
Мансұр ХАМИТ (фото)
Кеше ҚР Парламент Мәжілісінің төртінші сессиядағы алғашқы отырысы болып өтті. Жиынды ашып, сөз сөйлеген Палата төрағасы Орал Мұхамеджанов Елбасы Парламентке жүктеген міндеттер үдесінен туындайтын шараларға кеңінен тоқталды.
Мәжіліс спикерінің айтуынша, Парламенттің төртінші сессиясы еліміздің одан әрі экономикалық дамуында айрықша маңызға ие болып отыр. Оның үстіне Мемлекет басшысы да сессияны ашу барысында бірқатар айрықша маңызды заңнамалық қамту мәселелерін алдыға тартқан болатын. Атап айтсақ, Елбасы 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын құқықтық жағынан қамтуды заң шығарудың басты міндеті ретінде белгіледі. Сондықтан Үкіметтен біршама тың заңнамалық құжаттар күтіледі. «Біз отандық экономиканың инновациялық жолға түсуіне қажетті нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру ісін жалғастыруымыз керек. Осы тұрғыдан алғанда жыл соңына дейін Үкімет Мәжіліске «Индустриялық саясат туралы», «Арнайы экономикалық аймақтар туралы», «Инвестициялар туралы» заң жобаларын ұсынады деп күтіп отырмыз», – деді О.Мұхамеджанов. Бұдан бөлек, Парламент құқық қорғау саласы мен сот жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған ауқымды жұмыстарды атқарады. Бұл ретте заң шығарушы билік мемлекеттің әлеуеттік аппаратын жаңғыртуға, қылмыстық заңнамаларды ырықтандыруға және қылмыстарды қылмыстық сипаттан арылтуға бағытталған заң нормаларын да қабылдайды. Президент кешегі күні жүктеген құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің тиімділігін арттыруға қатысты тапсырмасы да осы шеңберде жүзеге асады. Сонымен қатар әлеуметтік тұрақтылықты нығайту және елдің тұрмыс сапасын арттыру мәселесі де алдағы сессияның күн тәртібіндегі басты міндет болмақ. «Біз бюджет үдерісінде Парламент рөлінің үздіксіз артуына ұмтылуға тиіспіз. Депутаттар бюджет жобасына қойылатын нысаналы нұсқаулар мен талаптарын заң жобасы енгізілгенге дейін айқындап алуы шарт.
Бұл ретте Президенттің мемлекеттік шығыстарды азайту және шұғыл қажеттіліктер үшін қаржы резервтерін қалыптастыру туралы тапсырмасын ескерген ләзім», – деп еске салып өтті Мәжіліс төрағасы. Бұл ретте О.Мұхамеджанов Парламент пен Үкімет арасындағы өзара келісімді жұмыстың оң нәтиже беретінін айтып, сонда ғана реформалар табысты болатынын жеткізді. «Осы тұрғыда айта кететін мәселе, Үкімет Мәжіліске ұсынылатын заң жобаларының сапасына айрықша мән берсе игі. Өкінішке қарай, Мәжілістің қарауына толық жетілмеген, қалай болса солай құра салған жобалардың түсуі жиі орын алып тұрады», – дейді спикер.
Депутаттық сауалға 45 минут кетті
Екі айғы демалыста өңір аралап, сайлаушылармен жүздесіп қайтқан халық қалаулылары депутаттық сауалға да қоржын толтырса керек. 45 минутта бас-аяғы 15 депутат сөз алып, алды бес-бестен, арты қос-қостан сауал жариялады. Негізгі бөлігі атқарушы билікке бағытталған сауалдардың дені өңірлік проблемаларды қамтып, алдағы бюджетте ескерілсе деген өтініштер айтылды.
Депутаттық сауалдар барысында құқықтық реформаға қатысты пікірлер де орын алды. Мәселен, Ирак Елекеев еліміздегі криминогендік ахуалға алаңдаушылық білдіріп отыр. Депутат баспасөз бетіндегі криминалдық ақпараттардан-ақ қатты үрейленетін көрінеді. «Бір аптаның ішінде Алматы қаласында төрт адамды өлтіріп кетті, бір танымал бизнесмен ізім-қайым жоғалды. Ал кісі өлімінің басым бөлігі тапсырыспен атқарылатыны одан сайын үрейді алады. Елбасы Н.Назарбаев та елдегі криминогендік жағдайға бекер алаңдап отырған жоқ. Бір жаздың өзінде күш құрылымдарын реформалауға арналған үш кеңестің өткізілуі — соның айғағы», – деді И.Елекеев. Сонымен бірге депутат қылмыстық саясатты гуманизациялауға қатысты атқарушы биліктен ширақтық танытуды сұрайды. Оның айтуынша, Парламенттің қарауында жатқан Қылмыстық кодекске енгізілетін өзгерістер Н.Назарбаевтың құқықтық саясатты гуманизациялау туралы бастамасына қайшы келеді. Осыған орай И.Елекеев әлгі кодексті Үкіметке қайтару қажеттігін алға тартты.
Нахчыван келісімі мақұлданды
Алғашқы жиында палата депутаттары түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құруды көздейтін Нахчыван келісімін мақұлдады. Жалпылама алып қарайтын болсақ, бүгінде түркі тілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық 1992 жылы құрылған Түркі тілдес мемлекеттердің саммиті аясында жүзеге асып келеді. Түбі бір елдердің ынтымақтасуына бағытталған институттар да құрылған. Алайда мұндай үдеріс мемлекет басшылары деңгейіндегі саяси құрылым құру қажеттігін көрсетіп берді. Осыған орай ҚР Президенті Н.Назарбаев Нахчыванда өткен саммитте Түркі кеңесін құру туралы бастама көтерген болатын.
Тоқтала кететін жайт, Елбасы ұсынған осы келісімді Әзірбайжан мен Түркия мемлекеттері қабылдап тастаған екен. Енді үшінші мемлекет те мұны қабылдаса, келісім бірден күшіне ене береді. Қазір Түркия тарапы осынау Назарбаев ұсынған кеңес құруды тездетуге аса ниетті екенін танытып отыр. Анадолылық бауырластардың ұйым қызметін қаржыландыруға әзірлігі соның айғағы болса керек.
Автор: Қанат Қазы
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: