Алматының «Жұлдыз» ықшамауданында болған ірі өрттен зардап шеккен отбасы мүшелерінің әрқайсысына жергілікті қазынадан 20 мың теңгеден материалдық көмек көрсетілді. Әзірше тұрғындар №142 мектепті паналап отыр.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғызылған сегіз қабатты үйдің шатырынан шыққан жалын айналасы бірер сағаттың ішінде 880 шаршы метр аумақты жалмап кеткен еді. Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі мамандары таратқан мәліметке сүйенсек, жоғарғы қабаттағы 12 пәтер түгелдей жанып кетті. Абырой болғанда, өрт басталысымен көпқабатты үйдің 40 тұрғыны қауіпсіз аймаққа дер кезінде шығып, аман қалған. Күндіз тұтанған тілсіз жау түн ортасы ауар мезгілде бір-ақ ауыздықталды. Алматы қалалық әкімдігі қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, жапа шеккен тұрғындарға шұғыл жағдайда материалдық көмек көрсетілген. Талай жыл сарылып жүріп қол жеткізген баспаналарының аяқастынан күлге айналғанына тұрғындар қатты наразы. Сол себепті қазір мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйдің өрт құшағында кету себептерін анықтау мен қауіпсіздік шараларын ескермеген адамдарды да қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр.
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: