Соңғы жаңалықтар

Танымал тэгтер: , , , , ,

Қызылағаштықтар малды болды

   0 252

Алматы облысының Қызылағаш ауылында тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға асар әдісімен жиналған мал таратыла бастады. Төрт түлікті облыс әкімінің бастамасымен барлық елді мекендер жинаған.



Осыған дейін көптің көмегімен Қызылағаштағы 631 отбасы түгелдей баспаналы болған еді. Қуанышқа қуаныш қосылып, енді олардың қоралары да малға толатын болды. Осыған дейін облыс әкімі Серік Үмбетов әр отбасыға бір жылқы, бір сиыр, 10 қойдан берілетінін айтқан еді. Қызылағаштықтарға бірінші болып Балқаш ауданының мал өсіруші шаруалары қол ұшын созды. Олар ауылға 35 сиыр мен 35 жылқы, 350-ден аса қой жеткізді. Бақанас ауылының белгілі фермері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ауыл тұрғындарына ішінде асыл тұқымды жылқысы бар шағын табын айдап әкелді. Қалған аудандардың шаруалары да қызылағаштықтарға көмек көрсету ісіне өз үлестерін қосты. Қыркүйек айының алғашқы күндері 3000-нан аса қой, 300 сиыр, осыншама жылқы таратылды. Осы аптаның соңына дейін қалған мал басын жинап, ауыл тұрғындарына тарату жоспарланған. Қызылағаштықтарға мал тарату ісін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының, жергілікті әкімдіктің өкілдерінен, ауылдың қарт тұрғындары – құрметті ақсақалдардан құралған бірлескен комиссия бақылап отыр. Бұдан басқа, Қызылағаш, Ақтоған және Егінсу ауылдарының тұрғындарына Ақсу ауданының егіс далаларынан жиналған 600 тонна бидай тегін таратылды.



Елшен Рабиғалиев, ауыл тұрғыны:

– Бәрі де жақсы болды. Жылқы береміз деп еді, жылқысын алып келді. Оған қоса, қойы мен сиырын беріп жатыр. Үй салып берді. Президентімізге және халқымызға рақмет.

Автор: Нұрмұхаммед Мамырбеков

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

7 қыркүйек 2010, 11:19
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15