Саяси бюро

Танымал тэгтер: , , , , ,

Саудабаев ЕҚЫҰ-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерімен кездесті

   0 633
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Кеше Алматыда ЕҚЫҰ-ның сыртқы істер министрлерінің екі күндік бейресми саммиті басталды. Бейресми саммиттің қарсаңында ЕҚЫҰ төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев халықаралық ұйымға мүше бірқатар елдердің сыртқы істер министрлерімен кездесіп, пікір алмасты.


Атап айтқанда, ЕҚЫҰ төрағасы Қ.Саудабаев Ұлыбританияның Еуропа істері жөніндегі министрі Дэвид Лидингтонмен, Израиль премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Авигдор Либерманмен, Албания премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Илир Метамен, Черногория сыртқы істер министрі Милан Роченмен, Португалия сыртқы істер министрі Луиш Амадумен, Кипр сыртқы істер министрі Маркос Киприанумен, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбомен, ЕҚЫҰ үштігімен, Белорусь сыртқы істер министрі Сергей Мартыновпен кездесті. Екі жақты кездесулер барысында Қазақстан мен Португалия арасында дипломатиялық төлқұжат иелерін виза талаптарынан босату жөніндегі келісімге және екі ел сыртқы істер ведомстволары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға, сондай-ақ Қазақстан мен Кипр арасында дипломатиялық төлқұжат иелерін виза талаптарынан босату жөніндегі келісімге қол қойылды. Сонымен бірге ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қ. Саудабаев Босния және Герцеговина сыртқы істер министрі Свен Алкалаймен кездесуінде екі ел арасында дипломатиялық төлқұжат иелерін виза талаптарынан босату жөніндегі келісімге, сыртқы істер ведомстволары арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға, Македония сыртқы істер министрі Антонио Милошоскиймен де екі ел арасында дипломатиялық төлқұжат иелерін виза талаптарынан босату жөніндегі келісімге қол қойылды. Кешегі бейресми саммиттің күн тәртібінде «Еуро-атлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздіктің негізгі қатерлері» деген тақырып талқыға түсті және мәртебелі меймандар концерттік бағдарламаны тамашалады. Ал бүгін саммиттің бағдарламасында Елбасы Н.Назарбаев сөз сөйлейді деп күтілуде.

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

17 шілде 2010, 12:05
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

7 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15