Алматылық тәртіп сақшылары жыл басынан бергі тоғыз ай ішінде 18 көлік ұрлаған қарақшыны ұстады. Қылмыскер осы уақытқа дейін ұрлаған Daewoo Nexia маркалы автокөліктерді көршілес Өзбекстанға жөнелтіп отырған. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД мамандары хабарлады.
Алматы қалалық ІІД криминалды полиция басқармасының бастығы Амангелді Шідерқұловтың мәліметінше, Өзбекстан шекарасы маңында құрықталған қылмыскер бұған дейінгі ұрланған көліктерді шекарадан өткізу кезінде өзінің дәл осындай маркалы көлігіне тиесілі жасанды мемлекеттік нөмірлерді пайдаланып жүрген. Тексеру кезінде ұсталған азаматтың жалға алынған екі жекеменшік гаражынан Daewoo Nexia, Chevrolet маркалы көліктері және 10-ға жуық ұрланған көліктердің мемлекеттік нөмірлері табылды. Қарақшы оларды жақын күндері шекара асырмақшы болған көрінеді. Оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр.
Амангелді ШІДЕРҚҰЛОВ, Алматы қалалық ІІД криминалды полиция басқармасының бастығы:
– Күдікті шекаралардағы полиция бекеттерінде автокөліктердегі қораптар қатаң тексеруден өтпейтініне сенімді болғандықтан, жалған нөмір тағумен-ақ сытылып шығамын деп ойлаған. Ұсталған азаматтың сыбайласын табу әрі күдіктінің өз елінде қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау үшін алдын ала тергеу амалдарын өзбек тәртіп сақшыларымен бірлесе жүргізбекпіз.
Автор: Жансая Серғазықызы
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: