Соңғы жаңалықтар

Танымал тэгтер: , , , , ,

Бүлдіршіндер балабақшаға қашан барады?

   0 261

Ақтөбе облысында бүл­дір­шіндерді балабақшаға орналастыру мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Биыл­ғы есеп бойынша қала­да ба­лабақшамен қамтылған бүлдіршіндер саны 12 459-ға жеткен.



Кезекте тұрған балалар саны да – осы мөлшерде. Бүлдіршіндерді балабақшамен толықтай қамту мәселесін уақыт оздырмай шешуге жергілікті атқарушы билік кірісіп те кетті. Жыл соңына дейін қалада өзге ме­ке­ме­лерден мемлекет меншігіне қайтарылған үш балабақша қайта жарақтандырылудан өтеді. Жылжымайтын мүлік орталығы, ма­ман­дардың біліктілігін арттыру институты және №40 орта мектеп ғима­рат­тарын босатып берді. Аталған нысандардың құжаттары әзірленіп болған, күттіріп тұр­ғаны – күрделі жөндеу. Барлық жұмыстары аяқ­талып, іске қосылысымен 840 бала балабақшаға жолдама алады.

Бұдан бөлек, «Балапан» бағдарламасы аясында қаладағы 11 мектептің жанынан балабақша орталықтары іске қосылды.

Жыл соңына дейін 320 орындық жаңа ба­лабақша бой көтермек. Қазір онда құ­рылыс жұмыстары жүріп жатыр.





 

Автор: Ақбаян БОЛАТБЕКҚЫЗЫ

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

10 қыркүйек 2010, 11:47
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15