Саяси бюро

Танымал тэгтер: , , , , ,

Депутаттар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы сессиясына қатысуда

   0 555

6 шілдеден бері Осло қаласында (Норвегия) ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының «Құқық үстемдігі: трансұлттық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбына арналған жыл сайынғы 19-сессиясы өтіп жатыр.


ЕҚЫҰ ПА жыл сайынғы отырысының жұмысына Сенаттың халықаралық қатынастар, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов бастаған Қазақстанның парламенттік делегациясы қатысады.


Қазақстан делегациясының құрамында: Мәжілістің халықаралық істер, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы Ә.Жолшыбеков, Жоғарғы палата депутаттары – Ә.Ахметов пен Б.Досманбетов, Мәжілістен – С.Бычкова, Е.Әпсалямов және Т.Қосмамбетов бар.


Ассамблеяның жалпы комитеттері ЕҚЫҰ-ның түрлі салаларына арналған қарарларын талқылайтын болады. Олар Парламенттік Ассамблеяның тиімді қызметін арттыру, Еуропадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Корфу үдерістерін дамытудағы оның рөлін күшейту, климаттың өзгеруі, ядролық қауіпсіздік, Таяу Шығыстағы бейбітшілік үдерістері, Қырғызстандағы жағдай және басқа да мәселелер болып табылады. Одан басқа форум аясында Парламенттік Ассамблеяның басшылық құрамын сайлау болады. Жыл сайынғы сессия нәтижесі бойынша Ослода қорытынды декларация қабылданатын болады.

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

9 шілде 2010, 08:38
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

7 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15