Саяси бюро

Танымал тэгтер: , , , , ,

Беларусь ЕҚЫҰ саммитін өткізуді қолдайды

   0 646

Кеше ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Қазақстан Республикасының   Мемлекеттік  хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Шығыс Еуропа елдеріне сапарының аясында Минскіде Беларусь президенті Александр Лукашенкомен және өзге де ресми тұлғалармен бірқатар кездесулер  өткізді.


Беларусь басшысы ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасымен кездесуінде ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп отырған Қазақстанның барлық бастамаларын қызу қолдайтынын жеткізді. «Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығының басым бағыттарын қалыптастырды. Біз мұны толық қолдаймыз. Біздің арамызда жылы, достық қарым-қатынас орнаған. Қазақстан біз үшін аймақтағы маңызды мемлекет болып табылады», – деп атап өтті Александр Лукашенко.

Осыдан кейін Беларусь Президенті Кедендік одақ төңірегінде өз ой-пікірін жеткізді.


Сонымен қатар Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев ЕҚЫҰ-ның Минск кеңсесінің ұжымымен, саяси партиялардың өкілдерімен және Беларусь елінің сыртқы істер министрі Сергей Мартыновпен болған кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынастың тарихи тамыры терең екендігін және бүгінде оның жаңа деңгейге көтеріліп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ келіссөзде биыл Беларусь басшысының Қазақстанға жасайтын сапарының мән-жайы сөз болды. Қ.Саудабаев Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығын қолдап, әсіресе, саммит дайындығына белсенді атсалысып  отырғаны  үшін Беларусь  тарапына  алғысын жеткізді. ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Қ.Саудабаев Беларусь елінің оппозициясының өкілдерімен кездесіп, олармен пікір алмасты. Белоруссиялық солшылдар партиясының төрағасы Сергей Возняк мемлекеттік емес БАҚ-тар елде қыспақта екенін айта отырып, оппозиция өкілдеріне Қ.Саудабаевпен кездесуге мүмкіндік бергеніне таңданып отырғанын жасырмады.

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

31 наурыз 2010, 09:42
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

7 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15