Саяси бюро

Танымал тэгтер: , , , , ,

Құрылыс саласын «төңкеріс» күтіп тұр

   0 376

Арқа жұртшылығын екі ай бойы әбігерге салып қойған аптап ыстық ептеп басылғандай болғанымен, Үкіметтің «қызуы» басыла қоймады. Олай дейтініміз, кешегі отырыста Үкімет мүшелері айналасы бір сағат 56 минуттың ішінде алты бірдей заң жобасын мақұлдап жіберді...



Баяндамашылардың көшін әдеттегідей экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова бастап шықты. Айтжано­ва­ның айтуынша, осы жылдың бірінші жар­тыжылдығында Жалпы ішкі өнімнің нақ­­ты өсімі көп ілгері кетіпті. «Үстіміздегі жыл­­дың бірінші жартыжылдығында Жал­пы ішкі өнімнің нақты өсімі 8 пайызды құ­ра­ды. Атап айтқанда, жыл басынан бергі екі ай ішін­де өнеркәсіп өндірісі өткен жыл­ғы тиіс­ті кезеңмен салыстырғанда 11 па­йы­зға өсті. Бұл сауда айналымының – 13,3 па­йыз­ға, ал көлік қызметінің көлемі 6,8 па­­йы­з­ға өсуін, сондай-ақ отандық тұтыну­шы­­лар мен нақты сектордағы кәсіпорындар та­ра­пынан сұраныстың жоғарылағанын көр­­сетеді», – дейді министр ханым.

Бұған, әрине, халықаралық ұйымдар­дың әлемдік экономиканың 2010 жылғы өсуі және мұнай, металл сияқты Қазақстан­ның негізгі экспорттық тауарларының әлем­дік бағаларының өсуі әсер еткен. Ми­нистр сондай-ақ еліміздің тек импорттық әлеуе­ті ғана емес, экспорттық қарымы да құ­лаш жаза бастағанын айтты. Бұл сөзін ми­нистр мынадай деректермен дөңге­лек­теді: «2010 жылғы экспорт көлемі болжам бо­йынша 51,4 млрд АҚШ долларын құ­рап, алдыңғы болжаммен салыстырғанда 1,8 млрд АҚШ долларына жоғары болады деп күтіліп отыр».



Жол-көлік апаты 8 пайызға азаймақ

Бұдан кейін отырғандардың назары көлік және коммуникация министрі Әбіл­ғазы Құсайыновқа ауды. Олай дейтініміз, ол көлік инфрақұрылымын дамыту жө­нін­дегі бағдарламасын таныстыру барысында еліміздің жол қауіпсіздігі іс-шараларын қолға алудың арқасында «2015 жылға қарай жол-көлік апаттарын 8 пайызға дейін төмендетуге болады» деген «батыл болжам» жасап жіберді.

Әбілғазы Қалиақпарұлының сөзіне қа­ра­ғанда, 2010-2014 жылдарға арналған еліміз­дің көлік инфрақұрылымын дамыту сала­сындағы салалық бағдарлама аясында рес­публикалық маңызы бар жолдардың 5,5 мың шақырымы қайта жаңартылып, 6 мың шақырымы, жергілікті маңызы бар жол­дардың 10 мың шақырымы қайта жөн­деледі. Жаңа Кендірлі әуежайы салы­нып, еліміздің әуе көлік паркін 18 әуе ұша­ғы­мен толықтыру жоспарланған. Осылай­ша, 2015 жылға дейін әуе ұшақтарының са­ны 45 бірлікке дейін артады. «Еліміздің кө­лік саласындағы жол қауіпсіздігі іс-ша­ра­ларын қолға алудың арқасында 2015 жылға дейін жол-көлік апттарын 8 пайызға дейін төмендету көзделген», – деп атап көрсетті Ә.Құсайынов.



Жәмішев не дейді?

Үкімет қабырғасында көптен бері қазақ тілінде баяндама жасап, тілін сындырып жүр­ген қаржы министрі Болат Жәмішев бұл жолы да мемлекеттік тілге құрмет біл­дірді. Министр бас-аяғы 7 минутқа созыл­ған 2010-2012 жылдарға арналған рес­пуб­ликалық бюджетке өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы заң жобасын та­ныстыру барысында бірде-бір орысша сөз қоспауға тырысты.

Министрше айтсақ, «2010 жылдың республикалық бюджеті 139 млрд теңгеге өсіпті». Осылайша, республикалық бюд­жет­ке келіп түскен жалпы қаржының көле­мі 3 трлн 517 млрд теңгеге жеткен. «Қол­да­ныстағы бюджетпен салыстырғанда, бұл 139 млрд теңгеге, яғни 4,1 пайызға артық. Шы­ғыстар – 4 трлн 321 млрд теңге, ал бюд­жет тапшылығы 803 млрд теңгені құрады», – деді Б.Жәмішев.

Болат Бидахметұлы бұл қаржының 17,7 млрд теңгесін біраз уақыттан бері басылмай тұрған үлескерлер дауын шешуге жұмсауға бел буыпты. Оның бұл ұсынысы отырғандарға бірден ұнап қалды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мұндай қаржыға құрылыс саласында «төңкеріс жасауға» болатынын айтып салды. «Келесі жылы құрылыс сала­сын­да өте үлкен реформалар жасаймыз. Тіп­тен «төңкеріс» деуге де болады. 2011 жыл­дан бастап «эуро кодтар» енгіземіз. Бар­лық құрылысшылар, жобалаушылар ба­ла­малы түрде осы кодтарды пайда­ла­нады. Осылайша, 2014 жылға дейін отан­дық құрылыс саласы толықтай осы жүйеге кө­шетін болады. Алайда бұл бағдарлама ескі кадрларға ұнамауы мүмкін. Өздеріңіз білесіздер, біздегі құрылыс саласы бұған дейін ескі стандарттар бойынша жұмыс іс­теп келді. Ең алдымен, солармен күресіп алуы­мыз керек», – дейді Өмірзақ Естай­ұлы.

Бұл құжат та мақұлданды. Отырғандар бір­ауыздан қолдап, Премьер-министр Кә­рім Мәсімов қол қойды. Сондай-ақ кешегі Үкімет отырысында тағы екі құжат мақ­ұл­данды. Олар индустрия және жаңа тех­но­логиялар вице-министрі Берік Камалиев та­ныс­тырған 2010-2014 жылдарға арнал­ған құрылыс индустриясы саласын және құ­рылыс материалдары өндірісін дамыту және жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бағдарлама болатын. Бағдарламаның бірі ішкі нарықтың отандық құрылыс материал­д­а­рына қажеттілігін 80 пайызға қанағат­тан­дыру, жалпы қосылған құнды – 76 па­йызға, саладағы еңбек өнімділігін 40 па­йы­зға арттыруға негізделсе, екіншісінде ішкі нарық сұранысын қанағаттандыру, өнім шығару және сыртқы нарыққа шығу мін­деттері қарастырылған.

Автор: Бүркіт НҰРАСЫЛ

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

9 қыркүйек 2010, 12:17
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

7 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15