Соңғы жаңалықтар

Танымал тэгтер: , , , , ,

Ақтөбеде бопсалаушылар жүр

   0 255

Ақтөбеде құрылыс компаниясы қызметкерін бопсалаған топ ұсталды. Қалаға Алға ауданынан келген жастар әлгі азаматты қорқытып, жарты миллион теңге талап еткен.



Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиевтің хабарлауынша, құрылыс компаниясының бригадирі полиция бөліміне белгісіз біреулердің өзін қорқытып, 500 мың теңге талап еткендігі жөнінде арызданған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шұғыл іздестіру шарасына дереу кіріседі. Күдіктілер сол күні-ақ қаланың 11-ықшамауданынан қолға түсті. Олардың Алға ауданының 25 пен 38 жастағы екі тұрғыны екені анықталды. Алдын ала тергеу барысында олар жәбірленушіден қомақты ақша талап етіп қана қоймай, оның ұялы телефонын тартып алғандығын да мойындады. Осы дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 181-бабына сәйкес іс қозғалып жатыр.

 

Автор: Болатбек Мұхтаров

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

3 қыркүйек 2010, 10:51
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15