
Абай Омаров (коллаж)
Отандық ауыл шаруашылығы саласының 20 пайызы банкроттық алдында тұр. Бұл – 207 мың шаруа деген сөз. Бұған басты себеп – биылғы ауа райының қолайсыздығы. Сол себепті ақшаға қол жеткізе алмай отырған шаруалар несиесін уақытында төлей алмай жатыр. Ал банк «олардың жылжитын және жылжымайтын барлық мүлкін тәркілейміз» деп мәлімдеуде. Осындай шарасыз күйге түскен шаруалар бүгіндері кімнен көмек сұрарын білмей дал.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан құрғақшылық зардабын анықтау үшін құрылған жұмысшы топтың бас қосуында осы кеңеске мүше «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әуезхан Даринов айтты. Алайда салалық ведомство бұл мәселеге қатысты әлі бір шешім қабылдамапты.
Әуесхан Даринов, «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
– Бір ай бұрын аптап ыстықтан бидайлы алқабы күйіп кеткен Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай облыстарына өтелуі тиіс 50 пайыздық сақтандыруды 100 пайыз қылу туралы ауылшаруашылығы министрлігіне ұсыныс жасаған болатынбыз. Бұлай етпесе, егіншілікпен айналысатын компаниялар банкрот болып, келесі жылы бұл істі қолға ала алмайды. Сондықтан оларды құрдымға жібермес үшін құзырлы мекемелер тарапынан жағдай жасалуын сұрағанбыз. Бірақ бұл ретте ешқандай шешім қабылданбады. Оны министрлік арнайы жұмысшы топ кеңесі басшылығының ауысып жатқандығымен түсіндірді. Негізі, төтенше жағдайларда мұндай сылтау айту ақылға сыйымсыз. 200 мыңнан астам шаруа осы мәселенің шешімін күтіп, қарап отыр ғой. Біз аталған мәселеге қатысты тағы бірнеше ұсынысымызды қосып, енді Үкіметке тікелей шығуды жөн көріп отырмыз. Несиеге мемлекет тарапынан пролонгация жасау және тағысын тағы деген болмас.
Әрине, бұл жерде банктерге кінә тағуға тағы болмас. Олардың бүгіндері қайтарылмай жатқан несиесінен бастап басқа мәселесі де бір басына жетерлік. Биыл құрғақшылықтан қатты зардап шеккен Ресейдің 16 өңірінде бұл мәселелер дереу арада шешілген. Әрі қуаңшылық орын алған аймақтар төтенше жағдай зоналарына жатқызылған. Онда мемлекеттік деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін шешуде кешенді шаралар қолданылды, әлі де қолданылып жатыр.

Оның ішінде бізге қазіргі керегі – шаруалардың несиесін төрт-бес жыл мерзімге төмен пайызбен мемлекет есебінен шегерім жасауы. Бізде де қазір қиын-қыстау кезеңді бастан кешіріп отырған шаруаларға осындай несие жағынан мемлекеттік пролонгация жасалса, игі болар еді.
Премьер-министр К.Мәсімовтің өзі шілде айының ортасында қуаңшылықтан қатты зардап шеккен Батыс Қазақстан облысында болып, құзырлы мекемелерге тапсырма берген болатын. Сол кездегі сөзінде Үкімет басшысы: «Тек Батыс Қазақстан емес, өзге де облыстар бойынша қуаңшылық зардабын анықтау үшін жұмысшы тобын құрамыз. Тез арада ағымдағы барлық мәселелерді шешетін боламыз. Ал болашақта министрлік пен әкімдік бірлесе отырып, облыстың ұзақ мерзімдік ауылшаруашылық бағдарламасын әзірлеуі қажет. Облыста қандай дақылдар егу керек, егіннен гөрі мал шаруашылығын дамытуға мән берген дұрыс па, соны зерттеуі тиіс», – деген еді. Соған қарағанда бұл арадағы мәселе тапсырма алған құзырлы мекемелердің баяу қимылдауында секілді. Министрлік жанынан қуаңшылық зардаптарын анықтау үшін арнайы жұмысшы тобы құрылады деген кезде-ақ салалық ведомство басшысы Ақылбек Күрішбаев бұл мәселе шешіміне қатысты өз ойын былайша жайып салған еді:
– Ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің 1,9 млрд теңге қарызы бар, соны үш жылға созу қажет. Бұл мәселені «Қазагро» АҚ қарайтын болады. Оған қатысты Үкімет басшысы бізге тапсырма беріп те қойды. Екінші мәселе – қуаңшылықтан зардап шеккен аймақтарды астықпен қамту. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 146 мың тонна азық-түлік корпорациясының астығы бар. Сол астықтың бәрін осы облысқа қалдыратын боламыз. Екіншіден, солтүстік облыстардан да астық тасымалдаймыз. Бұл мақсатқа 180 мың тонна болжанып отыр.
Бұл сөздің айтылғанына да бір айдың жүзі болыпты. Бірақ қуаңшылықтан зардап шеккен аймақтың шаруалары әлі қандай да бір көмек немесе жеңілдікті байқап та, көріп те отырған жоқ.
Экономика ғылымының докторы, профессор Бейсенбек Зиябековтің айтуынша, ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен шаруаларға міндетті түрде мемлекет тарапынан көмек көрсетілуі керек.
– Әлемдік тәжірибеде мұны форс-мажор жағдай деп атайды. Әрі барлық мемлекетте ауа райының қолайсыз болған жағдайын ескеріп, ауыл шаруашылығын қолдау шараларының кешенді жүйесі мен арнайы есебі алдын ала жасалып қойылады. Міне, осы нәрсе бізде дұрыс жолға қойылмаған. Соның салдарынан жылда шаруалар өздеріне жасалуы тиіс жағдайға қол жеткізе алмайды. Бір тараптардан « нарықтық экономикада ауыл шаруашылығы басқа салалар секілді өз күнін өзі көруі керек» деген пікір айтылуы мүмкін. Алайда бұл біздің жағдайымызда мүмкін емес. Яғни басқа дамыған мемлекеттерде ауыл шаруашылығының жағдайы тұрақты, онда алынған өнімнен шаруалар пайда тауып отырады. Ал бізде егін бітік шығып, бидайды көлемді орып алдық дегеннің өзінде, ол рентабельділік таныта бермейді. Ал кез келген мемлекет бастапқыда ауыл шаруашылығына 100 пайыз жеңілдік жасап, көмек көрсетіп отырады. Жағдайын түзеп, жүйесі жақсарғанда, өз бетімен табыс табуына мүмкіндік береді. Демек, ауылшаруашылығының табысы басқа салалардан кем болмайтын жағдайды жасап, түрлі шараларды қабылдауда бұл сектордың тұрақты дамуына қол жеткізгеннен соң, мемлекет олардың отауын өзінен бөлек тігуі тиіс.
Қазір шаруалардың қиын-қыстау жағдайы ауыл шаруашылығы саласындағы сақтандыруды дамыту қажеттігін нақты байқатып отыр. Әрине, әлемдік тәжірибедегідей, шаруалардың несиесіне ұзақ мерзімге төмен пайызбен мемлекет есебінен шегерім жасау керек, – дейді ауыл шаруашылығының қаржы саласында көп жылдар еңбек еткен қаржыгер Бейсенбек Зиябеков.
Ал экономика ғылымының докторы, профессор Тоқтар Есіркепов бұл жағдайдың нарыққа көшкен кезде көп қатпарлы экономикадағы барлық нысанға бірдей жағдай жасаймыз деп заңмен белгілеп көрсеткен талапты орындамай жатқандығынан туындап отырғанын айтады.
– Көп қатпарлы экономикада кәсіпкерліктің, шаруашылықтың шағын, орта және ірілері болады делінді. Әрі оның бәріне бірдей жағдай жасауды заңмен көрсетіп белгіледік. Алайда жекешелендіру аяқталып, 1998 жылы ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясы қабылданғаннан бері мұның ішінде тек ірілеріне жағдай жасалып келеді. Соның салдарынан шағын және орта шаруа қожалықтардың функциясын тиімді пайдалана алмай жатқан жайымыз бар. Әйтпесе олардың тауар өндірумен қатар, алыс аймақтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтып, пайдаланылмай босқа жатқан жерлерді игеруде атқарып отырған әлеуметтік қызметі зор. Мысалы, Еуропаның бірқатар мемлекеті түз даланы тек көгалдандырғандарға бюджеттен көлемді жеңілдікпен қаржы бөлуге дайын. Кешенді түрде жұмыс жасалса, бұл сала да өзінің табысты екенін танытар еді, – дейді маман.
Автор: Кәмшат Сатиева
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: