Саяси бюро

Танымал тэгтер: , , , , ,

Депутаттардың жұмысқа деген жігері ерекше

   0 416

Cонымен, тарихта «бір партиялы Парламент» атымен қалатын төртінші шақырылымның төртінші сессиясы да өз жұмысына кірісті. Бұған дейінгі сәуегей саясатшылардың «әне тарқайды, міне тарқайды» деген батпандай болжамдары да шаң қапқанға ұқсайды. Есесіне, екі ай бойғы каникулда ауыл аралап қайтқан халық қалаулыларының көңілі де жайдары, жұмысқа жігері де ерекше көрінеді. Сондықтан да «тарқау» туралы әңгімені ары ысырып, депутаттардан алдағы сессия жұмысына қатысты Тұңғыш Президент жүктеген міндеттер жайлы пікір тартқан едік.



Кенжеғали САҒАДИЕВ:

— Алдағы сессияның жоспарын жаңа ғана Мемлекет басшысы құрып берді. Өте ауқымды мәселелер баршылық. Біз соған білек сыбана кіресеміз. Әрине, елге жай барып келген жоқпыз, біршама ой түйіп қайттық. Соны да қосамыз. Мәселен, мал басын бордақылауға, түліктерді асылдандыруға қатысты мемлекеттік қолдау төңірегінде, ондай қолдау тетіктерінің тиімділігіне қатысты біршама шаралар атқарылуы қажет секілді.



Камал БҰРХАНОВ:

— Биылғы жылдың басты жаңалығы – жаһандық маңызы жоғары ЕҚЫҰ саммитінің өткізілуі. Мұны, ең алдымен, Елбасы қайраткерлігінің жемісі деп білемін. Қазақ – қазақ болғалы елордада 56 мемлекет басшыларының басын қосу – болмаған дүние. Бұл бүкіл әлемнің назарын тартады. Еліміз үшін мәртебе, қуаныш пен жетістік. Бұл ретте Президенттің айтулы шараға халық болып, ел болып дайындалу туралы ұсынысын құптаймыз әрі сол бағытта жұмыс істейміз.



Сәт ТОҚПАҚБАЕВ:

— Елбасы заңның гуманизациялануы туралы айтты. Бұл ретте, менің ойымша, ең бірінші қылмыстық заңнаманы осыған бағыттауымыз керек. Кеңестік кездегі секілді «абақты адамды түзейді» деген түсініктен арылған жөн. Керісінше, түрмеде адамшылықтан жұрдай боп шығатындар көбейгенін мойындау керек. Сондықтан да азаматтар түрмеге топырламайтындай амалдар қаралса игі. Бұл да – гуманизацияның белгісі.



Зейнолла АЛШЫМБАЕВ:

— Сессияны ашу барысында Елбасы үлескерлер мәселесіне де тоқталып өтті. Жалпы, бұл тұрғыда алатын болсақ, мемлекет 46 мың адамға баспаналы болу мәселесін шешіп берді. Мұның барлығы билік тарапынан жасалып отырған үлкен көмек екенін халық түсінуі қажет. Дегенмен бұл мәселе төңірегіндегі әлі де шешімін таппай отырған тығырықты мәселелер баршылық, оның бәрі жыл аяғына дейін біржақты болуы тиіс деп ойлаймыз. Президент өз сөзінде Үкіметке қаржыны жымқырған құрылыс салушылар ісіне қатысты тапсырма жүктегенін айтты. Ендеше, дағдарыс тудырған бұл кесел де шешімін табуы керек.



Р.S.

Мұның алдындағы шақырылым өз мерзімін аяқтай алмай тарқаған. Бүгінгі төменгі палатаның партиялық келбетіне қарағандар да соны көп айтушы еді. Алайда алдағы алып жоспарлар, реформалық өзгерістер мен белгіленген маңызды шараларды ескерсек, депутаттарды таратып, жаңа сайлау өткізудің оңай болмасы анық. Әйтсе де «2012 жылы екі үлкен сайлауды қатар өткізу қалай болады екен?» деушілер де табылады. Дегенмен бәрін уақыт көрсетеді. Әзірше жаңа басталған саясат көрігін қыздырам деушілерге «іске сәт» тілейміз.


Автор: Қанат Қазы

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

2 қыркүйек 2010, 11:47
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

7 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15