Астана қаласында өтетін ЕҚЫҰ саммиті ұйымның қауіпсіздік саласындағы халықаралық қызметінің нәтижелілігін арттыруға жағдай жасап, сондай-ақ ұйымға мүше елдерге аймақтағы сенім шараларын дайындау жөніндегі негізгі міндеттерді жаңаратып алуға тамаша мүмкіндік беретін болады.
Бұл туралы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Вена қаласындағы штаб-пәтерінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы өткен ЕҚЫҰ форумының отырысы барысында сөз алған Ирландияның сыртқы істер министрі Майкл Мартин мәлім етті. «Он жылдан астам уақыттан кейін ЕҚЫҰ қызметі аясында біздің мемлекет басшыларымыз Астанада бас қосады. Бұл ұйымның ары қарайғы дамуы мен жетілуіне жаңа серпін береді», – деп атап өтті Ирландия министрі. Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы өткен ЕҚЫҰ форумының отырысы төрт ай бойы осы құрылымға басшылық ететін Ирландия төрағалығының басталғандығын айқындайтын оқиға екенін айта кеткен жөн. Форум құрамына апта сайын ұйымның Венадағы штаб-пәтерінде ЕҚЫҰ аймағы бойынша қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жөніндегі қолданылатын тұрақты шаралар туралы келіссөздер мен кеңестер өткізіп отыратын ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты делегация өкілдері кіреді.
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: