
Нұрғиса Елеубеков (фото)
Кеше Ресей Президенті Дмитрий Медведев екі күндік іссапары бойынша Шығыс Қазақстанға келді. Оның мақсаты – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер жүргізу және бүгін өтетін Аймақаралық форумға қатысу. Ресей Президентінің көмекшісі Сергей Приходьконың айтуынша, Дмитрий Медведев бұл сапарда сауда-экономикалық, энергетикалық серіктестікті нығайту, оның ішінде ғарыш саласы мен атом энергетикасын жоспарлау, сондай-ақ Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің тағдырын, ҰҚШҰ, ШЫҰ серіктестігін, Каспий мәселесін талқылауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ соңғы кездері орын алған апаттар нәтижесі көрсеткендей, шекаралас елдердің төтенше жағдайлар жөніндегі қызметі мен медицина саласы мамандарының серіктестігі үлкен қажеттілік.
Форум
Бүгін өтетін VII Аймақаралық серіктестік форумының негізгі тақырыбы тұрақты даму және жоғары технологиялар саласы болады. Оған Ресей тарапынан Дмитрий Медведевпен бірге Ресейдің аймақтық даму министрі Виктор Басаргин, табиғат министрі Юрий Трутнев, «Росатом» жетекшісі сондай-ақ сыртқы істер министрлігінің, көлік министрлігінің, сауда және өндіріс министрлігінің өкілдері келеді.
Қазақстан-Ресей Аймақаралық форумының негізгі ерекшелігі – оған екі елдің мемлекет басшылары қатысатындығында.
Ресейдің ТМД елдерімен шектесетін 27 аймағы бар болса, соның 12-сі Қазақстанның жеті облысымен шектеседі. Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда қатынасының 70 пайызға жуығы осы шекаралас аймақтардың үлесіне келеді. Қазір Қазақстан-Ресей шекаралас аймақтарында 300-ге жуық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істеп тұр. Оның ішінде «Казросхром», «Коксохим», Қостанай дизель зауыты мен УралАза жанындағы автомобиль кешені бар.
Екі ел арасындағы шекаралық байланысты дамыту, трансшекаралық жобаларды жетілдіру, аймақтар арасындағы тікелей тасымал жүйесін реттеуге үлкен септігін тигізіп отырған бұл форум алғашқы кезде тек шекаралық аудандарға арналған деп жоспарланған еді. Алайда кейіннен оған Қазақстанмен сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени серіктестік орнатуға мүдделі болатын Ресейдің өзге аймақтары да қосылып, аймақаралық дейгейдегі форум деңгейіне өтіп кетті. Жалпылай алғанда, Қазақстан Ресейдің 76 аймағымен сауда-экономикалық қарым-қатынасқа түссе, соның 40 пайызы шекаралық аудандарға келеді екен.
Экономикалық жолмен мәдениетті бұлдауға бола ма?
Жалпы алғанда, қазіргі кезде Ресейдің аймақтық саясаты үшін Қазақстан маңызды рөл атқарады. Оны президенттік тақта отырғанына аса да көп уақыт өте қоймаған Дмитрий Медведевтің Қазақстан Президентімен ресми түрде сегіз рет кездесу өткізгені дәлел.
Қос мемлекет саяси һәм экономика саласының көптеген қадамдарында бір ұстанымды болуға мүдделі. Сондықтан екеуі бір-бірінің көңіл ахуалын бақылап отыруға тиіс. Сол жағынан келгенде, Қазақстан тарапы бұл форумның мүмкіндіктерін кей тұстарда толық пайдалана алмай отырған сияқты. Мысалы, мәдени, ғылым, білім саласына келгенде. Посткеңістіктегі елдердің барлығы дерлік Ресей саясатымен басы піспей, теріс айналып кетіп жатқанда Қазақстан әлі де компромистік саясат ұстануда. Және бұл – Ресей үшін үлкен артықшылық. Ендеше алып территориялы көрші де Қазақстан мүддесін ескеруге тиіс.
Ескерерлік жайт
Өткен жылы білім министрі Жансейіт Түймебаев Ресейдегі қазақ мектептерінің жағдайы ауыр күйде екенін айтып жар салды. Оның: «Қазақстанда өткен ғасырдан қалған орыс мектептерінің көбі әлі де сақталып қалды. Ал Ресейдегі жағдай керісінше, қазақ мектептері қалған жоқ, бұл дұрыс емес», – деген сыңайда айтылған сын сөзін көрші ел әкімшілігі ескерген жоқ. Расында қазір Ресейдің бірде-бір аймағында қазақ тілі пән ретінде оқытылмайды. Астрахань мен Омбы облыстарының кейбір аудандарында ғана қазақ тілі факультатив сабақ ретінде өткізіледі. Ал күні бүгінге дейін қазақ тілін пән ретінде жүргізіп келген кейбір өңірлерде ол жабылып жатыр. Қазір Ресей Федерациясында 870 мыңға жуық қазақ тұрады. Бұл елдегі қазақ диаспорасының басты мәселесі – тіл. Қазақ жастары арасында ана тілін, ата дәстүрі мен әдет-ғұрыпты білмейтіндер көбейіп келеді. Біздіңше, осы жайды жыл сайынғы шекаралық аймақтар форумында алдыға тартуға әбден болады.
Ресей-Қазақстан аймақаралық форумы тарихынан:
Алғашқы форум 2003 жылы Омбы қаласында өтті. Екінші форум – 2005 жылдың мамыр айында Челябинскіде, үшінші – 2006 жылдың қазан айында Орал қаласында, төртінші – 2007 жылы Новосибирскіде, бесінші – 2007 жылы Ақтөбе қаласында, алтыншы 2009 жылы Орынбор қаласында өтті.
Автор: Сәдуақас Кебекбай
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: