Саяси бюро

Танымал тэгтер: , , , , ,

Айбарлы армиямыз – жауға алдырмайтын қамалымыз

   0 649
Мансұр ХАМИТ (фото)

Мансұр ХАМИТ (фото)

30 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына 15 жыл толуына орай Астанадағы «Қазақ елі» монументінің алдындағы бас алаңда Мемлекет басшысы, ҚР Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен әскери шеру болып өтті.



Қатарынан екінші жыл өтіп жатқан әскери шеруге 2,2 мыңнан астам жауынгер мен 150 бірлік әскери және 66 авиациялық техника, сондай-ақ әуе қорғанысының жаңа техникалары, зениттік зымыран кешендері – С-125, С-200, С-300 қатысты. Былтырғыдан өзгешелеу ұйымдастырылған салтанатты шерудің тағы бір ерекшелігі оған нәзік жанды әскерилердің де сап түзеуі болып отыр. Жаяу әскерилер маршынан кейін ауыр техникалар жүріп өтсе, оның соңын ала әуе шеруіне Ми-17, Ми-24, Ми-26 тікұшақтары мен Су-27 жойғыштардың жетегіндегі Ту-154 жолаушылар таситын ұшақ, әскери жүк тасымалдағыш Ил-76 ұшағы, оқу-жаттығу Л-39 ұшағы, Су-25, Миг-29, Миг-27 ұшақтары, жаңа буын жойғышы Су-31, сондай-ақ төртінші буын жойғыш ұшақтары Су-27 араласты. Қазақстандықтар үшін телеарналарда шерудің тікелей көрсетілімдері ұйымдастырылып, Алматыдағы «Астана» алаңында арнайы экран орнатылды. Сондай-ақ шерудің алдында ҚР Президенті, ҚР Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқын мерейлі мерекелерімен құттықтап, Конституция күнін ерекше жағдайда атап өту жарасымды жалғасын тауып, игі дәстүрге айналғанын айтты. «Келелі Конституциямыз – дауға қалдырмайтын амалымыз, айбарлы армиямыз – жауға алдырмайтын қамалымыз», – деді өз сөзінде Н.Назарбаев.





Біле жүріңіз

Қазақстанның әскери бюджеті қандай?


Ресми мәліметтерге қарағанда, ТМД елдері арасында әскери шығындары бойынша бірінші орында Грузия (ЖІӨ-нің 4,56 пайызы) тұрса, одан кейінгі орындарды Армения (4,07 пайыз), Әзірбайжан (3,95 пайыз), Өзбекстан мен Украина (3,5 пайыз) иеленіп отыр екен. Ал Қазақстанның әскери доктринасына сәйкес, қорғаныс саласының шығыстары ЖІӨ-нің 1 пайызынан кем болмауы тиіс. «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес, Қорғаныс министрлігіне 2011 жылы ЖІӨ-нің 0,87 пайызы жұмсалмақ және Қарулы Күштерді дамыту үлесі Қорғаныс министрлігі бюджетінің 4 пайызын құрайды.




Автор: Қанат Қазы

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

1 қыркүйек 2010, 11:59
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

7 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15