Саяси бюро

Танымал тэгтер: , , , , ,

Елбасы банк жүйесінің тұрақтанғанына ризашылығын білдірді

   0 312

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Кәрім Мәсімовті, Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконы және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады.



Кездесу барысында Президент биылғы жылдың 31 тамызында Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің басқармасында «БТА Банк» АҚ қайта құрылымдау жоспары бекітілгені туралы хабардар болды. Елбасы бәріне атқарылған жұмыстар үшін алғысын айтып, мемлекеттің дұрыс стратегиясының нәтижесінде бүгінде қалыпты режимде жұмыс істеп жатқан еліміздің банктік жүйесі тұрақтанғанын атап өтті. Кездесуден кейінгі журналистерге арналған брифингте Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бұдан бұрын, биылғы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша «Альянс банктің», ал осы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша «Темірбанктің» қарыздарын қайта құрылымдау аяқталғанын атап өтті.

Григорий МАРЧЕНКО, Ұлттық банк төрағасы:

– Осылайша барлық үш банк те өткен жылы көктемде басталған қайта құрылымдау процесін табысты аяқтады. Жалпы алғанда, 11 миллиардқа жуық доллар қарыз есебінен шығарылды. Қарыздың қалған бөлігі қайта құрылымдалды – жарым-жартылай облигация түрінде, жарым-жартылай осы банктер акциясында конверсияланды. Аталған үш банктің сыртқы кредиторларына сындарлы ұстанымдары үшін алғыс айтуымыз керек. Ең бастысы, жалпы, сыртқы қарыз мәселесі реттелді.

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

2 қыркүйек 2010, 11:51
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

7 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15