
Мансұр ХАМИТ (фото)
Кеше Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Асхат Бекенов жойылудың аз-ақ алдында тұрған бекіре тұқымдас балықтарды құтқарумен қатар, кәсіптік аулауға тыйым салу мақсатында 10-15 жылға мораторий жариялауды талап етіп, депутаттық ұсыныс жасады. Естеріңізде болса, өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Иран Президенті Махмуд Ахмадинежад Каспий маңындағы бес елге бекіре балығын аулауға 10-15 жылға мораторий жариялау керектігі жөнінде мәселе көтерген болатын. Артын ойлайтын Ресей бұл мәселені іліп әкетіп, қазір құнды балықтарды кәсіптік аулауға мораторий жариялап үлгерді. Әзірбайжан мен Түрікменстан да мораторийді кезең-кезеңімен жүргізуді ұсынып, ептеп-ептеп қолға алып келеді. Ендігі кезек бізге келген тәрізді.
Асхат Бекенов «бекіре тұқымдас балықтарды қорғау, өсімін молайту мен толық бақылау жүргізу мақсатында жедел шаралар қабылдау қажет» деп есептейді. «Қазіргі уақытта «Атырау бекіре балық өсіру» зауыты жыл сайын Каспий теңізіне жеті миллион бекіре балықтарының шабақтарын өсіріп шығарады. Бұл көрсеткіш осы балық түрінің қорын қалыпты түрде ұстауға, әрине, жеткіліксіз. Өйткені сол шығарған жеті миллион шабақтың қанша пайызы өсіп-өніп шығып, қаншасы жойылып кететіні жөнінде толық мәлімет жоқ», – деді ол жиын барысында.
Расымен де, бүгінгі күні бекіре тұқымдас балық түрлері жойылуға жақын қалды. Браконьерлік жолмен аулап, сатумен айналысып жатқандарды да жаппай құрықтап жатқанымыз шамалы. Депутат еліміздің балық қорғау қызметі ісінің мардымсыз екенін айтады. «Тікелей міндетін атқарудың орнына, мүлдем керісінше әрекет етіп, бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға берілетін шекті ұлғайту арқылы олардың жойылуына түрткі болуда», – дейді.
Асхат Сақибеденұлы белгіленген шек бойынша балық аулау көрсеткіштері жылдан-жылға төмендеп, орындалмай отырғанын айтып, мәліметтер келтірді. «Мысал үшін, 2009 жылғы берілген квота бойынша 182 тонна балық аулау керек болса, соның 56 тоннасы ғана орындалған. Ал 2010 жылы ауланатын 99 тонна балық көлемінің орнына, бар болғаны 920 келі ғана ауланған», – деген депутат бұл мәліметтердің өзі көп жайдан хабар беретінін ескертіп отыр.
Осыған қатысты ол бекіре балығының түрлерін өсіру, өндіру көлемін арттыру мақсатында Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес, 30 миллион дана шабақтарды өсіріп, өндіріп шығаратын зауыт салуды тез арада қолға алған жөн деп есептейді.
Депутаттың тағы бір ұсынысы – бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулауға, қылмыстық жолмен өндірілген қара уылдырықты сатуға жол бермеу мақсатында қолданыстағы заңдарға қылмыстық жауапкершілікті күшейтетін ұсыныстар енгізу қажет. «Сонымен қатар Каспий аумағындағы бекіре тұқымдас балықтардың басын сақтап, өсіріп, өсімін молайтумен айналысып жатқан кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қамқорлық жасап, қолдау көрсету қажет деп есептейміз. Сондай-ақ балық өсіру шаруашылықтарына бағалы бекіре балық түрлерінің генетикалық таза аналық үйірін ұстауға, тауарлық балық өсірумен айналысатын субъектілерді субсидиялау мақсатында 2010 жылға және болашақта да республикалық бюджеттен қаражат көзделуін ұсынамыз», – деді ол.
БЕРДІОҢҒАРОВ ЖАЗДА РЕЙДКЕ ШЫҚПАҚ
Ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда жыл басынан бері 29 ойынхана мен ойын автоматтары заңсыз жұмыс істейтін көрінеді. Парламент Мәжілісінің депутаты Тәңірберген Бердіоңғаров Алматыда, еліміздің басқа да қалаларында заңсыз ойын орындарын анықтау үшін жазғы демалыс кезінде құқық қорғау органдарымен бірлесіп, рейд ұйымдастыруды ұсынып отыр. «Шілдеде депутаттар демалысқа шығады. Әріптестерім қолдаса, құзырлы органдармен бірге комиссия құрып, сол орындарға баруға болады. Біз олардың нақты қайда орналасқанын көрсетіп, қылмыстық жазаға тартатын едік», – деді ол.
Жалпы отырыста палата депутаттары Кеден одағының қызметіне байланысты алты бірдей заң жобасын, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенінде болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесі мен ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру және пайдалану шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобаларын мақұлдады.
Автор: Салтан СӘКЕН
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: