Негізгі

Танымал тэгтер: , , , , , Астана

Қазақтың рухын қалай оятамыз?

   9 3283
Абай Омаров (коллаж)

Абай Омаров (коллаж)

Қазақтың ұйықтап жатқан рухы қайтсе оянады? Әлбетте, қазақтың елі мен жері үшін жан алып, жан беріскен, өмірін қазақтың жолына арнаған ұлық бабаларымыздың ұлағатты істерін, батырларымыздың ерлігін, хандарымыздың қасиетін дәріптеу, талмай насихаттау арқылы ғана. Алайда табиғатынан бұйығы, қой мінезді, көнбіс, алқымына пышақ тақалмайынша, тұяқ серіппейтін біздің қоғамда Абай селт еткізе алмаған, Ахаңдар оята алмаған рухты батырларымыз бен хандарымыздың, кешегі Алаш арыстарының ұлт азаттығы үшін күресін баспасөзде жазу арқылы ғана насихаттау жеткіліксіз.



Бұл істің жүйелі сипат алуына биліктің өзі үнемі мұрындық бола жүріп, азаматтық қоғамның ұлттық сананы жаңғыртатын, ұйқыдағы рухты шағып оятатын кейбір бастамаларына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсеткені, маңыз бергені абзал. Сонда ғана толқыннан толқын туып, сана сілкінеді, ұйыққа тартқан ұйқы ашылады. Ал сананы сілкінтіп, ұйқыны ашатын шараның бірі қазақтың Тәуелсіздігі үшін күрескен соңғы ханы Кенесарының рухын елге қайтару болмақ.

Құдайға шүкір, хан Кененің рухын елге қайтару үшін әзиз басын табуға әрекеттенушілер, қал-қадерінше іздестіру шараларын жасап, қайрат қылушы азаматтар баршылық. Бірақ әзірге нәтижесіз аяқталып жатқан осы бастамалар да бұл іске мемлекеттік деңгейде маңыз берілуі тиістігін алға тартып отырғандай. Осы тұста сондай-ақ қазақтың рухы ұйқыдан ояна алмай, есінеп жатқанының айғағы ретінде бір мысал келтірсек те болатын сияқты.

Кенесары ханның басын іздеп жүрген азаматтардың бірі Уәлихан Қайсаров газетіміздің «Дат!» айдарында берген сұхбатында («Алаш айнасы», 28.07.2010 №125) Кенесары қорын құрғанын, бірақ оған осы күнге дейін небәрі 2 мың теңге ғана түскенін қынжыла айтқан еді. Бұл да болса, біздің жұрттың өз рухын іздеуге келгенде жанып түспейтінін, әлі де бейуаз ұйқыдан арылмағанын байқатса керек.

Әрине, Кенесары рухын іздеу мәселесінде саяси астар іздеп, көлеңкесінен күдіктенетіндер түрлі уәж айтуы мүмкін.Алайда ол заман келмеске кеткелі қашан? Ресейдің өзі бүгінде ұлттық рухын өлтіріп алмас үшін патшалық дәуірдегі ұлықтарын дәріптеп жатқанда, біздің бұғып, жалтақтауымызға не жорық дейміз еріксіз. Өз заманында ұлтқа қалқан болған азаматтарын ұлықтауға мысал іздесек, туысқан Түркиядан да табылады. Орталық Азияда қалған Әнуар пашаның сүйегін елге әкелу шарасына Түркияның аса зор мемлекеттік маңыз бергені мәлім. Ендеше, Кенесары ханның басын іздеу де жекелеген азаматтардың ғана емес, мемлекеттің де діттеген мақсаты болуы тиіс.

Осы орайда біз сәл алға озып, «Кенесары ханның басы табыла қалған (ал оның табылатынына іздеушілердің еш күмәні жоқ) жағдайда, оны елге әкелу мәселесі қалай жүзеге асуы тиіс» деген сауалға жауап іздеген едік. Есімдері елге белгілі, сөзі саралы сол азаматтарымыздың пікірлері төмендегідей болып шықты.



Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, профессор:

– Кенесары – мемлекеттің Тәуелсіздік рәмізі. Ол – қазақ хандарының үлгісі, хандық биліктің эталоны. Сондықтан оның бас сүйегін тауып, қайта жерлеу мемлекетшіл-елдік дәрежеде ұйымдастырылуы тиіс. Мысалы, Орталық Азияда сүйегі қалған түрік Әнуар пашаны 90-жылдары Түркияға қайта жерлегенде оның үстіне мемлекеттік туын жауып, Ыстамбұл көшелерімен алып өткен. «Біздің шаһит» деп, осы оқиғаға республикалық деңгейде маңыз берген болатын.

Ал мұсылмандарда түрлі жағдайда қалған саусаққа дейін жерленеді. Біз де Кенесары ханның әзиз басын тауып, елге әкелсек, оны бар жөн-жоралғысымен жерлеуге тиіспіз. Бұл оқиғадан бүгінгі жастарға сабақ, ұрпаққа ғибрат болуы үшін оған мемлекеттік деңгейде мән-мағына, маңыз берілуі қажет.

Жалпы, «топырақ бұйыру» деген бар. Кезінде Әлихан Бөкейхан бауырлары Алаш көсеміне дұға бағыштайтын бір зиярат орны болсын, қазақ ұмытқан даңқты қайраткерге әлемде бір белгі қалсын деп, Талдыбейітке Әлекеңнің тер сіңген кепкесін жерлеген. Қазір біз үшін сүйек жинау міндет емес, тарихи әділеттілікті қалпына келтіру – міндет. Хан Кене сүйегі – сондай шара.

Ал «қай жерге жерлейміз» дегенде, қасиетті Түркістан мен бүгінгі Астананың қай-қайсысын да таңдауға болады деп ойлаймын.


Думан РАМАЗАН, жазушы:

– Кенесары ханның бас сүйегін әкелу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Түспейді де. Бұл – қазіргі ең өзекті мәселелердің бірі. Азаттық үшін отаршылдармен арыстандай алысып өткен ханның бас сүйегін алып келіп, туған жердің қойнына тапсырмай, Тәуелсіздігіміздің саяси ұпайы түгенделмейді. Жапондар соғыс кездерінде жат жерлерде шейіт болған қарапайым жауынгерлерінің сүйектерін іздеп тауып, елдеріне апарып, арулап жерлеп жатыр. Бұған мемлекеттік тұрғыда ерекше мән беріледі, маңыз артылады. Жапонияда бұл – мемлекттік саясат. Орыстардың өзі төңкерісшілер бала-шағасымен атып тастаған ІІ Николайдың сүйегін тауып, оны шетелдерде экспертизадан  өткізіп, бақайшағына дейін зерттеп-зерделеп, оған мемлекеттік деңгейде маңыз беріліп, арулап жерледі емес пе?! Сонысымен-ақ орыстардың ұйықтап жатқан рухын оятып кеткен жоқ па?! Қазір орыстардың ұлттық рухы күшейіп келеді. Олар байқап отырсаңыз, сол баяғы ықпалын жүргізу үшін жанталасып, сол бағытта кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр.


Бұл – осындай ұлттың рухын оятар игі істердің нәтижесі. Бізге де дәл солай істеу керек. Кенесары ханның сүйегін іздеп-тауып, оны туған жерге әкеліп, арулап қою керек. Осыдан кейін оны тағзым етіп, рух шақырар қасиетті орынға айналдыру қажет. Бұлар жас ұрпақтың рухын оятады. Ханның ұлттық, елдік идеяларын кеңінен насихаттап, оны жүзеге асырудың жолдарын қарастыру керек. Кенесары туралы кинофильмдер түсірілу керек! Біз толық тәуелсіз болғымыз келсе, осындай шараларға мемлекеттік мән артуға тиіспіз! Біз ұлттық мемлекет болғандықтан, мұны мемлекеттік саясатқа айналдыра білуіміз қажет! Сонда ғана қазақтың ұлттық рухы оянып, ешқандай жау ала алмайды. Имендіре, иліктіре алмайды! Бұл біздің аңсап жеткен Тәуелсіздігімізді қорғап қалуымыз үшін қажет!

Автор: Айбын БАҚЫТҰЛЫ Астана

Мақалаға қатысты пікірлер:

DAT (21.08.2010 20:44)
Маңғыстау облысының әкiмi Қ.Көшербаев мырзаға АШЫҚ ХАТ Қадiрлi жаңаөзендiк мұнайшылар! Құрметтi Қырымбек Елеуұлы! ЖАКТЫҢ ЖОСПАРЫНЫҢ ЖҰТАУЫ немесе ЖАКҚА ЖАҚПАЙТЫН АҚИҚАТ! Еліміздің тәуелсіз «Жас Алаш» газетінің 12 тамыздағы, бейсенбі 2010 жылы шыққан №64 (15522) номерінде «Тапаншадан оқ атты. Iрiткi салу, арандату тоқтар емес» деген тақырыппен «Азат» ЖСДП Жаңаөзен қалалық ұйымының төрағасы Жак Аминовтың мұнайшыларға және де өзіңізге арналған АШЫҚ ХАТЫ шықты.. Жак Аминов ашық хатын төмендегі сөздермен бастапты: «Жаңаөзен қаласындағы соңғы кездерi қалыптасқан жағдайға байланысты алаңдаушылығымды бiлдiрiп, сiздерге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ашық хат жазғанды жөн көрiп отырмын. Бiздер, бiрнеше мыңдаған қарапайым мұнайшылар күнi кешеге дейiн өз құқымыз бен болашағымыз үшiн күрестiк. Алдымен жергiлiктi мемлекеттiк құзырлы органдар мен мұнай мекемелерiнiң басшыларына жай ғана ауызша айту, жазбаша хат жазудан бастап, Астанадағы жоғарғы билiктiк органдарға дейiн мұң-мұқтажымыз бен проблемаларымызды бiрнеше мәрте айтып, жаздық. Ақырында естiр құлақ, ұғатын бас болмағандықтан аштық жариялап, ереуiлдеу шараларына дейiн барғанымызға – бүкiл Қазақстан куә. 2008 жылдан бастап 2010 жылдың басына дейiнгi дүркiн-дүркiн қайталанған наразылық акцияларынан кейiн жоғарғы билiк аздап болса да, қарапайым халықтың мұң-мұқтажына назар аударып, жағдай жасай бастады.» 1-шындық Жауап ретінде айтылған сөздерге тоқталып өтер болсақ, Құрметтен жұрдай Жак мырза сізге де дауа жоқ екен! Шындығын айтар болсақ, 2008 жылдан осы ереуілдердің арқасында сен «КӨСЕМГЕ» айналдың, сен егер шын мәнінде халықшыл болсаң жүргізушіден әлеуметтік бөлімінің бастығына баруға келіспеуің керек еді. Бірақ сен мансапқор екеніңді көрсеткенің аздай, бүкіл айналаңды тумалас пен таныстарыңды жұмысқа кіргіздің! Ол аздай «Керуен» кафесі сарайында керіліп отырып, 05.06.2009 жылы сол кездегі «Өзенмұнайгаз» ӨФ директоры Абылханов Довулбайдың дайындаған бешбармағын, қара қойдың басын ұстап отырып Довулбайды мәз етіп, ӨЗЕНМҰНАЙГАЗДА МӘҢГІ ОТЫРАТЫНЫНА СӨЗ БЕРДІҢ! Артынан сөзіңе тұрмай,аларыңды алып, қалтаңа салып Ақтаудан қайта-қайта аурып жатырған ініңе дәрігер алдырып, 15-16.11.2009 жылы ереуілдетіп, ұнамағасын «көзінің еті өсті» деп, Довулбайды қаңғытып жібердің. Одан кейінгі директор Б.Бисенкеннің кезінде бәсеңсіп, оның әр сөзін мысықша аңдып, 01.02.2010 жылы хаттама толтырып, біз болдық деп қол қойып, келісіп алып , 01-19.03.2010 жыл аралығында тағы да жұмысты тоқтатып 18-күн ереуілдетіп УОС-5 мекемесінде моторист болып еңбек еткен 59 жасар Бұршақ Есетов пен «Өзенмұнайэнерго» мекемесінің электригі Өтеміс Омаровтың обалына қалып, өліміне де сен кінәлісің! Ал сенің «сұр орынбасарың» Естай Қарашаев 19.03.2010 жылы «Азаттық» радиосының журналисі Сәния ТОЙКЕНГЕ: – Келеді деген делегацияны күте-күте тағаттары таусылған жұмысшылардың жүйкелері де жұқара бастаған еді. Бір кезде сағат 16.00 шамасында ортамызда тұрған «Өзенмұнайэнерго» кәсіпорынның электригі Өтеміс Омаров деген жігіт кенеттен құлап түсті. Өтеміс есінен танған күйі, жедел жәрдем келгенше жарты сағаттай көмексіз жатып қалды, – деп артынан жуып-шайып, – Егер біз, «жігіттер, кісі өліп қалды» десек, онсыз да қажып, әрең тұрған жұмысшылар «сонда кісі өліміне дейін жеткізгендері ме» деп, іс насырға шапқан болар еді, – деп болған оқиғаны Естай Қарашаев өзімізді халық төпелер деп, адам өлтіргенін жасырғысы келгенін артынан білдік.Сол кезде сен неге жүгіріп көмек бермедің? Достарың Сақтағанов Талғат, Қарашаев Естай ,Төкенов Совет, Жайладов Алтынбек, Байбосынова Зауре, Ажигалиева Наталья , Абдыев Сатыпалды, , Уақбаев Бекқали, Шеденов Нұрғали,Қаражанов Жанарбек, Нуртаев Санжар, Өмір Қосшыбек, Өмір Қошкелді, Мұқтасынов Мұратбек, Жантілеуов Моғзам, Ы.Шаңгереев бастап Халықтан жиналған ақшаларды жалмаңдап санап өз шаруаларыңызға пайдаланып, телефондарыңызға бірлік салдырып, Астанаға ұшып қаңғып қымбат мейрамханадан тамақтанып, ті шұқып ләззәт алғанша неге сол екі жігітке жиналған 8 000 000 (сегіз миллион) теңгені екі отбасыға тең бөліп бермедің? Тоңып тұрған әр мұнайшыдан «садақа» жасаймыз деп 1000-2000теңгеден жинап алғаның «Кенқұрлыссервис», «Кендірлі құрылыс», «Құлагер», «Бұрғылау» ЖШС жұмысшылары әкелген көмек ақшаны да жиынтығы 1 000 000 теңгені қайда, неге, кімге жұмсадың? Ол аздай кісімсініп «Дүркiн-дүркiн қайталанған наразылық акцияларынан кейiн жоғарғы билiк аздап болса да, қарапайым халықтың мұң-мұқтажына назар аударып, жағдай жасай бастады» деп көсіле сөйлейсің. Билік халыққа аздап емес дұрыс, толық жағдай жасауды бастап кетті. Бұршаққа 3000000 (үш миллион) берсе, Өтемістің отбасына 2000000 (екі миллион) теңге беріп барлық садағасына көмектесіп, моласына дейін салып берді. Ал сен болсаң жиналған ақшаны достарыңмен тауыса алмай Ақтауға дүркін-дүркін шауып , облыс әкімі орынбасары А.Айтқұловқа қатынап , Амангелдіден пана сұрап, өзің айтқан дақпырт өсектермен улап , өзіңді «қала әкімі» ретінде сезініп «дүкен аралап, қыдырудан» қолың тимей жүрді. Сасқан үйрек артымен жүзгендей, қәзіргі жағдайың аянышты екен. Жак мырзаны әрі қарай тыңдайықшы: «Ендi осы ашық хатта айтқым келiп отырған мәселеге тiкелей көшсем: Бiрiншiден, осыдан бiр жыл бұрын тапа-тал түсте қаладағы кәсiподақ жетекшiлерiнiң бiрi Ы.Шәңгереевтiң арқасына тапаншадан оқ атылып, қастандық жасалды. Кiнәлiлер табылмастан кеттi. Екiншiден, маған және менiң отбасыма осыдан бiрнеше ай бұрын тiкелей және телефон арқылы бiрнеше мәрте қорқытулар мен қоқан-лоққылар жасалды. Мен бұл жағдай туралы уақытында тиiстi құзырлы органдарға хабарладым. Үшiншiден, соңғы бiр айда Жаңаөзен қаласында белгiсiз бiр адамдардың «Жаңа бағыт» атты белгiсiз бiр ұйымның атынан бiрнеше мыңдаған таралыммен үнпарақтар (листовка) таратуы кең етек алды. Сауатсыздау және әпербақан адамның қолтаңбасымен жазылған бұл үнпарақта менi және менiң қасымдағы серiктерiмдi жөнсiз қаралау, мұнайшылардың арасына iрiткi салып, арандату және тағы да қоқан-лоққы жасау фактiсi орын алып отыр. Қаладағы осындай келеңсiз жағдайлардан кейiн мен мынадай қорытындыға келдiм: осынау қитұрқы қылмыстық әрекеттердiң барлығын ұйымдастырып және жасап жүргендер – жоғары деңгейдегi кейбiр мұнай мекемелерiнiң басшылары мен кейбiр криминалдық (қылмыстық) топтың өкiлдерi және олар бiрiккен түрде әрекет етiп жүрген болуы мүмкiн.» 2-шындық. Ы.Шаңгереевті кім атты ? Не үшін атты? Неге өлтірмеді? Жауапсыз, белгісіз сұрақтарға белгілі, жауапты органдар жауабын берді. «Екiншiден, маған және менiң отбасыма осыдан бiрнеше ай бұрын тiкелей және телефон арқылы бiрнеше мәрте қорқытулар мен қоқан-лоққылар жасалды. Мен бұл жағдай туралы уақытында тиiстi құзырлы органдарға хабарладым» деп Өзің мойындапсың! Атпалдай азамат 2 бірдей әкені өлтіріп, әкесіз қалған отбасыларың, 8 000 000 (сегіз миллион) теңгенің иелері қарапайым мұнайшылар ақшасын, өлген әкесінің құнын сұрап, тіпті болмағанда «долясыз» қалған «сенімді достарың» саған қорқытып телефон соқпағанда енді кімге соғады? «Үшiншiден, соңғы бiр айда Жаңаөзен қаласында белгiсiз бiр адамдардың «Жаңа бағыт» атты белгiсiз бiр ұйымның атынан бiрнеше мыңдаған таралыммен үнпарақтар (листовка) таратуы кең етек алды. Сауатсыздау және әпербақан адамның қолтаңбасымен жазылған бұл үнпарақта менi және менiң қасымдағы серiктерiмдi жөнсiз қаралау, мұнайшылардың арасына iрiткi салып, арандату және тағы да қоқан-лоққы жасау фактiсi орын алып отыр. Қаладағы осындай келеңсiз жағдайлардан кейiн мен мынадай қорытындыға келдiм: осынау қитұрқы қылмыстық әрекеттердiң барлығын ұйымдастырып және жасап жүргендер – жоғары деңгейдегi кейбiр мұнай мекемелерiнiң басшылары мен кейбiр криминалдық (қылмыстық) топтың өкiлдерi және олар бiрiккен түрде әрекет етiп жүрген болуы мүмкiн.» деп тағыда артыңмен бал ашыпсың! Сауатсыздау өзің айтқандай деп дұрыс жазылған , өзіңді,серіктеріңді аямай бүкпесіз шындықты жазған үнпарақтардан әзірейілді көргендей шошып не көрінді саған? Сен емес пе өзің сайлап бекіткен кәсіподақ төрағасы Сақтағанов Наурызды түрткілеп, «кет» деп Қашанов Тағанды аштыққа жатқызпақ болып, арыз жазғызып орынына Ы.Шаңгереевті қойғың келген? Саған адам тағдыры ойыншық па? Сені кім заңды құқық беріп итермелеп отырған? «Аққа құдай жақ» дегендей неден қорқасың? Мұнайшылардың арасына iрiткi салып, арандату және тағы да қоқан-лоққы жасауды ұйымдастырып, халықтың берекетін алып отырған ӨЗІҢ ЕМЕСПЕ ЕДІҢ?! Ол аздай мекеме басшылары деп кімді меңзедің? Неге атап айтпайсың? Мекеме басшылары сен айтқан мәселе түгілі өз басымен қайғы болып, май жоспарын қалай орындаймын деп басы шырқ айналып жүргенін сен қайдан түсінейін деп едің. Әрі қарай оқысақ: « Құрметтi әкiм мырза! Облыс басшысы – халықтың қамқоршысы ретiндегi Сiзге өтiнiш-тiлегiм: Жаңаөзен қаласындағы соңғы уақыттарда белең алған белгiсiз бiр топтардың заңға қайшы iс-әрекеттерiн тоқтатуға ықпал етiңiз. Егер қаладағы әлеуметтiк-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға ұмтылып, бұқпантайлап қылмыстық әрекет жасап жүргендердi уақытында ауыздықтамасаңыз, Жаңаөзенде тыныштық болмайды. Бұл ақырында облыс басшысы ретiнде Сiзге де, қаладағы бiр қоғамдық ұйымның жетекшiсi ретiнде маған да абырой әпермейдi. Қадiрлi жаңаөзендiк мұнайшылар! Сiздердiң ақ пен қараны, адалдық пен арамдықты, әдiлеттiлiк пен озбырлықты, шындық пен өтiрiктi, ақиқат пен жалғандықты ажырата алатындарыңызға мен толық сенемiн. Бiз Сiздермен, қарапайым мұнайшылармен әрқашанда бiргемiз!» деп мүсәпір күйге түсіпсің. 3-шындық. Аса құрметті Жак мырза сен бүгінге дейін УОС -5 тің атынан сөйлеп келіп, енді «Азат» ЖСДП Жаңаөзен қалалық ұйымының төрағасы болып «хамелеон» болып кеткенің не? Біз енді таныдық нағыз Жак ӘМИНОВТІ, сенің түпкі ойың «Азат» атынан барлық жағдайды саясиландырып өзің айтқан Жаңаөзен қаласындағы соңғы уақыттарда белең алған өзің бастаған арандатушы топтардың заңға қайшы iс-әрекеттерiн тоқтатпауын тілейсің! Тыныштықтың бесігі болып отырған Тәуелсіз Қазақстанның шаңырағын шайқап, Елдің жұмысынан, нанынан айырып, Дара туған елбасы Н.Назарбаевтың орынынан кетуін тілейсің! Жасырмай айтсайшы өзіңе берілген «Азаттың» ақшасы ұйықтатпай жүргенін! Ауызыңа құм, «Жаңаөзенде тыныштық болмайды. Бұл ақырында облыс басшысы ретiнде Сiзге де, қаладағы бiр қоғамдық ұйымның жетекшiсi ретiнде маған да абырой әпермейдi.» деп өзіңді Ел азаматы , халықтың біртуар ұлы азаматтың төресі Қырымбекпен қатар қойып абыройшыл болып қалыпсың! Сен кімсің? Қырымбек кім? Сен есек болсаң, ол арғымақ тұлпар. Жак мырза Сен өзің Қырымбекпен салыстыру үшін , Елді арандатқаннан басқа не жасадың? Серіктеріңмен бірге жұмыссыз туғандарыңды таныс, жиендеріңді жұмысқа «жетім» деп 15-адамды кіргізгеннен басқа не жасадың? Адамның арты ұялатын осы сөзді кім жазып берді саған? Байбосынова Заурешің «мүгедек қызым бар» деп , «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіруден бүгінге дейін барлық кредитін жаптырып, 6 000 000 (алты миллион) теңге алып, інісін, баласын, танысын кіргізіп «құдайға сенемін» деп шайтанның ісін жасап, өсектің ордасы болып жүргенін, сенің сенімді серігің Ажигалиева Наталья 3 адамды «жетім» деп кіргізіп, орыс тілінде « Не знаю о чем думают эти мужики, а мне терять нечего!» деп арандатып жүргенін қалай білмейсің! Сен Алладан да өзің шапқылайтын Қараман Атадан да қорықпайтын құдайсызсың! Басты талап, басты өтініш: Құрметі Қырымбек Елеуович! Аминов Жак пен оның жақтастарына тез арада қылмыстық - іс ашып ауыздықтамасаңыз , бұл Жак, әліде елімізге қауіпті іс -әрекеттерін жалғастыра береді! Құрметті жаңаөзендiк мұнайшылар! Сiздердiң аттарыңды жамылып, өз шаруаларын шаруалап жүрген Жактың тобын жауапқа тартып , өздеріңізден жиналған 8 000 000 (сегіз миллион) теңгені екі отбасыға тең бөліп бергізіп халықты басынған арандатушыларды «Өзенмұнайгаздан» жұмыстан босаттырып, арамыздан аластауымыз қажет! Арандатушылар абалай береді , ал біздің тыныштығымызды, бірлігімізді бянды етіп, алауыздықтан сақтау өз қолымызда! Қой терісін жамылған қасқырлардан сақ болайық! Ақ пен қараны айыруды Аллаға тапсырып , адалдық пен арамдықты, әдiлеттiлiк пен озбырлықты, шындық пен жалғанды ажырата алатындарыңызға біздің күмәніміз жоқ! Біздің ұранымыз: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл, шындықты айт, адамға жақпағанымен құдайға жағады, бірлік түбі тірлік, алауыздықтан сақ болып, ел тыныштығын сақтайық!» Елбасының саясатын қолдап, атымызды Бірлікпен шығарайық! «Жаңа Бағыт» Әділетті мұнайшылар тобы.
Тоқберген (22.08.2010 11:30)
Быды-быды тәпсірмен кәпірге айналған имамдар! «Дажал» ма, әлде елге келген тажал ма? Бір күні Пайғамбарымыз үш рет: «Сендерге ең үлкен күнәлар туралы хабар берейін бе?»- деп айтты. Сахабалар: «Әлбетте, уа Алланың елшісі!» -деді. Пайғамбарымыз: «Олар Алаға серік қосу және ата-анаға қарсы келу»,- деп жамбастап жатқан жерінен тіктеліп отырды да, сосын: «Ең үлкен күнәлардың бірі –жалған сөз ғой»,-және ол бұл сөзді қайталай берді, қайталай берді, тіпті біз: «Айтуын қойса еді.» дедік. Әбу Бәкірден өсиет; 1119(2654) Енді аятта: «Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып; «Әй ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық.»-деді. (31-13). Бұл мысалдардан айта-айта жауыр болған «Серік қосудың» үш түрі бар екен. Біріншісі; қандайда бір дерекке сүйенбей ойдан немесе жорамалдап болсын жалған сөйлеу жалған куәлік беру. Екінші түрі; ата-анаңа әдет-ғұрпыңа, салт-дәстүріңе қарсылық білдіру серік қосу амалы болып тек киелі кітап аяттарына жаратушы үкімдеріне қарсы мәжбүрлеген жағдайда тыңдамауға болатынын ескерткен. Үшіншісі; Аллаға серік қосу түсірілген аяттар мен пайғамбарлар көрсеткен нұсқауларды және әр елге өздеріне болған хикметті істермен көрсеткен ашық дәлелдерді жалғанға шығарып, ертегіге айналдырып қарсылық білдіру. Ал ортақ қосу амалы; киелі кітаптар үкімін өзгерту немесе басқаша жорамалдап түсіндіру, ескерту уахи, түс, аянды зертеп талдамай шайтаннан деген пікірлермен хақиқатты жалғанға айналдыру әрекеттері, зор зұлымдықты туындатып, арапша «Дәжал», қазақша «Тажал» деп аталады. Енді оқырманға тек қысқаша түсіндіре отырып, жақында болған бір елдегі дін көрнісін айтып кетуді мақұл көрдім. Мен жұма намазын өтеп жүрген мешітте, «Нұр мүббәрак» жоғарғы діни оқу орнын өте жақсы бағамен тамамдаған жастар қызмет жасайды. Әрине кемшіліксіз пенде болмайды дегендей ешқандай ғылымға немесе құран аятарына қайшы пікірлер насихаттар оқылып, айтылып жатса да, «Көш жүре түзелер» деген оймен ұмытып қалуға тырысып жүрдік. Бірақ жақында жұма намазынан кейін халыққа хаттама үндеу парақтарын таратып жатқанын көріп алып оқып көрдім. Енді сол үндеуден үзінділер келтіре отырып қысқа ғана Құран аяттарымен салыстырып, ара жігін ажыратып оқырмандарға талқыға салып, өздеріңіз ақыл таразысына салып бағасын берер деген үміттемін. Үндеудің аты «Таухид» (бірқұдайшылық) деп аталып Алаһ деп Алламен қосып тәңір шақырған майда қателіктерін қойғанда; (Ескерту;Құран шәрифте «Алла» деген атау 2697 жерде, «Иллаһ» деген атау 167 жерде бар. «Тәңір» деп аударылады. Халифа Алтай аудармасынан) «Алла есепшілердің ең жүйрігі, сақ боларсыңдар» деп ескертілгендей, Құранда бір бос сөз немесе таңба болмайды бәрінің белгілі орны саны бар. «Есеп білмеген есек» атанбауымыз үшін 2697; 167 сандары екілік жүйеде 24; 14 сандарын берсе, бірлікпен 6; 5 сандық нәтижесін береді. Сонда бүкіл құран ұғымы бойынша Алла=24 нұрдың, қозғалыс тегін және Алла=6 рахман немесе сөздің басын жаралыс тегін белгілейді. Иллаһ= 14;5 мәні отың, желдің немесе бес қуат қозғалысты тәңірлік сипатты көрсетіп тұр. Әрине таңбаларды жеке –жеке сандарға айналдырып аятар мәнімен құпия ғылымдық мәнін де көрсетуге болар еді, әзірше оны алдағы уақыттың еншісіне қалдыруды жөн көрдім. Қарапайы үннің сандық мәнімен жүйелесек: 3, 5-таңбалы атаулар тәңір сипатын яғни төрт жаратылыс періштесінің «кісінің» көрнісін, бірліктің нәтижесі 5-ші нүкте тақ мәнін берсе, «Алла»-4 санымен түп негізді және бүкіл әлем есептеу құрғылары тек төрт санымен ғана (1001 бір түн немесе 1000 айдан артық) есептейді, ойланады. Жаратқан сипаттың негізі адам баласының өзіндегі басты белгісі адамзат қанның төрт-ақ топқа бөлінуі және жаратылыс төрт мезгілден, төрт сырдан, төрт тілдік негізден, нәсіптік ризық төрт күннен тұрады да бесінші күн жалған, жалғанушы сипатты береді. Құранда «Алла» сөзіне байланысты қосып айтылатын «Тағала», «Рабб», «Ол» «Ол сондай Алла», «Бір Алла», «Рас Алла», «Алла бар» т.б тіркеме сөздердің бәрі белгілі атаулар жүйесімен және сол аттың таңбалық сандық мәніне байланысты жаратқан сипаттарын белгілеп, міндетті түрде сандық мәнімен ғана есептеледі, айтылады. Сондықтан «Аллаһ» (дұрысы Иллаһ) қазақшаға сандық мәнімен «Шүкір» мағанасын беріп, «Тағала» шүкір сөзінің екінші балама ұғым ақпараттар жүйесі «яшик пандора» орнына пайдаланады. Онда «Аллаһ тағала» -шүкіріңе шүкір деп жаратушымызға тілмен серік қосамыз. Себебі үндестік негізінде жалған ұғым! Бүкіл қазақ дін танымындағы басылым, әдебет аударманың бәрі (Халифа Алтай аудармасынан басқа) түгелге жуық серік қосушылар, жалғаншылар, тілді шұбарлап бүлдірушілер екендігі айқын! Енді мақаладан үзінді келтірсек; «Өкінішке орай қазіргі уақытта көптеген өзін мұсылман санаған қазақ бауырларымыз Аладан сұрамай, өздеріне не пайда, не зиян бере алмайтын қабірден, тау-тастан, әулиелерден, әруақтардан, ағаштардан, тәуіптерден, бақсы-балгерлерден, құмалақшы көріпкесымақтардан жәрдем, бала-шаға сұрап, оларға құлшылық қылып, Алла тағаланың ең кешірілмейтін күнәсі зор күнә Алла-һқа серік қосу жасауда.) (Серік қосу негізінен іс болып жасалмайды көңілмен, тілмен білдіріледі.авт.) Бұл сөздерге мұқият үңілсеңіз Алланың хикметінен ашық дәлелдер келтіріп пайғамбар, әулие аталған Алланың достары ешқандай пайда, зиян келтіре алмайтын топыраққа айналып, жоғалып мед-тинаның негізін қалаған кереметтер көрсетіп елін ауру сырқаудан құтқарғандар емші-бақсы, шипагерлер және елін жаудан кәпірлерден қорғап қанын төкен Алла жолында шейіт болған «көріпкелсымақ» билер, «көріпкелсымақ» хандар енді келмеске кетіп тау-тасқа айналып кетіпті. Сол сияқты ақ бақсылықтың негізін қалаған және тура жолдың басты қағидасын ашық дәлелдер көрсетіп, исраил ұрпақтарын жоқ болудан Раббысының үкімімен аман алып қалған Мұса пайғамбарды құрметтеген бүкіл кітап иелері де серік қосушылардан екен. Олай болса емшілікпен, көріпкелдіктің тамаша үлгісін берілген Інжілдің негізгі қағидасымен, Ғиса пайғамбарымызды да шапағатшылық құқығынан айырып жын-шайтандардың қызметшісі қатарына қосып тастапты. «Талай әкесін сабағанды көріп едім, әкесін талға байлап сабағанды көрмедім» дегендей, әлем мойындауға тиісті рухани әкелер яғни адамзатқа ақыл беруші жаратушы себебінің бәрі болуға тиісті емес екен. «Өлдің Мамай қор болдың!». Қуырдақты көкесін түйе сойғанда көресің дегендей; Үндеуден: «Мен сендерге күре тамырыңнан да жақынмын» (Қаф-16) және екінші аятта; «Алаһ өзіне серік қосқанды кешірмейді, онан басқа күнәларды қалаған құлдарына кешіреді. Сондай-ақ кім Аллаһқа серік қосса, расында жала жауып, зор күнәлі болды» (Ниса-48) Үшінші аятта; «Негізінде Аллаһ өзіне серік қосқандарға жәннатты харам етті, олардың орны тозақ, сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ» (Мәйда-72)» Құранды жете зертемеген оқушы үшін бәрі дұрыс сияқты. Ертеректе біріккен арап мемлекеттеріне басқа діндегі елдерден алтын әріппен Құранды басып сыйға тартады. Сонан жылдар өте сол Құрандағы бір әріптің өзгертіліп басқанын араптардан бір жас бала тауып дәлелдегенін арап елі әлі кезге дейін мақтанышпен айтады. Сол сияқты «Тәураттың» да сөздерін себепсізден ауыстырғаннан кейін халық адасты деген сөз бар. Ал мына үш аятта жоғары білімді маманымыз 3 сөзді ауыстырған. (мүмкін әдейі) Аятта; «Мен» сөзінің орнында «Біз» болу керек. Екі сөздің айырмашылығы батыс пен шығыстай. «Мен» ұғымы- Алла тағаланың төбеден және аяқ астынан яғни көк есігімен жер есігінен келетін қуатты ақпаратты және заманға (намазға) тәуелділік уақытты (уақ) білдірсе, «Біз» сипаты біртұтас адамдардың «Бірге» үкімдерді орындайтын, әрбір жаратылыстың ішкі сырын қамтитын тәңірлік қуатты қозғалыс себептерін көрсетеді. Сондықтан да сол араптардың тіл ғалымдарынан арнаулы сынақтан өтіп ұлықсат бойынша аударған арап танушы дәрежелі аудармашы ғалым Халифа Алтай аудармасына жүгінсек; «Алла Тағала өзіне ортақ қосылуды (түсірген аяндарды, түстерді, ашық дәлелдерді жоққа шығаруды) жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болды.» (Ниса-48) Ала тағаланың «Өзі» дегеніміз сол Алладан түскен кітаптарды меңгеріп сүйікті құлдарына айналған жанның жоғары дәрежелі орнымен байланысты жаннаттық сипатты айтады. Сонда аятта «Серік қосу» сөзінің орнында «ортақ қосу» сөзі болу керек. «Ортақ қосу»- көктен, жер астынан келетін үкімдер мен Құран аяттарын теріске шығарып тәпсірлеуді білдірсе; «Серік қосу»- сөзге және дұға тілектерге байланысты ұғым. Үш аяттан кешірілмес қате жіберген аудармашыны, тәпсіршіден яғни дінді бөлшектеп пәтуа шығарушыдан артық зұлымдық жоқ! Енді әрі қарай үндеу хаттан; «Сондықтан бауырлар, жоғарыда айтып өткендей, әулие жағалау, әруақтан сұрау, тәуіптерге бару күнәлары адам өлтіру намаз оқымау, әке-шешеге құрмет көрсетпеу сияқты үлкен күнәлардан да асып түсетін ауыр күнәға жатады.!» Мінеки құрметті оқырман егер намаз оқымасаңыз болды немесе Алланың сүйікті құлдарына басына және әке-шешеңізге барып, сәлем, садақаңызды беріп Құран бағыштап қауымыңа, бақилық туыстарыңа, ел жұртыңа тыныштық сұрап кешірім сұрағаннан (тәубеге келу) яғни Алланы зікір етіп ақыретті еске түсірсеңіз болды, үлкен күнәға батып, айыбынан адам өлтірген дұрыс екен. Онанда Иракта, Ауғанда болып жатқандай өзіңді өзің жарып ағайындарыңды, бауырыңды, дін қандасыңды қырып салған күнәсі жеңілдеу екен. Бұны жазып отырған білдей «Алмалыбақ» ауылының имамы Е..... атты мырза екен де, ал таратып жүрген «Нұр мүбарак» жоғарғы мектебін жоғарғы бағамен тамамдаған тағы да солармен мүделес, пікірлес жастарымыз. «Елді болашақта арамза молда мен арамза ғалым бұзады» деп кезінде аталарымыз бекер айтпаған екен. Әрі қарай пайғамбарымыздың өсиеттерін де жалғанға шығарған ; «Бата дұға жасағанда әруақтар қолдасын, әулие-әнбилер, Қызыр баба оңдасын, періштенің құлағына шалынсын т.б сөздерді айту. Біреуге ант бергенде, дастарханның үстінде отырмынын ғой, жол үстінде тұрмын, түн жамылып тұрмын, нан ұрсын т.б сөз тіркестерін қолдану. Негізінде ант Аланың атымен ғана беріледі. Осындай кіші серік қосу күнәсін істеген адам мұсылмандықтан шықпайды, бірақ адам өлтіру, әке-шешесін лағнеттеу сияқты ауыр күнәні істегендей болады Өкінішке орай, осындай күнәларды намаз оқитын кісілер де жасап жатыр..» әрі қарай жалғастыруға да болар еді бірақ Адам-ата қауымынан бастап пайғамбарлаға түсірген жалғасты келе жатқан әр елдің жүрегінен шыққан абыздарының, ел билеуші жол көрсетуші жол басшыларының бүкіл бата дұғаларды араптардан жаттап алған тыңдаушысы түгіл өзіде түсінбейтін үндік заңдылығы бұзылған сөз тіркестерінің алдында түкке де тұрмайды екен. Сондай-ақ жаратушымыздың Құранда астарлы түрде көрсеткен мысалы; Мұса пайғамбарымыздың себептер мәнін түсініп, даналыққа батасын алған Қызыр Ілиясты және Қадір түні келіп сүйікті болған ұрпақтарына батасын беретін Қадір атаны (Адам ата) және жалпы қазақтың ғұрпын теріске шығарып, пайғамбарымыздың сан ондаған өсиеттерін жалғанға айналдырған адам мейлі имамдар болсын кәпір болмақ. Себебі кім пайғамбарымыздың ізгі тілектеріне қарсы болса, онда Аллаға қарсы. Пайғамбарымыздан; «Расында сендер өздеріңнен алдыңғылардың (ата-баба) әдет-ғұрыпына сүйем бе сүйем (қол өнер т.б) кез бе кез (жерге, табиғи ортаға) ілесіңдер, тіптен олар кесірткенің ініне барып кірсе (тау-тасты, ағаштарды қадір тұтпақ түгіл) де оған кіресіңдер»-деді. Біз; «Уа Алланың елшісі! Яһудилер мен християндарды айтып тұрсыз ба?-деп сұраған едік, ол; «Басқа кім болушы еді?» деп айты.» (1378,3456 өсиет) « Қадірдың (Хадыр) аталу себебі, ол аппақ жерге отырғанда, оның арқа жағында көк майса жайқалар еді» -деген (1329; 3402 өсиет) «Жер бетін шарлап саяхат құрыңдар, тәндерің сауығып пайдаға кенелесіңдер» (475-өсиет) «Әр алуан жерді аралап жүрген саяхатшылар Алла тағаланың алдында ораза баспалдағына аяқ баса алады.» (485-өсиет) «Саяхаттың ең пайдалысы; Қабір басына барып тұрыңдар, бұл сендерге болашақ өмірлерің туралы ескертеді.» (467-өсиет) «Азаптың ажалымен өлген адам, ақирет күні өз тегінен шыққан жетпіс (70) адамға жәрдемдесу мүмкіндігін алады.» (999) «Мен, атам Ыбырайымның дұғасы, бауырым Исаның сүйінші хабары және анашым Аминаның көрген түсімін.» (Хаким 453). «Дұға түскен нәрсеге де түспеген нәрсеге де пайдалы. Уа, Алланың пенделері, дұға қылыңдар!» (Ибн Омардан). Бұл ұлық пайғамбарымыздың өсиеттерін жалғастыра беруге болар еді бәрібір надандар (жүрек мөрлену) түсінбейді. Себебі екі жыл бұрын атақты Хазірет Шейх дін ғұламасына әулиелерге зираттау туралы ораза айының алдында көгілдір терезеден сұрақ қойылғанда; «Сол шіріген сүйектерден не аласыңдар?» деп қысқа қайырып пайғамбарымыздың осы өсиеттерімен жаратушымыздың мыңдаған үкіміне жала жапты. Күн құрғатпай баспасөз беттерінен, көгілдір терезелерден, мешіттерден «Аруақтар» тарапына, Алланың құдірет қолына яғни адам мен жынның бірігіп кісіге айналу жан ғылымына айтылып жатқан жалаларға халықтың құлағы үйреніп болды. Сондықтан болар 2009 жылы сәуір айында үкіметтің көмегімен «Ата жолын», ислам дініне қарсылық білдірген «Фарқатшылармен» біріктіріп, қасқыр мен қойды бір қораға қамап, (бірі жаратылысқа табынса, екіншісі жаратылыс өзіне себепті қозғалысқа аруақтарға табынады) әлемде әзірге болмаған теңдесіз заңды ойлап тапқан Қарасай аудандық соты шоқынғандарға, құдайшылдарды қосып олардың табынған құдайдың құдіретін «ӨЗІН»-өзі яғни әдет-ғұрпын, дәстүрлі дінді соттап үкім шығарды. Мешіт имамдары бұл жәйді қуана қоштап халыққа жария еткенімен тұрмай, Ислам өркениеті басылымында №14 (158,11-20 маусым 2009) санында «Рухқа (ақылға) табыну шайтани іс» деген; Забурды, Інжілді, Тәуратты және Ғайса пайғамбарымызды жоққа шығарған мазаққа айналдырған мақала шықты. Мақала желісі бойынша қазақ тек арапқа ғана табынып, ел бола алады екенбіз. Жаратушымызда киелі кітаптарда қателесіпті. Осындай дін тарапынан қарсылыққа елімізге міндетті түрде сынақтар жіберетінін апаттарды ескертіп баспасөздерге т.б құзырлы орынға ескертіліп мақала бергенімен, құлақ асқан кешірім сұраған түзетуге тырысқан ғалым, философ, тақуа, сопы дегендей дінің қорғауға тиісті тірішілік егелері болмады. Құтты бәрі өз азығын, бас қамын ғана білетін жәндікке... болмаса діндері ауысып кетті. Сондықтан да Алла тарапынан ашық белгі үлкен ескертулер түсті қазақ жеріне! Есесіне қарапайым қанша халық құрбан болды. Шәкәрім атамыз ескерткендей абайламаса «Дін қиянат!» Қазақ халқының қанына сіңген әдет, ел шенге лауазымға, білімдіге сенеді. Сондықтан бар жағдайды тек ғалым біледі, таққа отырған шешеді деп сенгендігі сонша артын тексеру ойға да келмейді. Біздің қасіретіміз де осы адасқан елдерге сеніп дініміз араптан, білімді, шаруамызды европадан және өзге жұртан дайынын алғанды мақтан тұтып, ата-баба салтына, ғұрпына ашықтан ашық түкіртіп намыстануды да қойдық! Сондықтан Ғайсаны «шайтан» деп, пайғамбарлар көрсеткен өнегелерді, адам өлтіргендей күнә жасау, әулиелер бабаларымыз адасқан, тек шіріген сүйек болды деп жастарымызды аздырмау үшін қағаз көтермейді әйтпесе жаратушымыз үкімдерінен жүздеген аяттардан дәлелдер келтіріп, аруаққа, қазақ ғұрпына қарсы дін танытушыларының залым, тозақтық және де жуық арада азаптарға ұшырап лағнетелетін нақты дәлелдер келтіруге болар еді. Әзірше алда қысқаша ғана Құран аяттарынан дәлел келтіріп және екі түрлі шешімін ұсынамын. «Ішінде отырылмайтын нәрселерің (кісі) бар (әулиелер мазарлары) үйлерге кірулеріңді оқасы жоқ. Алла көрнеулеріңді көместеріңдіде (қалай жалбарынғандарыңды) біледі.» (24-53) Сондықтан ондай үйлерге кіргенде: «(Мұхаммед); «Барлық мақтау Аллаға лайық. Және сәлем Алланың таңдаулы құлдарына (әулиелерге)лайық. Алла жақсы ма? Немесе қосқан ортақтары(ойлары) жақсы ма?»,-деп сұра!» . Әулие-әмбилерді Алланың сүйген құлдары деп, Құран оқуды- Аллаға мадақ айту деп, дұға тілекті сәлем беру –деп біліңіз! Алла тағаланың «Мен» сипаты жер есіктері мен көк есіктеріне байланысты қуат болғандықтан Алланың сүйген құлдарына сәлем беруді аятта: «Іштеріңе, өздеріңнен аяттарымды оқитын, (әмір иелері) сендерді тазартатын және сендерге Құранды әрі үкімдерін үйрететін(жол-басшылар) сондай-ақ білмегендеріңді үйрететін (аян, уахи және түсіңе еніп) Елші жібергеніміз сияқты...(151) Енді, Мені еске алыңдар,(Құран бағыштаңдар) және Мен де сендерді еске аламын (ақыл беремін) және Маған (ата-бабаларыңның Раббына) шүкірлік қылыңдар да (құрбандық,зираттауға) қарсы болмаңдар.» (2-152) (Сондықтан да) Алла жолында өлтірілгендерді олар өлі демеңдер (пайда, зиян келтіре алмайды деп), олар тірі, (демек Алла қаласа шапағат етеді) бірақ сендер (үйде отырып) сезіп біле алмайсыңдар (жер жүзін кезіп іздеңдер).» (2-154) Енді тура жолды табу үшін 73 түрлі сауап баспалдақтарынан өту қажет. 73 парыз амалдар бар. Оның елуі (50) намаз деп аталады. Пайғамбарымыздан; ..(Алла) «Ол –(амалда) бес, ал сауап бойынша елу(50) Менің алдымда сөз өзгермейді», -деді..» (221;349-өсиет). Олай болса бесеуді діннің куәлігі ретінде орта топтағы Меккелік араптарға ғана жеңілдік берілген бес парыз; тәубаға келіп куәлікте тұру, бес уақыт намаз, ораза, зекет (салық) төлеу, қажылыққа бару. Ал 50-ге толтырып намаздарды орындау 45 амалы Қазақ елі үшін Абай атамыздың 45 қара сөзімен берілсе, ақиқатқа жету аруақ туралы заңдылық болып тағы қосымша нұсқаулармен 5 сопылық амалдармен 55-сүре Рахманмен бірігу болады. Ол да Таурат пен Інжілден алынады екен. Бұл тек дін жолының амалдары болып Исламға ортақ дүние болмақ. Ал енді 23-ші белгі әр ұлтқа елге тән салт-дәстүр, әдет-ғұрыптан, шаруа және мәдениет, өркениет қағидаларымен Алла жолы мезгілдік , маусымдық қозғалысқа тәуелділікте болып, рұқ өзгерісі, үдерісі дін жолымен біріктірсек қана толық тура жолдың қағидасы 78 –ші сүре сопылықты, елшілікті меңгеру болып шығады. Алла жолы қоршаған ортамен байланысты қабілетті қалыптастырса, дін жолы ішкі сезім өзін қаситті қалыптастыру шарт. 23 саны негізіне Тәурат саны болып, қозғалысты маусымды, мезгілді туындатады. Себебі жер шары 23,5 ос көлбеу болмаса, маусымдар пайда болмас еді. Сондықтан Тәратты, Інжілді меңгермей мүмін болу мүмкін емес! Енді сүйікті пайғамабарымыздың Миғраждан алып келген екі аяттың есептік жүйесін қасиеттік белгісін қоссаңыз 80 санымен «Ахметтік» қасиетті меңгеру болып табылады. Сондай Хазірет жан ғылымының сопылықтың; 1-ші баспалдағы болса, Сұлтан-2, Құл-3, Қожа-4, Ахмет-5 сатысы бар екен. 11 «Ахметті» тәрбиелеген Ясауи бабамыздан жәй хазіреттерді жоғары қойдық және тура жолды меңгерген толық меңгерген «Ахмет» негізі пайғамбарымызды да сол қаптаған «хазіреттер» қатарына қойдық. Бұл сатылар аян және уахи алу яғни пайғамбар ізбасарлары болып есептеледі. Оған дәлел пайғамбарымыз; «Сендерден бұрын өмір сүрген Исрайлдіктердің арасында, пайғамбар болмаса да аян алатын кісілер болған, менің үмбетімде сондайлардан біреу болса, ол Омар!»-деп айтты.» ( 1460;3689 -өсиет). Демек пайғамбарымыздың қасындағы кітап түскен алғаш Омар сахаба қожалық дәрежеге жеткен. Қожа ру емес! Және пайғамбарымыздың аяндар туралы өситтері бойынша пайғамбарымыздың шәкірті болып «Ахмет» дәрежесіне жеткен екі ғана сахаба болған. Әрбір Алладан түсетін дәреже, қаиеттерге көркем есім болу керек!. Пайғамбарымызды өз дәрежесімен атамай тек қана «хазіреті ғалейкісалам, әлексалам т.б» үндік мағынасы не болатынын Бір Аллаға мәләм, ал сандық түсінігі «аллауақбар» деп естілетін сөзбен сүйікті пайғамбарымызға жанама ат қойып алдық. Негізінен Хазіреті Сұлтан Құл Қожа Ахмет дәрежесін алғашқы меңгерген Мұхаммет пайғамбарымыз! Құрметті дін танытушылар «Аруақ» туралы Құраннан мыңдаған аяттардан дәлел келтіруге болатынын ескертіп жазғаным үшін ғана емес, және сол амалдарды орындаушы ретінде мен де онда сіздердің ұғымдарыңызбен адам өлтірген болып шығамын. Себебі дін танытушы ғұламалардың қарсылықтарына қарамастан «шерік, серік қосу» арқылы көктерден, жерден берілген белгілерді аян, түстер мен аруақтардың батасымен жетеленіп, сол ұмыт бола бастаған тарихи шежірелерге жалғану арқылы Құранның бабалар меңгерген құпияларын жариялауға бұйырылдым. Сондықтан сол белгі аян, уахилардан аз ғана мысалдар келтіре кетсем; Негізінен 73-ші белгі ол тура жолдың есігі ғана. Құлшылық қағидасы аспандағы жеті жолмен, жеті түрлі пенде бойындағы нәпсілік жел жолымен онмен дәрежеленіп 77 мен бекиді. 24-25-ші сүрелермен тақуалық, тарихат, 25-50 сүрелер амалдарымен мағрипат, 5 сүремен ақиқатты көреміз. Бірақ тура жолдың да қисығы бар дегендей, әрбір адам баласына берілген сүрелер қағидасы бірдей болғанмен, ішкі аяттар мәнімен қасит, қабілет, шаруа, жыныс, ұлт, т.б ерекшеліктерімен жеке-жеке тылсым арқылы белгілі тапсырмаларды орындау арқылы жетеленеді. Әрбір аяттың 3-мәні сандық құпиясы түсінігі бар. Бір аяттың өзі тылсымнан пенденің ерекшелігіне байланысты үш түрлі жағдайда оқылады. Үш түрлі, үш мағыналы барлығы 9-түрлі жаратушымен яғни тылсыммен хабарласу (Санада, көкейге салу, бір перденің ар жағынан сөйлесу.) тетігін меңгеру қажеттілігіне байланысты әр пенденің сол аяттарды оқитын өз пірі жетекшісі болу шарт. Құранда; «.... Қалаған кісіміздің дәрежелерін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар.» (12-76) 76-шы белгіге жетіп барып және елге тілдік, үндік, таңбалық ыдысына қарай жол –жобалар түсірген елшілерге, сол жолдардан өтіп ашық дәлелдер көрсеткен әулие-әмбилердің жатқан орындарына, жұлдыздардың қозғалысына тәуелді түрде жер бетін кезіп, иманды іздеп аяндармен толықтыру арқылы ғана мүмкін болады. Аятта: «Сондай, Аллаға берген серттерін бекіткеннен кейін (Алла достары көрсеткен жол-жоба) бұзғандар және Алланың біресуін (50-амалды) бұйырған нәрселерді (әдет-ғұрып 23-амал) бөлгендер әрі жер жүзінде бұзақылық істегендер (лаңкестік әрекеттер), міне лағнет осыларға. Сондай –ақ мекеннің жаманы (тозақ) солардікі.» (13-25) Осында жағдайдың туатынын білген пайғамбарымыз; «Жаным қолында болған Алламен ант етейін, расында араларыңа Мәриям ұлының әділ сот боп (аруағы,кісісі келіп) түсуіне жақын қалды, ол крестерді сындырады, шошқаларды (адам шошқаларды да) жояды, жизияны (бодау төлеу, аруақ заңдылығы) мансұқ етеді және мал- дүние ешкім оны алмайтындай дәрежеде (несібе береді) көбейтеді»- деп ескерткен» (993;2222-өсиет Әбу Һурайрадан) Сүйікті пайғамбарымызға тілдеріңіз тиіп кетпесін деп 73 топтың қарапайым қағидасын 73-ші сүремен түсіндіре кетейін. Аятта; «(Мұхаммед) сөз жоқ, сенімен бірге болғандардан бір топтың (сахабалардың бәрі емес), түннің үштен екісіне жақынырақ, жартысында, үштен бір шамасында намазға тұрғаныңды біледі. Сондай-ақ Алла, түнімен күндізді шамалайды. Оған, сендердің есептей алмайтындықтарың мәлім. Сондықтан сендерге рахым қылды. Ал енді Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар (құран бағыштаңдар). Сендерден науқас болғандар (шипа сұрап зираттап), басқадай Алланың мәрхамметіне несібе іздеп, жер жүзінде кезгендер (саяхат жасап зираттағандар), тағы басқа Алла жолында соғысқандар (емдеу, бақсылық, нәпсіні жеңу жолында күрес, арақ,шылым,зина т.б) Аллаға мәлім. Ендеше Құраннан оңай келгенін оқыңдар (түгел жаттамаңдар). Және намазды толық орындаңдар (73 амалдарды) да зекет беріңдер (табыс салық төлеңдер). Алла үшін көркем қарыз (құрбандық шалу ) беріңдер. Және өздерің (іштеріңдегі, алды артыңдағы аруақ көлеңке) үшін алдын ала хайыр істесеңдер (ата-баба аруағының басын көтеру) оны Алланың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар. Алладан жарылқау тілеңдер. (зираттап жалбарыну) Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейрімді.» (73-20) Бұл аят тура жолдың есігі болып, бірақ оның кілті әуелі арамдардан тазарып әулие-әмбилердің батасымен ғана ашылады. Сондықтан араптардан бастап жан ғылымынан қателесіп, Тәурат, Інжіл сауап амалдарын мүлде жоққа шығарып, діндерді бірлеудің орнына үлкен жер жүзінде бүліншілікке, мәңгүттенуге бастап көктен және жерден келетін ақпараттарды үзіп шайтанның көмекшісіне айналғанын дәлелдейтін күн туар, ол үшін тіл мен сөз түзелмей сана өспейді. Сондықтан бабаларымыз; «Санасызға сан айтсаңда түсінбейді» деген нақылды ескеріп, сонда да мүмкін бұл хатымды жетесін әлі жоғалта қоймаған, жеті атасынан ақпарат алып жүргендердің де қолдарына тиер деген үмітпен ғана жазып отырмын. Құранды тек санмен жүйелеп оқымаса шектен шығып теріс ұғымдар мен қате түсініктер пайда болып, адам баласы өз зиянына алатындығын дәлелдеу үшін ана тілі мен сөз жібімен (көркем сөз) көкке жалғану тек ата-баба аруағы өз тектеріңді түгелдейтін шежіре арқылы ғана мүмкін болмақ. Ал дін танытушы, шейхтар мен хазіреттер қауымындағы сол жіптің үзілгендігіне дәлелдің жүзден бірінен мысал; Сұлтан Бейбарыс атамыздың арап елдерінде билік құрған уақытында тұтқынға түсіп құл болып келген жерінен сатып алып, тәрбиелеп елге оралар алдында орнына қойып кеткен «Беріш Құрбан» атамыздың 14 жыл елді басқарып Египетті жаулардан қорғау кезінде қайтыс болған жерленген топырағынан, Сұлтан Бейбарыс атамыздың топырағы- деп әкеліп жерлеп, бүкіл халықта, үкімет басшылары да алданып тағы Сұлтан Бейбарысқа деп Беріш Құрбанға ескеркіш салдыртып жатыр. Ал Сұлтан Бейбарыс атамыз Астархан маңындағы кезінде жоңғарлар жаулап өмір сүрген жерге келіп жерленген. Діннің бірден-бір белгісі; әрбір жаратылыс егелерін өз атымен атап тарихтан өз орнын беру және шариғаттың басты қағидасы түс көре біліп оны толық жори білуде. Ілімді іздеуші болып үстінде білімді тұру керек. Болмаса діннен адасқан болып есептеледі. Аян (аят) түгіл, өзіне басқа ат қойып жатқанда ескертетін аруақтың білдіретін қарапайым түсті (діннің жібін) де көре алмаған Шейх, Хазірет, тақуа, сопы бұрын қазақ тарихында болмаған жағдай! Осындай Інжілде де ескерткен аяттарды, тарихи орындалуға тиісті мысалдарды, үкімдерді үкіметтің жәрдемімен соттап қудалап жатқан «көріпкелсымақ» аталған қазақтың «діни сауатсыздары» болғанмен бірақ түс көру ілімін меңгерген» «Ілімді» ақу, сұңқарлары арқылы ғана әлемде мойындататын жаңалықтар, тарихи шежіренің ақиқаты ашылатын күнде туды. Сол қанымен, жанымен Алла жолында соғысып әлемде әділдікті паш еткен бабаларымыздың ақ шапанын қайта жауып, тегін жоғалта қоймаған жас ұрпақтарымен қауыштырып, көк жиекті көріп өскен азғана қалған ақсалдарымыздан ақ батасын алу үшін енді жоғарыда айтып кеткен екі амалды түсіндіріп кетейін. Біріншісі жаратушы тарапынан болатын үкімдермен: аятта; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің (шерік, серік қосу деп) қабірдағылардан (ата-баба әдет ғұрпынан) күдер үзгендей олар, ақиреттен үміт үзген.» (60-сүре 13 аят) Сондықтан қандай да жағдай болмасын қабірдегі туысқандардан, бабалардан күдер үзу ақиреттен үміт үзіліп жан ғылымының тоқтауына соқтырады. Себебі; «Ал енді Аллаға өтірік айтқан, сондай-ақ өзіне шындық келген кезде (өліктермен сөйлестірілу), оны (аруағын) жасынға шығарған біреуден залымырақ кім бар? Қарсы келушілерге тозақта орын бар емес пе?» (39-32) «Расында қиямет сағаты келеді. Онда шәк жоқ. Бірақ адамдардың көбі сенбейді.» (40-59) Пайғамбарымыздан; «Ақыр заманда (қиямет сағаты-ойбайласу) үмбетімнен кейбір адамдар дінді білетіндіктерін айтып, Құран оқып (өздері аударып) былай дейді: «Біз басшыларға(Меккелік араптармен, сахабалар, жерленген жерлерге ) барып, олардың дүниелерінен несібемізді аламыз (умра қажылық), оларды дінімізбен (мінез, қылық, тілімізбен) араластырамыз «Задында», бұлай болмайды тікеннен тікен ғана алынатыдай, оларға жақын болғандар да олардың жағымсыз қылықтарын үйренеді.» (Ибн Мәжә,23). Өз тамырынан белгі алып, тарихына жалғануды «шерік, серікке» айналдырып, тек умра қажылығына немесе 40-қа толып, 9-жыл дін сынағынан өтпеген (49 жасқа келу) жастарды қажы атандырып, дінге жалпы ділді өзгертуге жұмыла кіріскен дін танытушыларды қалай атауға болады? Өз тамырынан тіліне, ділінен ажырап түсінігі жоқтарды «Задсыз!» деп сөгуші еді ертеректе үлкен кісілер. «Задымыздан» (ділімізден) ажырап мүлде қиғаш кетіп бара жатқандықтың, діннің негізгі бағытынан қиғаш кетуіміз себепті ерекше белгілермен жер жүзінде қиямет сағаты басталып кеттіде. Қазақ жерінде былтырғы жылы тамыз айынан бастап періштелер түсіп, енді 9-жыл толғағы болады. Сондықтан әрбір Аллаға, пайғамбарларына, періштелеріне, сүйген құлдары арқылы оқылып жатқан аяттары мен баталарға (уахиға) қарсылық көрсеткен әрбір пендесіне жазылмайтын ауру, от басына қасіреттер келетіні сөзсіз. Дінді білдім деп бірігуді бөлшектегендер, әкім қаралардың бүйрек, бас ауруларымен, тізеден, тобықтан, белден мешеулікке түсіп екі иықтары салбырап, арқа құрысып, маңдайлар тырысып, жалаңбас әйелдердің қолы сасып, етегін түріп алып ары мен барынан айрылғандардың қолтығы тәні сасып, (ииманы жын шайтанға айналып) кеміс, мүгедек ұрпақтардың өмірге келуімен, қанның азу аурулары еселеніп арта бермек. Әлем мед-тинасы Алла тарапынан жіберілетін шипгерлік ілімді мойындап, зертеп иманға келгенше адамзатқа келетін қасіреттер еселеп арта береді. Дін ғұламасымын аруақ деген шерік, серік (аздыратын сыбайлас) деп өзінен-өзі қашқандарға да осындай қыспақтар түсіп, бес уақыт намазының сауабы қара басына да жетпей, сыбайлас дегені өзіне кіріп, дәрігерден жазылмай, шипагерлер іздеп, болмаса тығылып болсада әулие-әмбилер бастарына барып кешірім сұрап, бірі амалына қарай шипа тапса, кейбіреулері күнәсіна қарай жауабын алып, қарабет атанып, тіптен мойындамағандар берекетсіздіктерге ұшырап, өзімен-өзі болмаса жан ұясымен арпалыса бастайды. Бірақ әрбір сөздің немесе істің нәтижесі тізеге, алақанға, маңдайға 666 санымен таңбаланады да, жазасы 3-жыл көлемінде бірде ерте, бірде кеш пенденің алдына азап болып келеді. Көп жағдайда адам баласына неден болғанын шайтан ұмыттырып жібереді. Сондықтанда Құдайдан сақал сұрап мүйізінен айрылған тоқал текедей қара, сақал, қаба сақалдары бар, мақалы жоқ, жалаң аяқ табаны жер анадан ажырап, қатігездікке айналған, жалаң бас жүргендіктен миы ашып түсінікті жоғалтқан, діншіл жастарда көбеюі сөзсіз. Түрегеліп тұрып ит құсап, жер анаға сарығаннан, жыныс мүшелеріне және екі аяғына жерден бөлініп жатқан суық сәулемен тәні арамданса, ал етегін түрген арсыздық қылықтан жатырына дейін қараңғылық басып арамданып жатқан жұбайларымызбен қыздарымыздың да көмегімен жыныстық ит ауруларына ұшыраған еркегіде, әйелі де және құдайдай сенген өздері кімге сенетінін білмеген дәрігерлерде жан ұясымен «емшісымақтарды» жағалауларына тура келеді. «Спид және небір иіс иттерінің» Алла тарапынан түсірілген шипасы да бар! Мүмкін тәубаға келсе шипагерлеріне кездесіп қалар. Әйтеуір Алла шипасын берсін дейміз! Кезінде Ибин Сина, Әл Фараби .т.б аталарымыз да дінмен, әкім қаралармен қәзіргі таңдағыдай қудаланған. Ал шындықтың қай жағында екенін анықтап сол Алланың азабына түскелі тұрған бауырларымыздың жартысының болса да оң таңбалар алып, азабын жеңілдететін екінші жолы бар. Оны шайтанға көмекшілікке жалданған үндеудің егесі айтып кетіпті. Алладан басқаны ауызға алып ант беруге болмайды. Шындығында шайтанды жеңу өз өтірігін өзіне тонын айналдырып қарсы қоюда! Адам баласы нені білмесе содан қорқады. Жаратылыс себептерінің мәнін білмей (жаратқан мен жаратушы) және оларға деген ерекше жек көру сезімін туындату қосымша ашу, ыза мен кектенуді туындатып сүйіспеншілік сезімдерін бүркемелеп жүрекке перде түсіріп, мөрленумен аяқталады. Сондықтан осындай себептердің мәнін білмеуден шарасыздық одан күпірлікті жалған бәсекелестік салдарынан және бұзақылық жолындағы сезімдерді күшейтіп, ақырында елдегі бүлікті, діндегі бірлікті апаттарды туындатады. Басталып та кетті. Сондықтан ондай Құранды кемелденуге, даналыққа емес надандыққа алудан ара жігін ақ пен қараны ажырату үшін жаратушы тарапынан берілітін үкімдерге мойын ұсындыру қажет. Аятта: «Антарыңды араларыңда алдауға сылтау қылмаңдар. Аяқ берік басылғаннан кейін (салт-дәстүрдің бекігеннен кейін, іштеріңнен ғұламалар, әулиелер шыққаннан кейін) тайып (өзге топқа еріп), Алланың жолынан (әдет-ғұрыптан) тосқандарың үшін жамандығын татасыңдар. Әрі сендерге зор азап бар.» (94) «Алланың антын арзымайтын (дүние тіршілігіне, болмаса ішкен жеген тамағымен, туған туысқан т.б ант бер) нәрсеге айырбастамаңдар. Білетін болсаңдар, Алланың қасындағы (сүйікті құлдары) ғана жақсы.» (16-95) Сондықтан қазақта Алланың атымен бостан-бос ант бермеген, немесе қарғанбаған. Жоғардағы үндеу егесінің ескерткен қарғанулары осыған байланысты шығып, шектен шықан жағдайда ғана кісінің атымен (киемен) «Аруағым атсын» деп қарғаған. Жаратушымыз бостан-босқа Алланың атымен ант бермеуді ескерте отырып егерде шындыққа көз жеткізгілерің келсе ғана өлім тілеп және өзіңе лағнет сұрап ақталуға болатынын ескерткен көп аяттарда. Олай болса халық алдында бүкіл Қазақ елінде тіркелген дін топтарының өкілдері, мейлі арнаулы бекітілген мешіт басшысы болсын, нұрландыратын ұстанған бағытының нақты болмысын дәлелдейтін ерекше тұлғаларды кемел адамдарды қалыптастыратын құжат нұралдырушы кітабын Құранмен, Інжіл, Тәурат, Забур қағидаларымен ғана дәлелдеу үшін ғылыми сараптама кеңесін құрып ұсынуға тиісті. Ғылыми кеңес қабылдаған жағдайда ел алдында істерінің хақтығына және ел, халықтар бірлігіне, мүдесіне қайшы келмейтіне топ басшылары төрт (4) рет ант беріп бесіншіде; өтірік айтқан болсам «Алланың қарғысы атсын!» деп жаратушының алдында лағнетін сұрау керек. Және мұндай іс-шаралар бүкіл әлемнің дін кеңесінің көз алдында қабылданғаны мақұл. Бірақ дін кеңесшісінің басты шарты; Алланың жібіне жалғанған дәлелі, белгісі құпия аяттардың көрнісін ашқан еңбегі болу керек! Бұл Яссауи бабамыздың негізгі қағидасы. Сонда ғана халық көп ұзамай ақиқатқа көз жеткізетін болады. Сол сияқты рәсімдерді имамдардан, сопылардан майда топ өкілдерінен де тұрғылықты жерде кіші ант беру рәсімдерін өткізу керек. Құрметті дін басшылары сіздер егерде өтірік айтпай жүргендеріңізді, халық алдында айқындауға, болмаған жағдайда өз бастарыңызға Алланың қарғысын шақыруға өздеріңізге сенімдімісіздер? Ал үкіметтің қудалап соттап жіберген «Ақ жол, Ата жолы» атынан мен Байтасов Тоқберген Кескір ұлы, жоғарыда жазылған және осы уақытқа дейін әлі толық жарық көрмеген төрт кітаптар түрінде жазылған еңбектерімді ұсына отырып, еліміздің және үкімет, әлем алдында Құранның белгісіз жарияланбаған құпия түсініктерін, ғылымын, есептік сандық жүйесін ұсынамын. Төрт рет Алланың атымен ант ішіп, бесіншіден егерде пікірлерім Құранға жаратушы үкімдеріне қайшы болатын болса; «Алланың лағнеті маған болсын!»- деп қосымша ант ішуге «діни сауатсыз» аталған халықтың атынан дайынмын! Ендігі кезек сіздерден ел басшы, дін басшылары! Халық куә болсын кімдерге Алланың лағнеті мен қарғысы тигеніне! Қарасай ауданы. Алғабас ауылы. Бейбітшілік көшесі №6 Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Маусым. 2010 жыл. Құрметті осы мақаланы оқушы! Бұл мақаланы ешқандайда баспасөз баса алмайтындықтан, егер сіз қазақ дін танымына және болашағына бей-жәй қарай алмайтын тегіңізде бабамыз Қазақ Қаһанның және алты алаштың белгісі (алты үйі) ділманы бар болса, әрі қарай ақиқаттан хабардар болғыңыз келсе, үнсіз қалмасыз деген оймен кезек күттімейтін және де халықты өз асыл шежіресімен қауыштыратын, тарихта әлем халқын таң қалдыратын асыл қазыналарды көрсететін уақыт жеткенін хабардар етемін. Алтын адам деген асыл анамыз Ұлсай Емер анамыздың (Алаш қаһан жұбайы, Қазақ, Созақ және Зейнеп анамыздың шешесі) өз атымен аталып және оған қосымша дәлелдер аталарымызбен бірге көмілген, шаң, тот басып жатқан қазыналарды өз ұрпақтарына қауыштыратын, Алаш бабамыздың басын көтеріп, әлемге мақтанатын мезгілі туды! Қазақ халқының өз шежіресімен қайта қауышып, қашанда әлем діндерінің көш басшысы болып ақиқаттың қайнар бұлағының негізін салған бабаларымыздың еңбегіменде өз ұрпақтарымен қайта қауыштыруға өз үлесіңізді қосарсыз деген үмітпен кейбір ел басқарушы азаматтарға жеткізулеріңізді сұраймын. Себебі жариялауға болмайтын, көп ғұламалардың еңбектерін мүлдем теріске шығаратын, қазақ елінің әлем ғылымының алдында жаңа қырынан танытатын, сондықтанда тек ел мүдесіне жан ашитын ел басшыларына ғана жеке берілетін құпия ақпараттардың бар екенін ескертуді жөн көрдім.
Тоқберген (22.08.2010 11:33)
Қазақ дін танымы. Кеше, бүгін және ертең. Қазақта дін ұғымын түсіндіру үшін; дінің- сенің діңің деген сөзді жиі пайдаланамыз. Олай болса; дің дегеніміз тіреу ал тіреуіміз сүйеу. Ойшыл, білімді ғалымдар алдымен өздерінің ақылы мен еңбегіне сүйенеді. Ал өсек теріп, адам аулаған құмардың тірегі не болу керек? Ғылыммен діннің арасында қандай байланыс, қатынас бар? Немен толтырып қалай өлшенеді? Осы мәселеге кірісіп, оның шындық мазмұнын түсіну үшін, діннің де ғылымның да барлық тарауларын түбегейлі тексеріп терең білу қажет. Ондай білімді адам баласын діни сауатты немесе ғалым деп атағанымыз абзал. Ал ондай сыннан өтпей тиіп қашып, үзіп жұлу арқылы бүкіл ғаламдық мәселеге кірісуге болама? Немесе білімім жеткіліксіз екен деп еліңде жүріп жатқан тартыстардан бой тартып, тысқары қалу керек пе? Бүкіл әлемді меңгерген ғалым болу әркімнің қолынан келе бермейді. Бұл бір. Екінші жағынан шала шарпы білгеніңмен өзіңде адасасың. Сонымен қоймай өзгеніде адастырасың. Оның аты «дүмше молда дін бұзар» болады. Енді ондай дүмшелердің басты белгісі өзі нені білмесе сонымен қашанда қорқытады. Ол үшін көпшілікке онша таныс емес, ғалымдардың зертемеген құпиясын ашпаған немесе мән бермейтін белгісіз атаулар мен сөздерді пайдалану олардың басты құралы. Дін қағидасы бойынша жаратылыс сөзден басталады деп түсіндіреді. Ақылды жетілдіру үшін әуелі қандайда болсын сөзге нана біліп, сосын білімін таразыға салып, өлшеп мағына-мәнін тексеріп, дұрыс-бұрысын електен өткізіп, керегін алып, жарамсызын қалдыру керек. Сондай ақылмен болған нанымнан кейін, илану яғни ақпараттарды қабылдап сенеміз. Сенім- көрген, естіген, ұстаған сезген нәрселермен салыстыра отыра таза илану болып табылады. Енді біздердің көрген, білген және жинаған білімімізге сәйкес келмейтін, бірақ киелі кітаптармен түсірілген және ата-бабаларымыздың үгіт насихат, мақал-мәтел, нақыл сөздер түрінде жазылған немесе ауыз екі түрінде қалдырған өсиет аманаттарына да нануымыз яғни илану керек. Бірақ кейде заманымызға сай ашылған анықталған білім, ғылымымызға кейде дұрыс кейде қайшы келіп, әр түрлі пікірлерді туындатып және әрбір білімді немесе ілімді аталған елдер өз сөздерімен, нанымын тықпалап жатса, онда қалай кімге нанып және сенген дұрыс? Олай болса барлық адамзатқа тән ортақ қабылданған жоққа шығармайтын сөздерден бастап тарқатқан абзал болмай ма? Ондай ұғымдар жаратылыс басынан және әлмисақтан әрі және беріде пайда болған шежірелерді жалғаудан барып табылмақ. Ал ондай ұғымдар ғылымы қашанда қарама қайшы пікірлерден туындап, тек нақты іс жүзіне айналғанда нақтылық білімге айналып, белгілі бір мерзімге дейін адамзатқа қызмет етуге тиісті. Ал ілім дегеніміз сол ғылымның негізгі бастауы және әрбір танымал дүниеміздің ішкі және батапқы сыры құпиясы. Бастапқы сырды білу үшін негізгі ішкі сырының білімін жетік білуіміз шарт. Адам өзін білмей және Алланың «өзін» яғни ішкі себеп сипатын танымай жаратушы түгіл, жаратқандыда білу мүмкін емес! Сондықтан ілімді болу дегеніміз, киелі кітаптарға немесе ғұламалар, пайғамбарлар, әулиелер айтып ескертіп кеткен нақыл, өсиеттеге жүгіну арқылы белгілі бір жаратылыс және тіршілік қағидаларын «гипотетузаны» ойлау жүйесін қалыптастыратын яғни белгілі бір сөйлемді ұғымдарды меңгеруді айтамыз. Егер де нақты киелі кітап сөздері болса; аят деп, ал нақыл, өсиет, пікірлерді хадис, насихат, аян деп атаймыз. Қазақ елі исламмен мыңдаған жылдар біте қайнасып, шежіреміз солай жазылғаннан кейін, мойындасақ та мойындамасақта құран атты килі кітапқа жүгінуіміз шарт! Зайырлықта осында! Оған ислам дінін қабылдау арқылы қазақ жерінде жатқан, қазіргі таңда әлемнің өзі толық мойындаған қаншама ғұлама және әулиелер жаратушы мен біздерге ұрпақтарына екі аралыққа куәлікте жеткілікті болмақ. Құран насихатыда осылай түсіндіреді. Демек ислам дінімен арада куәлікте тұратын ғұлама әулиесі бар ел онда аяғын мықтап басқан және дін ұстанымын да солай жалғастыру керек деген жаратқаннан берілген негізгі белгісі. Сондықтан соңғы жүз жылдықтарда басқа елдерде дінді оданда жоғарғы сатыға көтеріп, құран насихатының жаңа қырларын, құпияларын көрсетіп, артында ғылымға да ілімнің яғни сөздің өркен жаюына үннің, сананың жетілуіне септігін тигізетін өзге жұртта ғұламалар шықса, өмірден өтіп, артында ізі еңбегі кітабы болып және міндетті түрде әулие аталған шәкірттері шықса, онда міндетті түрде елеп- екшеп, үндестігімізбен тілімізге зияны тимейтіндей болса қабылдағанымыз абзал. Дін- дегеніміздің қарапайым бір сипаты сөзді дамыту арқылы халықтың түсінігі ұғымын кеңейту болып шығады. Олай болса түсініп, түйсініп оны іске айналдыру тіршілік қамының өркендеуін, әдеби шығармашылықтың көркемделуімен сол ортаның ізгілікті қылығын тудыру керек. Әрбір істің де сөздің де өлшенуі үшін белгілі ғылыми өлшемі қалыптасу керек. Сондықтанда жаратушымыз қылықтардың сөздердің, үндердің, тілдердің, ұғымдардың өсуімен қатар кітаптарды түсіріп өлшемін жіберіп негізгі сыртқы шегін белгілеп қойған. Мысалға; Інжілдің өлшемі-18, Тәурат-23, Забур-27, Құран-32 болып барлығы 100 санын береді. Төрт кітапты қажетінше үніне, тіліне, сөзіне айналдырып іске қылыққа айналдырсаңыз, жүзіңіз жарқын болып, зайырлы, парасатты атанып, жаратқанның нұрынан үлес алғаның. Енді неге онда дінде 72 топқа бөлінеміз деген сұрақ туындайды. Бақсақ бақа екен?-дегендей Адам атаға берілген алғашқы кітап Забур қағидалары болып табылады. Забур арыстан. Дауысты дыбыстардан тұратын ілім. Аңдармен, хайуандармен жануарлар әлемімен байланысты. Барлық дауыстар жиынтығы арыстаннан көруге болады. Қайрат, күш, патшалық. Тәурат отпен судың жемісі; жаратылыстың үні-23. Інжіл- адамзатқа беріліп тұратын тылсымының, өлілердің яғни аруақтың, Раббымыздың үні-18. «Әлһамдулилла-Раббыл-ғаламийн», «Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән»-18. Демек әр пенденің оң қолындағы арап санымен 18 саны жазылып «Аруақ қолда!» деп айтуымыздың өзі інжілді айтып, Ғиса пайғамбарға сыйынамыз. Құран сырының өзі тақтан жұпқа, оңнан теріске немесе керісінше дәрежелену арқылы насихатталады. Тереңге кете бермей 18 саны құран арқылы дәрежелегенде 81, ал 27-72-ге, 23 дәрежеленіп 32 санын береді. Оған нақты дәлел сол қолыңыздағы 18-дің дәрежесі сол қолда 81 болып оқылады. Аянмен де көрсеткен. Кезінде ғалым иманы жолдас болғай Мағжан Ақжанов осылай сандар дәрежесін пайдаланыпты. Әрине болашақта жан ғылымымен болашақта түсіндірілетін нақты аяттары да бар. Олай болса дауысты дыбыстар адамзатта дәрежеленіп, 72 топқа үндестікке айналу керек. 72 түрлі үндік ерекшелігі яғни діндік шариғи ерекшелігі бар елдер, топтар болу керек. Ол ерекшелік неден пайда болады? Тағы құран ғылымына жүгінсек; уақыт немесе «уақ» 3 кезеңнен пайда болады. Сол сияқты жер бетінің де тіршілігі 3 кезеңге ғана бөлініп төрт мезгілден бір заманды беріп отырады. Дәлел; 3 айдан мезгіл, төрт мезгілден жылды құрайды. 72:4=18, 72:3=24 бөлінді сандары нені білдіреді? 18- саны інжіл болып, төрт негігі қуаттық ақпараттық сипатарымен ал жұбыменен 8 түрдің яғни сегіз шариғат-шарио амалдарын көрсетеді. 72х2 болып 144 санымен берілген кітаптар санын көрсетіп шариғат осы санмен оқылады. Ал 24 саны құрандағы көрсетілген 24 пайғамбар, тәуліктегі 24 сағаттың немесе нұрдың санын береді. Бұл ұғымнан 24 пайғамбарға берілген кітаптың үш түрлі амалдар, қылықтар немесе үш пайғамбар арқылы қайталанып қалыптастырылған діни амалдар, құлшылықтар белгісі. Енді 72 амалды бірге яғни «Бір Аллаға» «Бір-ақ тәңірге» жалбарынып; (72+1=73) қосу арқылы, 73-ші топтың сипатын береді. Тағы да құран ғылымына жүгіне отыра, тек бір арқылы ғана қосуға немесе қосылуға болатынын ескеріп, сүйікті пайғамбарымыз бен Мұса пайғамбарымыздың немесе құранмен тәуратың қосылуы 20-шы сүре «Таһа» арқылы орындалу керек. Олай болса 20 санымен тұжырымдалатын 73-ші сүре ұғымына Бір Аллаға сыйыну амалына жүгінсек; «(Мұхаммед) сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болғандардан бір топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жартысында, үштен бір шамасында намазға тұрғаныңды біледі. Сондай-ақ Алла, түнімен күндізді шамалайды. Оған сендердің есептей алмайтындықтарың мәлім. Сондықтан сендерге рахым қылды. (аруақ оятады) Ал енді Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар. (түгел жаттауға, қиындатуға болмайды) Сендерден науқас болғандар, басқалай Алланың мәрхаметінен несібе іздеп, (ел кезіп зират жасап) жер жүзінде кезгендер, тағы басқа Алла жолында соғысқандар (тазарту, емшілік) Аллаға мәлім. Ендеше Құраннан оңай келгенін оқыңдар. Және намазды толық орындаңдар да (зират, тазару амалдары) зекет беріңдер. Және өздерің (аруақ) үшін алдын ала хайыр (құрбандық, садақа) істесеңдер, оны Алланың қасында жақсы, зор сыйлық (қолдау) түрінде табасыңдар. Алладан жарылқау (пайғамбарлармен, әулиелерге, ата-анаға құран бағыштау) тілеңдер. Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейрімді.» (73-20 аят) Құранда сандар, сүрелер жүйесі түгіл бірде-бір бос сөз, немесе тыныс белгілерді де босқа қолданбау шартты үкім. Сондықтан құран оқи сала, артынша түсіндіруге болмайтынын, сөзді санап, астарын зертеу керектігін жаратушы тарапынан да, пайғамбарымыздан да ескертілген. Енді Адам атаға берілген алғашқы 3 нұсқауға тоқталсақ; Біріншіден; рұхты яғни сөзді үрлегеннен кейін атауларды үйретіп (уахи алу), көркем аттар қоюуға тапсырма берілген. Яғни әрбір нәрсеге, жаратылыс егесіне сипатына қасиетіне қарай ат қоя білуді үйреніп мегеруіміз керек. Екіншіден; белгілі тиымдарды тыңдап, шектен шықпай яғни өзіңе шерік қоспау керек. Үшіншіден; істеген күнәға яғни өзіңе зұлымдық жасап, соған байланысты жалбарыну амалдарын меңгеріп, қайта жаннаттық болу. Бұл қағида адамзатқа алғашқы берілген және жалғасты түрде барлық адам ұрпағына тиісті міндетті үкім. Демек адам болып жер басқаннан кейін, тіршілік қамында сүрініп, жаңылып өзімізге өзіміз зұлымдық жасап, сол зұлымдықтарды, күнәларымызды кешірім сұрап өтеу амалдарымен сынақтан өтіп жаратқанға жолығу- діни жол деп аталады. Сондықтан Шәкәрім атамыз ескерткендей дін қашанда қиянаттан пайда болады, қарама-қарсылық заңдылығы. Ал әркім өзіне қандай қиянат жасағанын мойындап білу үшін ақыл, білім керек. Демек ақылсыз иман жоқ болса, иманды табу нағыз шатақ! Себебі дүмшелер айтқандай иман сені ешқашанда өзі іздеп келмейді. Иман табу жолында үнемі «хижра» яғни машақатты сапарда болу керек. Ал намазды тек оқып, иманды үйге келтіретін, ондай шатаққа шатылған дінді аталарымыз; «бүлдіргі» деп атап; «Бүлінген елден бүлдіргі алма» деп ескерткен! Дінді тазасын алып, өз дінімізді өсіріп, жетілдіріп, ғылыммен сәйкестендіріп, заманына сай намаздарды жетілдіріп отыру үнемі қажеттілік. Бірақ сол намазын үйренетін елдің сана-салтына рухани әлеуметтік ділдік өніміне қарай алу керек. Сондықтан бәрінен биік сөз ғылымымен яғни әдеби, шығармашылық, тілдік белгісімен ғана өлшеп алсақ жаңылыспаймыз. Енді тіл неден пайда болады? Жаратылыс негізі екіден тақпен жұптан басталып, сосын төртпен парланып құралып, алтымен қауыммен аяқталған. Екіден тақ жұп мәндерін құрап, әр екінің өз алтысы болса 2х6=12, 4х6=24 болып мезгілдер есебін беріп, отың тілі, судың тілі, жердің тілі, желдің тілі болып төрт негізден 24 үннің негізінен жұптасақ; 48 түрлі үндік белгі болып, жер бетіндегі «қыбыла» саны шығады. Олай болса Мекке негізгі үлкен белгі болса, одан басқа тағы 47-і белгі; «Мұхаммед» атты үндік шапағат жер тесігі, көк есігі бар. Құрандада солай белгіленген. Арап тілдері- судың, латын,иврит тілдері-оттың, қытай т.б азиялық елдер су мен жел, қазақ тілі жер мен жел болып жіктеледі. Ал негізінен жел 7-ден (до,ре,ми,фа,соль,ля,си) ден тұрып ортақ тілмен әр халық өзінің «до»-сын табу керек. Қазақ елі қоңыр үнді «до»-ға жатамыз. Забур жер мен желдің=26 және үш тілдің бірлігі 26+1=27 дауыспен яғни шабытпен, ақындық, жыршылық, шығармашылықпен байланысты. 27-і саны құранда көктен келер түстердің, уахидың, періштелермен кездесудің, аманаттардың, пырақтардың, таудан несібенің, жындармен, жүректердің, істердің белгісі. Арап тілі көктің судың үні. Сондықтан үндер ортасы- жартылай дауысты болғандықтан; Құранды оқығанда өлеңге келмейді және тыйым салынған аяттарда. Әйел дауысы әуезді, төменгі жиілікте құран үнімен сәйкес келетіндіктен, әнге айналып кететіндіктен дауыстап оқуға болмайды деп, сондықтан да тиым салынған. Құран үні қашанда жуанның ортасын тапқан еркек дауысымен араласып мақамға айналу керек. Болашақта жіңішке әйел дауысты еркектер пайда болып, құранды әндетіп оқып, өз зиянына алатын үмметтерім шығады деп ескерткен пайғамбарымыз кезінде. «Еркек дауысты әйелде қуат болмас, әйел дауысты еркекте ұят болмас» деп аталарымыз құранды жіңішке дауыспен оқып қуатын жоғалтып, ал әйелдің қылығы өзгерсе дауысыда өзгеріп, ұяты жоғалатынын ескерткен. Ал Құран насихатының құпиясы тек басқа тілдерге әрбір үнді таңбалап алып, сосын тыныс белгілерін қойып барып, сөздің астарлы мағынасын іздеу арқылы ғана аударылу керек. Сонда ғана бір сөз үш немесе төрт түрлі мағынасын тауып отырады. Қазақ тілі негізінен жермен желдің және судан да, оттанда үндер жиынтығын үлесін алған, көп таңбалы үндер жиынтығынан тұрады. Негізінен жердің тілі 26-62 болып табылады. Сондықтан қазақ қарға тамырлы. Яғни химия ғылымының кілті. Забур тек толықтай қазақ халқының еншісінде. 27 белгінің бәрін сақтардан тараған 16 тайпа «бақанашылдар»-аса таяқ ұстаушылар меңгерген. Ал таңба үндердің ыдысы. Сөз әлемге ортақ базар. Әр елдің құранда өз орны сөз құписын шешуге, жандық ерекшелігіне байланысты сандық мәні бар. Араптың базары 8-де. Ислам елінің көбінің базары 7-де. Ал қазақ елін 9-дан ізде. Қазақтың сол базардан таңбасына қарай алған үлесі де мол. Бірақ өкінішке орай, сол базардағы тоғызбен толғап, түйетін жайлы жоғарғы орнымыздан айрылып; өзімізге, ділімізге зұлымдық жасап алдық. Арап тілі мейлі парсы, иран болсын тілдер ортасы болып табылады. Олай болса даму сатысының шежірелердіңде ортасында тұру керек. Ал құран сөздерінің құпиясын шешу үшін сөздер тарихының басыда, ортасы да аяғы да керек. Адам тілінің негізі шежіре басы қазақ елі болып табылады. Арап танушы мамандар адам атадан келе жатқан ұғымдарды да бұрмалап, арап тілімен сөзімен ғана түсіндіргендіктен, сөз ұғымдары шектеліп, надандықтың құрсауына түсіп, аяттар бөлшектеліп, ғылымы кетіп содан дін азды құран насихаты да әулие бабаларымызбен бірге жоғалды. Мысалға сананы жабу үшін ғана; «Расулаллах ғалейкісаламның қасындағы болған, радиоаллаху әнхулар мағрифат еткендей, тәртилмен оқып, мәжғаппен түсініп, салих амалдармен таухид жасадым.» немесе «жұмаң мүбәрәк болсын», «Аллахым» деп онсыз да жаратушымыз ол күнді мұсылмандар үшін мүббәрәк еткеніне күдік келтіріп және тіл заңдылығын белінен басып, Аллаға серік қосу дін ғұламаларының, баспасөздердің айналысатын тұрақты кәсібіне айналды. Тілді бұрмалап, сөз ғылымын жоғалтумен айналысатын қандай тура дін болмақ? Ал бес парыздан басқа амалы жоқ, ішкі 40 парызының жұбы жоқ, санаты түгі саны жоқ, қандай тура жол, қандай құлшылық? Тілдің үндестігі кетіп, сөздің азуына, біздің европашыл «философия» мамандарыда аянбай үлес қосуда. Мысалға; латыннан «от тілінен» басқа тілде өзгеше бастапқы ұғым болмағандай, шешендік шежірені; «обективті үдерістен, субъективті үдеріске көшумен, методогиялық , символика саласындағы тепе-теңдікті бұзбай, сыни тұрғыда бағалап, техницизм қоғамы туралы, антитехницизм-технофобияның көрнісі пайда болып...» деген сөз тіркестерінен құрылған, жоғарғы дәрежелі ойшылдардың, жоғарғы оқу орындарына арналған «философия» шешендік өнерді қалыптастыру оқулығының көрнісінен қандай сөз түсінетін ұрпақ тәрбиелеп жатқанын көруге болады. Ал дін оқуларының, оқулықтарының көрнісі оданда сорақы, жан түршігерлік кірпі! Бұл біздің бүгінгі дініміз яғни ертеңімізде осыдан нәр алып уланып жатыр. Демек қазақ елінің санасының жабылып, тек басқа елдің ырқынан шықпай, құл-құтандармен, тамақ жеуге құрылған қоғамдық мемлекетке айналдырмақ болған өзге елдің саясатын жүргізуге ғалымдарымыздан бастап, әкім қараларымыз қоштап, діни сауатыларымыз ықпал жасап, өз-өздеріне зұлымдық жасап болды. Сондай өздеріне зұлымдық жасап, жоғалуға тиіс, ордың жағасында тұрған елге қашанда жаратушы тарапынан жәрдем келіп, ерекше хикметтерді, үкімдерді түсірілуі міндетті тарихи оқиғалар жалғасы. Қазақ халлқына бұндай нәубеттер талай келген және жаратқаннан келген хикметтерді меңгеру арқылы ғана әулие бабаларымыз арқылы халқымыз құтқарылған. Әрбір жаңашылдық мейлі ғылымда, мейлі дінде болсын, өткен тарихта болған жақсылықтардың қайталануы деп біліңіз. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан.» деп аталарымыз әрбір 100 жыл сайын елдік өзгерістердің, тылсым жаңалықтарының болатынын ескертіп кеткен. 19 ғасырдың аяғына келген еркіндік алуымызға жаратушы тарапынан қонған бақты қабылдауға өзге жұртан сіңірген сыңар жақтығымыз жібермеді. Қазақ елінде өліктермен сөйлестіру үшін елші пайда болып ; аққу, сұңқарларды дайындап, сөзді тәрбиелеу басталысымен-ақ діндарларда, үкімет орындарыда, ғалымдарда зертеп кемісін көрсетіп, шариғат амалдарын үйретіп, дінмен бірлестіру шараларын ұйымдастыру орнына, құран аятымен қоса; сөйлей білген даттап, жаза білген тірілей қақтап, заңды білген соттап, күл төккенге айдатып жатыр. Пайғамбарлар түгіл, ақын жазушылар да, сұңқарлықты меңгеріп, көктің үнін естімесе, шабыт жоғалып, бос әурешілік болатыны қаперлеріне де кірмей, адамзаттың сұңқары сүйікті пайғамбарымызда «көкқу..гәкку.т.б» аталып кетті. Нәтижесінде Қазақ елі, әлемде дініне өзіне -өзі, әдет-ғұрпына ашықтан-ашық қарсы шыққан, болашақ тарихтың таңдағы болып қалатын, зұлымдықты жамап, қиямет оқиғасын жаратқаннан сұрап алдық. Дәлел; қазіргі таңда болып жатқан түрлі оқиғалар және алдағы 9 жыл үшінде болуға тиісті оқиғалар! Алла жолында үкіметіміз және дін зертеушілерінен тыйым салған, сараңдыққа бұйырған үкім шығарып еді; бәрібір артынша көптеген апаттармен, ескертулермен қоса 45 адамның өлімімен жалпы халыққа мал жұмсатып, бәрібір сыннан өткізді елімізді жаратушымыз. «Қызғанғаның қызыл иттің жеміне айналады» деген белгі. Кімге пайда, кімге зиян келді? Діни сауттыларымыз. Жапырақтыңда өздігінен түспейтінін біледі де, қаншама адамдар тағдырының өліммен, қыспақтармен сыналып мжатқан себебін біуге тырыспайды да. Мүмкін қазақтын, рұхын, ділін жоюға сыртан қаражат бөліп ұйымдастырылып жатқан шаралар деуден басқа қарапайым халықтың жорамалы жоқ. Осындай қарсылықтарға міндетті түрде әр елдің жыл мезгілі ішінде жасаған зұлымдығына алатын жауапты мезгілі болады, белгіленеді көктен. Біздің кезегіміз қыстың басы мен аяғы. «Егерде бастарыңа жаманшылық, қиындықтар келсе оны ешкімнен көрмеңдер, өздеріміздің қол екі істегендерімізден деп біліңдер» деген үкім бар құранда. Жеке пенделерге ондай зұлымдықтардың жауабы үш жылда толық беріледі. Оған дейін жаратушының рахымымен жылына бір, болмаса екі, ескерту немесе әр түрлі аурулармен тәубеге шақырылады. Негізінен құранның жан ғылымы бойынша дәулетті және білімді, ел басқарылуға бұйырылған пенделер, бұрынғы өмірлерінде Алланың құлы болып, қайта сый алуға келгендер болып табылады. Ал жастайынан дінге құмарлықта бұрынғы дінді меңгеріп, кейбір қателіктерін түзеуге жіберілгендендер санатынан болып, көбіміз сол бұрынғы өмірде жіберілген қателіктерді қайталап күнәға одан әрі батамыз. Неге?- деген сауал туады әрине. Бұл Адам атамыздан бастап келе жатқан діннің міндетті өзгермейтін заңдылығы. Өзіне -өзі қиянат жасап барып қана, сол қателігіңді ақылмен өлшеп тауып, тәубеге келмей, кемісін толтырып, түземей жаннаттың исін де сезу, аян алу, тіптен қарапайым ескерту түс көру де мүмкін емес. Түс түзелмей қандайда бір бастаған істің түзелуі немесе дұрыс нәтиже беруі де мүмкін емес! Ал түс көру үшін садақа, зекет беріп, құрбан шалып, зират амалдарын жасау міндетті үкім қазақ баласына. Әр ұлттың дінінің өз ақ бастауы болады. Қазақ елі үшін, мақалдан іске, нақылға айналған яғни ғасырлар тәжірибесінен өтіп әдет-ғұрып болып жазылған, орындауға міндетті бұлжымас заңдылығы болып есептелетін «Өлі разы болмай тірі байымас!». Жалпы қазақ қана емес жер жүзі халқы үшін құран насихаты; мейлі дінші, мейлі әкім, қойшы бұрынғы ата баба салтымен түспен, аянмен, уахимен Алла достары шапағатшы әулиелер батасымен жүрсе ғана әділетті қоғам орнайды. Одан басқа дінде де , тарихта да Алланың жолы жоқ. Сондықтан діншіңде, ғалымда; «Менің білетінім бір ғана, олда менің білмейтінім» деп білмейтін ғылымды іздеу арқылы ғана ұрпақ жалғастығын яғни бес күнге (5000 жылға) шежіре ағашына жалғануын қамтамасыз еткенде ғана бақыты өмір сүрдім деп айтуына болады. Ал шайтан болса, сол бақытқа барар жолдағы басты кедергі болып, алдап, азғырып, аздырушы түрінде адамзатқа тұрақты берілген сынақ. Шайтан қашықта емес; өзіңде, туысқаныңда, ұрпағыңда үнемі қасыңнан табылады. Йодтың, су тегінің және натрий қышқылының қосындысы түрінде адам тәнінен де, көктен де орын алады. Сыртан Ібіліс сөзді салады. Қазақтың елдігін ұрпағын аздыру үшін ең күшті, қаиетті аманатын яғни әлмисақтан бергі антын бұзса болды, Абыл мен Қабыл арасында болған қызғаныш пен көре алмастық, ағайынын оп оңай өлімге қиятын, қастандықтың құрбанына ұшырау даусыз. Ұшырап бастан кешіп жатырмызда. Әйелдерімізге европаша теңдік бердік деп, жүгенсіз жалаңаш көшеге жіберіп, ұят кеткесін іштен «қызыл» «үміні» (имунитет) жоғалып, шеріктер (азғындары) қосылып, азғындық дертіне ұшырап, ұрпақ азып, қайқы құйрық құлдарды көбейтіп қырылудың алдында тұрмыз. Бір жағынан дінменен, екінші жағынан орыстың, европаның тілімен, ана тілімізден қашқан жастарымызда, үлкенімізде жерлік қуатымыз жоғалып, қылығымыз өзгеріп, шерік қосып, қыз теккелер саны күннен күнге артып жатыр. Ақылы толмаған жастарды қажыға немесе умраға деп, кіндігін бекітпей, тегінен үзу үшін, өзге елдің қылығына жалғап, шеріктерін қостырып, діни сауатыларымыз шерік қатып, күдіксіз серік қосып, құран аяттарына ортақ қосып кәпірге айналуда. Шеріктің қағидасын Забурден, ал Забуді Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарымыздардан, ал оны толық мегерген бабамыз Амур Дария Забур патша Таразда билік жүргізіп, Ескендір патшаны еліне қайтарып, өзі Новаиде жатыр. Нанбасаңызда барып тауып алып, сұрауға да болады. Шерік қосудың тағы бір белгісі; «Қызылбастан қыз алсаң, үн жоғалар, үн жоғалса, көкіректен сөз жоғалар» деп арап тектес елден қызын да алуға болмайтынын, шерік қосылатынын ескерткен нақыл қалған бабаларымыздан. Алла жолы мен дін жолының қағидаларының негізі бір жерден тоғысқамен, орындалу тәртіптері бөлек. Меккелік араптар басымдылығы дін жолынан басталып, намаз оқудан басталса, түркі халқы тазару, намаздарды орындау арқылы ғана Алла жолымен намаз оқуға жету керек. Ал барлық ислам елі төрт кітапты бір жүйеде құлшылықта тоғыстыру арқылы ғана намаздарды толық орындап, тура жолға түсе алады. Алла жолының басты қағидасы артық хайыр жасау! Ал қазақтың әдет-ғұрпы қонағымен барын бөлісіп, немесе бір-біріне, ағайдарына қайрымдылығымен, қолындағы бір үзім нанына дейін өле жегенше бөле жеу. Аятта; «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла Тағала оны толық біледі.» (3-92) Шайтанның негізгі аздыру амалы; адамдарды кедейлікпен қорқытып, артық берсең Алла енді бермей қояды-деп, жаратқан атынан уәде беріп, сол арқылы пенделерді сараңдыққа тәрбиелеп, жолдан шығару. Ал қазақ елінде шайтанға көмекшілікке тұрған діншілдермен, европашыл әкім қаралар, тілші жазғыштар арқылы шайтанның үстемдігі қазақ жерінде түгел орнады деп айтсақ жаңылмаймыз. Оған қазанның құлағын ұстап, елді игілікке, ізгілікке шақырушы дәрежесін бергеннің бәрі дерлік, аяғын тәй-тәй баса бастаған ұлы көшті керуенің алдын кесіп, өнімін берсе жеңіліске ұшырайтынын сезгендей жанталасып; «Қазақ халқы бұрыннан адасқан, әулие деген «ширік», адамға пайда да зиянда тигізе алмайды. Әулие аралап, күнәдан тазару деген не сұмдық! Дін ғылымы түгіл жартылыс заңына қайшы; олар жын арқылы емдейді деген не сандырақ? Сонда боқты, боқпен жуып кетіруге болатын болғаны немесе жындар, шайтандар бір-біріне соғыс ашып құртатын болса біз білмейтін жаратылыстың басқа кезеңі басталып, жаратқанға жалбарынудың, құлшылықтыңда қажеті болмай қалады емес пе? Кезінде тәраттықтар Ғиса пайғамбарымызға осылай айтқанда; «Егер бір күштінің үйіне ұрлыққа түсетін болсаң үйдің егесін байлап тастамай үйін тонау мүмкін бе?» деп қарсы астарлы сұрақ қойған екен. Болмаса халықты тазаруға шақырып, Алланға мадақ айттырып, сүйген құлдарына сәлем бергізіп өздеріне жәрдем сұрауды үйретіп, сол үшін жол қаражат және садақа ақшаны жинап, байып кететін болды, садақа бергеннен халық кедейленіп, ал Алланың оған беретін несібесі тоқтап қалуы мүмкін деп, ашықтан-ашық елді құран аятына қарсы шығуға шақыруды, жаратқанның үкімін мазақ қылғандарды мұсылман атауғада ауыз бармайды. Қиындыққа душар болып, жамандықтан, ауруынан құтылуға берген қаражатынан салық төлеу керек. Шариғатта олай, араптарда бұлай..тб. Діни сауаты жоқ адасқандар!-дегендей толып жатқан жарнама елді бір-біріне айдап салған, Ібілістің лаңына белшеден батып, арты әртүлі адамдар өлімімен апатарға, жазылмас ауруларға, ұлттық қайғыға әкелетін Ібіліс жолына яғни өлім жолына түсіп алдық. Жасасын бірбеткейлік, жойылсын ескілік!- деген ұранға айналды. Болашақ бұл бағыттан таймасақ, жастарымыз бүлдіргіге «тероризмге» немесе өзін-өзі өлтіретін жалған діннің құрбанына айналып, жеті айтпақ түгілі сан айтсаңда, намаз оқудан басқаны білмейтін, іштері түтін, сыртының өзі кім екені белгісіз мәңгүт, мақтаншақ, құран жаттағыш надан, тек дінде солай деп айты десе артын тексермей нана салатын әлемдегі екі жүзділер санын толтыра бастайтыны даусыз. Белгілері басталыпта кетті. Аятта: «...Алла бүкіл тәккәпар, мақтаншақты (білдіман) жақсы көрмейді.(23) Олар сондай сараңдық қылып, кісілерді де сараңдыққа бұйырған. Ал кім жалтарса, Алла тым бай, мақтауға лайық.» (57-24) Бірақ; Алла тағала жаман адамдар арқылы да дінін нығайтуға күші жетеді –деп сүйікті пағамбарымыздың өсиетінен күш алып, сонда да аруағын құрметтеп, белгілер қойып, көпшіліке ас беріп; «Ит үреді, көш жүреді.» деп қазақтың әдет-ғұрпын жалғастырып, тағынан түсіп қаламын деп қорықпайтын әкімдердің және құранды оқымай, зертемей жүрегіне жазылып туған діни сауатсыз аталған текті жастарымызбен, көк жиекті көріп өскен санаулы үлкендеріміздің ниетінен, тілегінен жасап жатқан амалдарынан болар, көрші елдерге қарағанда көш ілгеріміз. Құдайға оғанда мыңда бір шүкір етіңіз оқушым. Сондай тегіне тарқан тектілеріміз көбейе берсе деп тілейік! «Сондықтан шамаларың келгенше Алладан қорқыңдар. Әмірлерін (әулие баталарын) тыңдаңдар, бой ұсыныңдар. Сондай-ақ тиісті орындарға мал жұмсаңдар; сендер үшін хайырлы болсын. Кім нәпсісінің сараңдығынан сақсынса, міне олар, құтылушылар.(16) Егер, Аллаға көркем қарыз берсеңдер, (әдет-ғұрыпты орындау) оны сендер үшін неше есе артырады әрі сендерді жарылқайды. Алла шүкірлікті бағалаушы, өте жұмсақ.» (64-сүре 17аяттар) Демек намаз оқып сұрағаныңды ғана алсаң, намаз орыдап артығымен көбейтіп, дәрежелеп аларсың, сараң болма, жомарт ізгі бол дейді жаратушымыз. Онда жаратқанға үкімге қарсы шыққан діни сауатылар, осы уақытқа дейін халықты алдап, Алланың атынан серік қосқан болғаны ма? Олай болса қазағымыздың кейбір әкім қараларымен, жол торушы заңгер, ояз жасауылдармен, жандайшаптары түгел кәпірге айналып, аруақтың назы, құдайдың қаһарына қалатын болғаны ғой? Жоқ! Жаман да болса өз ағайынымыз, өз қазағың, кекшіл болмай көпшіл болып бітімге шақырайық. Аятта; «Сендердің біреулеріңе өлім (ауру) келіп; «Раббым! Мені жақсы бір мерзімге дейін кешіктірсең де садақа беріп ізгілерден болсам! Деуден бұрын өздеріңе берген несібемізден тиісті орынға жұмсаңдар.» (63-10) Болашақтағы қиямет-қайым белгісінің бірі, садақа алатын адамдар болмайды. Себебі садақа сенің қайғың, қасіретің алған аманат жүгің! Ал оны екінің бірі мойнына жүктеп, сенен жеңілдете алмайды. Тек жаратушы тарапынан ғана белгілі адамдарға ұлықсат береді, аянмен ескертеді. Енді жаратқанның мейрімі түсіп, әзірше бір-біріңе садақа беріп, тазарыңдар деп үкім беріп қойса, қуанудың орнына артық қайғыны бастарымызға, жан ұяларымызға, елімізге сатып алғанымызға менің түсінігім жетпейді. Шындығында осындай ақирет сауда-саттығын ұмытырған надандықтарға түсінуге сауатым жоқ деуге болады. Тек менің білетінім; қазіргі таңда садақаның жүгін артығымен жүктелуге ынталылар; мешіт т.б басқалай ақшамен емдейтін емшілер, өз еріктерімен артығымен жүктеліп алып жатыр. Көтергенінше ала берсін, тек арты немен аяқталарын бір Аллаға мәлім. Себебі аруақтардан бата алып, бірлесіп тазару амалдарын жасап жатқан жоқ көбісі. Сондай Алла жолында соғысқандарға тиісті садақаларға әкім қараларда көз алартып, жаратқанның үкіміне ақша төлетіп, ұрпақтарын қысқартып, болашақта келетін сынақтармен, өлімге, қасіреттерге өздерін дайындап жатқан жайы бар. Алла иман берсін оларға, шайтанның шеңгелінен босануға ақыл бере көр деп тілеңіздер ағайын! Бүр күндігін ойлаған, екі күн бұрын қамданар. Мүмкін ақыл аруақпен еніп, күнәсін жуып үлгірер. Сондай болуға тиісті ертеңімізді ойлау үшін де өткеннен хабардар болғанымыз жөн болар. Ал өткеннен қалай хабар білмекпіз? Ол үшін әрбір ізгілікке жақсылыққа бастаған істен, жиіркенгеннен аулақ болып, жалғандыққа себепші болған әдетімізден арылу керек. Шариғаттың негізгі заңдылығы Інжіл қағидасы, насихаты. Ғиса пайғамбарымыздың көрсеткен үлгі, өсиеттері. Адам атадан бері жалғасты келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді құран насихатымен, көктен келіп жатқан уахи батамен ескіргенін жамап, тозғанын жаңалау керек! Тылсымнан түскен хикметтерге, баталарға нақты ғылыми сараптама жасалу керек. Қазақта ондай зертегісі келетін ғылымдар болмай немесе сауаттарымыз, біліміміз жетпей жатса шеттен ақша төлеп шақырту керек! Сырт көз сыншыл, әділдігін айтар. Себебі діни сауаттылардан айырмашылығымыз құдайдың түсірген хикметін көрсеттетін нақты дәлелдермен, шәкіртерімізде бар. Әйтеуір ұраншыл, пәтуасыз асыра сілтеу құрығынан тығылып болса да аман алып қалып, текті шәкіртерді болашақ «қожаларды» тәрбиелеп, халыққа және әлемге де ұялмай көрсеттетін жағдайға жеттік. Бұл жетістігімізге Рабыларымызға мыңда бір алғыс! Діннің нәтижесі, жемісі тірі адамға пайда беріп, аурууынан сауығып, несібесі молайып, ақыл-ойы дұрысталып, әр түрлі қасиеттері оянып, шабыт, өнер, ақындық, шығармашылық, шешендік қабілетімен көріпкелдік (интуиция) сана-сезімін артырмаған дін- адасқан дін. Дін деп айтуға болмайды. Болмаса қандай да бір қасылықтың (жын-шайтан.тб) заманға сай құбылыстың зиянынан ғана сақтануды меңгеру емес керісінше зиянсыздандыру әдістерін меңгеріп жақсылыққа ізгілікке қызмет жасату. Шайтанды нәпсіге, нәпсіні тәрбиелеп өзіңнің қол балаң болғанда, жынды меңгеріп күш көлік қылып малдан, ламға айналдырып қана «Ібілісті» қайта періштеге айналдырып Раббыңа қосыласың. Сондықтан «ештен кеш жақсы» дегендей, алда елмізге, жерімізге келіп тұрған сынақтардан, әр түрлі өлім апаттардан жеңілдікпен өту үшін, қоғам болып ұйымдасып, әлемге үлгі ұрпақтарды емшіліктің, көріпкелдіктің, тылсымның жаңа белесіне көтерілуге жаратқаннан мүмкіндік берілсе, шеттен келген азғыруға еріп, ғылымын білмей, одан неге бас тарту керек? Келіңдер зертеңдер, сынаңдар деп, шырылдап, талайының есігін қаққаныңмен әлі сол үнсіз жартас. Сонда кімдер надан, кімде таза дін бар? Көшеден болмаса, әйтеуір ішімізден өздері қалай жүрерін білмей жүргендерді таңдап тауып алып, болмаса көрмей, білмей алыстан сермеп, оймен жорып, долбарлап жазып, адам жазған шеттен алған заңмен қудалап, енді көктеп келе жатқан дініңнің- діңінің тамырын сумен емес, өтіріктің умен суғарып, тарихта болашақ алдында, таңбаланғандарды; «залымдар, кәпірлер отанын сатқандар» деп атаудан басқа қара халықтың шарасы да нанатын шариғатыда жоқ. Бауыржан атамыз жолдасына соғыстан жазған хатында: «Кемеңгер жігіттерге ақыл айтудан мен аулақ, бірақ ойдағы нәрсе халық ісі болғаны үшін жазғаным еді. Біздің кейбір, әжептәуір адамсынған жігіттеріміз баспа бетінде, көптің алдында «біз қараңғы жабайы, надан, сорлы едік.. біздің дүниені танымаған, даланы жайлаған айуан қатарлы халық едік..» тағы осы сияқты бірнеше жалған, өтірік өсек, қиянат жалынышты сөздер айтып, ел еңсесін селге салып, жер етіп жүргендер аз емес пе? Біздің бабамыз кімнен кем, кімнен сорлы еді? Мың жыл жасаған қазақтың ішінен ақылды, пайымды адамдар бүгінгі таңда ғана шығып па? Кемеңгерлік, данышпандық, ел қасиетін, бабамыздың аруағын тепкен тентектердің аузына қашан тиым салынады? Бабамыздың адамгершілігі, ерлігі, арқылы сипат, салтанаты көп алдында әділ баға алып, немере-шөберелеріне қашан мақтаныш, тымсал мысал болып жұрт алдында еңсемізді қашан көтереді? Басқалар бабалар аруағына сыйынып, бас ұрғанда, ондай міндетті борышымызды басымыздан атқаруға біздің ұялуымызға жол болсын? Басқалар бабаларының мінез-құлқына, өсиет, ақылына, әдет-ғұрпына жаңа өспірім балаларды тәрбиелегенде, біз халық қасиетін, тарихын мәдениет, әдебиетін елден жасырып, архив пен филалға тығып, сүрі еткеніміздің жолы қайдан шыққан әдепсіздік? Ұялмай- қызармай консервировать ету-жастарға қара перде емес пе?...Бояушы бояушы десе, сақалын бояйдының кері келіп, ескіні естен шығарып, жаңаға басы айналған милауларымызды таяқ алып, қой баққаны елге де, іске де, тарихқа да көп олжа болмас па еді... Өз басын, ұлтын қадірлемеген азамат елге тұлға болмас, жат ұлт елдің қадірін адамгершіліктен тани да алмас, оны сыйлап, ізеттеп, құрметтеп те алмас.. Оларға: «Енеңді.. сені де әкең ұлым депті ғой» дегенен басқа не айтамын.» Майданда жүріп елдің келешегін ойлаған, батыр атамыз енді тылсымнан елдің болашағы үшін соғысып жатыр. Елге қорған, артына өшпес із қалдырған аталардан асып қайда барамыз, арамызда елге тұтқа, жылағанға жұбаныш, елдігін жоғалтқан тентектерге тұсау салып, небір сайқал сатқын саясатшылдардыда арқаларынан қағып, ел кемесін жартастарға соқтырмай алып келе жатқан, көңілге жұбаныш кемеңгер ағаларымызбен замандас інілерімізден, аналарымыздан кейбір сөздерім ауыр тиіп жатса алдын ала кешірім сұраймын. Бірақ тарих үнемі қайталанып, сол қателіктерді түзеумен ғана ұрпақ сабақтастығын, өркенитті қалыптастыруға болады. Тек арамыздағы бас бұзар тентектерге, батыр аталарымыз тірі кезінде заңыңа қарсы тұрып боқтай білсе, енді аруақ болып атада біледі демекпін. Аруақтың назы ұзаққа апармайды. Кезінде халық жауы немесе ішіп, жеп қойды деп бір уыс бидайға бола елін, жерін, ағайынымен қоса отанын сататын тентектеріміз әзірше жеткілікті арамызда. Бұрын ағайынын ит жеккен жаққа айдатса, енді дінімен (отанын) қоса тілінде, шежіресінде күл төккенге айдатып жатыр айрмашылығы сонда ғана. Болашақта; «Отырар кітапханасымен бірге, Адам атадан бері жазылып келе жатқан, құранда ескерткен; «Теріге жазылған кітапқа серт!» деген аяттың үкімі орындалып, пайғамбарымыз оқып; «Із бөрі» деп ат қойған, бес әулие батасы бар; «Бес таңба» кітабымыз жарыққа шықанда сонда бәрің, үлгі тұтқан шары бұзылып, шарасыздыққа, бүліншілікке ұшырап жатқан елдерге көшер ме едіңдер діни сауатты және ел тізгінін сеніп тапсырған мырзалар? Кезінде сақтың, тектінің қызы Әмино анамыздан туған Жүсіп пайғамбармен және кейіннен Дәуіт пайғамбарымызға еріп барған сақтың ұлдары қожалар болмаса, құрайыш кімнен тарар еді? Ол қожалардың тегін жоғалтпағандары пайғамбарымыздан ислам дінін үйреніп, бәрібір ата жұртына қайта келді. Сіздерден тентектер әзірге ондай алысты болжар тектілік көрінбейді. Сондықтан да әзірше қазақтың қызы түгіл, еркегінде сыртқа жіберуге болмайды. «Әдеті жаман елге әйеліңді де қонаққа да апарма!» Әлемге әмір жүргізіп, ақыл айтатын қожалығымызды, тектілігімізді таза қанымызды шерік қостыртып бүлдіріп, шерікке тосқауыл болатын дінімізді, әдет-ғұрпымызды жоғалтып алдық Одан да ештен кеш жақсы дегендей, әуелі Ізбөрі анамыздың, сосын Алтай Жүрсін, Алаш қаһан, Бабыралы Бақанас, алтын адам деген Ұлсай Емер анамыздың, Құзын Сауға-Зейнеп анамыздың,.т.б өз кезегін күтіп жатқан жағалы бабаларымыз бен асыл аналарымыздың бастарын көтеріп, әлемге үлгі тұтып дәріптейік. Пайғабарлардың дені сақтан тарағанын, құранда ескерткен тура жолды көрсеткен, әлемді шерік қосудан тазартқан Жүніс пайғамбардың тегі Қазақ, Созақ пайғамбарлардың ұрпағы екенімізді әлемге айтып мақтану үшін, асыл бабамыздың топырағын болса да жерімізге әкеліп зираттайық! Егемендігімізге жеткізген жаратушы алдында қанымен, қыршын кеткен, өне алмаған дәнімен, өркен жаймаған сабағымен садақа берген ата-баба рұхына бәрібір боққа айналар дүниеңнің бір тамшысын садаққаға жұмсағаннан, болмаса жылына бір барып құран бағыштағаннан кедейленген бірде-бір қазақты 8 жыл болды көрген емеспін. Керісінше мыңдаған жан ұяның бақыттың дәмін татып жатқанына құран ұстап ант беріп, дәлелде бере аламын. Надандықтын құрсауынан құтылар бірақ жол, үкімет тарапынан уақыт созбай заңмен қолдап, еліміздің үштен бір бөлігін болсада бабалар батасымен табандарын жаннат есіктерінен өткізіп, таңба алсақ әлемдегі 50 ел қатарына емес, алдыңғы көш басшы елге айналатынымыз сөзсіз шындық. Ал ұрпақтары оянар деп, күтіп жатқан бабаларымыздың сақтап, күзетіп жатқан, ұрпақтарына деген қазына таңбаларды жарыққа шығарайық. Жылқы мінезді текті Қазақтың тектілерінің сынықтары намыстары болса дүбір шықса, тірі өлікке мәңгүтке айналып, жандары өліп қалмаса ұйқысынан оянар деп күтіп жатыр бабаларымыз! Жеке-жеке тапсыратын аманаттары тағы бар. Жүктеліп, лайықты орнына тапсыру керек. Бұл қағида Ясауи бабамыздың пайғамбарымыздың ізгі істеріне жалғап көрсеткен жолы. Ал қауымыңа жеті ата жұртыңа жүктелген аманатқа қиянат жасау, шерік қосу болып, одан аяттарға ортақ қосып, өзіңе болшақ тағдырыңа зұлымдық жасаудың ең үлкені екенін біліңіздер діни сауатты ағайындар. Тылсымнан берілетін бабалар батасымен ғана құран аяттарының насихаттары ашылып, әлемдегі ең озық қасиетті рухани нәр берген, бейбітшіліктің, бірліктің, елдіктің туын желбіреткен, бұрынғы бабалар тарихына шежіремізге қайта ораламыз. Келешек ұрпағымызға алтын ғасырдың дәмін татыру үшін; Алла жолында мал жұмсап, артық хайыр жасап, әрбір әулиенің басындағы тексіздерге көрінбейтін көркем сөз ағашын; көп болып құранмен суғаруға жабылып үлес қосып, жартқанға дұға тілекпен көкке жалғасақ қана, жұлдыздар сәулесі жерге жетіп, аспанымыз ашық, еліміз бейбіт, ұрпағымыз өніп, қарнымыз тоқ болары сөзсіз ақиқат. Бұл аманатқа қиянат жасамаған қазақтың ғана атар таңы және ертеңі! Әлем іздеп басы қатқан тақуалығыңда, заманына сай сопылығыңда, жаннатқа апарар тура жолыңда, дінің де, таза ділің де жемісі сонда ағайын! Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Қарасай ауданы, Алғабас ауылы Бейбітшілік №6. Тамыз айы 2010 жыл.
Тоқберген (22.08.2010 11:34)
Сауға Әзірет Барбол! Датым бар Қайрат Жолдыбай? Атам Қазақтан бастап келе жатқан салтымызды осылайша ырым қылдым. Екі азамат сен үшін қып қызыл шаттаққа дейін барып жатса, қалай сыртан бақылап қарап отырайын, сондықтан сіздерде кешіріңіздер оқырман қауым. Екі азаматтыңда дауының басы; «Дайрабайдан қалған көк сиырға» ұқсайды. Сол көк сиырды «атамнан қалған сарқыт қой» -деп егеленіп жүрген қазақтың бірімін. Оның да себебін алда түсіндіре жатармын. Әңгімеге негіз болған; «Абай уаһһаби ма?» деп аталып Әзірет Барболдың жалаларына жауап –деп Қайрат мырза өзінің жоғарғы дәрежелі дін ғалымы ретінде газет бетінде уақыттарының қымбаттығына қарамастан, жауап пікір таласқа келуі мен үшін үлкен мархамет. Сондықтан екеуі де «Мен» үшін дауға түсті деп сауға сұрап дауға сұрануымымның мәнісі осы. Мен үшін деп отырған себебімде бірі сауатсыз атағандардың қатарынан және бұндай істер әдет-ғұрпымызда болған деп, пікір айтып жатқан қара халықтың қан сонардан із кескен аңшының немесе жолға шығып қай бағытқа қарай жүрсем екен деген жолаушының кейпіне түскен, үкіметіміздің құзырлы орындарымен заңды түрде сотталып; «ит жекен жаққа» емес «күл төкен жаққа» айдалуға дайындаған «Ата жолы, Ақ жол» атты топтың негізгі басты орындаушысының, ұйымдастырушысының бірі болып табыламын. Қанша іргелі ғылымдардан хабардар болып, есептің түр-түрін шығарып кезінде озаттар қатарыннан табылып, елге қызмет жасап әр түрлі мамандықты және қиын кәсіптерді меңгергенмен, Нұр Мүбарак универиситетін бітірген немесе Арапша жүргізіп оқу дәрежесіне жеткен, шетел асып дін оқуларын бітіріп келгендердің алдарында «сауатсызбын». Шындығында Қайрат мырзаға қарағанда арап тілінен әрпін танығанмен, задын білмейтін мүлде қараңғы соқырдың бірімін. Сондықтанда менің пір тұтатын тілмашым Халифа Алтай атамыз болса, қалған дінім де, ділім де қазақтың өзімін. Қош! Мақала барысында екі адамның арасында ғана болатын әңгімелер бар екен оған тоқталмаймын, Өйткені сауатсыз болғанмен әйтеуір мұсылманмын және Әзіреті Сұлтан бабамыз; Біреу сені жамандаса, көңілді бол-деп күнәсінің төгіліп, жақсылыққа жететін ескерткен. Ал Құранда да сондай үкім бар. Мүмкін Әзірет Барболдың Қайрат мырзаға жасаған бір сауабы болар. Енді мені толғандырған мақаладағы; «Үшіншіден мен оқырман сауалдарына берген жауаптарымды исламның классикалық қайнар көздерінен пайдаланып дайындағанымды сен білмесең жұрт біледі. Күрделі сұрақтарға жауап ретінде жазылған бір ғана «Дін мен діл» кітабымды жазу барысында сексенге жуық әрқайсысы ондаған томдардан тұратын исламның классикалық Қайнар көздерден тұратынын сен білмей-ақ қой, оған әр ісімді бақылап тұрған Ұлы Жаратушым мен бөлмемнің бүкіл қабырғасын жауып тұрған жеке кітапханам куә». Олай болса; Қайрат мырза, сіздің қазақ елінің дін істерін жүргүзудегі басты танымал тұлға екендігіңізе шүбәм жоқ және көп еңбегіңіздің оқушысы ретінде Әзірет Барбол ағайыным үшін мен кешірім сұрайын. Жұмсақтық мүміннің басты белгісі ғой. Ол да мына негізінен мен сияқты қараңғы қазақтың мүдесін қорғап шыралдап жүр. Бүлдіріп жүрген мына біздерміз. Жеті жылдың көлемі болды саутсызсыңдар деп бүкіл баспаханаларда өздеріңізде есіктеріңізді жауып алғасын, анда-санда шаң басқан қағаздарымды тесіктерден тықпалап сіздерге аруақтың шаңын апарып түшкіртіп, Мұса пайғамбардың таяғын, Сүлеймен пайғамбардың қамшысын, Дәуіт пайғамбардың үнін салып, шариғат негізі ақиқатта, ақиқат қазақтың бес таңбалы теріге жазылған кітабында-деп, «науша» жасқа келсемде, аруақ десе үйде отырып делебем қозып тақымын қысатын, көптен бері түрткілеп мазаларыңды алып жүрген тазша бала өзімін. «Таздан жарғақ бас туады, кедейден мал бақпас туады, ай қасқадан құла төбел туады» деп аталарымыз бекер айтпаған-ау шамасы. Сырдың бойында туып, массына таланып ақсақалдардың қолына су құйып, сарқытын ішкеннен болар, керек болар деп ескінің бәрін тастамай сіздерше «бүйректен, сирақ шығарып», мазаларыңды алып жүрген жайым бар. Жастайымнан мал бағуды меңгеріп, өсе келе сөз аңдитын, сөз бағушы болып алдым. Енді қалай сөксеңізде ата-баба аруағының алдында жаным пида. Сондықтан сіздің «күрделі» «классикалық», «том томдаған» ойларыңызбен (егерде жекешеленуге кетіп қалмаса) Ұлы жаратушыңыз Раббыңыздан ұлықсатын алыңызшы? Сауалдарым сауатсыздау болса алдын ала кешірім өтінемін! Біріншіден; Ислам класикасында жаратушымен, жаратқанның сипатын қалай түсіндіреді. Сол сізді де мені де жаратушы, жаратылуымыз үшін жаратқанды жаратыпты. Жаратқанды «Бір» деп жаратушыны «Жалғыз» деп, Алла жар бол деп қысқартып, аруақ қолда (аяқта емес) оң қолдағы 18 санымен, сол қолдағы 81-ді айтамыз. Ортасы 63 пен беріліп сіздің кітапқанаңыз сол 63-тің ішінен қағазға түсірілген. Тек күмәнді жері құраннан алшақ кеткен жері болуы даусыз. Құранда да санмен солай көрсетілген. Оның орындаушылары сіздің де біздің де Рабыларымыз екен. Әрине сіздің арап тілінің маманы ретінде күрделі сұрақтарды «шемішкіше шағатыныңызға» шүбам жоқ. Екіншіден; арап тілінің класикалық маманы ретінде тікелей класикасын Абай атамыздың орыс классиктерін қазақтың бай тіліне, ұшқыр ойына қауыштыра білгендей «пәлсәпалық» еңбектеріңізде бар шығар? Бұл сұрақты қою себебім; Халифа Алтай атамыз араптілі маманы ретінде, араптардың өзін мойындата біліп, құпия сөздерді қазақтың бай тіліне жақындата білген және грамматикалық, тыныстық белгілерімен әрбір сөздің баламасын жеткізуге тырысып берген қасиетті кітаптың аудармасы мен үшін баға жетпес сый. Сондықтан қазақтың қара халқының атынан шексіз ризалығымды білдіріп; «Жанны жаннатта болсын» деп үнемі еске алып, басына барып тағзым етіп, зираттап құран бағыштауым парызым деп білемін. Сіз сол аударманы мойындап, болмаса арап тілінен ол кісіден де өздеріңізді жетікпін деп санайсыздар ма? Ол кісі арап класикасынан сіз сияқты көп ізденбегені және дайын тәпсірлерді пайдаланып кіші серік қосылған түсіндірмелерді пайдаланған. Оған қандай уәжіңіз бар? Әзірге ешқандай еңбегіңізден кездестіре алған жоқпын. Және менің сауатсыздар тарапынан сіздерге деген өкпем қара қазандай. Құранның бір әрпі немесе басқалай сөзін өзгерту зұлымдық, күнә болып табылады деп өздеріңіз мысалдар келтіріп айта беретіндей, сол Құранда неге кешірілмейтін баспадан (аудармашыдан емес) қателік кетіп, оны екі-он жылдан бері араларыңыздан бірде-бір ғалым, сопы Құранды қорғаушы қазақ шықпаған? Негізінен Меккелік араптарды ар сотына тартуға болатын қылмыс! Тағы қынжылғаным мақалада Абай атамызға сүйеніп; «Аят, хадис емес қой, Күпір болдың демес қой, Қанша қарсы келсеңіз..» Абай бұл жолдарда аят аят пен хадиске қарсы келудің күпірлік екенін әрі құран аяты мен пайғамбар хадистерінің сөздердің ішіндегі ең қастерлісі екенін әрі олардың қисынынмен қиысатынын жеткізген.» Кешірерсіз бұл сіздің пікіріңіз. Аяғына дейін түсініп оқымай діни әдеттеріңізге басып Абайға жала жаптыңыз Қайрат мырза! Абай атамыз аят хадис емес дегенді астарын айналдыр , сонда хадистің бәрі аят емес ішінде жалғаны аятпен қабыспайтыны бар, абай бол күпірлікке түсіп кетем деп ақылды тұмшалама қатесін ізде деген сияқты. Сондықтан сіздің Бұхари атамыздан берілген хадистерге сүйенетініңіз бір жағынан қуантады. Өйткені Бұхари атамыз алғашқылардың бірі болып 92 санмен белгілеп тек санмен берілген хадистерді пайдаланған. Бірақ сол кездегі білім, ғылым деңгейімен дұрыс келгенімен, бүгінгі таңда аяттардың сандық мәнінен мүлт кеткен жерлері көп. Сіз қалай ойлайсыз? 92 санымен нені меңзеген? Тағы Ясауи бабамыздың еңбегін зертегеніңізді мақтан етеді екенсіз. Сондықтан да неге әрбір хикметтерді санмен белгілеген қандай мәні бар? Негізгі жобасы, ғылымы неше бөлімнен тұрады? Өзіңізге ілімділігіңізге берген бағам бойынша ишандық дәрежеден көп болмаса кем емес сияқты. Ясауи бабамыздың бағасы бойынша ишан екі жанды меңгеруші екен. Бірақ мен сол ишандық немесе хазіреттік дәрежедегі сіздің соңғы еңбегіңізді сөрелерден көрдім бірақ алып оқымадым, себебі алдыңғы кітаптарыңыздан көптеген жан ғылымына қайшы және бірде-бір Ясауи бабамыздың көрсеткен жан ғылымынан хабар бермепсіз, нақты дерек жоқ десе де болғандай. Соған қарап сіздің арнаулы кітап алып,(40 күн аян) ол үшін Мұхаммед пайғамбарымызбен жүздесіп, батасын алғандығыңызға ишандығыңызға күмәнім бар. Айтпақшы ондай араларыңызда кісіліке жеткен кісілер яғни жаратушымыз ескерткендей; «Ілімді іздегеннің үстінде білімді тұратын» аян ғылымын меңгерген ғұлама сопыларыңыз, хазіреттеріңіз барма? Мейлі өздеріңіз танитын арап жағынан болсын. Пайғамбарымыздан қалған толық жорылмаған аян бар еді соны 1431- жылдай өтті мүмкін толықтырып жорыған еңбегі бар шығар. Ясауи бабамыз шешкен екен бірақ толық түсіне алмай жүрген жайымыз бар. Діни сауттылықтың дәлелі ретінде қазақтада ілімділер бар екеніне мақтанайық, аят-аяндарымыз бар әлі құпиясы шешілмеген, елдің болашағынан хабар ортақ ісіміз болар еді. Сіздің пікіріңіз бойынша; «Олардың мазмұнынан Барболдың ешқандай діни білімі жоқ екенін анық байқалады ... қарапайым кітап оқығаннанан да төмен екен» деп ескертіпсіз. Бірақ маған сол сіз сөкен Барболымыз, қарапайым ғана емес жаратушыдан оқылып тұпатын күрделі кітапты (Түс көруді) білетін сияқты сөз саптауларынан. Жақын тарты деп сөксеңізде мен үшін «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» дейтін діни сауаты жоқ ауылданмын. Бірақ жаратушы тарапынан түсетін күрделі кітапты оқуға алған ұлықсатым және нақты әлем әлі білмеген хабарларым бар. Біздер көбіміз сондай тіл ғылымынан бөлек тұратын діни кітаптарды оқымайтын саутсыздар қатарынан боламыз. Оқығым келмейді емес, серік қосылған атаулармен шала піспеген сөздерден, үндестігі бұзылған атаулардан басым ауырады. Әлде мүмкін мен ауру шығармын? Бімеймін... діни сауатсыздық па, әлде адамдық қасиет, тілге жанашырлықтың пайда болғаны ма? Мүмкін себебін білерсіз?. Пайғамбарымызды еске алатын мәуліт туралы көп жаздыңыз. Бірақ сіздер оқитын дін ғылымында әлем ғылымынан бөлек сияқты. Мәулітті өз орнына 32 жылда бір-ақ рет оралатын қылып неге «хижра» жасап жібердіңіздер? Уақыт үш өлшемнен пайда болып, хижраның есебі аймен жұлдыздың (үркердің) тоғысымен өзіңіз жазған қазақтың дәстүрлік жыл санауы екенін білмейді екенсіз? Сондықтан хижра 11 санына тәуелді қарсылық қозғалысын, жыл ішіндегі, ғасырлардағы маусым белгілерін туындатады. 35-пен 36-ның арасындағы қозғалыс жүйесі емес пе? Әлде құранның реттік саның қойған сүйікті сахабамыз қателесті ме? Оған пайғамбарымыздың туылған күнінің қандай қатысы бар? Қырық жыл өмірін неге жоққа шығардыңыздар? Әлде «Мені бауырым Ғисадан бөлме» дегенін оқымадыңыздар ма? Жұманы қалыпты жыл санаумен, қалған құлшылықты хижрамен орындаңдар деген құранда үкім бар ма? Сіздің «Дін мен діл» туралы кітабыңызбен танысуға уәде берейін! Егерде сіз баспасөз беттерінде жәнеде мынандай сұрақтарыма жауап берсеңіз. Ділде ұлтық, үндік белгі бар ма? Болса Құран арқылы сандық мәнін берсеңіз? Тіл неше негізден пайда болып, дін қалай пайда болады? Өзіңіздің нағыз қазақ ретінде, қазаққа тән ерекшелік діндік, ділдік белгіңізді (кодыңызды) көрсетсеңіз? Жалпы дінмен ділдің қандай еркешелігі және байланысын, өлшемін түсіндіре кетсеңіз? Арап танушы ғалым ретінде ол туысқанымыздан да хабар берсеңіз? Құранда қалай белгіленген? Інжілмен, Тәуратты білмесеңдер, түк емесіңдер-деп құранда ескерткендей сол киелі кітаптармен түсірілген сауап амалдарды неге исламнан бөліп тастадыңыздар? «Хижраға» ұшыраған 72 сауап амалды жоғалтып, із кесіп таба алмай жүрсек, ақыл беріп жөн сілтеудің орнына, үкіметке шағымданып, пайғамбарларлар нұсқауларын қудалап, сотқа беріп қазақтың «кісілігін» соттап жамандықты елімізге неге шақырып жатырсыздар? Әдет, ғұрып, салт, дәстүр амалдарына жеке-жеке тұжырыммен сандық белгісін кітапханаңызды ақтарып көріп, шек арасын белгілеп, Құранның асыл сөздерімен қауыштыра кетсеңіз. Мүмкін сонда төрт кітаптың белгісі мен амалдары екенін жаратушымыз төрт мықты сөзбен бекіткенінен хабардар болармыз.. Бұл өтінішім әйтпесе елде ой шебері (шешендер, абыздар) филосовтарда жоғалды да бәрін қысқартып дәстүрге айналдырып жібердік. Әдетің де- дәстүр, ғұрпыңда- дәстүр, салтыңда- дәстүр болып миымыз ашып, тіпті кей ақындарымызда үш негізден тұратын, орысыңа да аударылмайтын «махаббат» атты киені; ғашықтыққа, құмарлыққа, құштарлыққа, асықтыққа, ынтыққа айырбастап үріп кетті. «Абайламаса ақындарға азғындар ереді» деп жаратушымыз бекер ескертпепті! Сөзі азған елге жұлдыздар жерге жақындап, қиямет сағаты «ойбайласу мезгілі» болады деуші еді, әлде жердегі өзін-өзі мақтап ат қойған қаптаған «жұлдыздар» Аллаға серік қосып көке әсер етіп жатыр ма? Жұлдыз адамзаттың ақылының жарығы- деп айтып кетіпті әулие аталарымыз. Осы тіл мамандарының, мәдени майталмандардың осындай қылықтарына түсінуге діни сауатым жетпей жүр. Сондықтан да, Алла сізді мұсыманшылықтан айыратын, өзіне-өзі баға беріп, күпірлікпен күнә жасататын осындай «жұлдыз» ауруынан сақтап, бес күн «жалған!» -5000 жыл шежіреге жалғанып, шежіреден аян алуды нәсіп етсін! Әлемде тәртіп орнатқан Алаш Қаһан, жұбайы Ұлсай Емер (алтын адам) анамыздан тарап, бабамыздың анасы Ізбөрі анамыздың туын ұстаған Қазақ, Созақ бабаларымыздың ұрпағымыз ғой әйтеуір. Бүкіл дін ғұламалары болып басына барып зиратаңыздар! Білмесеңіздер діни сауатсыз болсақта шежіреден хабарымыз бар көрсетеміз. Текті бабаларымыз туралы Інжілде де хабар бар. Араптарды да шақырсаңыздар. Жамақұт аталарыда осы жерде Қазақтың бір ұрпағы ғой әйтеуір. Сауап жинаңыздар! Құрметті Қайрат Жолдыбай мырза, бұл біздердің діни сауатсыздар ішінде күнделікті талқыланып жүрген сауатсыз сұрақтарымызды қойғаныма ғапу өтіне отырып, алтын уақытыңызды бөліп, (нағыз мұсылман екеніңізге шүбамыз жоқ) тек сыздауықтай сыздатқан нәрселеріміздің жарылып, исі шығып, зиянымыз сіздерге тиіп кетпесін деп еміне шипа, дертімізге дауа таппағандықтан ғана осындай әрекетке барып отырмыз. Кім біледі мененде өткен діни сауаты төмен «тазша бала» шығып; Құрандағы барды жоқ қылып, аяттарды ертегіге айналдырып, кітаптарды бөлшектеп, өзі аз қазақты біріне-бірін айдап салып, сыңар езу «Білдіман» жастарды дайындап, Құранды тек арапша жаттатып, көкейін толтырып білімге жолды жауып, санасын өзгертіп, тақ санды дұғаларды шұбыртып, жан ғылымына қарсылық білдіріп, тілдің үнділік санатын бұзып, ғасырлар бойы жиналған асыл қазынамыз ділді өзгертуге тырысып, елдің басына апаттарды, зұлымдықтарды шақыруда деп әлемге жар салмасына кім кепіл? Сүйікті және әрбір намаз оқыған сайын, бірішіден сәлем беріп жүрген, оң жағымызда тұрған Ғиса пайғамбар аруағын «Рахмет» сипатын (Інжілді қара) мазақ қылып жүргенімізді білімді, төбесі тесік христян халқына жетізіп қойса не бетімізді айтамыз? Дінді біріктіреміз-деп ел басшымыз шырылдап жүрсе қарны тоқ дінші қазақтың істеп жүргені қандай опасыздық демей ме? Құдай сақтасын әйтеуір! Сіздердіңде халықтан жинаған садақаны, зекетті әр қазақтың қолының кірі, маңдайының ашы тері мен ата-бабасының төкен қанынан пайда болатынын ұмытпай, діннің негізі сипаты жер ана «отан» екенін ұмытпай, таулардың ар жағына мойынды соза бермей, үкіметтің сенімін ақтап жүрулеріңізге тілектеспіз әйтеуір. «Ырылдасың қаппасың, өзіңнен (аруағыңнан, арың мен малың) жақсы таппасың» дегендей ағайынның аманы жақсы. Тек пайғамбарымыз ескерткендей адамзатта болатын, тозаққа түсіретін үш қателіктің бірі; өзін-өзі дәріптеп, өзгелерден жоғары санап «Білдіманға» айналып, шайтанға жәрдемшілікке тұрудан сізді әрдайым аман қылып, әйтеуір бір баспасөз бетінін таңдап, бес-алты рет пікір алысуға, болмаса араларыңыздан ең ғұлама деген Құдайдың нағыз құлы бар болар деп, осы «үшбу» хатты діни сауатсыздар тарапынан «Датымды» жолдап отырмын. Салтымызды (дәстүрді емес) құрметтейтін әрі жанашыры ретінде жауапсыз қалдырмассыз деп, келесі жолы сіздің дәрежеңізге сай, діни сауатты сұрақтарды қойып, еңбектеріңіздің ішіндегі көптеген мүмкін әдейі байқамай Аллаға ортақ қосқан жерлеріңізді (зұлымдықтарды) жазуға, халыққа білдіруге ұлықсат ете көріңіз! Сауатсыздығым «ныспымнан» (фамилия) білінер. Аталарымды жалғаусыз ататпаймын да, (әркімнің құрдасы емес) қабірінде тыныш жатсын деп, орыс болсада жиендер «Кер-гер» атаның ұрпағымыз ғой, Алланың болашаққа бірлеуіне берілген үкімі, білімі, ғылымы болар-деп, сабырлықпен болашағымды (бала-шағамды) ойлап өзгемеуді ырым қылдым. Құдайға нағыз құл болуға үмітті, діни ағайындар арапқа тартып аталарынан артық болды-деп айтама дегеннен күдікті және елге берген түгім жоқ, өзім үшін оқыған намазым мен жасаған сауабым болса, сіздің ауылдың жасы, кәрісі «намазхан» деп хан сайлап, текті бабалардың аруағының назына қалудан қорқамын. Бір басыма жететін осындай түрлі қайғыларым жетерлік, хош көріп сәлемімді қабыл алсаңыз сіздермен мұңымды шағып бөліспек ойым бар. Сәлемнен екі «меннің» егесі! Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Алғабас ауылы. Бейбітшілік көшесі 6 үй. Маусым 2010 жыл. Бұл мақаланың жазылуына себепші болған Қазақстан атты апталық басылым бетінде қазаққа тән мақалалардың жарияланып мешіт дін танытушылар арасындағы пікір таластар еді. Баспа бетіне ұсынылғанмен басыла қоймады олда мүмкін дұрыс болар. Осы мақалада көрсетілген Халифа Алтай атамыздың аудармасында баспадан кеткен Құранның кешірілмес қатесін мешіт ғұламалары неге көріп араптарға ескерту жасап түзетуге тырыспады? Әлде діни сауатты дегендеріміз араптардың ғана мүддесін жақтаушылар ма? Енді қазақ дін танымындағы 7-8 жыл ішіндегі сыртқы бейнесінің сипатын, тарихын көрсету үшін, осы уақытқа дейін баспасөз және жеке-жеке кейбір зиялы қауым мүшелеріне ұсынылған еңбектердің бөліктерін сіздерге танысуға ұсынамын. Осы мақалалар желісіне қарап діни сауаттылармен зиялы қауымның көпшілігінің және қазақтың мәдени ақпараттық жүйесінің кімдер мүдесі мен ықпалында екендігіне қарапайым халыққа түсінікті болар демекпін. Баспасөз бетерінде кезінде «Зікіршілер кім?» деп Ысматула бастаған топты «Зікір гипноз» деп қудалап, мешіт дін танытушылары үлкен белсенділік көрсеткен болатын. Сол кезде ара ағайындыққа түсіп пікір таласқа шақырған мақалам мен Ақиқат бастауы атты кітабымның бірінші бөлімін Оңғар қажы мырзаға апарып жалпы қазақ дін танымым туралы пікірлесіп, ақ жолдағы бата т.б туралы танысып зертемек болған уәдесін берген болатын. Керісінше баспасөз беттерінде «Ақ жол» деген шерік қосушылар деген бүкіл қазақ тілшілері, діншілері ерінбей жазып, көгілдір терезеден түспейтін әдет пайда болғасын, «Арап емес қазақ болайық ағайын» деген мақала жазып тағы ұсынып көрдім. Ол да алдыңғылар кебінін кигесін, мүмкін жанашыр бір қазақ табылар немесе әкім қаралар құлағына жетсін деген мақсатпен өзіндік құны да алуға қолайлы болсын деп 2007-ші жылы «Құлшылық құпиясы немесе Құраннан үзік бір сыр» деген кітапша шығарып, дін сауатыларын ашық пікір таласқа шақырып және хазіреті мырзаларға да апарып бердім, мүмкіндігімше шығартып тараттым. Сол мылқау көрніс. Оның алдында 2006-шы жылы жан ғылымынан хабар және жаратылыс және тозақ ғылымының құран сырларынан, пайғамбарымыздың өсиеттерінен, Ясауи бабамыздың меңгерген хикметтерінен, Ата жолында түсіріліп, көрсетіліп жатқан құпия ілім көрністерін баяндаған Ақиқат бастауының екінші бөлімін шамам келгенше шығарып, қазақтың көптеген ғалымдарына, зиялыларына ұсынып көрдім. Солардың бірі қазақ философиясының бас ғалымы Ғ. Есім мырзаға өз қолымнан ұсынып, ғылыми сараптама жасап, қателігін айтуын өтінгенмін. Советтік білім алып, бұндай күрделі еңбекті түсінбейтінін мойындап, арап таныушы ғалымдарға ұсынып сараптама жасауға уәде берген, өкінішке орай зиялылықтың зайырлығын өз басым көре алмадым. Тағыда сол үнсіз жауап. Осы басылым бетін пайдаланып, сол кездегі тура жолды түсіне алмайтын діни білімсіздігін мойындағанның өзі адамгершілік деп рахметімді айта отыра, еңбектерін қазбаламай, бірақ кейінен дінді білмеймін деп, дін туралы жазғандарын ғана сынауды жөн көрдім. Бұл кітаптарым көптеген ғалымдармен, сол кездегі бас кітапхананың меңгерушісі болған тектінің ұрпағы ғой деп Мұрат Әуезов мырзаға да ұсынғанмын. Онан кейін жазылған, бірақ аруақтың жариялауға тиым салған, «Құлшылық құпиясы намаздар мен амалдар» атты шағын кітапшаны да осы басылым беттеріне сол қалпында бөлек орналастырмақпын. Бұл еңбектердің қалай жазылғандығы қандай мәнісі болғанын алда «Ата жол» даму тарихы, дін баспалдақтары сипаттарымен қоса таныстыра жатармын. Былтырғы жылы Қарасай аудандық сотының шешімімен «Ата жолы» халықты зираттатып садақа жинап, ел қауіпсіздігіне зиянын тигізіп, халықты кедейшілікке ұшыратып, ауруынан, бәле-жаладан құтылуға берілуге бұйырылған садақадан мемлекетке салық төлемеді деген айып тағылып, басылымымен қоса, жаратқанның заңына, тиым салынған үкім шыққан болатын. Үкіметтің мұндай құран үкімі мен, құдайдың түсірген пәрменіне қарсы шығуы әр түрлі апаттарды туындатып және сондай дінге қиянат жасаушы әкімдердіңде болшағына, ұрпақтарына қасірет келетінін, елді қиямет оқиғаларына соқтыратынын ескертіп мақала жазып көп баспасөздерге таратылды. Баспасөз қызметшілерімен, европашыл мәдениет үлгісін ұстанған ақпарат құзырлы орындардың өзге жұртан келген ақылшылар мүддесін қорғайтыны көпшілікке мәлім. Құдайдың аманатын орындаушы мешіт дін танытушылары бірақ бұл шешімді ауыр жүктен құтылғандай, қуана қоштап жарыса жазғанымен қоймай, маусым айында «Рұхқа табыну шайтани іс» деп қазақ дәстүрлі дінін тамырымен құртуға бағыт алған мақала жарық көруіне байланысты жаратқаннан солар үшін кешірім сұрап, хазіреті дін басшысына да датымды айтып мұңымды шақтым. Ол мақаларды да Мұхтар Шаханов, Есенбай Дүкенбай, Рысбек Сәрсенбай т.б зиялы қауым өкілдеріне де ұсындым. Соңғы кісі қол беріп, өз меншігіндегі баспасөз бетінде жариялауға уәде берген. Мүмкін қанша дегенмен сөз саптауларына қарағанда қара халықтың жоғын іздеуші болып, әділ партия құрып «ақиқат» деп жар салушылар болғасын көпке дейін үміттенгенмен, бірақ ақталмады. Халықтың рухани мүддесін түсінбеген қандай зиялылық, қандай «еркіндік», әділетті қоғамдық ұжым болмақ? Және де алматыдағы нұр отан партиясының әділет бөліміненде табыс етілді. Адам аласы ішінде деген рас шығар, кім біліпті. Қазіргі таңда кейбір шариғатымызға, зайырлығымызға қарсы бір бетінде Абайшыл, Шәкәрімшіл келесі бетте қазаққа жат, немесе жалаңаш әйелдерің сандырағын, болмаса сананың бірлігіне қарсы, қазақ діни ұстанымына ел бірлігіне, ұжымдық салтына қарсы мақала беретін пәтуасыз басылымдардың баспағанына құдайға мыңда бір шүкір! Болашақта бет пердесін нағыз бейнесін көрсетуге ұяла қоймайтын болдым. Сондай әлқиса баспасөз, мәдени майталмандардан әбден түңілгенмен, бірақ желтоқсан айында елге келе жатқан суық хабарды астыртын түрде ескерту, тәубамызға келейік деген шақырумен мақалаларды жинастырып, қолдан келгенінше көптеген баспасөз, көгілдір терезе мамандарына ұсынып та, айтып жеткізіпте көрдім, сол баяғы үнсіз тас жартас. Қазағым қалай ел боласың?-деп Абай атамыз мұңданып, «етекбастыны көп көрдім»-деп бекер айтпапты. Бас қамын ғана ойлайтын етекбастылар елімізде, әсіресе билік бастарында көбеймесе әзірше азаймапты. Арты не болғанын жаратушымыздың мемлекетке де, халыққа да садақаны қалай төлетіп жатқанын төбеңізде тесігіңіз бітеліп қалмаса көріп, естіп жатқан боларсыздар? Ешкінің арандатуына ерген қой мінезден арылып, тылсымға құлақ түріп, европаның тірлігіне, арап елдерінің дініне еріп емес, нағыз діннің, мәдениеттің қандай екенін көрсетіп, өзге елді соңымызға ерте білетін бабалар ізін жалғастыратын уақыт келді. Ал егер бұдан бұлай да осы қалпымызбен, надандықпен бөліне берсек, үлкен шығындар мен садақаны, хайырды еріксіз түрде бір-бірімізге төлейтініміз айдай анық. Үкім түсіп қойған, шегінерге жер жоқ! Бұл бүгінгі дінімізбен, ішкі зайырлығымыздың, сауаттылығымыздың, ел намысының, қоғам құрлысының, елдің сенімін арқалап тізгінді ұстаған әкім қаралардың кішкене ғана сырт бейнесімен, рухани көрнісі болсын , сол қабылданбаған мақалалармен, жазбалармен танысып көріңіздер ағайындар «Ақиқат бастауы, Ақ бастау» атты басылымды өз тарапымнан ұсынуды жөн көрдім. Сабыр сақтасаңыздар айтылатын, жарияланатын құранның аталар салған ізі, тура жолдың қағидалары мен негізі деректерде, құпияларда әлі алда.
Тоқберген (22.08.2010 11:36)
Ұлылардан ұлағат Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмей-тұғын артына сөз қалдырған. (Абай) Ықылым замандарда Қырық қақпалы Сайрам шаһары әлемді билеген Қазақ Қаһаннаның астанасы болған. Сақтан, Қазақтан, Алаштан тараған сансыз (жаратушы нұрына бөленген) бабаларымыздың мекені болған қала. Сансыз бабаны кейін тарихатымыздың дұшпандары арабтан арнайы келгендердің қатарына қосып, ислам дінін таратушы деп, немесе сөз астарын ұқпайтындар саны жетпес дегендей өзгертіп жіберген. Сансыз деп жоқтан бар болуды, бірді атасақ немесе сол Алланың бірлігін, ерекше хикметті меңгеруді айтады. Құранда сендер білмейтін қаншама пайғамбарлар бар ескерткендей исламнан бұрынғы түскен кітаптардан «Ақиқат» негізін қалаған қазақ жерінде 63 пайғамбар және 28 елші жалғастырушы болып 91 кітаптың сөзін «Насят» деп ұрпақтарға аманат қалдырған. 92-ші кітаптың аты «шариғат» болып Мұхаммед пайғамбарымыздың өсиеті мен ізгі амалдары болып табылады. Сондықтан сол 92 кітаптың амалдарынан Құран түсіп тұратын, заманына қарай амалдар нәтижесіне, ел ішінен болған ерекше қасиет берген құлына, аянмен құран аяттарының құпияларын үйретіп отыру арқылы ғана адам баласы ақиқатқа қосылып бірігіп сансызға айналып отыру шарт. Сансыз болғандарды Бір Алла деп, жаратушының тәңірлік сипаттарының жоғарғы сатысын айтады. Шариғат амалдарын шежіреге, ғұрыпқа біріктіре отыра тарихатқа өтіп, тарихатта бата алу (уахи) арқылы ақиқаттың жаңа белесіне өтіп отыру діннің нәтижесі болып, көрнісі шабыт атты пыраққа мініп сөз ғылымын меңгеріп, білімді жетілдіріп жоғарғы өркениетті меңгеру болып табылады. Діннің ірге тасы немесе тамыры «Ғұрыпнама» болып төрт белгімен беріліп отырады; 1. Ай жүзіндей жарқыраған «Нұрлы шежіре». 2. Айтсаң айнымас «Асыл шежіре» 3. Көрсең көзің тоймас, ұрпақ аумас «Алтын шежіре», 4. Атасының борбайын, анасының ойбайын айтар «Аңыз шежіре» (Асан Қайғы) Бірінші белгісі; Айдың жүру жолдарымен өзгерістеріне байланысты түс көру арқылы берілетін оқиғаларды шындыққа шығару амалдары арқылы орындалады. Екіншісі; ауыз әдебиетімен болған оқиғалардың жыраулармен, ақындардың, сыпыра шежірешілердің айтқан өсиеттерінен үгіт алу арқылы беріледі, яғни халықтың жадында сақталған оқиғалар тізбегі. Үшіншісі; жазба, сызба, таңба түрінде қалдырған мұралар арқылы оқылады. Төртіншісі тарихи оқиғалардың аңыз арқылы әртүлі «әлқисаларды» сол жоғарғы деректермен салыстыра отыра ғалымдардың зертеулерінен шығармашылық өнермен, романдар, кино т.б туындылар арқылы толықтырылып жазылады. Халықтың жүрегі кірлеп есту қабілеті әлсірегенде сөздің құны жоғалып, ойлау жүйесі өзгеріп, басқа елдің сөз отарына ұшырау, тарихи оқиғалар жалғасы яғни сөз соғысы, ақыл ойдың соғысы, жер бетіндегі халықтар арасында алмасып, айналдырып отыру жаратушыдан тұрақты берілген сынақ деп біліңіз. Ондай соғыс ғасырларға созылып ақырында бір елді, екінші сөз үстемдігін алған ел, отарлау арқылы нәсілдік сипатын өзгертіп, сіңіріп тілін өзгеріске ұшырата білсе, ондай ұлтта тілімен бірге жоғалып отырады. Бұндай ақпараттық соғыс негізінен сақтардан басталып әлем түрленіп, қайта сақтардың негізгі ұрпағына тектілерге шабуыл жасап, қайта жұтылып, түрленіп отыру жер жүзіндегі тарихи оқиғалар шежіресі «Насият» болып жазылып, «Бес таңба» деп аталып, кейіннен Мұхаммед пайғамбарымыз «Із бөрі» деп ат қойып кетіпті. Сол «Бес таңбаның» төртіншісін аңызын, халық оқыпта көріп те баспасөз беттерінде жазылып та жатыр. Үшінші белгісі болып табылатын нақты таңбамен теріге жазылған кітапты аталар аманатын; Көрсең көз тоймас «Асыл шежірені» ұстайтын да уақыт келер. Әзірше екінші түрі, ауыз әдебиетімен таралған «Айтсаң айнымас асыл шежіреден» сыпыра шежіреші Алиасқар Байғұтұлының (1898-1981) қалдырған мұрасынан танысып көрейік; Жұмыр жердің бетін дүр сілкіндірген және әр қашанда әділдіктің жолын ұстанған, қаһары мен қайрымдылығы тең болған тектілерден шыққан қаһандар, патшалар, Гүрхандар, Хандар, Баһадүрлер, Шешендер, Көсемдер; 1.Кер Сақ-аб сансыз Баба! –Данышпан. 2.Күрең Алаш Сақ-аб қаһан.-Баһаул! 3.Алаша қаһан баһаул! 4.Қазақ, Созақ қаһан-«Баһан-бастар»! 5.Қыпшақ «Атауұлы» (Атила) каһан Баһаул! 6.Тоны Көк білекті қаһан! Бұл дерек шежіреден ұлағат алсақ; Сақтан шыққан қаһан, баһаулдер әлемді өзіне қаратып, сақ мәдениетінің жазу сызу үлгі өнегесін таратып, әділетті заңдарды шығарушы «Ғұрыпнама» негізін қалаған; Сақтың алты ұлынынан тараған ғұламаларды ел басқарушыларды «Сақ-аба» яғни адамзатқа Адам атадан бастап түсірілген негізгі атаулар жүйесінде қалыптасқан «АБ» әліппені кейінгі жаратушы тарапынан барілген түсірілген нұсқауларды «А» әліпбиіне жалғастырып таратушылар. Жер жүзіндегі барлық ғұламалар тегі «АБА»-лардан өсіп өніп араласып таралып отырады. Құран сөзі болашақта құпиясы шешілетін «ОВ» әліпбиі (Крилица) Адам атаға түсіндірілген «А» әліпбиінің жетілдірілген үнді түріне жатады. «Крилица» деген Кер атадан; Кер-аб, Кер-шүк, Кер-ай бабаларымыздан қалған үш түрлі сызба таңбалар жиынтығы яғни Адам ата Нұх пайғамбар қауымынан хабар береді. Енді «Айтсаң айнымас асыл шежіре» өзгерту қиын өлеңмен берілген өсиеттерден мағлұмат іздеп көрейік! Кер Сақ –аб Тұтқа Кербұлқа қаһан! Елтеріс қаһан-Данышпан «Ертіс» «Керүкі Темір Құтылық» қаһан! Амур Дария Забур патша-«Тұрант»! Сауран Дария Жамушын патша «Сурант»! Сары –Оғлан Қарахан патша «Тараз» Санның басы Кер Сақ-аб, Сансыз Баба Сайрамдағы, Мұхаммедте іздеген Кер Сақ-абты! Ол Алланың елшісі пайғамбары! Алты Алаш алтын тамыры жұмыр бастың Жалған деп тіршіліктің бұлағын кім айтады? (Жүсіп Баласағұн) Енді Хасан Азаннуринни Омар Хаямның айтқандарынан: Ия Алла, аян берші сұрағыма Бас иемін Киелі Құраныңа! Қазақ Қаһан туылған Қазығұртта Бір күні жәдігөйлер тұрады ма? Қазақ Қаһан көтерілген биік шыңға Жөгіттерде тырмысып шығады ма? Әділдікті бұрмалап жолын байлаған Мұхаммед пайғамбарға қастық ойлаған, Жәдігөй жөгіттерге жол бермеші! Келмесін қос емердің бұлағына Қазығұрт тектілер шыққан киелі тау! Қазығұрт қоңыраулы «Кемелі тау!» Киелі Анадай «Балбалым – ау» Осы айтқаным жете құлағыңа?! Бес Ана, Көш Ана, Ду Ана бар! Тоқсан екі ұл бергенсің құрсағыңа! Қазақтан тараған осындай ұрпағы бар. Бас иген ғалам жартысы Қыпшағыңа! Меккеге қорған болған Бағдат едік, Бағдатқа бақ қондырған Қазақ еді! Қазақты Қаһан еткен Кер Сақ Аб еді. Ер Қазақ, Мәулім Қазақ, мейрім Қазақ! Дәулетің дәуіріңде тасығанда Аузыңа Төрт Құбыла да қарап еді О, Тәңірім! Тектілердей қасиет бер! Өшпейтін өрнегі Нұр Өсиет бер! Мені де мәңгілікке жаратпаған О, жалған! Сен бір неткен қонақ едің?!-деп Шайыр бабамыздың жаратқаннан сұраған Нұр Өсиетінің тарихын яғни шариғат негіздерінің қалай пайда болғанын Сырым Дат ұлының Бұхара әміршісіне айтқан ескертуінен іздеп көрейік; Сарт садағам тыңдап қой ақиқаттан! Ақарыс, Бекарыс-ау, Жанарыс деп Қозғайсың өзіңе тартып шариғаттан Қазақ Қаһанды айтуға дәтәң шыдымас Жаһанның Машқұр-санат Бәйтерегі. Қазақты қалай қосасың Әлімсақтан Қазақтың алты ұлына әлем қараған Алаша- Қаһанды ұмытпа арын сатқан! Құранда да Алты ұлының аты мәлім Жаһаннамға аттандырайын ба жанын сатқан? «Құрайыш» Ар мен Ғұнның жетінші ұрпағы Мұхаммед анасынан туылғанда Тектілер жөгіттердің ханын құлатқан. Жөгіттер «Етүрей» боп дінге кірді Қожалар тектіміз деп ауып шыққанда, Кербалада Етүрейлер жолын тосқан. Қырылып арап, парсы Кербалада. Пайғамбарды шөлге тастап тұра қашқан. Қол шыққан жер қайысқан Қазығұртан! «Бестаңба» Кер Сақабтың «Ғасыр- табағын» Керейлер Мұхаммедтің қолына ұстатқан! Ақиқаттан Шариғатқа қасиет бітіп, Өсиет қалған «Насият» деп Арыстан баптан. «Ізбөрі» бұрынғы аты «Бестаңбаның» Алланың құдіретімен ілім түскенде, Бес- сақаба оқып шығып осы кітапты, Құранға «Бестаңбаның» нұрын шашқан! Исі мұсылман ағылып Түркістанға Тектілер төрт құбыланың бәрін алды деп Дауыл тұрып, ғаламатты құйындатқан, Өтің жарылып аузыңа келсін Өтірікке атасы жоқ Сырым Датқаң! Сонда Бұхараның бас имамы орнынан тұрып: -«Уа Сырым Датқа! Ақиқат пен шариғат егіз, бірақ бізге «Бестаңбаны» ұстатпайды, сондықтан біз Бір Алланың құзырына бас иеміз. Ал «Бестаңбаны» әркім ұстаса, адам баласы «Қазығұртың» тасына дейін арқалап, әркім өзін текті санап, жер бетінде қан төгіс тоқтамайды» -деп Құраннан аят оқып, Сырым Датқаға ырза болып; -«Біз сізге нала болмаймыз, сіздей пенде туылмайды, жаназа екі жуылмайды. Әділдік сіздің ауызға балын тамызған екен, жолыңыз болсын» - деп шығарып салады. Оян қазақ! «Ізбөрі-Бестаңба» Бес ата болып қазақ жеріне белгі түсті! Тектен қалған нақыл бар; «-Сақ-аб Сансыз Кер Ата! Иманы таза Ар ата! Қазақ Қаһан сиынған, Қарлығаш қанат Ғұн Ата! Бес әулие тоқтаған «Бес тораңғыл»- Тал Ана!» «Сақ-аба»-лар ұрпағынан қалған өсиетті құйма құлақ болсаңыз, көңіліңе тоқып ал; « Қазақ жерінде кісіге несібеге арамдық у қосуға (ғұрыптық салтты бұзуға), жақсылықтың алдын тосуға, жаудан жосуға (бұғып қашуға), сәбидің белін басуға, әулиге тіл тигізуге, ғұламаға қатты сөйлеуге, Елбасыға лағнет айтуға, жарғыларын аяқ асты етуге, мал жайлымдарын өртеуге, сүйген жарыңды перделеуге болмайды». Осы өсиеттер бұзылса; «Қазақ қаһарланса жер дем алады, Керей (Кер Сақ-аб ұрпағы) сұраса, Кербалада көктем болады». (Әмір Темір Көреген). Іліммен пәтуа берушіні «Қожа» десек; «Ең Дәулет, Елдік дәуір, Думанды көңіл, Дуалы ауыз, Сақтан ғұмыр, Әлім сақтан бұрын Қазаққа жұғым болған». (Құл қожа Ахмет Ясауи.) « Түбі тамыры жоқ тал болмайды. Тегі, Елі жоқ Ер болмайды!» -деп бабамыз Қазақ Қаһан айтса, Мұхаммед пайғамбарымыз; «Біз туылған мезгілден бұрын Ата жұрт Қазығұртта көрегендер келіп, ғұмырдың (ғұрып), ілімнің ізінің нұрын бізден бұрын біліпті. Сондықтанда, ілім Тектінің ұрпағына бізден бұрын «ізін» түсіріпті!»- деп толғаныпты. Оған себеп жаратушымыздың Құранда берген мына аяты дәлел болмақ; «Ол қауымды (Тектілерді) іздеуде селқостанбаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, расында оларда сендер күйзелгендей күйзелуде (кәпірлермен үнемі соғыста). Негізінен сендер Алладан олардың үміт етпеген (тура жол, сыбаға) үміт етесіңдер. (Босқа әуреленбей, солардан үйреніңдер!) Алла тағала толық білуші, хикмет иесі.» (Ниса-104) Құрайыштар тегі «Ар» мен «Ғұн» Кер Атаның ұрпағы. Алтыны меңгергесін ақын да, шайыр да шығып, сөз қадірін білгесін Құран түскен. Бірақ тоғызбен толғаудан ажырап қалған. Тоғызды әдетке енгізген Тоны Көк Білекті Қаһан-Жүніс пайғамбар! Сондықтан Құранда пайғамбарымызға; «(Мұхаммед) онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олардың ата-бабаларының бұрыннан табынғандары құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз. (Тура жолды береміз)» (Һұд -109) Сақалды кеудеге түсіріп дін шапанын жамылып «Жиһад» деп елге іркі салатындарды «жөгіттер» деп атаған. Өз елінде жүріп аңқау елді өзге тілдің түсінбейтін атаулармен тілін бұрмалап, аяттарды күшінен қалдырып, халықты дінмен арбаушыларды «арамза молда», «залым ғалым», «адам аулаушы аю» ал Құранда «мұнафақтықтарды сөз аңғарынан байқайсың» деп ескерткен. Олардың тілінен баланы алдаусыратып жұбатқандай бал тамады, май (ғылым) таматын жан дүниеңді қозғайтын тарихтан тағлым алар сөз шықпайды. Ұлтық үндестігі жетілмеген сөздерді жөнсіз пайдаланудан, шала піскен астай болып, жанды улап мастықты туындатып, тіл ғылымның да, дін ғылымының да қазақта бүгінгі таңда беделі жоғалды. Шешендік, билік, абыздық сөз ділмарлығын «философ профессор» деген шенге айырбастап жібердік. Сондықтан сондай шенділерден дәріс тыңдаған, сөз астарын ұқпайтын мастар мен тамырынан ажырап жатқан жастарға тек ана тілінде шарап беріп басын жазса ғана есін жияды. Сол шараптың буы (гипотегендік өріс, ар буы) Алланың сүйген құлдары әулие-әмби сүйегінен жұпар иіс, майдың нұры болып шығады. Сондықтан жаратушымыз; «Зейнеттеріңді алыңдар, табандарыңмен, төбелеріңмен ішіп жейсіңдер» деп ескерткен.Оян қазақ! Ақиқаттың көшірмесін пайғабарымызға апарған кітаптан хабар келді! Сол мұраны қолға ұстау үшін, әуелі жалпы қазаққа ауызға (сөзге) бірлік керек! Құран арап сөзімен емес әлемге ортақ үндер жинағымен берілген. Екі дәрежелі үнді «ОВ» деп белгілегеніміз абзал. Сонда «Иванов» түбінде «ОВ»-ға мұсылманға айналады деген жаратушы тарапынан үкім. «ОВ»-мызды, бірін өзіміз, екіншісі арапты танытушылар қысқартып, тек әкеңді ғана біл деп әкесімен қатар аталғанды мақтан тұтып, дінніңде тарихын шежіресін қысқартып ал тарихта халық есінде әулие болып танылып, дін әлемінде нақты тарихаттың қағидаларын қалыптастырған дана бабаларымызды елдің жадынан алып тастап, дін тұтастығын бөлшектеп жатқан зұлымдыққа бағытталған шариғатымыздан тазарайық ағайын. Діннің өзіндік шежіресі бар! Оны «жан ғылымы» деп атаған Әзіреті Сұлтан әулие бабамыз. Жан ғылымы үндестік заңына, тіл ғылымына тәуелді. Ұлтық дін танымында жан ғылымының көрнісі болып, таза ақпарат, ғылым, халықтар денсаулығы, елдің бірлігі, өркениеттің жоғарғы үлгісін қоса қалыптастыру ғана діннің негізгі нәтижесі болмақ. Сөз ғылымыда дамып, заманына сай жаңа философиялық бағытты, әлемдік өзгерістерге нақты баға және тіршілік ету формалары мен өзгерістерді қалыптастыру шарт. Тура жолын тапқан ел қашанда әлемдер мектебіне үлгіге, Гумиловша «пассионарлық» көш басшыға айналу керек. Дінді тек кітап түскен елдің тіліне ғана байлап, әлем халқын Алланың сөзіне емес, елдің сөзіне табындыру елді мәңгүттікке, қайғы қасіреттерге және жаратушының сынақтарын, лағнетін туындатады. Халықтар шежіресі дінмен біте қайнасып, үнді дамытуға, бірте-бірте үндестіктің бірігуін қалыптастырып, сөз ұғымдарының кеңістігін дамыту арқылы түсініктердің ұқсастығына жету керек. Бірақ тіл заңдылығы, үндестік заңдылығы қатаң сақталу керек! Тіл ғылымы дін ғылымынан үстем болғанда ғана, дінді түсіндіру тіл ғылымына мүлтіксіз бағындырғанда ғана нағыз бейнесін көрсетіп, ел мүдесіне таза ақпарат алуға қызмет етуі сөзсіз. Дін қашанда тілдің даму заңдылығының қызметшісі, шабыттың бұлағы, сөз тазалығының кепілдігін қамтамасыз ете білгенде тура дін болып табылады. Құраннан Алланың сөзінің дұрыс аудармасын түсініп оқып, араптың тілдік үнін емес, Құранның белгіленген аяттар үнін өз үнімізге қосқанда ғана мақамды табамыз. Әр тілдің өз «ДО»-сы, өз жетісі «Си»-үні бар. бар. Ал Құранды жаттап алу, жанды «компютер» қызметін көрсетіп, жаратушымыз арап тілін жетік меңгерген пайғамбарымызға да игілік емес екенін ескерткен. Қазақ халқының дін шежіресі солай жазылып келеді, жазыла бермек. Үнді сөзге айналдыру, әрбір үн атауына ат қою тек жаратушы тарапынан хикметпен ғана сынақтарынан өткен сүйген құлына беріледі. Құранды қазақ тіліне аудару миллиондардың ішінен тек біреуге ғана бұйыралы. Абайын дұрыс түсініп оқи алмай жүрген, қазақ тілін жетік білмеген қазақ баласы Алланың сөзін қалай заматында аударып түсіндірмек? Тәуратта осындай қателіктерден түсінігін жоғалтып бөлшектелген. Құран ғылымның биік шыңы болса оған дейінгі ғылымдарды білмей жабайылап насихатты қарапайым үгітке айналдыру қазақ дін танытушыларының тұрақты кәсібіне айналды. Бұл арап тіліне ғана емес жалпы Құранға қазақ елі атынан жасалып жатқан қастандық, зор зұлымдық! Арап халқының тілін грамматикасын қалайда бүлдіру әректтері. Бұл арандатушылықтан шығар жол тек тіл ғылымының үстемдігі салтанат құру керек. Әр халық өз тілінің заңдылығын қадағалайтын иниституттар құрылуы керек. Қазаққа қазіргі таңдағы керегі сөзбен үннің бірлігі және «Айтсаң айнымас» асыл шежірені қалпына келтіріп, өсіп келе жатқан ұрпақты тек өз тамырынан нәр, таза ақпарат алуды қамтамассыз ету керек. Ол үшін алтауды араздастырмай төртеуді дәрежелеп, 46-ны тауып алайық! Пайғамбарымызда 46 мен ғана бірлікті табатынын ескерткен. Құранды білген, ана тілін меңгерген текті ғана, осы киелі кітаптың қарапайым жұмбақ сөз есебін оңай шешер! Құпия кітапты есеп жүйесін білмей насихаттау, кітап арқалаған есекке, тексізге айналадыруы даусыз. Ауыздың бірлігіне жету үшін текті аталар салған ізбен жүре алатындай қазақша тірлік керек ағайын! Дін түзелмей тіл түзелмес, тіл түзелмей сөз түзелмейді. Болашақ әлемдер басын иетін қазынаны алуымыз үшін әуелі ата дініміздің ғылыми негізін қалап қана надандықтан халқымызды аршып алуға болады. Ал алтын адам деп Қазақ пен Созақтай пайғамбар мен бүкіл ыслабандардың анасын өмірге әкелген Алаш қаһан жұбайы Ұлсай Емер анамыздың басына зиратап белгі тұрғызып әлемге таныстырмақ түгіл кім екенін әлі білмейміз. Алаш қаһан бабамыз бен Алтай Жүрсін бабамыздың ұрпақтарына сыйға сақтаған қазынаны алмақ түгіл үстін күнде шаңдатып, үй салып, таптап қоқыс орнына айналдырып алдық. Алтын адам әйел киімі, енді басқасыда бар! Жүніс пайғамбар бабамызды ұрпақтарымен қауыштыру, топырағын сан ғасырдан кейін туған жеріне әкеліп жерлеп зират ету де кезек күттірмейтін іс. Шыңғысхан атамыз қасымызда, жақын жерде жатқанына шаруамызда жоқ. Бұрынғы астана орнында сарай салып, қазақ елін қырғыннан құтқарған Тұғырыл Торыхан Аякөз патшаны кім еске алады? Үстіне қала салып той тойлап жүре береміз бе? Патшаны құрметтеу, ескерткіш қалдыру, патшаның жұмысы емес пе? Інжілдің негізін қалаған, Мариям анамызға барып бата берген қажы бабамызды «шерік қосу» деп мемлекетімізде, мешітімізде теріс айналып, Ата жолының басты белгісі, таңбасы болып табылатын шырағданды көрмеге қойып, егесін белгісіз қалдырып, болашақ алдында ел басшыларымыз, дін басшыларымыз кешірмес күнәға батуда. Шерік қосушыларға шежіренің әлем қолы жетпеген қазынаның кілтін ұстады ма, діни сауатты ағайындар? Шерік қоспасаңдар, тура жолда болсаңдар, неге құранның қарапайым сырларына, сандық мәнімен оқылатына ақыл-ойларың әлі кезге дейін жетпей жатыр? Әділдіктің жолын бұрмалап, ұлылар ұлағатын аманатын аяқ асты еткен жөгіттерді кім анықтап, кім жазасын береді? Әлде осылай сыртымызды қампайтып, бала-шаға, сыртан келген түлкілерге ірімшік беріп «дін қарғасы» болу қазақтың маңдайына жазып қойылған ба? Сұңқарлар қайда? Жоқ! Айқарақ Керейханмен Жәнібек сұлтан аталарымыз Қазақ бабамыздың атын алғаш жарықа шығарып, дінін сатқан, елін аздырған 19 ханды тірілей хан шыңынан лақтыртып, құранды пайғамбарымыздың хадистерін бұрмалаған дін бұзарларды ағайының болсада басын шап деп үкім беріп, үш жылда қазақ жерінің құстың ұясына дейін түгендеткен екен. Сол жиһадты ырым қылып, дін бұзарлармен, ата салт-дәстүрімізге ашықтай қарсылық көрсеткен 19 пендені мейлі әкім, дін ғұламасы, немесе ғалым, философ, психолог т.б еңбектерін құран арқылы әшкерелеп өздерінің өтіріктен құрылған қақпандарына құран аяттарымен байлап, миларын жаулап алған шеріктерін аластап, халық алдында бет пердесін тірілей сыпыруға тектіден қалған сынықтарды, тума сұңқарларды бірлесуге, жөгіттермен ашық күресуге шақырамын! Бұл «Ақ ұлдың» аманатын жалғастыру деп ұғыңыздар. Орында бар қашанда оңалар! (Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Алғабас ауылы Бейбітшілік. №6 үй.) Шілде 2009жыл.
Тоқберген (22.08.2010 11:38)
Рұхқа немесе ақылға табыну жаратушыдан адамзаттықа берілген асыл қасиет! Ғиса пайғамбар шайтан емес! Я Раббым біздерді егемендік алғалы бері өз рахымыңа бөлеп өзімізді өзіміз кім екендігімізді ажыратып білуге мүмкіндік бердің. Сол еркіндіктің арқасында шет елдік әдепті сағынғанымыз сонша, жартымыз европашыл, қалғанымыз арапшыл елге айнала білдік. Өзің аянмен көрсеткен белгі, дәлелдеріңді әулие-әмбилердің, сахабалардың белгілеп кеткен бағыттан айрылып, енді асыл сөз Құранға, пайғамбарларыңа тіліміз тие бастады. Әрине оның жауабы міндетті түрде болатындықтан біздерді діни сауатсыз атаған қара халықтың сұрауымен мешіт, имамдары ғалымдарының атынан, өйткені олар тоңмойынданып бәрібір кешірім сұрамас деп бір өзіңе жалбарынып Бір өзіңнен кешірім сұраймыз. Елімізді от апаты, су апаты, жол апаттарынан, зілзаладан сақтай көр! Я Раббым! Себебі жақында «Ислам өркениеті» деген қазақ дін танымының жоғарғы көрсеткіші №14(158) 11-20 мамыр басылымында «Рухқа табыну-шайтани іс» деген атпен, адасқан немесе солай тапсырма беріп адастырған пендеңнің мақаласы шықты. Құранның атын жіктеп белгілесек «Рұқ» және «ан» деген ақпараттық белгісі шығады екен, демек Құранның бестен үш бөлігі біздердей күнәкар пенделеріңе түсірген Алланың Мәриемге жалғап Ғиса пайғамбарымыздың көрсеткен ісін «Рұхын», кемел адамның өзіңнің ақылыңнан жаратылу үлгісін мойындап табынуды «шайтани іс» деп әлемде бұрын мұсылман түгіл, кәпір деп атаған наданның да ойына келмейтін қиянатты жасапты. Әрине ондай сөздерден көктер гүрілдеп шытынайтынын сонымен бірге жер бетіне ескерту жаза, әр түрлі жазылмайтын дерттерді жіберетінін Құраннан оқып білгендіктен, жалынамыз, жалбарынамыз, сондай кәпірлік сөздерге бола біздердей сауатсыздарды қоса жазалай көрме! Сауатымыз бар, тек соны дүние мастарға, дүниеге, өзге тілге шоқынғандарға болашақта дәлелдеуге біздерге нәсіп ет! Я Раббым, намаздарды толық орындауға жоба қылып түсірген дәстүрлі дініңе қосымша түсіп жатқан айқын белгілеріңе, үкіметтен ұлықсат қағаз ойлап тауып, әбден жүрегі онсыз да шайлыққан қазақты соттап қудалап жатқан құзырлы орындарда отырған өзің несібесін артық қылып берген пенделеріңнің де бала шағасын жан түршігерлік азаптан, қасіретіңнен аулақ қыл! Әр ұлтың тілдік ғұрыптық ерекшелігіне орай түсірген ережелерді жасынға шығарып, мазаққа айналдырып, асыл дініңді қысқартып, үкіметтен дін бөлек деп, шындығында үкіметтің кейбір шеттің мүдесін, бөшектеу саясатын қолдаған екі жүзді пенделердің шылауында кеткен имамдарымыз бен хазіреттерімізде де сынағыңның жеңілін бере көр! Олар діннің шекарасын анықтай алмай, тілдеріне шоқ түсіп, дін апиынын ішіп шындығында уланған. Ең болмаса ондай пенделеріңе түс көруге мүмкіндік бере көр! «Адамды адастырмайтын бір-ақ жол бар, ол-шариғат жолы. Егер Қасиетті Құранның аяттарынан нәр алып, оның көрсеткен жолымен жүрсең, сен ешқандай жаңағыдай «көлденең көк аттылардың» арбауына түспес едің,» (Басылым бетінен). Пайғамбарымызға да ескерткен жаратушымыздың «Шариғатты жол қылып алмаңдар.» деген үкіміне қарсы шыққан осындай пенделеріңнің елді аздыратын амалының, екі жүзділігінің жазасын міндетті түрде бере көр! Я Раббым тағы үкіметке былтырғы жылы хат жазып; «Еврейлер белгісі Астанада неге тұр?» деген діндер тұтастығын Құран мен Тәураттың бірігуін көрсеткен дін ғалымдарының арандату әрекеттерін де кешіре көр! Үкіметтің кейде саңырау болып, «үндемеген үйдей бәледен құтылады» деген саясатының шарапаты да тиді. Алынған жоқ, жауап та жоқ. Оған да шүкір! Әйтпесе болашақ ұрпақтар алдында ұятқа қалар едік. Я, Раббым біздердің сөз астарын ұғудан қалған дін имамдарымыздың асыл аяттарды мазақтап жатқан надандық әрекеттерімізді туысқан діндерге, әлем алдында жария ете көрме, өйткені сен қашанда рахымдысың! Адасқан көптің жетегінде кеткен ғылымсыз «фудаменталист» діндарларымызды халық атынан өтінеміз, жалбарынамыз өздері болмаса бәле жаланы бала шағасынан аулақ қыл! «Наданның кешірсе де көп қатесін, ғалымның кешірмейді халық бір қатесін.» дегендей өзің түсірген көрсеткен құпия ғылымдарды жариялап көптің тезіне болашақта өзіміз саламыз. Тек Раббым жаңылыстырмай ұлықсатыңды бере көр! Я Раббым «Иман келтіргендерді қудалама!» деген аятқа да қарсы шығып «Ясауи» деген топты «зікір гипноз» деп ел асырып қуып, өзіміз мешіттерде өлеңдермен сарынға салып, қабырғалардың сылақтары түскенше ораза кезінде айқайлайтын болдық. Дінді ойын-сауыққа айналдырудан ислам елдерінде бірінші болып шіркеуден де озатын жағдайымыз бар. Сондықтанда байқамай сарынға басып айқайлап жүрген жастарымызды рухани, мәңгүтке айналатын ауруыңнан, кәпір жының мінуінен сақтай көр! Дінінен адасқан елдерге Құрбан айының алғашқы 10 кеші мен ай бойы тақ пен жұпқа байланысты түсетін азап қамшы ескертудің біздің елімізге халқымызға жеңілдігінен бере көр! Я Раббымыз Алла, бір өзіңе жалынамыз, жалбарынамыз, «Рұхыңа», ақылыңа табынамыз, себебі аятта; «(Мұхаммет) онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олар (қазақтар) ата-бабаларының табынғандары құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз.» (11-109) деп ескерткеніңдей, біздерге нәсіп еткен сый, сыбағаңды үкіметіміздегі, дініміздегі кейбір екі жүзділердің заңымен қудалағанына қарамастан ата –бабаларымыздың басына барып Құран оқып табынып, шайтанға айналған бауырларымыздан өзіңе ғана сыйынуға жәрдем бере көр! Сол екі жүзділердіңдің де бала шағасын азабыңнан аулақ қыла көр! Түбіміз бір қазақпыз! Дінсіз (жеті інсіз) тіршілік болмайтынын түсіндіре көр! Бәріміздің інен шығып қайта жерден ін қазып кіретінімізді, мемлекет діннен бөлек деген кемістердің, жындылардың есін жиғыза көр! Діннің мемлект саясатының киімі болып ел тыныштығының қалқаны, халықтың ден саулығы екенін, дінсіз ешқандай ұрықтың өспейтінін түсіндіре көр! Құранды өлеңге айналдырып жаттап алған дін бұзарларға және хазіреті, имамдарымызға әзірше жоғарғы аяттың үкімін ғана жаттап алуға нәсіп ете көр! Я Раббым «Мешіттерде Алламен қосып тәңір шақырма, қорланған түрде отырып қаласың» деген аятқа да қарсы шығып, 17 жыл болды мешітерімізде тәңірді қоса шақырғанымызға. Сондықтан имамдарға, ғалымдар арасынан барлық таңбалардың саналатын, өлшенетін тербелістік, қуаттық ішкі мәні бар екенін білдіре көр! 17 жылда намаздан кейін тасбих тартып аруаққа табынып құран бағыштап мүмінге ұқсай бастағанымызға ғана шамалы уақыт болды, ондай амалымызды ұзағынан беріп әрі қарай енді намазды орындауды нәсіп ете көр! Араптардай күнде зират үстінде намаз оқымағасын, миымыз ашып мәңгүтке айналудан сақта! Онсыз да тіліміз сақау Құранды өлеңге айналдырып жыршылардай жарысып жатырмыз. Я жаратушы иеміз! Өзің белгілеп берген уақыттың да ғылымын жоғалтып алдық. Көкек деп ат қойып сәуір айы бойы пайғамбарымызды әр пенде құлшылықпен жеке-жеке кездесуге шақыратын мәуліт амалдарымызды да араптарға ұрлатып алдық. Енді пайғамбарымызды 32 жылда бір-ақ рет онда да өлең айтып шақыратын болдық. Жуық арада сол діншілдеріміз шайтанға балаған киелі «Рұхыңның» Ғиса пайғамбарымыздың туған күнімен бірге көршілілермен мәулітті аяз атаны шақырып тойлайтын шығармыз. Әзірге ислам әлемінде, жер тіршілігінде болмаған жаңалық. Сондықтанда сүйікті пайғамбарымыздың көктен түспегенін, қарапайым адам болып жерде туылып, өмір кешкенін, сақтың ұрпағының жалғасы болып бар оқиғалар жер есебімен есептелетінін біздердің имамдарымызға түсіндіре көр! Себебі біздерде хазіретіміз, ілімді имамдарымыз бар тақуалық қағиданы уақ-пен «мезетпен» бірге жоғалтып алдық. Қырықтың қырқасына шықпай ақылы толмаған жастарымызды қажы атап жүрміз. Сақалымыз бар, мақалымыз жоқ. Ақсақалымыз бар пәтуамыз жоқ. Хазіретіміз бар тақуалық амалымыз жоқ. Ондайды білген Шәкәрім атамызды, Абайды түсіндіретін философтарымызды көршілер кезінде атып тастады. Енді барымызға береке беріп, тіл ғалымдарымен, философ ағайындарымыздың тілдерінің, ойларының мүкісіне шипа бере көр! Өйткені өзің Мұсаның тілінің тұтықпасына да шипа бердің! Мешіттерде доп теуіп әурет қабымыз (аура, ісра) азғындыққа ұшырап тақуалықты мүлдем келмеске жіберіп жатырмыз. Сондықтанда Я Раббым, маған көрсеткендей Құранның тек осы уақытқа дейін дұрыс үш-ақ аудармасы болып, ислам түрік тарихында үшінші «Халифа Алтай» аудамасымен бекіп, қалған екісі болашақтың ісі екенін тек өзіңнің ұлықсатыңмен сандар есебімен, көрсетуіңмен ғана аударылатынын қияметке дейін барлығы бес-ақ аударма болатынын хазіреттерімізге ескерте көр! Я Раббым жеке өз басыма Құранды білген соңғы қазақ Шәкәрім атамыз екендігін дәлелдеуге, насихатты (ғылымды) шектеулі түсінікке, түсінікті қарапайым ертекке айналдырған өздерінің мәңгүтке айналғанын білмей елді де батпаққа батырып жатқан діншілер мен тілшілердің зұлымдықтарынан қорғап, баспасөз бетінен еңбектерімнің жарық көруіне аруақтардың қолдауын бере көр! Я жаратушы иеміз! Өйткені сен шексіз жарылқаушысың, біздердің тілек мұқтаждықтарымызды қабыл етіп, жоғарғыдай залымдардың зұлымдығынан дініміздің апиынға, у-ға айналуынан, сондай адасқан мұсылман елдеріңе салған сынақтарыңнан, тобырлардың зиянкестік әректтерінен, біз сияқты артын тексермей сене беретін қарапайым халқымызды, жастарымызды сақтап қорғауға жәрдем ет! Өйткені сенің барлық нәрсеге күшің жетеді! Ақылымызды «Рұхымызды» әрі қарай аздыра көрме! Жоғарғыдай дін бастарында және билікте отырған жаратқанның әр пендесіне ерекше сыйы «Алланың жібі» ақылға табынбай, кітаптан оқып алған, шетен үйренген ақылдары азғандардың өтірік жаласы мен халықты бөлген әрекеттерінен қорға! Бізге түсірген орындаушы «Бір» сипатыңнан ғана жәрдем тілейміз! Өйткені біз иманды өзі келеді деп, араптар сияқты салмақты жерге салып отырушылықпен күтпей, еңбектеніп іздеп, иманды үйге шақыратын ел едік. Сол қалпымызбен қайта қауышуға нәсіп ете көр! Бар игілік өзіңнің құдірет қолыңда. Біздерді надандардың құлдығынан құтылуға жәрдем береді деп бір өзіңе иман келтіреміз. Ерекше дәлелдермен қазақ жеріне түсіріп, батаменен беріп жатқан ақылыңа мойын ұсынып табынамыз! Көп тілегі көл деген ағайын Әумин деп тілеңіздер! Оқырман назарына! Бұл мақала газет беттеріне және көптеген құзырлы орындағы Құраннан құзырсыз ел басқарып бірақ дін ісіне араласып жүрген басшыларға да кезінде мүмкіндігінше таратылды. Негізгі мақсат дін ісінде алауыздықты туғзу емес «Әр нәрсенің нәтижеленетін уақыты бар.» -деп жаратушы тарапынан ескерткендей ақиқаттың да өзін айқындайтын мезгілі яғни қиямет мезгілі адам баласының кезекті жаратушысының алдында есеп беретін уақыты келді. Қазақ халқы аруақтан бата алып есеп беріп жатқанына он жылданг асты. «Жел тұрмаса шөптің басы да қимылдамайды,»- деп бабаларымыз аманат еткендей, жаратушы тарапынан белгі болмай ағаш жапырағы да жерге түспейді. Бұл дінді білемін деген пенденің бірінші білуге тиісті қағидасы. Қазақтың әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрін және қазақ жерінде болып жатқан өзгерістерді жазған «Ақиқат бастауы» атты кітапты мемлекет қауіпсіздік мекемесі таратуға тыйым салып, аруаққа табынып Аллаға сыйынған дәстүрлі дінді қудалау салдары басты себеп болды деуге болады. Қызылорда обылысы бойынша 2008 жылы мешіт дін танушыларының «Ата жолы» атты елді иманға шақырғандарға қарсы көгілдір зкранда, баспасөз беттерінде ашықтан ашық тиым салып, қудаланып кейбір ордаларды сотқа дейін апарып айып пұл салынды. Осындай жағдайда батамен аруақтардың сабырға шақырып, жаратушы тарапынан ескертуі белгісі болатынын хабар келді. Көпшіліктің ескертуіне қарамай бұндай істің үкімет тарапынан тоқтатылмаған соң екі ай ішінде обылыс әкімі мінген тік құшақ құлап бес адам қаза болды. 2009 жылы «Ата жолын» қазақ дәстүрлі дінін Қарасай аудандық соты сәуір айында күнге табынған «Фархат ата» деген топпен қосып баспасөзімен бірге тиым салған үкім шықты. Артынша Алматы обылысына қарасты қару жарақ қоймасы өртеніп, кейіннен Қазығұрт тауында тік ұшақ оқиғасы дәл сыр бойындағыдай қайталанды. Ғиса пайғамбарымызды және киелі рухымызды шайтани іс деп дін басылымдары ашықтан айыптағаннан кейін бірде-бір үкімет немесе қазақ ғалым, жазушы қауымы жауап бермегеннен кейін енді нақты Астана қаласында өрті жағдайдың қайталануымен 9 еркек, 5 әйелдің құрбан болуымен ірі ескерту болды. Құран ғылымына жүгінсек Қазақ елінде дін ісінде 9 түрі бұзықтық, әйел халқының бес қуаттан айырғанын ескертеді. Мұса пайғамбар кезіндегі дінге деген ашық қарсылықтың белгісі мен сол кездегі елдегі болған әр түрлі апаттардың қайталанатынын ескертеді. Әр нәрсенің міндетті түрде жұппен және парымен жараттым деген жаратуышымыздың ескертуін ескерсек бұндай апат қазақ жерінде діндегі, елдегі бұзықтықтардан тиылмаса міндетті түрде қайталанады деп біліңіз. Осы жағдайдың әртүрлі европалық жыныстық еркіндігін ошағы «сауна» деп аталатын ойын сауық орнының өртенуімен қонақ үйдің толық жанып кетуімен аяқталған өрт адам шығынысыз тағыда Астанада қайталанды. «Сақтансаң сақтаймын!» деген уәдесін де ескергеніміз абзал. Басты мешітіміз Мекке қаласында қажылық кезінде, қажылыққа барған 13 адамның өлуімен ескерту берілді. Құран ғылымына жүгінсек Меккеліктердің Алланың түсірген нұсқауларын, аяндарын мойындамай Алланың жібін үзіп алғандығын білдіреді Ескертуден қортынды шықпаса бұндай апатты жағдайдың қайталануы сөзсіз. Тек қалай болатынын біздерге құпия. Сол сияқты Алматы қаласындағы орталық желтоқсан алаңының жарылуы да ел болып жаратушыдан кешірім сұрауымызды қателіктерді түзеуді күтіп тұр. Бұл туралы екі жыл бұрын кітапқа жазғанмын. Құран аяттарын күшінен қалдырып, ашық ескертулерге мән бермей, бәрі адам қолынан келеді деп халықты қайғылы жағдайларға апарып тіреуден артық зұлымдық болмайды. Әлем халқы осы қасіреттің алдында Әлемге келген адам ақылы жетпейтін аурулардың, кесепаттардың шешімі тек Құранға жүгініп өз шежіремізге, тарихымызға, әдет-ғұрпымызға қайта оралуымызда ғана тұр. Шет елдің азған мәдениетімен, тозған дінінен тек халықтың қайғы қасіретімен, тексіз ұрпақтарды көбейтіп түбінде үлкен апатпен жоқ болуға апарып тірейтінін ел ағаларымен, зиялы атты қауымның түсінетін естерін жиятын, аналарымыздың етегін жабатын, ұл- қыздарымызды тәртіпке тәрбиеге щақыратын уақыт жеткен сияқты. Ел боламыз десек халық болып , тылсымға жаратушы үнімен, аманатқа қиянат жасамай, бабалар батасымен сөз бесігін тербетіп, «көсегемізді» көгертейік! Сол арқылы қазақты бұрынғы бабалар жолымен ғана әлемде болып жатқан қасіреттердің шешімін тауып өзге елдіде ескертулерден туындайтын болашақта әлем алдында тұрған үлкен апаттардан аман сақтау жолын көрсеттетін ақылшы үлгі елге айналып, Алаш Қаһан бабамыздың туын әлемнің бар түпкірінде қазақтың қара домалақ балалары тағы да желбіретері сөзсіз. «Алтын адам»-деп әлемге жарсалып жүрген «Алтын ана» Ұлса Емер анамыз! Бұл біздің сақтардан бастап келе жатқан әйелдер теңдігіміздің көрнісі. Анаға табыну! Тарих түрленуден соң қайталанады. Шариғат сегіз түрлі, ақиқат тек бір сырлы. Кілті қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрінде. Ақыл ойдың еркіндігінсіз, шежіренің күрмеуін шешпей, ашық дәлелдерге мойын ұсынбаған ел тура жолын табуы мүмкін емес! Жат жұртың әдетіне деген сағынышымыз басылып, Адам ата өмір үрген киелі жерімізбен, бабалар аманаты асыл дінімізді қастерлейтін уақыт жеткен сияқты. «Адасқанның айыбы жоқ, қайта қазығын тапқан соң.» -деп адасқан өзге елдің салтын дәріптеп жүрген ел, дін бақарушыларын ауылға қайтыңдар бауырлар, аталарың бата беремін деп күтіп жатыр. «Батаменен ғана ел көгеріп, мөлшермен берілген жаңбырмен ғана жер көгерер!» демекпін! Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Алғабас ауылы Бейбітшілік №6 2009 жыл шілде айы.
Тоқберген (22.08.2010 11:40)
Тарихқа тас атып, өз аруағын соттаған діншілдер мен Заңшылдар! Құран аяттары мен пайғамбарымыздың астары терең қасиетті хадистерін жалпы халықты былай қойғанда, араб тілін жетік білетін мамандардың өзі жігін ажыратып, пәтуа (шешім) шығаратын адам алдына мыңдаған хадистерді саралап, барлық Құран аяттарына мұхият көз жүгіртіп шығуы тиіс. Мұнымен қоса сол мәселедегі өз сахабаларының (әулие-әмбилердің) айтқан сөздері мен берген пәтуаларын (бәйіттерін) әрі кейінгі келген ғұламалар (Ясауи, Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім т.б) көз қарастарын білуі қажет. Бұларды кез келген қарапайым адам ара жігін ажыратып шариғи (дәстүрлік) үкім шығара алмайды. (Әбсаттар Дербісалы пәтуасынан) Енді пайғамбарымыздан; «Расында сендер өздеріңнен алдыңғылардың (ата-бабаларыңның), әдет –ғұрпына сүйем бе сүймеймін бе, кез бе кез (қалай орындаса дәл солай) ілесіңдер»-деді (1378, 3456 хадис). Тіптен бұрынғы аталары яһуди немесе христян болса да тұрмыстық ерекшелігін сақтауды бұйырған. Ал әдет-ғұрып болса; «Ғаламның барлық ғажайыптарын тану қажеттілігінен, өмір мен өлім мәселесінен, тосыннан келетін қасіреттермен жамандықтардан сақтану мен өзін қоршаған табиғат анаға деген мұқтаждықтармен өлген ата-баба рұхын қастерлеуден және құдайдың көрсеткен құдіретеріне бағыну шараларынан әр халықтың өзіне тән наным сенімі мен ұрпақ өндіру, ден саулықты сақтау тәсілдерінен туындайды. Қазақ елінің ерекшелігі тылсым үкімдері мен Құдай құдіретіне бас иіп «Алла жар бол аруақ қолда» деп тіршілік заңдарын қалыптастырған. Әр елдің жаратушы алдында өз мүддесін ерекшелігін білдіретін «Атманмен» яғни Абайша айтқанда «Менімен» табыстыратын «Карма» заңы бар. Жеке пендеден бастап, ел мүдесімен, тылсым қағидасымен аспан, жер мәдениетімен үнемі байланыста тұру үшін ұлтық, тілдік өзіндік дін мәдениеті бар. Әлем болып адамның өзі-өзі жетілдіру, сонымен бірге табиғи ортаның құпия болмысымен үйлесімділікте өмір сүру, табиғат әлемінің аспан мәдениетінің қалыптасуына ықпалын тигізіп әр түрлі табиғи апаттармен, өмір сүру ерекшеліктерінде пайда болатын кеселдермен, сонан туындайтын қасіреттерді жеңе білу әр ұлттың тарихы, әдет-ғұрпы яғни салт-дәстүрі діндік ерекшелігі, ұрпақ өндіру, ұрығын сақтау тәсілдері болып табылады. Ел мен жер аспан арасындағы тұтастықты бұзып, іс-әрекеттердің бұзылуы әр түрлі елдерге еліктеуден, және ар таразысынан өткізбей алынған, өзге жұртың әдеттері мен тіпті озық технологиялық, шаруашылық ықпалдары, сол өмір сүріп отырған аспан мәдениетімен жер өңдеу өркениетіне әсерін тигізіп және жаратылыстағы көрінбейтін жаратылыс егелерінің қақтығысын туғызып, бұл күштер бір-біріне соқтығысып, сонымен қатар олардың салдары сол жерде өмір сүріп отырған елдің, ұлттың қайғы қасіретіне әкеліп соқтырады. Жаратушыдан тарих деген шежіреге берілген дін заңы. Әрбір тұрғынның Ар заңы. Арың адалдап жиған иманыңның шамасы болса, Уақ нәсілдік тілдік сырқы көрніс дүниеде барың. Тағдырыңның уақыты; мезет, мінез көрсеткіші. Кезінде «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» деген ұран «Зәкүн» шығып талай жоспарды орындау мақсатында талай Мырқымбайлардың сауын сиырымен қоса соттаған «зәкүншіл» қазақтар тіптен орысқа жағамын деп «Өзің комсомолсың неге талқан жейсің?» деп талай «Мырқымбайларды» атып та тастаған екен. Сондай «зәкүнді» орындау үшін «Әкесін де талға байлап сабайтын» қазақтар өмір сүріп жатыр арамызда десе сенбес едіңіз. Онда куә болыңыз әр елдің өзіне тән жаратушыдан берілген ұлтық құндылығы бар. Мысалы Қытайдың қатындары бала туымен, көбею қасиеті болып сондықтан халқы ұрпақ өсіру үшін мемлекетінен «лицензия» алады. Біздердің ақылымызбен әрине ақымақтық қытай «жынды». Сол сияқты қазаққа тән қасиет бірін бірі тазарту емшілік. Сондай әлі медтина тарихында құпиясы әлі ашылмаған емдеу, тазарту қанға сіңген жаратушыдан берілген қасиет «жындысын» да емдей білген. Сол қасиеттер қайта бас көтеріп жаратушыдан Құран арқылы үкім түсіп, халық бірін бірі жынды судан қазаққа жат қылықтардан адамгершілікке тәрбилеп жатса яғни ата дінімізге шақырып жатса оған үкімет басында отырған құдайдың құлдарынан құдайдың ісіне «лицензия» алу керек екен. Сондай қазаққа тән «жындылықтың» арқасында әлемде дін тарихында болмаған, ислам дінінің ішінен пайда болған «Ата жолы» деген «ТОО» мемлекет «Зайырлығына» (Зайырлық-адам баласының ішкі құпия қасиеті) және милиондаған кәпірлер арсыздық істерімен тіптен пайғамбар суретін мазақтап салса да, әлсірете алмай жатқан жаратушы сипатын, қазақтан пайда болған «ТОО» «серік болып», белгісізге белгілі болып қосылып кету қаупі туындағаннан болу керек, мешіт имамдарының қауіпсіздігін және заңымыздың әлемдер діндерінің құрылтайы алдындағы көрсеткіш мақтанышымыз болсын деген ниеттенде болу керек, енді сол Ата заңымызбен «Ата жолын» соттапта үлгіріпті. Әрине жас мемлекет болғаннан соң «әбүриін» жаба алмай жүріп әкесіне ақыл айтқан жас баладай , әлем діндерін біріктіру мақсатында сыртқы жауларға көрсеткен қыры және тағы орыстардың «Бей своих чтобы чужие боялись.» деген ұранын бетке ұстаған жоғарғы лауазымды «зәкүншілерде» ескерткен болуы керек, заңның қағидасына сыйғызу үшін Құранға қарсы шыққан «Аля- Аят» деген адасқан әр елден жиналған топқа «Ата жол» «Ақ жол» деген атпен қазақтың дәстүрлік дінін әдеп –ғұрпын дәріптеп жүргендерді бір қазанға салып қайнатып, оларды араби дін танушылар Құранда да, ғылымда негізі жоқ дәлелдермен арандатып, ал европа тымауына ұшыраған бір топ заңгерлер ойдан шығарған пәтуасымен «Құдайды» Құранмен қоса соттап, қазақтың еркіндігімен зиялылығының, дін танытушы ғалымдарының бейшара халінің әлем алдында алатын ішкі «зайырлығының»(құпия бекзаттығы) мақтанышының көрнісі болып, өз аруақтарын, тарихын, мәдениетін өз қолымен соттап жіберіпті. Негізгі айып; «Өзің қазақсың аруағыңды еске алып, неге зираттайсың? Неге біріңе бірің көркем қарыз «мал» бересің? Демек «мошенниство»! Жалпы «зәкүн» білмейтін «мырқымбайсың»! Үкіметтен ұлықсатсыз сиырыңды неге сауасың?. Болды бітті заң шықты. Мырқымбай қазақ енді аруағыңмен қоса өзің сотталдың. Араптар алдында үкіметті ұятқа қалдырдың! Енді келесі кезек «мошенниктер» әулие басындағы шырақшылар болар. Оған дәлел Қарасай аудандық сотының шешімі. «О запрещении деятельности движение «Аля-Аят» и «Ата жол» «Пропагандиское и распростронение деятельности движение «Ата жол (Ак жол) способствует выпуск в Казакстане одноименного журнала «Ата жолы» поставленного на учет Министерством культуры информации РК (свидительство № 6305ж) Вместе с тем ущерб здоровью граждан в значительной степени наносит и пропаганде вышеуказанной движении их последователями, имеющими лицензии или удостоверения на право занатия народной медецинии (целителством). Данный факт свидительствует о негативной сущности запрещенных судами движении «Ала-Аят» и «Ата жол» (Ақ жол) а также об исключении участие граждан в их деятельности и предусмотренной законом ответственности» Заман жаршысы №14 (7818) 4 сәуір 2009 ж. «Негативной» қазақша «қара бұлтты» өз басына бала шағаларынан аулақ,тағы көпке топырақ шашып Ғиса пайғамбарға түскен, Дәуіт,Сүлеймен пайғамбарлар көрсеткен, Мұса пайғамбар мен Мұхамбет пайғабарларымыздың көрсетіп өсиет қылып қалдырған ізгі істер «хаж» амалдарын былай қойғанда, Құран аятына қарсы әлемдегі тура жолды орындаған әулие -әмбилерімізбен бірге Ясауи бабамыздың еңбегімен қосып, ісін де соттап үкім шығарып қойыпты. Тіптен дін тарихы тек араптар үшін ғана жазылып, діннің даму өркендеу заңдылығы, жан ғылымы болмау керек.Жаңа қазақтардың европалық пәлсапалық ұстанымы; Тек сыртыңды түзеп, әлемді өзіңе қаратуға тиссің. Сондай мақтаншақ «жынды» елдерге Құранда; «Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына (тек дүниемен өлшеп адасқандарға ерекше құбылыстармен, белгілермен) әмір етеміз. Сонда олар оған ( Алла жолында мал жұмсауға аят үкімдерін,орындамауға) қарсы келеді. Сондықтан оларға (дінге, түсірген хикметке қарсы болушыларға) деген сөз ( аят, уақи,бата) шындыққа айналады. (Ауру, азап, сынақ, апаттар)» (Ісра-16) деген Құран үкіміннен хабар бере отырып; «Ата жолыңды» соттағаның өзің нәр алатын тамырыңды «хажды» кесіп, ұрпағыңның әулетіңнің құдайдың қарсына ұшырағаны деп, ал «Ақ жолыңды» соттағаның Құдайдың құдіретіне аяттарға, ашық дәлелдерге күмән келтіріп, өзіңді, ұрпағыңды, болашақ әулетіңе, қарғысты сынақтардың келіп түсуі діннің негізгі қағидасы. Сондықтан болар Шәкәрім атамыз «дін қиянат абай бол»- деп ескерткен. Демек өзің аман болғаныңмен ұрпағың бәрібір нақұрыс атанары сөзсіз. Адамдар ойлап тапқан заңға ғана сүйеніп өмір сүру, адамзатты надандық бастауға әкеліп тіреу болып, ол қоғамның бастапқы өткен даму сатыларына кезеңіне қайта әкеліп, ғылыми жетістіктерге, тарихтың, діннің даму заңдылығын мойындамай (Құран түсінігін тек жаттап алып.) және заманына қарай жаратушыдан беріліп жатқан құбылыс белгілерге мән бермей, әулие -әмбилер көрсеткен дәлелдер мен ізден бас тартып, жоққа шығарып және қасиетті кітаптардан мүлде хабары жоқ, заманына қарай өзгере салатын жалтақ, тұрпайы адамдардың құдайдың ісіне араластырып, пәтуа шығарту мәдениет пен ғылымның рөлін төмендетіп, елді де рухани азғындыққа апаратына әлемдер өткен тарихынан қалған белгілер бар жер бетінде. Қазақ дін танымы (мешіт) қысқаруға түсіп, тек қана намаз оқып Алланың жамалына бөленесің деп «Кинизм» философисын ұстанатын болды. Сектаның (дін дәстүрін қысқарту) мешітік сипаты тек қазақ елінде тұрақты өзін көрсете бастады. Өмірде де дінде де қысқа жол болмайды. «Намаз оқысаң болды» деп халықты Алла жолында мал жұмсап, дәстүрлік ұлтық, тілдік ерекшелік тазару жолынан тиым салып, тек араптық дәстүрмен, дүниеге сараңдыққа шоқындырудың нәтижесі мемлекет саясатынан да көрнісін тауып заңға айналып жемісін бере бастады. Әрбір заттың, елдің соған байланысты діннің де өз тарихы бар.Қазақ дінінің өз жолы өз тарихы жаратушыдан берілген тағдыры бар. Елдің де пенденіңде тағдыры жерден азықпен берілетін дінмен, тәндегі жеті «інмен» (ақпарат есіктері) ғана жазылады. Тағдырды қысқартпайды үнемі заманына қарай ғылымын дамытып, білімін іс жүзінде қалыптастырып тарихқа жалғап отырады. Сол ата-баба кіндігімен (інмен) жалғасып тұрған жіпті үзіп, тарихыңды соттағаның Құдайды даттағаның! Ол ақыл-ойдың ұлтық сананың кемістігі болып, (жындылық, азғындық) Құдайдың қарғысы тисе ешқандай дүние де, байлықта қолдан жазған заңың да құтқара алмайды. Тек өз еркіңмен ел кезіп, жердегі тесік пен көке байланыс есікті тауып (зираттап) кешірім сұрамасаң бәрібір жерге еніп, өзіңнің жасаған оқиғаңа және өз тарихыңа өткен істеріңе «уақиғаңа» қайта жалғанасың. Тек кім болып? Хайуанға айналып тозақпен табиғатты жалғауың да мүмкін. Есеп күнінің ашық дәлелі болып; Ата жолы «Ақ жол» болып қазақтың тағдыры өткен тарихқа жалғанып, өліктер сөйлеп жатыр! Алла бір істің болуын қаласа тек «Бол» дейді! «Бол» қазақтың ғана емес, әлемдер дінінің іздеген болашақтың бағдары болып, негізі батамен қаланып жатыр. Ғиса пайғамбар көктен түсті, қазақ жеріне! Оған қасиетті Құран аяттары атымен ант етуге болады! Тек Құранды әулие бабаларымыз қалай оқығанын ұмытып қалғанбыз. Құран түсінігі, насихаты шексіз, үнемі заманына қарай өзгеріске де ұшырап отырады. Мың жылдың арғы жағындағы түсінікті үгітке айналдырып, жаттап алып, ортадағы даму заңдылығын дін тарихын алып тастап, надандық дәуірлерге қайта жалғау рұхтың дамуын тежеу және дамушы Ұрықа (жан заңдылығы) жасалған үлкен қастандық. Бұл өмір діндарлар түсіндіргендей «Жалған-өтірік» емес. Тағдырыңды өткен тарихыңа жалға да, бабалар салған ізбен көкке болашағыңа жалған! Ол үшін ата-анаңның батасын, ақылын ал! Батамен ғана ел көгерер. Құрметті заңгерлер мен Алланың кеңшілігінен аянмен, түстен мақұрым қалған дінді арапша танытушылар; Біріншіден; Халық алдында ат төбеліндей ғана заңгерлер мен діндарлар, астарыңдағы тағың да , қолдарыңдағы дүниелерің мен бала шағаңның азығы да, сол жылқы түгіндей сіздердің «діни сауатсыз» деп атайтын қара халықтың, дәстүрін, ұрығын сақтауға тырысып азғырған шет жұртың алдауына көнбей, бәрібір сал-дәстүрін сақтауға тырысып, зираттап Алла алдыннан тілеп алып, тапқан несібелерінен тамған маңдайынның тері мен қолдарының кірі екеннін ұмытпаған абзал. Екіншіден; сол қара халықтың ғасырлар бойы ішіп келе жатқан құдығына түкіргендерің үшін ғана жүз мыңдаған қарсылық қол жинап, әлемнің діндері алдында ар сотына тарта алатын, ежелден аруағын қорлатпайтын, өліспей беріспейтін «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы» деген салты бар және сіздер ойлағандай шетінен діни сауатсыз емес екенін естеріңізге салған жөн болар! Уәли дегенді халықтың ішінен ізде!-деп ескерткен пайғамбарымыз. Көп қорқытып қана қоймайды, терең де батыра алады. Қазақтың ғасырлар бойы сусындап келе жатқан құдығына түкіріп, қосымша айықпас кеселге ұшырап, аруақтың назы мен Құдайдың қаһарына ілініп, тарихта таңбаланып «Батыраштар мен Қотыраштар» қатарында қалып, болашақ ұрпақтың алдында масқара болып жүрмеңіздер! Үшіншіден дінді мазаққа айналдыруға және аз ғана топтың ойлап тапқан заңымен қудалап, өз салт-дәстүріне (дін жолы), әдет-ғұрпына (Алла жолы) қарсылық көрсетуге жаратушымыздан міндетті түрде апаттар арқылы ескерту түсіп, қаншама елдің обалына қалмаңыздар. Әулиесіне тас атып, тарихтың керуенін торуылдап, сайқымазақ етіп, жаратылыстан сенгіш қазақты бір-біріне айдап салушы мен Құранды, ілімді меңгердім деген қазақтың бар ғұламасын әзірше төмендегі аяттар насихатын, ғылымын емес, үгітін ғана түсініп құпия сөз сырына үңіліп көруге шақырамын; «Адам баласының есеп көретін мезгілі таяды. Алайда олар кәперсіз бет бұруда.(1) Олар, Раббыларынан өздеріне келген әр жаңа ескертулерді (өліктердің сөйлеуін, бата) мүлде ойыншық етіп қана тыңдайды. (Бата,уахи)» (21-2) «Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйлесе де (Әулиелер батасы) олардың алдына әр нәрсені жинасақта та (әртүрлі ерекше құбылыстар,хикметтер) олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа (жоқтан бар бол дейді) Бірақ олардың көбі (негізінен дінді меңгергендер) білмейді.» (Әнғам-111) Тәураттың үкіміндегі тазартушы, шипа беруші тура жолға салушы Раббын, християндардың жүректерін тазартып құтқарушы құдайы «Әкесі, баласы, киелі періштесін», Забурліктердің «Атманы», «Брахмасын» түгелдей меңгеріп, «Аруақ» деген ұғымға сыйғызып, үш кітаптыңда амалын, тіршілік себебінің үш сипатын ислам қағидасына бірлеп орындай білген қазақтың дәстүрлі даналығын , жоғарғыдағы үш киелі кітаптармен қоса заңға сыйғызып соттай білуден артық зұлымдықты адамзат ойлап табу мүмкін емес! Тек қалай аяқталатынын, ғылымын тексермей қабылдауға құмар қазаққа тән қасиетке айналған. Себебі аятта; «Әй мүміндер! Кітап берілгендердің бір бөліміне (тек Меккелік араптарға) бой ұсынсаңдар, сендерді иман келтіргеннен кейін қарсылыққа қайтарады. (Діннің басталу негізіне кері қайту)» (3-100) «Сендерге Алланың аяттары оқылуда (Бата, аян, түс) әрі іштеріңде (өз елдеріңнің,өзіңнің ішінде, дәстүріңде) Алланың елшісі бола тұра қалайша қарсы келесіңдер?( Ясауи баба дін ұстанымы) Және кім Аллаға жабысса (аян, уақи, бата алу), сонда ол тура жолға түсірілді.» (3-101) Бұл біздің мемлекет басқарып жүрген азаматтарымыздың діннен мақұрым екендігімен, мешіттерді, дінді басқарып отырған азаматтардың ашық түсірілген дәлелдерді мойындамай түс көруден тыйылып, Алланың беретін аянынан- жіптен ажырап, «Ала жіпті аттап», «Ат аттап, сүйек сындырып» дінді қысқартып мемлекеттік дәрежедегі «Секта (Ат кесу)» -ге айналып, дінді бөлшектеу көрнісі деп түсінеді халық. «Тарихыңа тас емес, құм ғана шашсаң, болашағың саған тас ататынын» ұмытпайық ағайын! Қазақ тарихында араптардың өзі түріктерден, (Философтар араптар тарихында болған емес!) бүкіл түріктер Ясауи бабамыздың шәкіртері болып үйренсе, ал қазақ дін тарихында ел басқарушы әкімдерден «дінімізді заңымен қорғап қорғап бер» деп қол жаймаған, қәзіргідей азған топтармен де пікір таласа алмайтын бейшаралық күйге түспеген. «У-ды у ғана қайтарса», Дінді тек дінмен қасиетті кітаптар үкімімен ғана соттайды, түзейді. Қазақ жеріне келген сахабалардың өзі қазақ дәстүрін мойындап, халықпен бірге өмір сүрген әдет-ғұрыпта бөлінбеген. Қазақ дәстүрлік дін танымы елдің де жердің де, мәдениеттің де, өркениеттің де, шабыттыңда, ақынның, батырдың да нәр берген бұлағы болған. Оған кірер бір-ақ есік, ол ата-бабаңның аруағын қадірлеп, құран бағыштап сосын жаратушыдан тілеген.. Толық қанды нағыз қазаққа ғана тән қасиет «Мың өліп мың тірілткен» асылын, жарты әлемді жаулаған ержүрек арап сахабаларына да, Шыңғысқанның жауынгер сарбаздарына да, орыстың айлакер саясатында да жоғалтпаған, отқа салса жанбаған, суға салса батпаған, «Құдай бар, аруақ қолда» деген мың жыл қырғында жоғалпаған бағын жаңа қазақ, шала қазақ, сатқын қазақтардың «зәкүннен» қамал салып, күні түні әулиесінің жолына күзет қойсасада, бәрібір зираттайды, барады «шерік, серік, ортақ» деген сандық мәнін, қандай өлшемін, сипатын білмей қосуыңа сенбейді де арапшыл қазақтардың 17 жылда сендіре алмағанына ойдан қосқан зәкүніңе пысқырмайды да. Тағы «жаным арымның садақасы» деп аруағына тигенді «арыма намысыма тиді»-деп көп болып түкіріп қарғап, сол көлге тұншықтыра да білетін әдетіміз тағы бар. Көптің тілегі көл де болар, қарғаса айықпас дерт шөл де болар; «Ештен кеш жақсы» қазақ қана емес әлем алдында масқараға ұшырамай тұрып қателіктеріңізді түзеп, құдайға жалбарынып, аруақтардан кешірім сұрағандарыңыз абзал болар! Дінді қысқартушы «арбистер» мен құран аяттарына қарсы заңды ойлап табушы «заңшылдар мен ойшылдар»! Қолдан жасаған заңыңмен дәстүрлі дініңді күзеп, қанына тартпаған топтың мүдесін түзеп, Құдайдың қарғысына, халықтың наразылығы мен, аруақтың назына қалғанша, сөз түзелсе, қаның да, діннің де түзеліп, елдің де, заңның да қорғаны, ғылым мен шабыттыңда бұлағына айналатынын түсіндірейік халыққа. «Жаңбырменен жер, батаменен ғана ел көгерер.» Ел қадірімен (аруақ), сөз қадірін (астарлы құпия сөз) сіздер білмегенмен,сөз аңдыған қуанып отырған сыртан жау бар екенін ескеріп және қазақтың болашағы, батаменен өсіп келе жатқан Абай, Шәкәрімдер алдында осы қателіктердің тарих таразысы болатынын ұмытпайық ағайын! Қазақ халқы ғана емес, әлем жұрты алдында киелі кітаптардың атымен ант етемін! Ақиқаттың әлемдер алдында айқындалып, бабалар еңбегінің әлем білмеген ғылыми құпиясын жариялайтын, асыл шапандарын торқалап қайта жабатын уақыт жақындап қалды. Болашақта сол ақиқатқа тура қарай алатындай лайық болайық! Дауласақта жауласпайық атқамінген, таққа мінген ағайындар! Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Қарасай ауданы Алғабас ауылы Бейбітшілік №6. 2009 жыл Сәуір айы.
Тоқберген (22.08.2010 11:42)
Арап емес қазақ болайық ағайын! «Дүниенің құпия-сырын түгел білген ешбір жан жоқ. Сондықтан көп нәрсе туралы біздің пікіріміз жаңсақ. Түсінігіміз жалған. Бірақ, білмейтіндіктің екі түрі бар; бірі- анадан туғанда білмей туатындығымыз; бұл – «табиғи» надандық, екіншісі- шынайы данышпанның «білмейтіндігі»: дүниедегі ғылымның бәрін оқып біліп, тәмәм қылған данышпан ғұлама атаулы ең соңында сол жиған білімнің бәрі түкке тұрмасын; Құдайдың жаратқан дүниесін танып білуге мүлдем татымсыз, толымсыз екенін түсінеді. Енді осы екеуінің ортасында бір «тайпа» ел бар-ешбір саладан түбегейлі білімі жоқ, шала, бытып-шытып әрнәрсенің басын бір жалғап, сөйте тұра өздері тәккаппар менмен болады. Көңілі тоқ, өзіне өзі дән риза. Өзегі тар, ойлары орашолақ. Алайда, сырт көзге өздерін зор, білгіш етіп көрсетеді. Міне, осы шала сауаттты менмендер өздерін ақылды санайды да, дүниені былыққа батырады, момын халықты «Мен білемін, маған ер» деп арнаға жығады.» ПАСКАЛЬ «Осылайша сендерді ( Меккелік араптарды) орташа бір үммет қылдық. Адамдарға куә (кітап иелері) болуларың сондай-ақ Пайғамбардың сендерге куә (қиямет күні) болуы үшін. Қарап тұрған қыбылаңды теріс бағынатын біреулерден ( дінді бірлейтін дамытуға тиісті;түрік, т.б ислам елдернен) Пайғамбарға ілесетін кісілерді білуге істеген едік. Әрине бұл, Алла, тура жолға салғандардан (солардың ішінен) басқаға қиынырақ. Алла имандарыңды жоймайды. Күдіксіз Алла, адам баласына өте жұмсақ ерекше мейрімді.» (2-143) Меккелік араптар діннің ортасы көрсеткіші үлгісі ғана болып есептеліп басқа елдерге тура жолды табуды міндеттеген. «(Мұхаммет)Егер Раббың қаласа, адамдарды бір-ақ үммет қылар еді. Олар үнемі қайшылықта тұруда.» (11-118) Демек ислам дінін ұстанушылар қайшылықтарда болып тек араптар арқылы емес тура жол тапқандар арқылы ғана бір үмметке ислам дін қағидасына бірігуіміз керек. Сондықтан; «...Сендердің әрбіреулерің (ұлттар, елдер) үшін жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді бір-ақ үммет қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларыңда сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.» (5-48) «Кітап иелерінің бір тобы, сендерді адастыруды қалады. Олар, өздерін ғана адастырды. Бірақ олар аңғармайды.» (Әли-Ғымыран-69) Егер бұл аяттардың қарапайым түсінігіне жүгінсек араптар тура жолдың бірлеу толықтыру амалдарына бұйырылмаған да, ал арапша Құранды меңгерушілер Кітап иелері болып тек солардың істегенін ғана орындау адасуға апарады екен. Қазақ даналығында «Іліммен білім ортасын білмесең бүлін.» деп ескертіпті. Ілімді Құраннан алсақ, білімді европадан алып жатқан қазақ, ортасын кімнен іздейміз? Орта- өлшем сапасы болып халықтардың ортақ түсінігін білдіретін ғылым болу керек. «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдерде Алла тағала оны толық біледі.» (3-92) Бұл аяттың үкімімен қазіргі дінді танытушылардың түсіндіруі қарама-қарсы. Бір-біріңе ақша беріп зираттап, мал жұмсасаң дін қандасыңа көркем қарыз берсең кедейліке ұшырап, серік қосқаның, тек намазды сүйсең болды, арапша оқысаң, Құранды жаттап алып Араптың дәстүрімен және орта топтың амалымен ғана жүрсең, Алланың жамалына жетесің деген қағидамен 17 жыл өмір сүріп келеміз. Біздер қазақтар ғана емес түркі әлемі үшін имам Ағзамнан кейін дін амалдарының жетілу тарихы жоқ, қазақ үшін дін тану тарихы өмірден өткен әулиелер тарихы тек кездейсоқ. Жаратушымыз жаңылыстыру үшін жарата, түсіре салған сияқты. Осындай ұлтық, дәстүрлік өмір сүру ерекшеліктер құнсызданған кезде әрбір ақылы толық адам баласынан бастап халықтық дәрежеге дейін өздерін мазалаған сұрақтар туындап, ал сол өзін мазалаған сансыз сұрақтардың жауабын іздеумен ақылы толық емес, сөз ғылымынан хабары аздар әр түрлі қысқарған өзгеріске түскен ағымдардың, қысқарған немесе ойдан жасалған дін «секталарының» құрығына түседі. Яғни рухани дағдарыс кезеңі болып ғылымда «аномия» деп аталады. Егемендікпен бірге қазақ халқы сол дағдарысқа ұшырап біздің еліміздің халықтың сенген дін ғұламалары сол дағдарыстан елді алып шығып іздегенін тауып көкке жіпті жалғап мәдениетті өркендетуге, осы бағытымызбен жүрсек болашағымыз жас ұрпақтардан әлемге танымал тұлғалар қалыптастыра алатына сенімдіміз бе? Т.б халықтың көкейінде мазалаған сұрақтарға жауап алатынымызға үмітпенен әрі осы дін еркіндігін де алған 17 жылда не алдық, қандай биіктерге жеттік, тура жолды таптық па? –деген сұрауларды жоғарғы дін басшысына және дінге қатысты басқаруға тиісті жоғарғы заң шығарушы құзырлы орындардан да халық атынан сұрауды жөн көрдім. Көп тілегін жауапсыз тастамас деген үмітпен жолдаулы негізінен иманның көрсеткіші жауапты басшысына қоюды жөн көрдім. Мұсылмандары діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісалі тақсырға Қазақ елінің көптеген ата дәстүр діни жолының жақтаушы бауырластықтар атынан ДАТ Құрметті тақсыр, Әбсаттар мырза, сіздің осындай лауазымызыңыза қарамай қарапайым баспасөз бетінде оқырманға жауап сұхбатыңыз бірнеше апталық басылым бетінде «Дінімізді біліммен таныған абзал» деп көптеген қарапайым қазақ тұрғындарының ойында жүрген сауалдарға жауап беріп кетіпсіз. Бұл игілікті шараға көптеген баспасөзге немесе бейне дидарға сауал беруге мүмкіндігі жоқ, немесе белгілі себептермен жеткізе алмай жүрген сауалдарды осы баспасөз бетінен ашық сұхбатқа шақырсам ұлықтығыңызды тағы да дәлелдерсіз деген үміттеміз. «Орта мектепті әупіріммен әрең бітірген молда, имам болған соң дініміз қажетті деңгейде көркеймесі анық.» деп діни сауаттанудың жолға қойылып, «Құранды түп нұсқасында оқуға ие болуда. Олардың арасында түрлі мамандық иелерін және бірқатар ғалымдар мен қаламгерлерді көреміз. Асыл дінімізді біліммен танудың ешқандай кештігі жоқ. Бұл- аса сауабы мол амал.» деп енді қандай сауалға да дін танытушылардың жауап бере алатынын айтып кетіпсіз. Сұрақ? -Әртүрлі мамандық иелері қарапайым халық сіздердің сол оқып жатқан түп нұсқаларыңызды қалай оқиды? Егер тек түп нұсқасы арап тілінде ғана түсінікті болса, біздің оқып жүрген бергі нұсқасы Халифа Алтай аудармасында арап тілінде тек үгіті ғана болып, насихаты ғылымда екені ескерткен. Ал ғылым білімнің негізі болып, білім заманға тәуелді өзгеріске толықтыруға тән сипаттағы ойлармен, дәлелдер, тәжірибелер тұжырымы болса керек. Ғылымды тек тіл ғана дамытып ашып отырады. Сондықтан болар Шәкәрім атамыз «Кел жастар ғылымды Абайдан үйренейік.» деп үндеу тастап кетіпті. Сұрақ? – Дінді тілмен тани ма немесе тілді дінмен іздей ме? Дін тану тіл ғылымына тәуелді ме, әлде тәуелсіз бе? Менің түсінігімше; Негізінен тілді дінге арнап жаратқан болу керек. Бұл тұжырымға келіссеңіз онда дінде тіл заңдылығы «Фонетика» (үндестік), «Орфография» ( жазылу), «Орфоэпия» (айтылу) заңдылықтығына міндетті түрде бағыну керек. Олай болса сіздердің діни басылымындағы, сұхбаттардағы көпшілікке таныс «Пайғамбарымыз ( әлек салам, салақ салам, ғалекі салам т.б)» қыстырма сөздердің үндестігі, айтылуы қазақша, негізі арапша, пайғамбарымыздың жаратушы тарапынан қойған асыл есіміне жапсырылған сүркей аттарды қалай түсіндіресіз? Мұхаммед деген аттан кейін неге (м.с.ғ) (қазақша үнмен оқылуы; мы-сы-ғы), болмаса мөрмен таңбалайтын қағида қайдан шыққан? Діни жоғарғы оқу бітірген имандардың мешіттерде «Алла-у-у әк-бар» деп азан шақыруын қалай түсінеміз? Қазақта «әк-бар!» деп жақтырмаған жағдайда сиыр малына арнап айтушы еді. Алланы шақырудың нәсілдік сипаты болама ма? Әлде солай айтыңдар деп араптар міндеттеген бе? Олай болса арап үндестігіне тілі келмейтін адамның шақыруы есептелмейтін болу керек. Баспасөз бетінде бірде Алла, бірде « күнәларын Алаһ-тағаладан кешірім тілеу...» деген атауларды пайдаланыпсыз сонда «Аллаһ» сөзі атау болып бекітілген мықты сөздер қатарына жатса, қазақта; «..аһ.., үһ, түһ.» сөздермен нені аяқтап, қандай жағдайда қолданатыны оқырманға мәлім. Одағай сөздер тобына жатады. Лексикология (тілдің сөздік құрамын анықтау) заңымен тақ сөздер бірлігіне кіріп «Аллаһ тағала» (11-саны), «Алла тағала» (10-саны жұп) болып, 11-мен сипаттау сіз айтқан білімге қайшы. Бүкіл қазақ тарихының ғұламаларының еңбегінде Аллаһ сөзі кездеспейді және барлық жерде Алла болып жазылған. Себебі Халифа Алтай атамыздың еңбегі бойынша тәңірлік яғни шүкірлік мағынаны білдіреді. Аллаһ- шүкір. Қазақша тағала-шүкір. Онда Аллаһ тағала – шүкіріңе шүкір немесе шүкір-шүкір болып «жаратушы шүкір-шүкіріміз» деген ұғым шығады. Сондықтан аятта; «...Мейлі Алла (4) деп немесе Рахман (6) деп атаңдар. Қайсысымен атасаңдар да ең көркем аттар Оған тән» де...» (Ісра-110). Осы аятқа қазақта «Төртеу түгел болса, төбеден келеді, алтау араз болса ауыздағы кетеді.» деген ғылыми нақылын қалдырған. Құранда да 4 және 6 санымен жаратушы сипаттарын іздеуді ескерткен аят бар.. Егер Халифа Алтай атамыз қателескен болып, сіздердің араларыңызда түзеткен ғұлама маман болып, жазған аударған еңбегі болса таныстырыңыз мүмкін халық болып қаражат жинап көбейтіп оқығанымыз дұрыс болар еңбегін. «Наданның кешірсе де мың қатесін, ғалымның халық кешірмейді бір қатесін.» Ғылымға жүгінсек; үн мен атаудың бірлігін мықты «аксиома» сөз деп атасақ (Қазақ, Алла, т.б зікір аттаулары) онда мықты сөзге байланысты үндестіктегі қателік діл ауруына соқтыру керек. Египеттегі 5-ші таңба мұнараны неге құлатқан жаратушымыз? Беске берген белгі емес пе екен? Бес таңбасынан бүкіл әлем философтары қашып, оны тек музыка үнінің сандық мәні арқылы беріде Әл-Фараби атамыз енгізген деген дерек бар. Оған қандай уәжіңіз бар? Енді тағы ғылымға жүгініп; төрт түрлі тіл ғылымы, төрт кітап болып содан ғана дін ережесі шығып ұлтың халықтың тілдік дамуын қамтамасыз еткенде ғана дін мен тілдің нәтижесінен діл болып тіл санаты деп атаймыз. Жұп санға айналып барып қана санадан орын алатынын сауатсыз аталарымыз білген. Мешіттер ұлтымыздың ұжымдық рухани ортасының бірі болып табылады. Демек жастарымыздың ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ұлтың болашаққа дегенде жауапкершілік сезімін тәрбиелеу діннің басты міндеті болу керек. Қазақ тілі – қазақ халқының рұхтық (өсіп,өну) және мәдени қорының сақтаушы қазынасы –жады. Ортасын ұстай білмей Құранды тек жаттап алу жадыға (санаға) жат болып кері әсерін тигізетінін пайғамбарымызға да ескерткен екен. Әлде сіздер оқып жатқан негізінде көрсетілмеген бе? Қос тілділік білімді меңгеруге қажетті құрал болғанымен орынсыз пайдалану немесе қатар ұстау сананың улануын туындатады. Жыланның тілі қатарынан екі, екі дәмді қатарынан пайдаландықтан тісінде (ісінде) у-ы бар. Сондықтан болар Шәкәрім атамыз «Дін қиянат» деп ескертіпті. Негізінен діннің нәтижесі шабыттың, шығармашылықтың қайнар көзі болғанда ғана елге қызмет жасайды. Аманат ақпаратты ұрпақтарымызға адалдап өткізге қызмет етуге тиіс. Менің білуімше тарихта мешіттер әуелі дұрыс сөйлеуді шешендік өнерін сөз құпияларын, астарлы сөздерді шешуді үйреткен. Әр елдің өз тіліне сай үні бар. Үндестік заңына қайшы қандайда бір елдің сөзін сол қалпында пайдалану тілдік ортаның сөз тазалығын бұзып «жаргон» болып шығады. (Тақ сандар тізбегін.) Сіздердің сол жоғарғы сауатты имандарыңыздың бәрі дерлік «жаргонмен» сөйлеп, «жаргонмен» жазып, қазақ әдебиетінің әдебіне нұқсан келтіріп жатыр. Имандардың тілі сырқаттанған соң уағыз тыңдаушылардың оқырмандардың өздерінен басқа жұртты түкке тұрғыссыз етіп көрсету, жағымпаздық уағыздармен бір жақты пайымдаулар, дін арасындағы бауырластық ашық пікірталастың тарихи салыстыру мен ұлтық дін тарихының жоқтығынан болар әр түрлі діни топтардың елдің бірлігін бөлшектеуге, әр топтық оқшаулану саясатына септігін тигізіп, діннің тұтастығын бұзып, тек бір бағыттағы бір мүддені ғана қолдайтың сыңар езу жастар тұлғасын «фанаттарды» қалыптастыра бастады. Халық сіздерден парасатты мәдениетті, мазмұнды сөздермен қатар, қисынды дәлелдермен, нақты ұлтық тарихи деректермен және ана тіліне деген сүйіспеншілікті естіп көрген жағдайда ғана дәстүрлік дініміз салтанат құратыны сөзсіз. Оған дейін дін мамандарының ана тіліне деген табиғи сезімін ояту үшін, дін әдебитіне тіл мәдиниетінің «реформасы» керек шығар деген ой көпшілікте айтыла бастады. Болмаса мысалға; « тәртилмен үйреткенді, мажғаппен сөйлеуге бұйырылдым....» «Аллахым...» «радио алақу ан-қу» т.б толып кеткен мағынасы беймәлім, мәтінге «аксиомаға» айналдырып алған арапша дұға тілектер мен будан түрмеге де түсініксіз «жаргон» сөздерден дінге ана тіліне деген сүйіспеншіліктің тоқырауына ұшырап, сау адамның саламатығына тек зиян тигізгеннен басқа пайдасы болмай жатыр. Әрине халыққа тек намазды оқытып үйрету жеткіліксіз, жазып үйретіп, сұрап үйретіп, намаздарды орындауды және озаттарға толық орындауды, әдет-ғұрыпты да үйрете білсеңіздер имамдық дәреженің көрнісі пайғамбарымыздың аманатын жалғастыру болып табылар еді. Намазды оқу; үйрену, жаратушыға өзін көрсете білу және сырқы ортаға бейімделу- деп түсінсек шәкіртік дәрежеде жүріп қалай «Намазхан» аталады? Хан-деп сырты емес іші кең адамды атамай ма? Намаз ұғымы аталарымыздың түсінігі бойынша; адам баласының өз өмір сүрген ортасына ұлтық, тілдік, рулық ерекшеліктеріне ішіп жеміне өндіру тәсіліне, табиғи ортасына байланысты заманға тәуелді түрде бейімделу деп түсінген. Араптарға онда да Меккеліктерге пайғамбарға, түсірілген кітаптарға (сүннеттер) куәлікте мықты тұру үшін ғана намаз оқуды дінің алғы шарты қылып міндеттеген емеспе Құранда? Сондықтан араптарды орта топ деп атайды. Хан-билік, шешендік басқару дәрежесі. Меніңше ана тілінен толық нәр ала білген адам баласы өз ақылына ғана хан болуға лайық. Сізді шейхтік дәрежемен қарапайым түсініктерден қателесу мүмкін емес деп ойлайды халық. Бірде ораза айында бейне дидардан берген сұхбатыңызда Әулие басын аралату соған байланысты қаражат жинау «коммерция, бизнес» деп ескерттіңіз. Ислам өркениеті №04 1-10 ақпандағы басылымында; «Қағба да Мекке де біреу» ғана деп Құран ғылымына мүлде келмейтін атпен (себебі барлық көрінетін көрінбейтін нәрселердің жұбы бар) мақалада; «Ол халқымыздың ардақ тұтар дана бабасы Қожа Ахмет Йасауиді бет перде етіп, оған зиярат етуді кіші қажылыққа балап, сол арқылы «жолың ашылады», ...сауаты жоққа тән адамды өзіне тарту арқылы мол пайда табу. Бүгінгі нарықтың тілімен айтқанда «бизнес»! Расында да, мұның арбауға түсіп, қарызданып, қауғаланып жиған ақшасының әлдекімдердің қалтасын қалыңдатып жатқанын білер ме екен?!» Сіздің айтқан пікіріңізді әрі қарай дамытыпты. Сол сауаты жоққа тән, зияраттап жүрген пенделердің бірі ретінде, енді сауттыларға жалпы сауал? Демек сол зиратаушыларға несібені адамдар беріп, «сол ақшаны босқа жұмсадың» деп Алла халықтың қазақтың несібесі кесіп тастайтын болғаны ма? Сонда Алла жолы мен дін жолының айрмашылығы неде? Әдет- Ғұрып пен салт- дәстүр шариғатта қалай тоғысады? Пайғамбарымыздың ізгі өсиеттерінде қалай айтылады? Енді жеке өз басыма жауап беруге мемлекет заңымен қорғалған «көңіл қажылығын» жасап, өз елім, жерімде кімге қалай қаншалықты садақа беруім өз еркімде емес пе? Ол менің жан ұямның амандығы тәніме, жаныма берілген Алла жолына жұмсаған малым болып есептелмей ме?. Әлде дін танытушыларға араптар тек Меккеге ғана әкеліп бермесең Алла қабыл етпейді деген нұсқау түскен бе? Ал онда Алла жолында мал жұмсау мен зекеттің, пітірдің екекшеліктері неде? Ал Алла жолында көркем қарыз беру мен садақаның қандай айырмашылығы бар? Шүкірлік пен тәубаның ерекшеліктері қандай? Қалай орындау амалдары бар? Ұлтық сипаты еркшелігін шариғат қарастыра ма? Енді бергі нұсқасындағы мен оқыған Құранда; «Сендерден кеңшілік , молшылыққа ие болғандар; жақындарына, міскіндерге, мұһажірлерге Алла жолында бермеуге ант етпесін...(24-22) Негізінде сендер сол Алла жолында мал жұмсауға шақырылудасыңдар. (үнемі түсіңде ескертіп отырады). Алайда кейбіреулерің сараңдық қылады. Кім сараңдық қылса өзіне ғана сараңдық қылады. Өйткені Алла бай сендер кедейсіңдер. Егер Алладан бет бұрсаңдар, орындарыңа сендерден басқа халықты (ұрпақ, туу қысқарады) ауыстырады. Сосын сендер сияқты болмайды.» (47-38) «Сондықтан шамаларың келгенше Алладан қорқыңдар. (Әмірлерін; уахи, аян, түс) тыңдаңдар, бой ұсыныңдар. Сондай-ақ тиісті орындарға (мешіт-үй деп аталады, орын-Алла достары жатқан жерлер) мал жұмсаңдар; сендер үшін хайырлы болсын. Кім нәпсінің сараңдығынан сақсынса, міне олар, құтылушылар.» (64-17) Олай болса жеке адам емес бүкіл халықты сараңдыққа шақыру дін танытушылар немесе имандылардың тұрақты қызметіне айналған сияқты. Қазақта онсызда демография оңып тұрған жоқ. Сол олқылықтарды толтыру үшін садақамен Алла жолында мал жұмсап, бір қазаққа бір қазақ көркем қарыз берсе, бас жағына әзір бармай-ақ ең төменгі нәтижесі; елдің бір бірімен қатынасын дамытып, жолға қаншама қаражат жұмсап, (асханалар, көлік, жанар май, мал саудасы т,б) ақша айналымына да экономикаға да үлесін тигізіп жатса, оған неге мешіттер имамдары қарсы болып сараңдық жасайды? Дамыды деген елдер халқын неше түрлі шайтани ойындар, ғимраттар салып үйінен қалай шығарарын білмей жатса, өзінің малын өзіне бермейтіндей көлденең жату «қарынбайдан» қалған үдіс па? Құран ғылымына жүгінсек «Байдың малын байқұс қызғанады» дегендей имамдар күдіксіз серік қосып, ортақ қосып жүрген сияқты.Енді тағы ондай діни шараларды бір жағынан мойындап, европа тәсілімен реформалауды ұсыныпсыздар; «Мұны Спорт және туризм министірлігі қолға алып ойластырылған бағдарлама түзіп, жүйелі саяхатқа айналдырса, нұр үстіне нұр болады еді.» деп үкімет орындарынан жәрдем сұрапсыздар. Сонда дана бабаларымызға берген бағамыз осы болып, әулие бастарын ойын сауыққа айналдырсақ, онда аятта; «Сондай діндерін ойын сауыққа алғандарды және дүние тіршілігіне алданғандарды қойып, Құран арқылы ескерт. Біреу қылығы себепті зиянға ұшырамасын (аруақтың назына қалмасын) . Негізінен оған Алладан өзге ешбір дос не қолдаушы жоқ. Және әрқандай төлеу берсе де одан алынбайды. (кешірілмейді) Міне сондай қылықтарының салдарынан жанышталғандар үшін (мінез ауруы, үстіне жынды мінгізіп алу) қарсылықтары себепті қайнап тұрған судан, сусын әрі жан ( денсаулық) түршігерлік азап бар.» (6-70) «Әулелиелі жерден ат үркеді» деген бабаларымыз ондай жерде тазалаушы көмес кісіде бар, дәреті сақтамай қалай болса солай жүргендерге мінетін жын да бар. Сонда дінімізді ойын сауыққа айналдырып, халықты рухани мешелдіке шақыру имамдардың тұрақты қызметіне айналғаны ма? Киелі жерлерді ойын сауыққа айналдырып, садақаны мемлекетке өткізетіндей мемлекетіміз аурулардың, жолы болмай Алланың ризалығын іздегендердің көмегіне мұқтаж ба? Садақаны да Алланың алдында белгіленген кейін сұрауы болатын, соған бейімдеген адамдардың ғана алатынын білмеуші ме едіңіздер? Және садақамен дүние жинаудың арты қасіретпен аяқталады. Өз орнына тек бұйырған жерге жұмсалу керек. Мешіттер туризм саласына көтерілген ауруларға дем салып, кейбір жындыларды және әртүрлі аурулардың, жүйкесі тозғандардың жағдайын жасап жүретін мамандар даярлап берер ме екен? Әлде «Қызғанғаның қызыл итке (өрт, тозақ азабы) жем болсын дегендей.» дәстүрлі дінге қарсылық білдіріп, елді аштыққа, қуаңшылыққа шақыру ма? Әлде көптің тілегі қажет болмайтын елге айналдық па? Қорасан ата басындағы Қағбаның көшірмесі туралы; «Қағбаның жалпы түрі осыған ұқсас болар. Ал оған тәуап етуге жол берілуге тиіс емес!.» деп «Байбөрі деген бай болды, төрт түлігі сай болды, бір перзетке зар болып, Қорасанға қой айтып, әулиеге ат айтып...» деген тарихи деректі былай қойып, Ясауи бабамыздың жасаған зиратында жоққа шығардыңыздар ма? Ясауи бабамыздың ілімі қазіргі сіздердің дайындап жатқан имамдарыңызда төмен болғаны деген түсінік туындайды бұл пікірден. Ғылымда жерден ерекше сәуле шығып сол жерді «Гипрогендік» деп атап адамға ерекше әсері бар екендігі анықталған. Сондай сәулі орындарымен қазақ жері әлемде алдыңғы орындарды алады. Пайғамбарымызда түйесі шөккен жерге мешіт тұрғызған, ал әулие бабаларымызда сондай жерлерге аманатпен өзін жерлеуді тапсырып отырған. Алланың көрсетуімен аянмен ғана мешіттер салынған. Сонда дін ғұламалары түйенің білгенін де әлі білмейтін болғаны ма? Оған дәлел салынып жатқан мешіттер куә, аянның болмаса түйенің немесе өлшеу құралының орнын әкімдер мен сәулетшілер атқаратын болды да сырты келіссе көшенің сәнін келтірсе болды. Ондай мешіттерде намаз оқыма деп ескертіпті пайғамбарымызға Құранда, себебі ордың (роди сәулесі пайда болатын, жұтылатын орындар) жиегі болуы да мүмкін. Ғылымда «геопотогендік» немесе «анти энергия» деп адамға кері әсерін тигізуімен белгілі. «Ит байласа тұрғысыз» жерлердің бар екенін, ондай жерлерге мешіт түгіл, итін байлап, мал қора да салмаған аталарымыз. Жоғарғыдағы «тек біреу» ұғымына келсек тек тәңір бір-ақ, болып сипаты екі. Бірі тақ бірі жұп мәні бар. Неге? Жалпы Құранда ескертілген бірдің саны, сипаты қанша? Құранда Қағбаны «Алланың ірі белгісі» деп ескерткен, демек кішілері де бар деген ұғым. Өзіңнің кімнен ірі екеніңді кішіні көрмей қалай білеміз? Бұл пікірлеріңіз де ғылым түгіл білімге қайшы. Дәлелдеңіз! Меніңше Қағба жердің үлкен қақпасы, көктің сатысының ірісі Мәсжіт ақсада. Демек кішілері қайда? Егер Қағба есік біреу болса жаннат пен тозаққа кіретін есіктерде біреуден болмай ма? Имамдарыңыздың қай сөзі өтірік, қайсысы шын? Өтірік айтқан жерде көп тұрма, ондай жерде надандықтың иісі болады!- деген аталарымыз. Сондықтан Құранда: «Егер саған олардың жүз бұрулары ауыр келсе, қане! Қолыңнан келсе, жерде бір тесік немесе көкте бір саты іздеп тауып бір мұғжиза келтір! Егер Алла қаласа еді, оларды туралыққа жинар еді. Ендеше сен надандардан болма.» (6-35) Сауалдарға жауап іздесең сол белгілерден жауап ал деп Пайғамбарымызға ескерткен бүкіл мұсылман үмметтеріне түскен үкім болу керек. Сондықтанда тура жолдың көрсеткіші, басты белгісі өз заманында ақылға ғылымға симайтын құбылыстарды көрсете білу болып, ол да есікпен, көкке сатыны таба білген Алланың құлына тән хикмет (мұғжиза) екен. Қазақта нешетүрлі кереметтер көрсеткен әулилер санымен әлемде бірінші орынға шығамыз. Тарихты жоққа шығару зұлымдықтың ірісі. Олардың бәрі Меккеге барып емес өз жерінде көрсеткен, демек біз білмейтін, ғылымда белгісіз құпиялар бар қазақ жерінде. «Сендер білмейтін нәрселерді де жараттым» деп ескеркен емес пе аятта? Ислам өркениеті 2008 жылғы күз айының басылымында бір топ дін ғалымдары парламентке әлемде «Звезда Давида» деп аталатын басылым беттерінде көп кездесетін сегіз бұрышты бейненің Астана қаласында салынып «еврейлер белгісі неге тұр?» деген сауалмен алынып тасталуын ұсынған ашық хат жарияланды. Жалпы Дәуіт пайғамбарымызға қарсы болумен қатар негізгі исламның ғылыми таңбасы екендігі екендігінен сіздің хұзырыңыздағы дін ғалымдары хабарсыз болғаны ма? Әлде діндерді араздастырып бөлшектеу амалы ма? Ол белгіні пайғамбарымызда көрсеткенін, дамытқанын оқымаған ба едіңіздер? Мүмкін өзіңіз сол өсиетті тауып біздерге білімін түсіндіретін шығарсыз? Тек сіздің ғана дәрежеңізге жан ғылымына байланысты айқын жауабы бар сауал; «Ұлық имам-имам Ағзам Әбу Ханифа» атты еңбегіңізде мынандай жолдар бар; -«Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұххаммед оның елшісі» дейтін қауымнан,- деп жауап берген харажитке; -Куәлік кәлимасы иманның үштен, төртен иаки бестен бірі ме? – деп тағы сауал қойады.» Бұл сөзден имам Ағзам кезінде иманның бес сатысын меңгергендігін және иманды бес сатыға бөліп дәрежелегенін білдіреді. Демек сол кездің ғылым шыңы болу керек. Онан кейін Ясауи бабамыздың «Сани дәптері» бойынша 13 сатыны ескертеді. Демек аятта; «Әр үммет үшін, олар орындайтын бір ереже жасадық....» (22-67) Ол ережені «жол-жоба» деп аталып елдегі «шарио» көрнісін «салт-дәстүр» деп атайды. Онда сол дәстүрді қалыптастыру үшін сол елдің ұлтың ішінен өз жол басшысы болу керек. «Сондай қарсы болғандар: «Оған Раббынан бір мұғжиза неге келмейді?»,- дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің. (Ғылымын көрсетіп түсіндіруші) Сондай-ақ әр елдің бір жол басшысы бар.» (13-7) Сұрақ; -Сонда сіз қазақ елінің дін басшысы ретінде қай елдің, ұлтың жол басшы кітабына, нұсқауына сүйеніп пәтуа шығарасыздар? Егер имам Ағзам мазһабын айтсаңыз, ол қазақ елі үшін дәстүрлік сипаты жоқ, бірақ қазақ үшін діни жолдың намаз оқу қағидасы ғана болып шығады. Егерде имам Ағзам мазһабы жол болса онда Мұхаммет пайғамбарымыз көрсеткен ізгі істер тыс қалғаны ма? Сонда пайғамбарларымызды, Ыбырайым пайғамбарымыздан бастап жолдан шығарып тастау керек болғаны ма? Жолды жалғаушы тек пайғамбарлар ғана екенін, соңғы дін жолын толықтырған сүйікті соңғы Мұхаммед пайғамбарымыз емес пе? Жолды тек Алла ғана береді. Имам Ағзамды қолдан пайғамбар жасап, күдіксіз ортақ қосып Аллаға серік қосуға болмайды. Ол зұлымдықтың үлкені! Біздің еліміз үшін имам Ағзам намаз оқудың ұстазымыз. Орындаудың емес! Ал шын мәнінде Құран бойынша шариғат жол емес, ғұрыптық істерге бағдар! Хазірет (шейх) ретінде сіздің тура жолды түсіндірген жан ғылымын жетілдіру амалдарын көрсеткен атыңызға сай затыңыз яғни кітабыңыз еңбегіңіз (дін ұстану қағидасы «платформа») болашаққа бағыт бағдарыңыз, иманның дәрежелену белгісі болу шарт. Намаз оқи бергеннен Алланың қандай шапағатына бөленіп ғұламаға немесе әулиге айналуға болатынына нақты дерек, дәлелдер келтіріңіз. Егер ондай еңбегіңіз болса халыққа таныстырсаңыз, алып зерделесек. Иман сатыларын неге имам Ағзам бесеуді көрсетіп, Ясауи бабамыз 13 пен белгілеген? Ерекшелік қайдан шыққан? Құранда қандай белгі бар? Сегізді кімнен сұраймыз? Тарихқа жүгінсек жан ғылымын меңгерген адам баласына жаратушы тарапынан еркше мұғжиза (қасиет құндылығы) беріледі. Яғни жан шипасын бере алатын дем салатын қасиеті болу керек. Құпия болмаса қандай жан ауруына дем салу мүмкіндігіңіз бар? Және ұстаздан озар шәкірт те болу керек. Сондай ерекше белгі алған мешіттерде шәкіртеріңіз қанша? Құранға тарихқа жүгінсек, сауатсыз шерік, серік, ортақ қосты деген аталарымыз 9 жылда «Тәуба» асулардан өту тәсілін меңгерген. Сіздердің араларыңызда атақтарыңызбен айтқан пікірлеріңізге сөздеріңізге қарағанда онан да жетік тәсілдерді меңгерген бе деген ұғым бар елде. Олай болса «намаздың хандары, билері» ішінен 17 жыл ішінде халыққа тұлға үлгі болатын Құранның құпия сырын ғылымын аша білген, көктен жерден азық ала білетін, тылсымнан хабар белгі алып, сырласа білетін өз ерекшелігі бар қанша тақуа, ғалым шықты? Қандай хикметті ерекшеліктері бар? Діннің көрсеткіші халықтан алғанымен емес, қаншалықты рухани қазынадан үлес алып рұхқа бере білгенімен бағаланады, өлшенеді. Олай болса қазақ халқының біліміне, тіліне мәдениетіне, әдебиетіне қосылған тың еңбек шығармаларын көрсетсеңіз. Болса бұл сіздердің халыққа ұсынған бағыттың дұрыс екендігіне дәлел болып, қазақ халқы тура жолымызды таптық деп есептеледі. Намаз оқу мен сәжденің және намаз орындаудың ерекшелігін де білгісі келеді халықтың. Намаз оқу арқылы тәндегі керексіз ақпараттардан қалай тазару керек? Іштегі керексіз ақпараттарды, кірді сыртқа шығарып тұратын «сыздауық» деген жара бар, ол шықса үнемі сыздатып ауырып жүріп түбінде жарылып тынары сөзсіз. Сондай халықты сыздауықша сыздатқан жауабы дүдәмал сұрақтарды халық атынан қойып сіздерден және дінді бағыттаушы құзырлы орындардан жауап алатынымызға сіздерді оған «оқшауланып» немесе үндемей қалу саясатын ұстамайтындарыңызға иман дәрежелеріңіз жеткілікті деп, сол іздемпаз бауырластықтар атынан сенім білдіремін. «Жыламаған балаға емшек жоқ» дегендей артық кеткен пікірлерім болса ғафу өтініп тек Құран арқылы және нақты ғылыми өлшемдермен ғана пікірлесуге шақырамын халық алдында. Діннің де бір аламан бәйгесі болу керек. «Көлденең келген көк атты» деп қабылдамай, аламан бәйгенің шартымен, әуелі бір ат келсе, көп ұзамай көп атта жететін ескеріңіз алдияр тақсыр, хазіреті мырза! Болмаса сол бәйгеге шәкіртеріңізді, ғұламаларыңызды қосыңыз. Иә, 17 жыл араптардан оқыған бап шабар, болмаса араптан хабары жоқ, қазақша ғана тоқыған аруақтың қолдауымен ана тілім бақ шабар! Шартыңызды айтыңыз, Датыма құлақ салсаңыз, айтатын үш-ақ ауыз сөзім бар, қабыл етсеңіз тақымын қысар елім бар, дін-тарихымызды берсеңіз қолдан, берілмесе жолынан аламын деген елге берген сөзім бар! Сондықтан әзірше бұл қарапайым сауалдарды бірінші сөз деп қабылдаңыз! Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Алғабас ауылы Бейбітшілік № 6 . Мамыр 2009 жыл.
Тоқберген (22.08.2010 11:54)
Құрметті газет ұжымы байланыс бөлімдеріңіз арқылы сіздерге жіберген мақалалар бәрі ұзақ жылдар боойы сараптамалардан өтіп нақты ақиқаты ашылғаннан кейін ғана аруақтардың тылсымнан ұлықсатымен жіберіліп отыр. Әлі әлемде құранның ашылмаған сырлары тек қазақ тіліне аударылу арқылы ғана мүмкін болып қазақ тілінің мәртебесі тек құран арқылы әлемде алдыңғы қатардан орын алыпа рухани құтқарушы жетекшілік қызметінен көрінетіні сөзсіз. Егерде құранның сандық және қалай оқылу құпияларын (тек ұлықсат етілгенін) жариялау арқылы арамза діншілдердің өтіріктерін ашуға болатынын білгілеріңізщ келсе хабарласыңыздар. Алаш қаһан және Ізбөрі аналарымыздың басын көтеруге болмаса газет бетінен халыққа таныстыруға жәрдем береді деп ойлаймын. Кененсары атамыздың жатқан жерін және басының табылуына керекті ақпататарды да бере алатымыз ақиқат. Тоқберген.

Пікірдің қосылуы

21 тамыз 2010, 14:25
Рейтинг: