
Айдос Сарым, саясаттанушы:
– Мәдениет министрлігі әзірлеген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы көңіліңізден шықты ма?
– Бұндай масштабтағы құжаттың қоғамдағы барлық азаматтың көңілінен шығуы мүмкін емес. Қазақтар бұл бағдарламаның әлі де күшейгенін, нақты іс-әрекеттер арқылы орындалғанын қаласа, өзге тілде сөйлейтін ұлт өкілдері өздеріне жұмсақ болуын тілейді. Мен аталған бағдарламамен толық танысып шықтым. Меніңше, осы құжаттағы мәселелердің барлығы орындалып жатса, тілдік проблемамыз біршама шешіліп қалатын сияқты. Өкінішке қарай, бізде бастаған істі соңына дейін аяқтау деген атымен жоқ. Бұрнағы жылдары қабылданып, жүзеге асты деген бағдарламалар бойынша халыққа кім есеп берді? Қандай нәтиже шықты? Бұл туралы ешкім білмейді. Білсем деп талпынатындар да жоқ. Сондықтан қоғам осы бағдарламаның қабылдануын, жүзеге асуын қалт жібермей қадағалап, талап қойып отырса, біраз мәселені реттеп алуға болады деп ойлаймын.
– Бірақ бұл – әлі бағдарламаның жобасы ғана. Осы бағдарламаға қандай ұсыныстарыңыз бар?
– Алдағы қазан айында бұл бағдарлама Үкіметке енгізілмек. Бұған дейін біраз басқосулар, талқылаулар өткізіліп, ұсыныстар мен тілектер көптеп ортаға салынды. Менің ойымша, бұл үкіметтік құжат болғаннан кейін белгілі бір деңгейде міндеттемелер жүктейтін қауқары болса деймін. Міндеттемелер қойылғанда ғана қажеттіліктер мен ниет, пейілдер пайда болады. Ал міндеттемелердің барлығы заңның шеңберінде ғана болады. Сол үшін мемлекеттік тіл туралы заңның жаңа жобасын тездетіп әзірлеу керек. Екіншіден, біз «қазақ тілі – өте бай тіл» дегенді жиі айтамыз. Ал интернеттен өзге тілдегі ақпараттарды қазақша аударайын десеңіз, кейде қазақша балама сөз таппай дал боласыз. Сондықтан тілді үйренуді, меңгеруді жеңілдету үшін терминологиялық төңкеріс жасауымыз керек. Сонда ғана тіл бір ізге түседі деп ойлаймын.
– Қай елдің тілді дамыту тәжірибесін бізге үлгі етіп айта аласыз?
– Израиль мен Чехия елдерінің тамаша тәжірибесін ұсынар едім. Аталған мемлекеттерде балабақша, метеп деңгейінде қай ұлттың өкілі болсаңыз да, сол елдің мемлекеттік тілін меңгеруіңізді міндеттейді. Бұл үрдіс университеттерде жалғасып, гуманитарлық ғылымдар иврит, чех тілдерінде оқытылады да, нақты ғылымның салаларына ағылшын тілі араласады. Қазақ тілін қанша құдіретті дегенімізбен, бүгінгі нарықтың, экономиканың, технологиялардың тілі ағылшын тілі екенін мойындап, Чехия мен Израильдің тәжірибелерін үлгі етіп алсақ, артық етпес еді. Біздің елде де барлық балабақша мен мектеп мемлекеттің меншігінде. Неге мемлекеттің иелігіндегі мекемелерде мемлекеттің тілі өз дәрежесінде оқытылмай келеді? Себебі бізде әлі де болса немқұрайдылық бар. Орыс тіліндегі балабақшалар мен мектептерде қазақ тілі амалдың жоқтығынан оқытылып жатқанға ұқсайды.
Блиц-сұрақтар:
– Енді 20 жылдан кейін қазақстандықтардың 95 пайызы қазақша сайрап кете ала ма?
– Әрине, бәрі де мүмкін. Ең бастысы, қоғам ояу болуы шарт. Қоғамның талап-тілегін орындамай кеткен мемлекеттік билік болған емес.
– Қазақ тілі үйренуге қиын дегенге келісесіз бе?
– Жоқ, бұл көзқараспен мүлде келіспеймін.
– Оңай болса, оны қалай дәлелдейсіз?
– Себебі қазағы жоқ ортадан, яғни Еуропадан, Америкадан келіп, өте қысқа мерзімнің ішінде қазақ тілін меңгеріп кеткен шетелдіктер аз емес. Тіпті қайбір жылдары АҚШ азаматының қазақ тілінде кандидаттық диссертация қорғағанын ұмытпаған шығарсыздар.
– Тіл үйретудің ең оңай рецептін ұсынып көрсеңіз...
– Өзімнің тәжірибемнен мысал келтірейін. Мен осыдан екі-үш жыл бұрын ағылшын тілін үйренуді жөн көрдім. Сол кезде «ең бірінші ережелерін, сосын грамматикасын үйреніп алуым керек, содан кейін ғана сөйлесуді қолға аламын» деп түйдім. Бірақ бұл ойым қате болып шықты. Адам ең алдымен үйренетін тілінде сөздік қорын қалыптастырып алуы керек екен. Сондықтан қазақ тілінде 1000-2000 сөз жаттап алған адамға қазақ тілін үйрену қиынға соқпайды деп ойлаймын.
Автор: Жарқын Түсіпбекұлы
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: