Еліміздің Үкіметі Ресейдегі уран байыту бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның акция пакетін сатып алуға мүдделі. Бұл туралы кеше Иркутск қаласында өтіп жатқан VI Байкал экономикалық форумында журналистерге Премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.
Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстанның өкілдері «Росатом» атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Сергей Кириенкомен келіссөздер өткізеді. «Мен уран байыту бойынша жұмыс істеп тұрған ресейлік кәсіпорындардың бірінің акция пакеттерін сатып алуға деген Қазақстан Үкіметінің ниетін тағы бір мәрте нақтылап отырмын. Біз кәсіпорынды анықтап қойғанымызбен, мен әзірге акция сатып алатын кәсіпорынның атын нақты айта алмаймын, сатып алу жөніндегі келіссөздер аяқталуға жақын. Арамызда келісім жасалған соң, біз бірден ақпарат бере аламыз», – деді Кәрім Мәсімов. Бұдан бөлек, Үкімет басшысы Қытайға энергия ресурстарын экспорттауға қатысты мәселе бойынша Ресеймен қарым-қатынас орнатудағы пікірін жеткізді. «Ресей Федерациясы – үлкен мемлекет, ол энергия ресурстарын экспорттау бойынша Қытайдың шығыс бөлігіне бағытталады, ал Қазақстан батыс бөлігіне. Бұл әртүрлі нарықтар, сондықтан біздің елдер арасындағы аса бір бәсекелестікті байқап тұрған жоқпын. Онымен қоса, біз ресейлік тарапппен өз саясатымызды үйлестіреміз. Және де біздің елдер арасында бәсекелестік емес, жемісті ынтымақтастық орнаған», – деді Премьер-министр. Сонымен қатар ол Ресей мен Қазақстан арасында газдың экспорттық бағасы туралы мәселе анықталып, нақты белгіленгенін және бұл мәселе көтерілмейтінін тілге тиек етті.
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: