Саяси бюро

Танымал тэгтер: , , , , ,

АҚШ-та ұсталған қазақстандық студент уақытша босады

   0 272

АҚШ-та жас қыздарды «жыныстық қатынасқа итермеледі» деген күдікпен ұсталған Қазақстан азаматы кепілмен бостандыққа шықты. Мұны кеше Астанада СІМ-де өткен брифингте ведомствоның баспасөз хатшысы Ілияс Омаров хабарлады.



Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз бұрын АҚШ-та кәмелеттік жасқа толмаған қыздарға «жөнсіз тиісті» деген күдікпен еліміздің азаматы Жандос Бақытбекұлы ұсталған болатын. 20 жастағы студент Ж.Бақытбекұлы Нью-Йорк штатының Лейк Джордж қаласында Magic Forest (Сиқырлы орман) аттракционында тұтқынға алынған. Ол шамамен 1,5 ай бұрын Work and Travel интернет-бағдарламасы желісі бойынша АҚШ-қа аттанғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта бұл мәселе Нью-Йорктегі Қазақстанның Бас консулдығының бақылауына алынды. Ұсталған азамат кінәсінің бір бөлігін мойындағанға ұқсайды. Алайда сот отырысы әлі жалғасады.

«Бұған дейін, яғни қыркүйектің 2-сінде Лейк Джордж қалалық сотының бірінші отырысы өтіп, қазақстандық азамат 1 мың 500 доллар сомасында қаражатты кепілдікке қойып, бостандыққа шықты. Енді ол қыркүйектің 30-ына белгіленген соттың кезекті отырысын күтуде», – деді І.Омаров.



Қытайда жол апатына ұшыраған қазақстандықтар өтемақы алады



Сондай-ақ өткен аптада Қытайдың Үрімші қаласынан Сиань қаласына бет алған жолаушылар автобусы аударылып, ондағы 48 азаматтың 15-і қазақстандықтар екендігі анықталған еді.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт қазақстандық ауруханаға түскен болатын. «Қазіргі күні олардың үшеуі ауруханадан шығарылып, біреуі әлі де ем-дом қабылдап жатыр. 3-4 күннің аясында оның емі де аяқталып қалуы мүмкін. Дәл қазіргі уақытта біздің азаматтарымызға өтемақы төлеу мәселесі де қарастырылуда. Бұл өтемақының мөлшері де әрбір азаматтың алған жарақатына қарай беріледі», – деді І.Омаров.

Автор: Қанат Қазы

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

7 қыркүйек 2010, 12:15
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

7 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15