Соңғы жаңалықтар

Танымал тэгтер: , , , , ,

Қылмыстық топ құрықталды

   0 298

Соңғы сегіз айда ұрлық, бөтен біреудің затын тартып алу фактілері бойынша 242 оқиға тіркеліп, 82-сі бойынша іздестіру жұмыстары нәтижелі аяқталып, кінәлілер заң алдында жауапқа тартылды.



Тәртіп сақшылары қылмыстардың басым бөлігі кешкі уақытта орын алатындығын айтады. Көбіне ұрлықты жұмыссыздар мен тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар жасайтын көрінеді. Тәртіп бұзушылыққа ұрынатындардың дені – 15-30 жас аралығындағылар. Ұрлық фактілерінің көбісі жалғыз адамның қолымен жасалады. Ал топтық қылмыс соңғы рет осыдан үш жыл бұрын тіркеліпті.



Әділбек НЫҒМАНОВ, патрульді полиция бөлімінің бастығы:

– Әуезов ауданында бірнеше жас бала ұйымдасқан топ құрған. Олар біраз уақыт бүкіл қалаға үрей тудырған еді. Топтың мойнында 15 қылмыстық факті болды. Олар көшеде өтіп бара жатқандардың қолынан қымбат заттар – ұялы телефон, бас киімдерін тартып алып, жақын маңда күтіп тұрған көлікке отырып, үйлеріне әкеткен. Барлығы тынышталғанша, сонда тығылған. Біз оларды құрықтап, қылмыстық жауапкершілікке тарттық.


Тәртіп сақшылары жаңа оқу маусымы басталғанына байланысты қоғамдық тыныштықты қадағалауды күшейтетінін мәлімдеді. Бұл мақсатта патрульдік, криминалды және Жол полициясы бөлімшелері бірігіп қызмет жасайтын болады.

Автор: Роллан КЕМЕРБАЙ, Семей

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

7 қыркүйек 2010, 11:23
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15