
Мансұр ХАМИТ (фото)
Деректерге сүйенсек, елімізде отбасы үлгісіндегі балалар ауылы алғаш рет 1993 жылы пайда болған екен. Қазір Қазақстанда мұндай балалар ауылдарының 10-ы жұмыс жасаса, соның жетеуін мемлекет, қалғанын халықаралық қор қаржыландыратын көрінеді. Бұдан бөлек, республика бойынша 27 жасөспірімдер үйі қызмет етеді. Дәл осы мекемелердің жұмысын қамтамасыз ететін заң Қазақстанда осыдан 10 жыл бұрын қабылданыпты. Сондықтан да заңгерлер отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері мәселелері туралы қолданыстағы заңға өзгерістер енгізу қажет деп шешіпті.
Тәрбиешінің жасы 27-ден кем болмауы шарт
Заң жобасындағы басты жаңалық – балалар ауылы мен жасөспірімдер үйлеріндегі тәрбиешілердің жас ерекшеліктеріне, біліміне қатысты шектеулерді алып тастау. Мұндай ұсынысқа, ең алдымен, отбасы үлгісіндегі «балалар ауылдарының» өкілдері бастамашы болыпты. Осыған орай, Білім және ғылым министрлігі тәрбиеші аналардың құрамын, балалар ауылындағы тәрбиешілердің әлеуметтік бейімдеуден өтуін тыңғылықты зерттепті. «Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, ТМД елдерінде, оның ішінде Беларусь пен Ресейде тәрбиеші-аналардың орташа жасы 26-дан 48 жасқа дейін болса, Австрия, Польша, Венгрия секілді елдерде тәрбиешілердің орташа жасы 24-46 жасты құрайды. Біз де қолданыстағы заңнан мұндай шектеулерді алып тастауды жөн көрдік. Бұл кадр жетіспеушілігін шешуге зор ықпал етеді», – деді білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков. Яғни жаңа норма бойынша балалар ауылына жоғары білімді тәрбиеші-ана кемінде үш жыл жұмыс өтілімен қабылданады. Ал орта кәсіптік білімі бар үміткердің жұмыс өтілі кемінде бес жыл болуы шарт. «Сонда балалар ауылында жұмыс үстеуге үміткер тәрбиешінің жасы 27-ден кем болмайды», – деді М. Сарыбеков.
«Мәліметтерге сүйенсек, елімізде 18 мыңнан астам бүлдіршін балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Алайда мұндағы балалардың басым бөлігі мемлекеттік тілді білмейді. Қазір қоғам арасында тілді дамыту жөніндегі бағдарлама кең талқылауға түсті. Бұған сәйкес, 2020 жылға қарай халқымыздың 95 пайызы мемлекеттік тілде сөйлеуі керек. Олай болатын болса, бірінші кезекте толықтай мемлекет қамқорлығындағы мекемелерде тәрбиеленетін бүлдіршіндердің тілді біліп шығуы шарт. Атап айтқанда, балалар үйіндегі тәрбиеленушілер, отбасы үлгісіндегі жасөспірім үйіндегі жеткіншектер қазақ тілін меңгеруі тиіс. Ал олар мемлекеттік тілді білуі үшін тәрбиешінің өзі қазақ тілін білетін болуы керек. Өйткені тәрбиеші қай тілде сөйлесе, балалар да сол тілде сөйлемек», – деді Қуаныш Айтаханов жобаны талқылау барысында. Осыған орай, сенатор заң жобасындағы тәрбиеші-анаға қойылатын талаптардың қатарына «мемлекеттік тілді білуі міндетті» деген сөйлемді қосу қажеттігін алға тартты.
Бұл бір қарағанда, тәп-тәуір қолдауға тұрарлық ұсыныс тәрізді. Өйткені, сараптап қарасақ, қазір талаптың жоқтығынан тәрбиеші де, басқасы да тілге пысқырмайды. Ал тәрбиешінің тілі «бөтен» болса, тәрбиеленушіден қалай таза тілді талап етеміз? Мұндай олқылықтың бәрі жиналып, 2020 жылғы межемізге кедергі жасамай ма? Сондықтан тілге қатысты талаптардың бәрін әлгіндей реті келгенде жөндеп отыруға болатын секілді еді. Алайда әуелден жолы болмайтын тілге қатысты норма бұл жолы да жүрісінен жаңылған жоқ. Білім және ғылым вице-министрі М.Сарыбеков тілді білу талабын заң мәтініне емес, жергілікті жердегі конкурстық комиссияның шешіміне қалдырған дұрыс дегенді алға тартады. «Яғни әлгі комиссия тәрбиешіге қоятын талаптарды нақтылайды, солар шешсін», – дейді вице- министр. Сөйтіп, тіл талабы да жергіліктінің құзыретіне қарай төменге ысырылды.
«Алтын белгінің» қадірі қашып бара ма?
«Алтын белгі» мәселесі Сенаттың күн тәртібінде жоқ еді. Алайда қоғамда көп дүрбелең тудырған осы жайттың «дәліздерден» гөрі депутаттардың көз алдында, отырыс залында білімге жауапты басшыдан сұралғаны әбден дұрыс болды. Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов те жұрттың өтінішін ескеріп, сауал қоятын ыңғайлы сәтті дұрыс пайдаланды. «Биылғы жылы мектепті «алтынмен» бітіріп, 100-115 балл жинаған түлектер еліміздің өңірлеріндегі бірнеше оқу орындарына құжаттарын тапсырғанымен, олардың грантқа ілінбей қалу қаупі де туындаған. Сонда бұл қалай?» – деді ол таңданысын жасыра алмай. Сосын: «Алтын белгінің» қадірі түсіп кеткен жоқ па? Себебі 10 жыл бойы мектепте орташа үлгерімде жүрген кейбіреулер аяқастынан жоғары балл иеленіп, «алтынның» иесі атанып жатыр. Күдікті...» – деп бас шайқады сенатор.
Сөйтсек, депутат қана емес, «Алтын белгіден» кеткен қадір туралы пікірді білім және ғылым вице-министрі М.Сарыбековтің өзі де қоштайды екен. Өйткені жыл сайын «алтын» алғандар саны артып келеді. Былтыр олардың саны 1500 болса, биыл 2 400-ге жетті. Былтырғыдан 900 адамға көп. Сонда балалардың білімге құштарлығы артып отыр ма, әлде?.. Бұған вице-министрдің өзі де аң-таң. «Сол үшін келесі жылдан бастап ЖОО-ға қабылдау ережесіне өзгерістер енгізіп қалуымыз әбден мүмкін», – дейді М.Сарыбеков.
Сонымен қатар палата депутаттары «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісімін ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдады. Енді құжат Елбасының қол қоюына жіберіледі.
Автор: Қанат Қазы
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: