Таяу арада бізде де Ресейдегідей төтенше жағдай жариялауға тура келмесе игі. Өткен тәуліктерде еліміздің аумағында бір емес, тоғыз ірі далалық өрт оқиғасы тіркелді. Бұл – мамандардың ресми мәліметі ғана. Соның өзінде мыңдаған гектардың күлге айналғаны белгілі болып отыр. Далалық алқаптар мен орманды жерлердегі тілсіз жау, әсіресе, еліміздің батыс аймақтарында өршіп тұр.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының мәліметінше, соңғы екі-үш тәулік ішінде табиғи өрт оқиғалары күрт жиілеп кетті. Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары аумағында тоғыз төтенше оқиға тіркелді. Бір ғана Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында өрт жеті елді мекенді шарпыған. 991 гектарға жайылған жалыннан Шәуті, Тышқанбай, Пақыреддинлі, Хасанбала, Шуылдақ, Қоңырсай аталатын ауылдардағы жайылым алқаптары өртеніп кетті. Бұған қоса, қысқа мал азығы ретінде әзірленген 74 тонна шөптен түк қалмады. Абырой болғанда, адам мен мал шығыны жоқ. Осындай алапат өрт Ақтөбе облысының Шалқар ауданында да тұтанды. Мөңке би ауылдық округіне қарасты 700 гектар алқапты ораған от тәулік бойы бой бермеген. Облыстың өрт сөндірушілерінің әбігері әлі аяқталған жоқ. Ақтөбенің іргесіндегі Алға ауданында, 500, Хромтау ауданында 100 гектар жайылым мен шабындық жерлер жанып кетті. Хромтаудың Көптоғай ауылында 1500 бума шөп те өртенген. Дала өрттері еліміздің солтүстігі мен шығысында да тіркеліп отыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жалпы биыл табиғи өрт оқиғаларының қатары Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында көбейіп кеткен.
Автор: Болатбек Мұхтаров
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: