Негізгі

Танымал тэгтер: , , , , , Астана
4 ақпан 2012, в 15:33 Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
Абай ОМАРОВ (коллаж) Тұран топырағында жолбарыс жүректі батыр көп, өйткені қазақтың өзі ежелден батыр халық. Әйтпесе аз ғана халықтың мұншама ұлан-ғайыр даланы найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғауы мүмкін емес. Қазақтың қазақтығын сақтап қалуы, ұрпағына тиесілі ұлтарақтай да жердің жатқа бұйырмауы бірінші кезекте осы батыр-билеріміздің арқасы. Олар аманаттап кеткен кең далаға көрікті қала тұрғызған бүгінгі ұрпақ батыр бабаларымызды қаншалықты қастерлеп, рухына тағзым етіп жүрміз? 0 58
3 ақпан 2012, в 10:47 Құрылыс заттарын қашанғы сырттан тасимыз?
Абай ОМАРОВ (коллаж) Бүгінде Қазақстан қарқынды құ­ры­­­лыс алаңына айналып отыр. Елбасының бастамасымен жа­ңа «Тұрғын үй-коммуналдық шар­уа­шылықты жаң­ғырту» бағдарламасы қабылдан­ғаны белгілі. Бағдарламаның басты бағыты­ның бірі – жылына 6 мил­лион текше метр шамасында тұрғын үй салуды қам­та­масыз ету. Оған 2011-2013 жылдарға бюджеттен 40,8 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл дегеніңіз – құры­лыс қарқыны қызбаса, кемімейді деген сөз... 0 112
2 ақпан 2012, в 10:34 Бесінші Мәжіліс атқа қонды
Мансұр ХАМИТ (фото) Бесінші шақырылыммен сайланған депутаттық корпус кеше бірінші рет бас қосты. Басым көпшілігі «нұротандықтардан», сосын «ақжолдықтар» мен коммунистерден һәм ассамблея өкілдерінен құралған жаңа құрам білек сыбана заң шығару ісіне кірісті. Жаңа төраға Нұрлан Нығматулиннің жиынды ашу барысында сәл кібіртіктегені болмаса, бірінші отырысты бір түрлі өтті деуге еш негіз жоқ.  0 55
1 ақпан 2012, в 13:09 Қазақ дәм айырудан қалған ба?
Абай ОМАРОВ (коллаж) Бүгінде елімізде түрлі өндіріс орындары артып келеді. Оның ішінде әсіресе ішімдік өндіретін, кон­дитерлік өнімдер, темекі өн­діретін өндіріс орындары көп. Осы кә­сіпорындарға ауадай қажет аса сұранысқа ие мамандық бар. Ол – дегустатор. Яғни қазақы тілі­мізге салсақ, «дәм айырушы» бо­лып шығады. Ішетін шайыңыз бен кофеңіз­дің, анда-санда ұрт­тап қоятын ішімдік атаулы, иісі аңқы­ған парфюмерлік өнім­­де­­ріңіз­дің жоғары сапалы болып шы­ғуына ең алды­мен осы ма­ман­дар атсалысады. Өндіріс орындарында өнімнің дәмін татып, қай қоспаның артық не кем екенін анықтап, бір ізге салатын да, жоғары сұрыпты болып шы­ғуы­на мұрындық болатын да – осылар. 0 50
31 қаңтар 2012, в 13:33 Аспалы жолдар алаңдатады
Абай ОМАРОВ (коллаж) Басты байлық – жердің адамдарға тиесілі телімінің басым бөлігін транспорттық құралдар «иемденіп» жатыр десек, артық айтқандық емес. Кептеліс, заңды, заңсыз тұрақтар жаяу жүргіншілерді барған сайын ығыстырып барады. Енді, міне, тіпті көшені кесіп өтетін жолақ жолдарды да жүргізушілер өздеріне бағындырып алған. 0 54
28 қаңтар 2012, в 12:08 Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ (фото) Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар! Қазақстан Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басты. Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған Үкімет өз жұмысына кірісті. 2 246
27 қаңтар 2012, в 12:14 Ескі шаһарлар елеусіз қала бере ме?
Абай ОМАРОВ (коллаж) Жер-дүниені шарлап жүрген жиһанкез ертеде «Сырдың бойын жағалап жүрген адам көптеген шаһарға кезігеді. Бейнелеп айтқанда, Ташкент қаласынан үйдің төбесіне секірген лақ мыңдаған шақырым бойы жерге түспейді» деген екен. Расында, дарияның жағасы кезінде қалың қазақтың құтты қонысына айналған киелі мекеннің бірі болған. Алаш жұртының түп-төркінін түгендеген белгілі ғалым Әлкей Марғұлан таразыға тартқан шығармасының бірінде «Сыр бойында мыңнан астам көне қаланың орны бар» деп айрықша атап өткен көрінеді. 0 67
26 қаңтар 2012, в 13:17 Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2011 жылғы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында орын алған оқиғаға қатысты мәлімдемесі
2011 жылғы 16 жел­тоқ­санда Маңғыстау облы­­­сының Жаңаөзен қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін Орталық алаңда мерекелеу барысында «Өзенмұнайгаз» мұнай өндіретін кәсіпорнының бұрынғы (жұ­мыстан босатылған) жұмысшылары бұзақы жастардың қолдауымен қирату, тонау, өртеу және бейбіт тұрғындар мен полиция қыз­меткерлеріне күш қолданумен ұштасқан жаппай тәртіпсіздіктер жасаған. Нәтижесінде 125 нысан өртеліп, бұзылып, тонал­ған. 1 83
25 қаңтар 2012, в 15:00 Шанхайға жеткен газды Алтайға жеткізе алмаймыз ба?
Абай ОМАРОВ (коллаж) Отандық мамандардың есебінше, 1000 текше метр газ 2 тонна көмірді алмастыра алады екен. Яғни экологиялық тазалығы мен қаржылық тиімділігі жағынан жылыту саласында бүгіндері газдан артық отын болмай тұр. Тіпті соңғы кездері қалалық жер үйлер ара­сында орталық жылу жүйесінен шы­ғып, газға жаппай көшу тұрғы­сындағы құбылыс кеңінен етек алған. Міне, халықтың осындай ауқымды көлемдегі сұранысы мен әлеуметтік қажеттілігі былтыр жыл соңында елімізде «Газ және газбен қамту туралы» заң жобасының дайындалуына түрткі болған. 0 76
24 қаңтар 2012, в 12:37 Жүйелі салық реформасы ел рейтингін жоғарылатты
Абай ОМАРОВ (коллаж) Халықаралық рейтингтегі жоғарылау – елдегі реформалардың сипаты. Кеше ғана сайланған халық қалаулыларының Премьер-министрге сенім білдіруін Үкіметтің дағдарыс кезеңінде шұғыл да нәтижелі әрекет ете білгенін, экономиканың әр секторы мәселесіне сай қабылдаған түрлі шешімінің жемісті болуын мойындау деп түсінген дұрыс. Бүгіндері мамандар К.Мәсімов Үкіметінің осындай беткеұстар іс-әрекетінің бірі ретінде экономиканы модернизациялап, оны әртараптандыруға ықпал еткен, бизнестің көлеңкеден шығуына түрткі болған 2009 жылы жүргізілген салық, сондай-ақ басқару аппаратын нақты көрсеткіштермен жұмыс істеуге жұмылдырған әкімшілік реформаларын атайды. 0 55
21 қаңтар 2012, в 11:58 Жаңа Парламент Мәсімов Үкіметімен жұмыс істей бермек
Мансұр ХАМИТ (фото) Кеше ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа құраммен жасақталған Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Ата Заңның 59-бабына сәйкес, Парламенттің бесінші шақырылымының 1-сессиясын ресми түрде Әнұранды әуелете отырып ашты. Сессия ашылысымен бірден іске кіріскен жаңа құрамдағы Мәжіліс өздерінің спикерін сайлап қана қоймай, Министрлер кабинетінің мәселесін де қарап тастады. Нәтижесінде Парламент жаңарғанымен, Мәсімов Үкіметі жұмысын жалғастыратын болды. 0 118
20 қаңтар 2012, в 12:43 Сенат сессияны жапты
Мансұр ХАМИТ (фото) Мәжілісі тарқағалы саяқ қалған Сенат кеше соңғы отырысын өткізді. Парламенттің бар міндетін бір тізгінде ұстаған палата бұл жолы төртінші шақырылымның бесінші сессиясын да өзі қорытып, ертеңгі жаңа құрамда, жаңа шақырылыммен жолықпаққа тарқасқан. Конституциялық заңға сәйкес, Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. 0 49
19 қаңтар 2012, в 12:59 Жоғарғы сот төрағасы Қазақстан халқынан кешірім сұрайды
Мансұр ХАМИТ (фото) Кеше Парламент Сенатының пленарлық отырысында сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған заң жобалары талқыланып, қабылданды. Қоғам ішіндегі әділет таразысын тең ұстап тұратын сот жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі мемлекет атына кір келтіретіні о бастан белгілі. Сол себепті қазақ «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп, жең-ұшынан жалғастыққа жол бермес үшін жемқорлықты имансыздық деп бағалап, масқаралаған. 0 78
18 қаңтар 2012, в 14:05 Ерке Есіл неге жылап ағады?..
Абай ОМАРОВ (коллаж) Бүгінгі Есілді кешегі Есілмен салыстыруға мүлдем келмейді. Осыдан ондаған жыл бұрын тасып-тулап жататын қарт Есілдің қазіргі жағдайы, өкінішке қарай, алаңдатарлық-ақ. Толықсып аққан ақ бура толқындары бәсеңдеп, тіпті кейбір тұстары құрғап, кебуге айналған. Осыдан он жыл бұрынғы Есілдің алып жатқан аңғарынан қазіргі Есіл алты-жеті метрге дейін тартылып кеткен. 0 139
17 қаңтар 2012, в 14:18 Бесінші Парламент үш партиядан жасақталады
Сонымен Қазақстанда тағы бір үлкен саяси науқан өз мәресіне жетті. Өткен жексенбіде республика жұртшылығы партиялық тізімін ұсынған Парламент Мәжілісінің кезектен тыс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Сайлаудың ертесінде-ақ алдын ала қорытындысын жария еткен Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бесінші Парламент үш партиядан жасақталатын болды. 0 83
14 қаңтар 2012, в 11:07 Мемлекет басшысының Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының алда болатын сайлауына байланысты Үндеуі
Құрметті қазақстандықтар! Алдағы сайлау еліміздің дамуы, демократиялық құндылықтардың нығаюы үшін өте маңызды. Мемлекет сайлаудың ашық, адал, айқын және бә­секелестікпен өтуіне барлық жағдайды жасап отыр. Оны баршаңыз көріп отырсыздар. 0 87
13 қаңтар 2012, в 13:16 Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті: Біз Димекеңді Тәуелсіздікке дейінгі тарихымыздың тегеурінді тұлғасы деп бағалауымыз керек
Александр ПАВСКИЙ (фото) «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» демекші, кеңестік Қазақстан тарихында парасаттылығымен ел жадында мәңгіге қалған көрнекті тұлға Дінмұхаммед Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына орай республика деңгейінде түрлі шаралар басталды. 0 93
12 қаңтар 2012, в 12:43 Жаңаөзенде сайлау өтетін болды
Абай ОМАРОВ (коллаж) Кеше Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу мүмкін емес» деген өз қаулысының күшін жойды. 0 64
11 қаңтар 2012, в 13:23 Президент Конституциялық Кеңестің Жаңаөзенде сайлау өткізбеу туралы шешімін бұзды
Абай ОМАРОВ (коллаж) Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының аумағында сайлау өткізбеу туралы шешіміне вето қойды. 0 81
28 желтоқсан 2011, в 14:13 Аждаһаны арқыратқанша, ұлуды ұлықтамаймыз ба?
Абай ОМАРОВ (коллаж) «Мешкей деген жақсы ат емес» деп қазақ текке айтпаған. Бірақ бір қызығы ма, әлде бір таңғаларлығы ма, құбылған заман адамдардың құндылықтарға деген көзқарасын да құбылтып жібереді екен. Солайша кешегі жаман бүгін жақсы, немесе керісінше боп шыға келеді. Әйтпесе атам қазақ қай уақытта ысқырығының өзі дауыл туғызып, апат төндіріп, жеті басынан жеті түрлі жұт туғызатын айдаһарды дәріптеп, қай жыл қайыруынан сол бір жалмауызға орын беріп еді? 4 435
 1 2 3 >  >|