Елімізде көктемгі егіс жұмыстары аяқталды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, биыл 16,4 миллион гектар алқапқа жаздық дәнді дақылдар егілді.
Яғни астықты алқап былтырғы жылға қарағанда 316 мың гектарға кеміді. Есесіне елдің ішкі нарығындағы сұранысты қамтамасыз ету үшін аса қажетті майлы дақылдар егістігінің көлемі ұлғайды.
Астықты алқаптың кемуі министрлік жүргізіп отырған егістікті әртараптандыру бағдарламасына сәйкес жүзеге асыпты. «Біз бүгін егістікті әртараптандыру бағдарламасының алғашқы нәтижелерін көріп отырмыз. Астықты дақылдардың көлемін сәл де болса азайтудың есебінен ішкі азық-түлік нарығында қат майлы дақылдар көлемі артты», – деді кеше Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев.

Биылғы көктем қиындықсыз өтпегені де белгілі. Министрдің орынбасары Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қалыптасқан жағдайларға байланысты аталған екі өңірде егіс жұмыстарының жоспары шамалы деңгейде болса да, толық орындалмағанын айтты.
Ендігі міндет – осынша егіс алқабына егілген тұқым ел байлығына айналуы үшін егінді түрлі зиянкестерден қорғау шараларын жүргізу. Алайда дәл қазіргі кезеңде егістікке қауіп шегірткеден емес, табиғаттың райынан келіп тұрған сияқты. Өйткені көктемнің аяғы, жаздың басы құрғақшылықпен басталып тұр. Сондықтан бүкіл диқан қауымы жауын-шашынды тағатсыздана күтіп отырғанын айтқан Арман Евниев дәл қазір болашақ егіннің шығымы турасында болжам айтуға әлі ертеректігін алға тартты. «Біз адам қолына қараған мәселенің бәрін мейлінше дер кезінде әрі жедел түрде жүзеге асырдық», – деген ауыл шаруашылығы вице-министрі ендігі кезек жауын-шашынның үлесінде екенін меңзеп, дегенмен астық шығымы (түсімі) көп жылдан бері қалыптасқан орташа көрсеткіштің төңірегінде болады деп күтіліп отырғанын айтты.
ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК
Еліміздің элеваторларында былтырдан қалған 6,2 миллион тонна астық сақтаулы тұр. Оның сыртында ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің қолында шамамен 2,8 миллион тонна астық бар. Ендігі басты міндеттердің бірі – осы астықты бидай және ұн түрінде экспортқа шығару.
Былтыр еліміздің солтүстік өңірлерінде 15 жаңа элеватор салынды. Биыл тағы 15-ін салу жоспарлануда.
Автор: Айбын БАҚЫТҰЛЫ
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
Бағамдар
| USD/KZT | 147,48 | +0,33% |
| EUR/KZT | 187,16 | +0,09% |
| RUB/KZT | 4,78 | +19,5% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | +18...+16 | +9...+7 | |
| Алматы | +27...+25 | +22...+20 | |
| Павлодар | +12...+10 | +12...+10 |



Поклонники сети Facebook склонны к самолюбованию
Парламентская демократия для России - катастрофа
Мақалаға қатысты пікірлер: