өз бетінше шешім қабылдай алмайды. Ондай заман өткен. Әлбетте, экспорт салығы енгізілсе, ішкі нарыққа кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

Автор: Гүлнар Ахметова

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

13 тамыз 2010, 13:24
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15