
Мамай Ахетов, Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасының бастығы:
– Мамай мырза, Мәдениет министрлігі әзірлеген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасы таныстырылды. Аталған құжаттың алдағы уақытта қабылдануынан, жүзеге асырылуынан не күтесіз?
– Барлық іс-әрекеттердің әп-сәтте орындала қалмайтыны екібастан. Сондықтан бұл бағдарламаға эмоцияға берілмей, саналы түрде қарау керек деп ойлаймын. Түсінген жан аталған құжаттың қордаланған проблемалардың шешілуіне түрткі болатынын аңғарады. Бағдарлама Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан қазіргі кезге дейінгі тілдің даму эволюциясын көрсетіп беріп отыр. Осы кешенді құжатта көрсетілген мәселелер шешімін тауып жатса, мемлекетіміздің тіл саясатында үлкен өзгерістер болатыны анық. Бағдарламаны сынаушылар да табылып жатыр. Осы ретте айта кетерлік бір жәйт, 1897 жылдың өзінде Жетісу өңірінің 1,5 млн халқы қазақ тілінде сөйлесе, 150 мыңдай адам орыс тілінде қарым-қатынас жасаған екен. Өзбек тілінде де біршама адамдар сөйлеген. Мұны айтып отырған себебім, КСРО кезеңіне дейін көп тілде сөйлеген екен. Оған 70 жылдық кеңестік тарихты қосыңыз. Осы мәселелерді ескеретін болсақ, қазақыландыру үрдісінің бірте-бірте жүргізілуіне түсіністік танытуымыз керек.
– Бағдарламаға қандай ұсыныстарыңыз бар?
– Қазір қоғамда қазақ тілі мен орыс тілін қарама-қарсы қою басым. Осы түсінбеушіліктің ара-жігін ажыратып берсе деймін. Содан кейін қазір қолданыстарда жүрген қазақ тілін оқыту әдістемелерін, сөздіктерді, термин сөздіктерін республика бойынша бірізділендіру қолға алынса екен деймін. Себебі әртүрліліктен шатасып, мемлекеттік тілді меңгеремін деушілердің тілге деген ынтасы жойылып кетуі мүмкін.
– Алматы қалалық әкімдігі тарапынан қандай іс-әрекеттер атқарылуда?
– Тілді үйретуді балабақшадан бастау керектігі жиі айтылып жүр. Ал біздің қаламыз бала туу көрсеткіші бойынша үлкен қалалармен салыстырғанда алда келеді. Қазіргі кезде «Балаларға базарлық» деп аталатын жобаны жүзеге асырудамыз. Бұл жоба бойынша биыл балаларға аудиокітаптар мен 30 сериялы анимациялық фильмдер жасап бермекпіз. Қала бойынша 445 мемлекеттік қызметкер қазақ тілін үйрену курсында білім алуда.
– Мемлекеттік мекемелердегі ісқағаздардың қазақ тіліне толықтай көшірілмей жатқанына не кедергі?
– Мемлекеттік мекемелерде КСРО кезінде білім алып, орыс тілін ғана меңгерген мамандардың әлі де көптеп жұмыс істеуіне байланысты баяу жүзеге асырылып жатқан сияқты. Алматы қаласы әкімдігінде ісқағаздардың 70 пайыздан астамы мемлекеттік тілде жүргізіледі.
– Жиырма жылда тіл үйренуге талпынбағандар енді он жылда қазақша үйреніп алады деп ойлайсыз ба?
– Мен бұдан бес-алты жыл бұрынғы жағдаймен салыстырып айтып отырмын. Соңғы бес жылда қазақша ісқағаздар жүргізу жұмыстары дұрыс жолға қойылды. Сондықтан енді он жылда бұдан да жақсы көрсеткіштерге қол жеткіземіз деп ойлаймын.
Блиц-сұрақтар:
– Тіл білмейтіндер үшін мемлекеттік тілді үйренуге қаржы бөлген қисынды ма?
– Иә, тіл білмейтіндерді оқытып жатқан орталықтарға, қажетті оқу құралдарына қаржы керек.
– Енді біраз жылда қазақстандықтардың 95 пайызы қазақша сайрап кете ала ма?
– Бәрі де ынтаға байланысты. Сондықтан барлығы қазақша сөйлеп кете алады деп ойлаймын.
– Қазақ тілі үйренуге қиын дегенге келісесіз бе?
– Жоқ, келіспеймін.
– Өзіңіздің тіл үйретудің ең оңай рецебін ұсынып көрсеңіз...
– Тіл үйренгісі келетін кез келген адам тілдік ортада көбірек болуы қажет.
Автор: Жарқын Түсіпбекұлы
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: