Негізгі

Танымал тэгтер: , , , , , Астана

Елбасы Тарбағатай жұртымен жүздесті

   4 481
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ (фото)

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ (фото)

Аймақаралық форум 6-7 қыркүйекке белгіленгенімен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының орталығына 5 қыркүйек күні табан тіреді.



Президент ұшақтан түсе салысымен, әуежайдың жоғарғы лауазымды қонақтарды қарсы алуға қаншалықты дайын екендігіне көз жеткізді. Әріптесі Дмитрий Медведевпен қол алысып кездесетін жерінен бастап, әуежай алаңын түгел аралап шықты. Ұшақ алаңы биыл сәйкесінше жөндеуден өтіп, жаңаландырылған еді. Сонымен қатар әуежайдың ішінде ірі мейрамхана, және қонақтарға арналған залдар іске қосылған. Сонымен қатар әуежайдан шыға берісте Астана-Москва деп гүлмен көмкерілген жазу да алыстан менмұндалап тұр. Сондықтан бұл сыннан жергілікті басшылар сүрінбей өткен сыңайлы.

Бұл күні шығысқазақстандық жол сақшыларының да жолы болды. Өйткені 70 жол сақшысына Нұрсұлтан Назарбаев Өскеменде шығарылған қызмет көлігінің кілтін өз қолымен табыстады. Жол сақшыларынан кейін мемлекет басшысы бір топ бүлдіршіннің ортасына барып, үш тілдік тәрбие беретін «Балапан» балабақшасын ашты. 280 орындық бұл тәрбие орны енді Өскемендегі балабақша кезегінде тұрғандар санын бірталай азайтпақ. Осыдан соң Елбасы оң жағалаудағы теннис ойынына арналған кешеннің ашылу салтанатына қатысты. Төрт ойын алаңынан тұратын зал Елбасының көңілінен шықты. Ол бұл жердің енді ойыншылардан, спортшылардан босамау керектігін айтып, онда тенниспен айналысып жүрген балаларға денсаулық тіледі.



Төрт айдан кейінгі Тарбағатай

Облысқа сапарлап келген Елбасы кеше қаладағы ірі зауыттардың бірі «Титан-магний» комбинатында және «Қазмырыш» кәсіпорнында жаңадан іске қосылғалы тұрған шағын зауыттардың құрылыс барысымен танысып, Тарбағатай ауданына аттанды. Бұның себебі де белгілі. Қыста қатты аяздан, көктемде су тасқынынан қатты зардап шеккен ауданның қазіргі хал-ахуалы көпшіліктің назарында. Елдің жағдайын өз көзімен көру үшін Көкжыраға барған Нұрсұлтан Әбішұлын орнымен опырылған үйлермен, ашынған тұрғындар емес, жаңа баспанаға кіріп, естерін жиған, қуаныштары жүздерінен байқалған халық қарсы алды. Елбасы қарапайым жұртпен бейресми тілдесіп, сұхбаттасты. Қалдарын сұрады. Көкжырада 200-ден астам үй жаңадан салынып, 60-қа жуығы қайта жөнделді.

Нұрсұлтан Әбішұлы қоныс тойын тойлап отырған көкжыралықтардың бірі, Батыр ана Күлнәз Омарованың отбасында болды. Өз үйіне Елбасы кіреді деп ойламаса керек, Күлназ ана да абдырап қалды. Алайда «осындай баспаналы болам деп ойламаппын» деп мемлекет басшысына жүрекжарды тілегін жеткізіп, алғысын айтты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың «топан су басқан ауылдар қайтадан әдеміленіп салынады, көркейтіледі» деген сөзі жерде қалмапты. Ауылға рең кіріп, әкімшілік нысаны, отбасылық емхана салынып, пошта байланысы жолға қойылыпты. Дәл қазір ауыл ортасында жаңа мектеп құрылысы жанданып жатқан түрі бар. Көшелері жарық, жолдары тақтайдай болған Көкжыраға шын көрік кіріпті. Осының барлығын аралап көрген Елбасы бұл ауданның қашан да мемлекет бақылауында болғандығын ескертті.



Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Сіздер ұмыт қалған жоқсыздар. Мен өзім арнайы тапсырма бердім. Облыс әкімі де осы өңірден шыққан жоқ. Тарбағатайлықтардың түсіне кірмейтін мынадай үйді қайдан көрдіңіздер. Бұл – ел Тәуелсіздігінің арқасы.


Тұрғын үй шаруашылығына арналған ерекше көрме

Елбасы Тарбағатай ауданындағы жағдаймен танысып жүргенде Өскеменде Қазақстанмен Ресейдің беткеұстар кәсіпкерлері бас қосты. Бірінен-бірі асып түскен кәсіпкерлердің бір-біріне айтарлары да, көрсетерлері де көп екен. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті қабырғасында өткен шарада белді кәсіпорын өкілдері өздерінің ең озық, соңғы технологияларын паш етті. Арасында не жоқ дейсіз. Жоғарғы жылуды тарататын пеш, пайдалануға жарамсыз шыныларды өңдеудің жолдары, зауыт-фабрикалардағы жарықты үнемдеуге арналған түрлі құралдар, су-жылу құбырларының шірімеуіне, тозбауына кепілдік беретін жамылғы заттар, жалпы тұрғын үй шаруашылығы саласына қажетті небір жаңа дүниелер.



Мамыр Қаһарманұлы, кәсіпкер:

– Біз келісімге келіп те жатырмыз. Өзіміз ресейліктермен бірге шыны қалдықтарын өңдейтін зауыт салсақ па деген жоспарымыз бар.Олар да кет әрі емес. Зауыт Қазақстандық болса, ондағы жабдықтар Ресейден әкелінеді, сөйтіп шыны қалдықтарын біз қайтадан қатты заттарға айналдыра аламыз.

Жалпы, бұл форумға өскемендіктер көктем шыға дайындалды десе де болады. Жоғарғы деңгейдегі басқосуды өткізуге дайындық қызу жүргізілді. Өскеменді өзге жұрт түгілі, өз тұрғындары танымай қалды.

Басты көшелердегі тұрғын үй балкондары бірыңғай түске сырланып, әрленіп, гүлмен көмкерілді. Қалада 30-дан астам түрлі мүсіндер қойылса,10-ға жуық су бұрқағы іске қосылды. Жолдар тегістеліп, шекаралас елдің ынтымақтастығын паш ететін ұранды сөздер ілінді. Жолдар демекші, сұп-сұр тас жолда қып-қызыл жол бөліктері пайда болды. Бұндай жерлер жолаушыларды апаттан сақтауға көмектеседі, себебі қызылға боялған жерлердің көлік дөңгелектеріне кедергі жасайтын қасиеті бар екен. Сөйтіп, адам танымастай өзгерген облыс орталығы, қазір ән-жыр орталығына да айналып, мерекелік күйге енді.

Автор: Елмейір Ахмед

Мақалаға қатысты пікірлер:

скачать фотошоп русская версия (07.09.2010 18:37)
Данный пост реально помог мне принять очень важное для себя решение. За что автору отдельное спасибо. Жду от Вас новых постов!
DanilVMS (11.09.2010 22:36)
Блог зацепил, скажу честно. Ваши статьи в нём даже, в какой-то мере, повлияли на восприятие мною некоторых вещей. Очень интересно. С приятным ожиданием готовлюсь к прочтению новых поступлений.
Arkasha (23.09.2010 01:04)
Хороший у вас ресурс, а что вы делаете чтобы к вам народ заходил? Я например акции устраиваю с выигрышем 30 000руб.
Ytra (24.09.2010 08:37)
Не все мнения адекватные, я поддержу автора, материал, по истине интересен для более половины общеста.

Пікірдің қосылуы

7 қыркүйек 2010, 13:37
Рейтинг: