Соңғы жаңалықтар

Танымал тэгтер: , , , , ,

Семей «сұмдық өзгермек»

   0 278

Семей қаласының 2025 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді. Осыған сәйкес, алдағы 15 жылда қала аумағы 21 700 гектарға ұлғаяды. Кеңейіп қана қоймайды, келешекте қала халқының саны 400 мың адамға дейін көбейеді деп болжанып отыр.



Жоспарға сәйкес, келешекте қала маңындағы ауылдарға абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, балабақша, мектеп, саябақтар салынады деп жоспарланған.

Қаланың 2025 жылға дейінгі бас жоспары бойынша саяжайлар мен кенттерге еркін қатынау үшін Ертіс өзені арқылы алты көпір салынатын болады. Ал қаланың «Қазкрай», «Таткрай» атанып кеткен аумақтарындағы кейбір жеке сектордағы көнерген үйлердің орнына көпқабатты тұрғын үйлер салу көзделген.

Бас жоспарда жаңа әуежай салу да назардан тыс қалмапты. Негізі, ереже бойынша әуежай елді мекеннен 16 шақырым қашықтықта болуы тиіс.

Жаңа жоспарға сай, Түйемойнақ аралы да адам танымастай өзгереді. Арал адамдардың емін-еркін жүріп демалатын орнына айналады. Сәулетшілердің айтуынша, ол жерде ойын алаңдары, әткеншектер, соған қоса, көрме өткізетін павильондар орнатылады. Тіпті демалыс орнында ипподром да болады делінген.

Мамандардың айтуынша, белгіленген бас жоспар бойынша, әсіресе қала маңындағы елді мекендерге қатты көңіл бөлінеді. Соның бірі – Суықбастау кенті. Бұл жерде екі мектеп, үш балабақша, бірнеше қос қабатты тұрғын үйлер, спорт кешендері, саябақтар мен ойын алаңдары салынатын болады. Қаладан шеткері жатқан ауылда екі ірі сауда орталығы, мешіт, шіркеу және әкімшілік ғимараттары бой көтереді.

Қаланың жаңа бас жоспарының жобалық-сметалық құжаттары бюджет қаржысы бөлінгеніне қарай келесі жылы дайын болады. Осы белгіленген жоспардың барлығы 2025 жылға дейін жүзеге асуы тиіс.

Автор: Әлем МӘДИ, Семей

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

4 қыркүйек 2010, 11:49
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15