Соңғы жаңалықтар

Танымал тэгтер: , , , , ,

Орман өрті 6 адамды жалмап кетті

   0 297

Павлодар облысында орман өртінен алты адам қаза болды. 8 қыркүйек күні Көкжал ормандарында тілсіз жауды ауыздықтау кезінде кешкі сағат 18:20-лар шамасында орманшы, Бесқарағай орманының мемлекеттік инспекторы өмірмен қоштасты.

Жабағылы ауылынан 21:50-де аудан­дық ауруханаға ауыр күйік шалған үш адам жеткізі­ліп, оның екеуі бірден қайтыс болды. Дәрігер­лер­дің айтуынша, бұлар – ағалы-іні­лі Нұрбаев­тар. Олардың аналары да қазір ауру­ханада ауыр халде жатыр. Кеше өрт болған жер­ден тағы да бір мүрде табылды, бұл Нұрбаевтар отбасының отағасы деген болжам бар.

Маралды ормандарында соқалы МТЗ-100 тракторының көмегімен өртпен алысқан екі адам – Бесқарағай орманының директоры мен Шарбақтының бір тракторшысы да ажал құшты. Өрт кезінде хабарсыз кеткен екі адам қазір іздес­тірілуде.

Өрт Шарбақты ауданына қарасты Шалдай ор­ман­дарының 1000 гектарын жалмап, Ресей аума­ғына да ауыз сала бастаған. Қазір өрттен зар­дап шеккен Бәйімбет ауылының тұрғындары Шоқ­тал ауылына көшірілді. Кеше сағат 15.25-тің кезінде Бесқарағай ауданындағы Көкжал ор­манды ал­қа­бында тағы бір өрт ошағы пайда бо­лып, 2000 гектар орман алқабына зиянын ти­гізген.

Кереку өңірін әлекке салған тілсіз жаудың тырнағы Шығыс Қазақстанға да жетті. Көрші өңірден келген өрт бұл облыстың Беген ауылдық округіне жетіп, 400 гектардан астам орман алқабын шарпып кетті. Естеріңізде болса, шама­мен осыдан төрт жыл бұрын Бегенге өрт тиіп, әп-сәтте 90-ға жуық түтіні бар аядай ауылды тып-типыл еткені мәлім.

Абырой болғанда, бұл жолы бегендіктер жылдам қам жасап үлгерді. Өрт қаупі төнген Жандос ауылынан 64 адам көшірілді.

Қазір Павлодар жақтан келген өрт толығымен ауыздықталыпты. Шығысқазақстандық өртсөн­діру­шілер қараша халыққа тілсіз жаудан сақ­танудың жолын айтып, насихат жұмыстарын жүр­гізуге кірісті.

Оқиға орнына келіп жеткен төтенше жағ­дайлар министрі Владимир Божко барлық жа­уапты қызметтерге әрбір екі сағат сайын жағ­дайды баяндап отыруды тапсырды. Өрт сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің авиа­циясы да жұмылдырылды. Сондай-ақ ор­ман шаруашылықтарымен, жергілікті билік ор­ган­дарымен байланыс орнату, өртке қарсы тех­никаны қажетті сумен және жанармаймен қам­тамасыз ету қатаң қадағалануда. Жұмысты үй­лестіру облыс әкімінің орынбасары, Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық комиссия төра­ғасы А.Вербнякқа жүктелді.

Автор: Елмейір Ахмед, Жанаргүл Қадырова, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

10 қыркүйек 2010, 13:24
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15