Соңғы жаңалықтар

Танымал тэгтер: , , , , ,

«Бейтараптылық аркасының» быт-шыты шықты

   0 242

«Бұйрықсыз сөйлеген құйрықсыз қалады». Көзі тірісінде өзіне таза алтыннан 12 метрлік алып ескерткіш орнатқан Түрікменстан Президенті Сапармұрат Ниязовтың дәурені көп ұзаққа бармады. ВВС агенттігі Ашғабадта елдің бұрынғы Президенті Сапармұрат Ниязовтың алтын жалатылған және айналмалы ескерткіші орнатылған Бейтараптылық аркасын қирату жұмыстары аяқталғаны туралы хабар таратты.



Естеріңізде болса, Бейтараптылық аркасы президент Ниязовты ғасырлар бойы мадақтауды мақсат тұтқан ерекше архитектуралық элемент ретінде құрылған болатын. Түркіменбасының мүсіні орнатылған 70 метрлік арканы қирату жұмысы екі айға созылды. Қирату жұмыстарын Түркиялық Polimeks компаниясы жүргізген. Бір айта кетерлігі, экс-Түркіменбашы тұғырдан қуылғанмен, мүсін тұрған Арканың көшірмесі Ашғабадтың басқа ауданында бой көтермек. Бұл жұмыс та осы компанияға жүктелген көрінеді. Бұл теңдессіз жаңа сәулет нысанында Түркіменбасының мүсінінің орнына 95 метрлік Бейтараптылық монументі мен түрікменнің ежелгі бес тайпасының ою-өрнектері және Елтаңба, Мемлекеттік жалау ілінеді.

Бейтараптылық аркасын бұзу және жаңа монумент тұрғызу идеясын елдің қазіргі президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовтің өзі ұсынған.

Автор: Бүркіт НҰРАСЫЛ

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

1 қыркүйек 2010, 10:19
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15