Қазақстанның оңтүстігі қырым қанды безгегімен алысып жатқанда, Ресейдің оңтүстік-шығысын, яғни елімізбен шекаралас өңірін Батыс Ніл безгегі жайлап алды. Айналасы бір айдың ішінде бір ғана Волгоград облысында індетті 170 адам жұқтырып, оның алтауы көз жұмды. Індеттің Қазақстанға ену қаупін жоққа шығаруға болмайды. Сол себепті, мамандар эпидемиологиялық жағдайды бақылауға алып отыр.
Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының соңғы мәліметтеріне сүйенсек, мұнда Батыс Ніл безгегін жұқтырғандар саны 226-ға жетті. Оның басым бөлігі, яғни 170-і Волгоград облысына тиесілі болса, Ростовтағы науқастар саны – 30. Одан бөлек ауру Астрахань, Воронеж облыстары мен Краснодар аймағында да тіркеліп отыр. Көрші елдің санэпидемиологтарының сөзіне қарағанда, ертеректе тек тропикалық және субтропикалық аймақтарда кең етек жайған індеттің бұл елде «бой көрсете бастағанына» он жылдың жүзі болған.
Алғаш рет 1999 жылы анықталған індетпен 380 адам ауырып, оның 38-і қайтыс болса, осыдан үш жыл бұрын бұл көрсеткіш біршама төмендепті. 2007 жылы 63 науқас тіркеліп, оның екеуі көз жұмған. Ал биыл індет бұрынғыға қарағанда бір айға ерте басталғанымен қоймай, ауыр формасы белең алған. Мәселен, орташа және ауыр түрімен ауырып жатқандар саны жалпы науқастардың 78 пайызын құрайды.
Станислав КАЗАКОВ, Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық стансы директорының орынбасары:
– Көршілес Ресейдегі эпидемиологиялық жағдайды күнделікті бақылап отырмыз. Батыс Ніл безгегінен қауіптенудің жөні жоқ. Себебі Қазақстанда аталмыш індет бұрын-соңды тіркелген емес. Әрі безгектің бір ерекшелігі – адамнан адамға жұқпайтындығында. Мәселен, біздің елдің бір азаматы Ресейден Батыс Ніл безгегін жұқтырып келсе, ол жалғыз өзі ауырады. Яғни ауру онымен қарым-қатынаста болған өзге адамдарға жұқпайды. Сол себепті әзірге алдын алу шараларын қабылдай қойған жоқпыз. Посткеңестік елдер үшін бұл таңсық ауру болғандықтан, ауруға қарсы егу жұмыстары бұрын жүргізілмеген. Қазір де жоқ. Құдай бетін ары қылсын, алда-жалда ауру елімізге жетіп жатса, әрине, тиісті шаралар жүргізіледі.
Титтей жәндіктен тарайтын дерттің белгілері қандай? Оның алдын алу үшін не істеу керек? Санэпидемиологтардың мәліметінше, кез келген жастағы адамға жұғатын бұл дерт негізінен, иммунитеті әлсіз, зейнеткерлік жастан асқан адамдарға ауыр соғатын көрінеді. Жалпы, безгекті жұқтырғандардың басы ауырып, тәбеті төмендейді. Дене қызуы көтеріліп, лоқсуы ықтимал. Кей науқастардың денесінде қызыл дақтар пайда болады. Ауыр түріне шалдыққандардың орталық жүйке жүйесі зақымданып, оның соңы менингит, менингоэнцефалитке соқтыруы әбден мүмкін. Аурудың алдын алу үшін терезелерді торлап, адам денсаулығына зиянсыз масаларға қарсы дәрілерді пайдаланған абзал.
Автор: Жансая Серғазықызы
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: