Соңғы жаңалықтар

Танымал тэгтер: , , , , ,

Ақылын арбап, алтынын алып кетіпті

   0 250

5 қыркүйекте Жезқазған қаласының ішкі істер бө­лі­міне алаяқтың арбауына түскен оқушының анасы келіп арыз­данады. Шағым­да­ну­шының сөзіне қара­ған­да, бейтаныс бір әйел қара магияның күшімен оның қызының басын айнал­ды­рып, ақшасы мен бағалы зат­тарын алып кеткен. Құ­қық қор­ғаушылардың жіті қимы­лы­ның арқасында күдікті көп кешікпей құ­рық­қа ілінді. Си­қыршы әйел 11 сынып оқу­шысына барлығы 583 000 тең­ге материалдық шы­ғын келтірген.



Таңертеңгі сағат 11-лер шамасында дү­кен­ге шық­қан 17 жастағы қыз баланы тоқ­тат­қан бей­таныс әйел оған: «Қызым, саған тіл-көз тиген екен. Отбасыңа да қара бұлт төніп, қар­ғыс атты пәле жабысқан», – дей­ді. Мұн­­дай сөздерді оқыстан естіген оқушы не іс­те­рін білмей шошып қалады да, әйел­дің сө­зі­не сеніп, онымен әңгімелесе кетеді. Алаяқ өзінің жоспары жүзеге аса бас­та­ға­нын сезіп, оқушы қызға қарғыс пен тіл-көз­­­ді шешіп беруді ұсынады. Сөйтіп, ол оның үйінен жұмыртқа мен ине алып шы­ғуын сұрайды. Арбауға басы айналып қал­ған аңқау қыз үйіне жүгіріп барып, алая­қ­тың сұраған заттарын алып шығады. Бір­деңені іштей күбірлеп, 10-15 минут қу­лығын асырған алаяқ барлық қарғыс пен пәле-жаланы қарайып кеткен ине бойына жиып алды деп сендіреді. Сөйтіп, ол ал­дан­ған оқушыға пәле-жала мен қарғысты оның отбасынан алшақтатқаны үшін ақы сұрайды. Басы айналып қалған қыз бала сол сәтте алаяқтың қолына үйінен 35 000 теңге ақша, «Нокиа» ұялы телефонын және зер­герлік алтын бұйымдарын алып шығып, ұстата салады.

«Жедел іздестіру» шараларын өткізген полиция қызметкерлері көп кешікпей сол күні кешке «Жезқазған-Қарағанды» жолау­шы­лар автобусына мініп кетіп, ізін жа­сыр­мақ­шы болған 35 жастағы Өзбекстан Рес­пуб­ликасының азаматшасын қолға түсірді. Алаяқтың сөмкесінен 34 000 теңге ақша, «Нокиа» ұялы телефоны және алтын зер­гер­лік бұйымдар табылды. Ол жәбір­ле­ну­шімен танылып, барлық іс-әрекетін мойын­дады. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изо­ляторына қамауға алынып, тергеу амал­дары жалғасуда.

Автор: Айым СӘДУАҚАСОВА, Қарағанды

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

10 қыркүйек 2010, 11:45
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

7 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15