Шығыс Қазақстан облысының шекарасында ірі көлемдегі контрабандалық заттар әшкереленді. «Бақты» кеден бекетінде жалпы құны 14 млн теңге болатын заңсыз тасымалданған жемшөп қоспасы тәркіленді.
Метионин, яғни жануарларға арналған жемшөп қоспасын ел аумағына әкелу үшін арнайы рұқсат қағазын алу керек. Алайда кедендік декларацияда семейлік кәсіпкердің 790 қапқа салынған жүгінде полистерен тауары бары көрсетілген. Бірақ тексеру барысында мүлде басқа тауар жасырылғаны анықталды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. ШҚО бойынша КБД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кедендік кірістер басқармасы есебіне сәйкес контрабандалық тауардың кедендік құны 13 654 684 теңгені құрайды. Төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы – 2 413 742 теңге.
Осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 209-бабы, 2-бөлімінің «г» тармағында (аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда) қаралған қылмыстық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Автор: Әлем МӘДИ, Семей
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: