Соңғы жаңалықтар

Танымал тэгтер: , , , , ,

Апта соңына дейін күн суытады

   0 306

Бүгін және алдағы екі тәулікте Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, күн салқындайды. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығының мамандары хабарлады.

Синоптиктердің болжауынша, қыркүйектің 4-іне дейін республиканың басым аймақтары антициклон ықпалында болады. Дәлірек айтқанда, суық ауа ағыны бүгін Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары арқылы Павлодарға, ал қыркүйектің 4-і күні Шығыс Қазақстан облысына өтеді. Бұл күндері аталған өңірлерде ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 10-17 градусқа дейін түседі. «Қазгидромет» орталығы мамандарының хабарлауынша, әсіресе Солтүстік Қазақстан облысында күн едәуір салқындап, сынап бағанасы күндіз 8-10 градусқа дейін күрт төмендейді. Ақтөбеде 10-15, Ақмола облысында 16-23 градус шамасында жылы болады деп болжанып отыр. Еліміздің оңтүстік өңірлерінде сынап бағанасының ауытқуында айтарлықтай ерекшелік байқалмайды. Қазір термометр көрсеткіші бұл өңірлерде 35-40 градусты көрсетіп тұрса, апта соңына дейін 30-35 градусқа дейін түсуі ықтимал. Сол сияқты алдағы күндері солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Маржан ҚҰСАЙЫНОВА, «Қазгидромет» РМК Ауа райын болжау басқармасының бастығы:

– Суық ауа ағыны тек апта соңына дейін сақталып, келесі аптада республика аймақтарында күн қайта ысиды деп болжанып отыр. Мәселен, ертең Ақмола облысында 16-23 градус жылы болады десек, қыркүйектің 4-інен кейін бірден 30 градусқа көтеріледі.

Автор: Жансая Серғазықызы

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

2 қыркүйек 2010, 12:40
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15