Қарағанды облысы Майқұдық ауданындағы дүкендердің біріне тападай тал түсте қарақшылық шабуыл жасалды. Дүкенге бетперде киіп кіріп келген үшеу сөре әйнектерін сындырып, тоғыз қорап алтынды ұрлап алып кеткен.
Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті мамандарының мәліметінше, жалпы шығын 5 600 000 теңгені құрады. Дүкенде қарақшылық шабуыл дерегінің орын алғаны туралы ақпарат алған полиция қызметкерлері сол сәтте іздестіру жұмыстарына кіріскен. Құқық қорғаушылардың жіті қимылының арқасында алтын ұрлағандардың әрекеті ізі суымай ашылды. Қала орталығынан «Ауди-80» автокөлігінің күдікті жүргізушісі ұсталды. Ол ұрланған алтындар мен қарақшылық шабуыл жасағандардың қайда жасырынғанын айтып берді. Алтын бұйымдар тәркіленді. Қарақшылық шабуыл жасаушылардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Автор: Айым Сәдуақасова, Қарағанды қаласы
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: