Ал оған дейін, шілденің 16-17 күндері Алматыда ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы,
ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың шақыруымен ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі өтеді.
«Ұйымға мүше 56 мемлекеттің сыртқы саяси-ведомстволарының басшылары немесе жоғары мәртебелі өкілдері, ЕҚЫҰ-мен әрптес 12 мемлекеттің, бірқатар халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғалары келеді. Бұл басқосу еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі кезіндегі ең маңызды шаралардың бірі болып табылады», – деп атап көрсеткен А.Абдрахманов оның барысында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жауапкершілік кеңістігінде және одан тысқары аумақтардағы қауіпсіздік мәселелері, соның ішінде Қырғызстан мен Ауғанстан жағдайы, халықаралық қауымдастықтың осы елдерді тұрақтандырудағы қызметіне ЕҚЫҰ-ның қосар үлесін арттыру жолдары талқыланатынын айтты. Осы іс-шараның аясында сондай-ақ ЕҚЫҰ «үштігі» – Қазақстан, Грекия, Литва сыртқы істер министрлерінің, ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасының бастамасымен тұңғыш рет Еуро-Атлантика және Еуразия аймақтарының қауіпсіздігімен айналысатын жеті халықаралық ұйымның (ЕҚЫҰ, Еуроодақ, НАТО, Еуропа кеңесі, ТМД, ҰҚШҰ, Азия кеңесі) басшылары мен жоғары лауазымды өкілдерінің кездесуін, сондай-ақ Таулы Қарабах жанжалын бейбіт шешу жолдарын талқылау мақсатында Қ.Саудабаевтың Ресей, Франция, АҚШ өкілдерінің қатысуымен Әзірбайжан мен Армения сыртқы саясат ведомстволары басшыларының кездесуін өткізуі жоспарланып отыр.
Автор: Айбын Бақытұлы
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: