Соңғы жаңалықтар

Танымал тэгтер: , , , , ,

11 балақай уланып қала жаздады

   0 283

Қарағандыға қанаттас Шахтинск қаласындағы «Салтанат» балабақшасының 11 тәрбиеленушісі тағамды дұрыс мәзірлік режимде тұтынбағандықтан, «уланған» деген диагнозбен қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған.



Оқиға осыдан бір апта бұрын болғанына қарамастан, балабақша басшылығы болған оқиғаны жасырып келген. Болған жайт ата-аналар балаларының денсаулығына алаңдап, дабыл қаққанынан кейін ғана жария болып отыр. Қазір осы оқиғаға байланысты Білім және ғылым министрлігінен арнайы тексеріс келеді деп күтілуде.

Шынтуайтында, балабақша тәрбиеленушілеріне  тағамдық сапалары өзара сәйкеспейтін тамақтар берілген екен. Мәселен, балаларға түскі ыстық аспен бірге алма берілген, сондай-ақ сүтке бұқтырылған макарон өнімдеріне басытқы ретінде шие шырыны ұсынылған, ең сорақысы, көкөністен әзірленген уылдырыққа тәтті айран қосып берген.

«Уланып» қалған үш жастан алты жасқа дейінгі ортаншы буын топтарының тәрбиеленушілерінің денсаулығы қазір жақсы. Аталмыш тамақ мәзірінің балалардың денсаулық жағдайына әсері туралы зертханалық тексерістерден кейін толық баға берілмекші.

Гүлжан БАЙТУҒАНОВА, Қарағанды облыстық санитарлық бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі:

– Бұл тағамдық улану емес. Тек тағам рационы дұрыс таңдалмаған. Тағам балалардың ішіне жақпаған. Ал ата-аналар бұл жағдайға сенгісі келмей отыр. Барлық жағдай зертханалық тексерістерден соң анықталады.

Автор: Серік САҒЫНТАЙ, Қарағанды

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

4 қыркүйек 2010, 11:48
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15