Саяси бюро

Танымал тэгтер: , , , , ,

Сенат Н.Әбіқаевтың ҰҚК-ға қайта оралуына келісім берді

   0 281

Кеше Парламент сессиясы ашыла салысымен, жоғары палата депутаттары бас қосып, Сенаттың төртінші сессиядағы алғашқы отырысын өткізді. Күн тәртібінде бір ғана мәселе – ҚР Президентінің ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне Нұртай Әбіқаевты тағайындауына келісім беру талқыланды.



Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен осыдан біраз бұрын ҰҚК жаңа басшысы болып Н.Әбіқаев бекітілген еді. Ал Ата Заң баптарына сәйкес, ҚР Президентінің ҰҚК төрағасын қызметке тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады. Сондай-ақ Сенаттың жалпы отырысында қаралатын мұндай келісім алдын ала немесе кейіннен ұсыну барысында алынады.

Осындай регламентке сәйкес, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин сенаторларға Елбасы ұсынған кандидатты аз-кем таныстырып өтті. Н.Әбіқаев бұған дейін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Президент Әкімшілігінің басшысы, ҰҚК төрағасы секілді республикалық деңгейдегі басшылық лауазымдарды атқарған. Ал 2008 жылдан бері сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. Оның экономика ғылымының докторы деген ғылыми атағы, Төтенше және өкілетті елші деген дипломатиялық дәрежесі де бар.

Отырыста сенаторлар Н.Әбіқаевты ҰҚК төрағалығы қызметіне тағайындауға келісім берді. Дауыс беру ашық өтіп, бірауыздан қабылданды.

 

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

2 қыркүйек 2010, 11:50
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

7 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15