Алматы облысының полицейлері көлік жолдарында қарақшылықпен айналысатын қылмыстық топты ұстады.
12 тамызда Алматы-Өскемен автожолының 331 шақырымында бетперде киген белгісіз төрт адам Б. деген азаматтың басқаруындағы «КаМАЗ» автокөлігін тоқтатып, күш қолдану және тапаншамен қорқыту арқылы 1 500 000 теңге сомасындағы ақшаны иеленіп кеткен. Өз әрекеттерін мұқият жоспарлаған топ оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері шапқыншылар автокөлігінің темір бөлшегінен басқа айқын іздерді анықтай алмады. Алайда дәп осы күдіктілердің ізіне түсуге мүмкіндік болды. 7 қыркүйекте Ақсу аудандық ішкі істер бөлімінің және криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің күшімен төрт адамнан құралған топ Алматы қаласында ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалғаннан кейін өз кінәларын мойындады. Аталған қылмыстық топтың Алматы облысы аумағында болған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Автор: Анар Бекбасова
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: