Саяси бюро

Танымал тэгтер: , , , , ,

Тағы бір шенеунік қамауға алынды

   0 278

«Мемлекет қаржысын талан-таражға салды және қызметтік лауазымын асыра пайдаланды» деген айыппен тағы бір лауазым­ды тұлға қамауға алынды. Құқық қорғау органдарының бұл жолғы қармағына Ұлттық қауіпсіздік ко­ми­теті Шекара қызметі басты­ғы­ның орынбасары Әлім Хасенов ілік­кен. Бұл туралы кеше өткен бас­пасөз мәслихатында Ішкі істер ми­нистрлігінің баспасөз хатшысы Қуа­нышбек Жұманов мәлім етті.



Қуанышбек Жұмановтың айтуынша, Әлім Хасеновке қатысты қылмыстық іс 23 тамыз күні қозғалған. «Тексеру барысында ҰҚК Шекара қызметі бастығының орын­ба­сары Хасеновтің заставалар кешені мен ше­кара қызметінің басқа нысандарының құ­рылысы кезінде қызмет бабын теріс мақ­сатта пайдалану арқылы мемлекетке ірі кө­лем­де материалдық шығын келтіргені анық­талды», – дейді Қуанышбек Жұман­ов.

Ә.Хасенов Қылмыстық-процессуалдық ко­декстің 132-бабы бойынша 2 қыркүйек күні ұсталған. «3 қыркүйекте айып тағылды, ал 4 қыркүйекте Ақмола гарнизонының әс­кери соты оны қамауға алуға санкция бер­ді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тер­геліп жатыр. Осы қылмыстық іс бойынша ал­дын ала тергеу шараларын жүргізудің заң­дылығына бас әскери прокуратура қада­ғалау жүргізіп отыр», – деп атап өтті баспасөз хатшысы.



 

Автор: Бүркіт НҰРАСЫЛ Астана

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

9 қыркүйек 2010, 11:43
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

7 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15